Ежелгі Хорезм мемлекеті


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Ежелгі Хорезм мемлекеті

Хорезм - Орта Азиядағы ежелгі мемлекет. Хорезм туралы алғаш Дарийдін Бехистун жазбасы мен "Авестада" айтылады. Хорезм тарихын зерттеуде XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезінде шығыс зерттеушілері В. В. Бартольд, Н. И. Веселовский, тарихшы А. Ю. Якубский, Ш. Уәлихановтардың едәуір үлестері бар. XX ғасырдың 30 жылдары С. П. Толстов басқарған Хорезм археологиялық, этнографиялық экспедициясы біраз зерттеу жұмыстарын жүргізді. Сөйтіп, Хорезм тарихын зерттеушілердің жаңа кезеңі басталды.

Хорезмнің ежелгі археологиялық ескерткіштері неолит дәуіріне жатады. Амударияның байырғы Ақшадария атырауы аймағынан кельтеминар мәдениетіне (б. з. б. ІV-III мыңжыkдықтар) жататын аңшылар мен балықшылардың тұрағы табылған. Энеолит дәуіріңде (б. з. б. II мыңжылдықтың басы) кельтеминарлықтардың ұрпағы суармалы егіншілікпен, мал шаруашылығымен күн көрген. Хорезм - егіншілік мәдениеті жоғары дамыған ежелгі аймақтардың бірі. Б. з. б. II мыңжылдықтың орта шенінде Арал бойында Хорезммен бірге мәдени тарихи тұрғыда ғасырлар бойы өзара байланыста болған сақ-массагет тайпаларының мәдениеті қалыптаса бастады. Авестаның мәліметтеріне қарағанда б. з. б. I мыңжылдықтың екінші жартысында хорезм қауымы рулық тәртіпті сақтай отырып, бірнеше касталарға: ақ-сүйектерге, жауынгерлерге, қатардағы қауым мүшелеріне бөлінді.

Б. з. б. ҮІ ғасырдың аяғында Хорезм Парсы мемлекетінің 16 сатрапиясының құрамына еңді. Бірақ біздің заманымыздан бұрынғы ІҮ ғасырда ол ірі мемлекет орталығына айналып, шығыста Ферғана, солтүстік-батыста Орал өңіріне және Каспий жағалауындағы далаларға өз ықпалын жүргізді.

712 жылы арабтар Хорезмді жаулап алды. Содан соң Хорезм бір қолдан екінші қолға өтіп отырған. 1017 жылы Хорезмді сұлтан Махмуд Ғазнауи, 1043 жылы селжуктар жаулап адды. XI ғасырдың аяғыңда ұлы Хорезмшаһтарының жаңа әулеті үкімет басына келді. Бұл әулеттің өкілі - Атсыз (1127 - 1156 ж. ) өзінен бұрынғы хандардың саясатын жалғастыра отырып, Орта Азияның бүкіл солтүстік батысын біріктірді. Оның немересі Алаәдин Текеш ибн әл-Арслан (1172 - 1200) Хорезмді селжуктардан азат етті. Текештің баласы Мұхаммед ІІ-нің (1200 - 1220) кезінде хорезмшаһтар мемлекеті күшейіп, оның шекарасы Каспий теңізінің солтүстік жағалауынан Парсы шығанағына дейін, Кавказдан Гиндукушке дейін созылды.

Хорезмшаһ - Хорезм билеушілерінің феодалдық лауазымы. Хорезмшаһтардың үш әулеті болды. 1-әулет негізін (951-1017 ж. ) Махмуд Ғазнауи қалады; 2-әулет негізін қалаушылар (1017-1043 ж) оның Хорезмдегі билеушісі Алтыншаштан басталады. Тарихта көбірек белгілісі- негізін 1077 жылы Ануштегин Гураш қалаған 3-әулет. Оның немересі Хорезмшаһ лауазымын алған Атсыз тұсында (1127-56 ж. ) Хорезм қайтадан тәуелсіз мемлекет болды. 1220 жылғы монғол шапқыншылығы Хорезмшаһ әулетін құртып жіберді.

XI ғасырдың соңғы жылдарыңда мұнда хорезмшаһтардың ұрпақтан-ұрпаққа өтер әулеті бекітілді, оның бар өкілдері тіпті түркі есімдерін иеленіп жүрді. Олардың ішіңде Хорезм өзінің барлық тарихи ғұмыры ішінде алғаш және соңғы рет ұлы державаның діңгегі болып шыға келді, оның құрамына Орта Азия мен Парсыдағы бірқатар облыстар енді, Хорезмшаһтар бірте-бірте мұсылман әлемі шығыс бөлігінің жоғарғы тақсырларына айналды және "ислам сұлтандары" ретіңде бұрын селжук сұлтандарының иелігіндегі барлық құқықтарын мойындауды талап етті. Олар тіпті XII ғасырдың жартысында аббасид халифтерінің мәртебелі билігін қалпына келтіру фактісімен келіскісі де келмеді; соңғы хорезмшаһтар өздерінің билігі бұрынғы селжук сұлтандарының билігі секілді Бағдаттың өзінде мойындалуын талап етті.

XI ғасырда Хорезм жерінде түркі халықтары қоныстанған қалалар өте көп болды.

Хорезм монғол басқыншылығы басталмай тұрып-ақ Бұхара, Самарқанда тұрған ханнан мүлдем тәуелсіз болды. Бірақ бар билік "Гурхандар отбасына" өтті.

1212 жылдың күзінде Хорезмшаһ Мұхамед Таластың маңайында қарақытайлардың әскерін талқаңдау мүмкіндігіне ие болды. Ол өзін Санжар сұлтан деп соңғы мықты Селжук сұлтанының есімімен атай бастады. Бұған қоса ол Ескендірдің есімін яғни Александр Македонскийдің есімін қабылдап, әлемдік масштабта үстемдік құруға талпынатындығын көрсетті.

Алайда қарақытайлар мемлекетінің тағдырын Хорезмшаһтар емес, Ертістің жоғарғы ағысын мекендеген Наймандардың келуі, содан соң Шыңғыс хан әскерінің келуі шешті. Бұлар Хорезм мемлекетінің де түбіне жетті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қыпшақ хандығының құрылуы мәселесін қарастыру
Алтын Орда әдебиеті
Қимақтар
Ежелгі қаңлылар
Қаңлы атауы және Қаңлы мемлекетінің территориясы туралы деректер
Қазақстан түркі дәуірінде туралы ақпарат
Қаңлы мемлекетінің саяси-экономикалық және шаруашылық дамуы
Ежелгі Қаңлылар мемлекеті
Дамыған орта ғасырдағы мемлекеттер. Қазақстанның экономикалық мәдени дамуы
Қаңлылар жайында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz