Еңбек - байлықтың атасы, жер – оның анасы



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Ерте заман экономистерінің Еңбек - байлықтың атасы, жер – оның
анасы деген бейнелі сөзі бар. Егер еңбекті адамның өзінің өмірлік
қаджетін қамтамасыз ету жолында жұмсаған күш – жігері деп ұқсас, онда
оның байлықты жасаушы ретінде түсіндіретін әлгі нақылда шындық
жатқанын жоққа шығару қиын. Алайда әлемге белгілі ағылшын
драматургі Б. Шоудың Істі доғарсақ, өмір сүруді де доғарамыз деген
сөзі тұрғысынан алып қарағанда, еңбектің әдеп – инабат, адамгерілік
категориясына жататынына көзіміз жетеді. ХХ ғасырдың ұлы
суреткерлердің бірі, атақты француз жазушысы Р.Роллан ол жайында; Еңбек
–шын инабаттылықтың бірден –бір көрінісі , - деп тайға таңба
басқандай атап көрсеткен. Осы мазмұндас тұжырымдар арғы – бергі
замандар ойшыл- философтарында аз кездеспейді. Сөзіміз дәлелсіз
болмау үшін және оқырманның көзін еңбектің адамның инабат –
парасатын танытатын басты көрсеткіш екеніне көз жеткізе түсу үшін
мысалдар келтіре кетейік. Әйгілі ғалым – математик әрі жазушы Б.
Паскаль (1623-1662); Қоғам үшін де, өз басы үшін де пайдасыз болудан
және ақылға ештеңе істемеу үшін ғана ие болудан ұят ештеңе жоқ,
- десе философ Жан Мари Гюйо (1802-1885): Адам жұмыс істеген уақытта
ғана толық адам болады, - дейді. Ал орыстың данышпан жазушысы Л.Н.
Толстой: Адамды ештеңе де еңбектей ізгілендіре алмайды. Адам өзінің
қадір – қасиетін еңбексіз қостай әрі нақтылай түседі. Сол Толстой
еңбек етпеуді қылмысқа санайды. Кемеңгер Абай:
Бақпен асқан патшадан
Мимен асқан қара артық.
Сақалын сатқан кәріден
Еңбегін сатқан бала артық, -
Деп, еңбек ету мен тілемсектікті арлылық пен арсыздық
белгісі ретінде алып қараса, атақты Сегіз аяқ атты өлеңінде:
Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық
Аздырар адам баласын, -
Деп еңбектің адамның табиғи қажеті екенін асқан көргендікпен
тамаша тұжырымдап береді. Қазақ ақынының бұл ойын еңбектің адам
өміріндегі атқарған рөлі жайында әлемге аян беделді ғылыми зерттеу
жазған Ф. Энгельстің: Еңбек - ... ... адамның бүкіл өмірінің негізгі
шарты. Адамды адам еткен – еңбек, - деген дүние жүзі мойындаған
классикалық ғылыми тұжырымдамамен ұқсастығы қайран қалдырады, әрі
сүйсіндіреді.
Бұл ақиқат біреу де, соны екі данышпан өз беттерімен тауып
оырғанын көрсетеді. Осы екі кісінің ойларының бірін –бірі толықтырып
жатқан мәнді айырмашылығын да елемей өтуге болмайды. Абай Ф.Энгельс
пен В.Г. Белинский (Адамды көркейтетін - еңбек) еңбектің адамды
кемелдендірудегі мәні туралы ойларын еңбексіздіктің адамды кері
кетіріп, аздыратыны жайындағы терең пікірімен толықтырады. Осы екі
ұлы адам ойларының өзектестігін көрсететін тағы бір қызық мысалды
келтіре кетейік. Ф.Энгельс: Ерікті, өнімді қызмет бізге мәлім
рақаттардың ең зоры болып табылады, -десе Абай да: Еңбек – қуаныш ,
жалқаулық - айырылмас азап - деп шегелей түседі. Еңбекті адамдық
болмыстың басты сипаты деп танитын бұл секілді дуалы ауыздардан
шыққан терең пайымдауларды әлі де келтіре беруге болады. Бірақ бір
жолға осылардың өзі жеткілікті емес пе.
Демек, адамның адам болуында еңбек шешуші рөл атқарған.
Адамзат еңбекті, еңбек құралдарын жетілдіре отырып, өзі де жетіліп,
кемелдене берген. Сондықтан қоғамның даму тарихын еңбек пен еңбек
ету жағдайлары түрлері, еңбек құралдары мен еңбек ету жағдайлары
қазіргідей емес, мүлде қарабайыр, жабайы сипатта болғаны, Бердақ
айтқандай, тек бір тамақ деп жорта берудің шеңберінде болғаны
белгілі. Тек бертінде, келе келе ғана, еңбек бөлінісі негізінде, бір
ғана күнкөріс талабын қанағаттандыру аясынан босануға мүмкіндік
туды. Ол өз ретімен баы артық құлқынан құтылу (өлтіру) сияқты салт-
ғұрыптардың қолданудан шығып қалуына алып келеді. Оған адамның
басқалар үшін де өндіруді үйренуі себеп болады.
Өндіргіш күштерінің одан әрі дамып, өркендуіне байланысты еңбек
бөлінісі тереңдей түсіп, ол еңбек түрлерінің көбеюіне әсер етті.
Бүгінде еңбектің 40 мыңнан астам түрі бары есептеп шығарылып отыр.
Оның өзі де тұрақты емес. Мысалы, соңғы жылдары ғана еңбектің 5
мыңнан сатам түрлері пайда болып, сол шамадағы ескі еңбек түрлері
қолданыстан шығып қалған.
Адамның жеке тұлға ретіндегі мінез – құлқының қалыптасуы, оның
өзін -өзі басқаруы мен тұрмыста тәлтіректемей табанынан тік басып,
мығым тұра білуі іс – қимыл шеберлігінің дамуына байланысты. Адамның
осы сапалық қалыптасуындағы шешуші фактор еңбек болып табылады.
Ерікті еңбек адамның шығармашылық мүмкіндігіне кең өріс ашып, оны
жүзеге асыруға жігерлендіреді.
Адамға әсіресе қоғамдық еңбектің игі әсері зор. Себебі
еңбектің әдептік, инабат – парасаттылық, тәрбиелік ықпалы орасан.
Қоғамда еңбек, жалпы алғана әлеуметтік сипатта бола отырып, топтық
және жекелік іс – қимылдар көрінісін құрайды, қоғамдық мұратты іске
асырудың бірден –бір тәсілі, жеке адамның өзін -өзі көрсете білуінің,
өз орнын табуының жолы болып табылады.
Адам өзінің өндірістік іс – қимылында бойына туа дарыған қабілет
– бейімделіктерін жұмсап, кәдеге жаратумен қатар, оқып – үйренуден
және кәсіби әзірліктен алған іс - тәжірибелерін пайдаланады. Бұл
мағынада еңбек тәрбиені шыңдаушы және оның нәтижелілігін тексеруші
ретінде бағаланады. Еңбек арқылы отбасының, мектептің бүлдіршіндер мен
жастардың қоғамдық белсенділіктерін дамытып, әдеп – инабат дағдыларын
қалыптастыруға тигізетін оңды әсерлері нығайтылады. Сонымен қатар
еңбке барысында адамның өмір жолындағы қателіктері мен ағаттықтары,
оның өткендегі тәрбиесінде жіберілген кемшіліктер мен олқылықтар
түзетіледі.
Еңбек адамның әлеуметтік – құлықтық һәм биологиялық табиғатына
күшті әсер етеді. Ол жөнінде белгілі оқымысты академик Н.М.
Амосовтың тұжырымдары назар аударады. Табиғат әрбір адам үшін, -дейді
ғалым , - белгілі бір қызметке қажетті мүмкіндік деңгейін береді. Ол
деңгейден төмен түсуге болмайды. Егер біз төмен адамдардың
деңгейіндегі бақыттылыққа бағдар алсақ (олар шамалы бақыттылыққа
риза, әйтеуір жұмыс жеңілірек болса екен деп тілейді), онда біз
басқалардың мүмкіндік деңгейін аласартып аламыз. Демек, біз сөйтіп
қоғамымыздың өсіп, өркею мүмкіншілігін ойсыратып жібереміз. Бұл өте
қауіпті.
Адам психологиясына тән бір нәрсе: адамдар өздері жақтырмайтын
жағдаяттарға тап боуы неғұрлым ұзаққа созылған сайын, соғұрлым арқа
– бастары кеңіп, сол жағымды сезімінің әсерімен қазіргі күйінің
қадір – қасиетін бағалауды ұмытады. Мұның мысалын осы күнгі жастар
арасынан жиі кездестіруге болады. Олар қазіргі өздеріне қолайлы –
жайлы тұрмыстың қалай жасалғанын елестете алмайды және оған
талпынбайды да. Ол үшін күресу керек екені де ойларына кіріп
шықпайды. Бүгінгі жастардың бір парасы жанын қинамай, қамсыз өмір
сүріп, ырду – дырдумен уақыт өткізуді мұрат санайды. Бірақ олар
қатты қателеседі, өйткенні еңбексіз келген ондай бақыт баянды
болмайды, ол көп ұзамай опық жегізеді. Ең жаманы , абай айтқандай
адамды аздырады. Бұл тұрғыдан алғанда, еңбек адамның жан дүниесін
жаңғыртып, жігерін жанып, ой – қиялына қанат бітіретін бірден –бір
құдіретті күш екенін көреміз. Яғни өзінің практикалық сипаты мен
мәні жөнінен еңбек адамдардың жарыс құралы, бір – бірінен кейін
қалмаудың ғана емес, бір – бірінен озып, алға шығу мүмкіндігі жүзеге
асырылатын майдан іспеттес. Сонымен қатар ол қоғамның абыройын
асырып, байлығын молайтушы адамның психико – физиологиялық болмысының
көрсеткіші де болып есептеледі.
Әсіресе еңбекте жеке тұлғаның іскерлігі мен икемі алдына қойған
кәсіби міндеті мен өзіндік мүмікнішілі (оның деңгейі әркімде әр
түрлі) өзара қаншалық сәйкес келсе, ол өзін соғұрлым жақсы жағынан
көрсетпек.
Біздің қазіргі жағдайымызда еңбек әркімнің өзіне және қоғамға
қазмет етуніңі басты формасы, сонымен қатар адамдар арасындағы
қарым – қатынас түрі әрі адамның азамат ретінде өз орнын табу
тәсілі рөлін атқарады.
Қай қоғамда да еңбектің маңызы ерекше. Соның үшін қоғамның
басқару тізігінін ұстағандар, үкімет пен мемлекет басшылары ең
алдымен елде еңбекті қалай ұйымдастыру жайында ойластырады. Демек,
әрбір адам өзінің , өзі өмір сүріп отырған қоғамның зәрулігіне
еңбек етіп, қандай да бір пайдалы, мәнді істі жүзеге асыруға тиіс
болады. Ал өзінің керегі үшін басқалардың еңбегін ақысыз пайдалану,
яғни өзі еңбек етпей, тегін ішіп – жеу ақылақтық жақтан әдепсіздік,
мәні жөнінен жатыпішерлік болып табылады. Мұндай даяр асқа тік
қасық жалқауларды, ата – аналарының арқасында күн көруші масылдарды
халық жиренішпен арамтамақтар деп атайды. Арамтамақтардың тіршілігін
толық қанды нағыз өмірге санауға болмайды, онда мән де, келешек те
жоқ. Жауынмен жер көгерер, еңбекпен ер көгерер деп, халық
даналығында айтылғандай, еңбектен аза бойы қаза болып қашатын
еріншектер ездер өнбей жатып өледі, жанбай жатып өшеді. Тіршілік
қамымен жарғақ құлағы жастыққа тимей зыр жүгіріп жүрген кісімсініп, шын
мәнінде, іздегені ауырдың үсті, жеңілдің асты болатындарды да халық
жақтырмай аянкештер деп атайтын әлгі жатыпішер жалқау, арсыз
арамтамақтар қатарынан орын алады.
Даналығы түпсіз терең, тарихи тәжірибесі ұшан – теңіз халық:
Асық ойнаған азар,
Доп ойнаған тозар, -
Деп: шамадан тыс ойын – сауықшылдық, ырду – дырдуға құмарлық адамды
бұзатынын , ал оны дене және рухани бүлінуден аман алып қалатын
бірден – бір құдіретті күш еңбек екенін баяғыда –ақ білген, соны
келешек қаум кейінгі ұрпаққа өсиет етіп.

Еңбек түбі – береке

Бейнет,
Бейнет түбі – зейнет

Еңбек етсең – емерсің

Келген дәулет –
Кеткен бейнет

Бейнетің қатты болса,
Татқаның тәтті болар.

Еңбек ширатады
Өмір үйретеді

Еңбек пен бақыт – егіз

Еңбеккер ұйқыдан ширап тұрады
Еріншек ұйқыдан қирап тұрады
Ырысты еңбек етіп, жерден сұра
Жерге аққан ыстық, мөлдір терден сұра

Еңбек деген байлық бар
Ерінбеген жететін
Жоқшылық деген жіберді
Жермен жексен ететін

Еңбек түбі – қуаныш

Еңбегіне қарай – құрмет
Жасына қарай – ізет

Еңбек өмірді ұзартады,
Ұят бетті қызартады.

Еңбексіз өмір жоқ
Ауырсыз жеңіл жоқ.

Көңілсіз жұмыс - өнімсіз

Ерінген екі істейді

Жақсы болар жігіттің
Жұмыссыз жүрген күні жоқ
Жаман болар жігіттің
Еш жұмысқа қыры жоқ

Ынта болса адамда,
Қиын іс жоқ ғаламда

Еңбек – ырыстың бұлағы

Еңбек еткенің жаны сауығады

Еңбексіз - өмір тұл

Ер тынысы – еңбек
Ез тынысы – ермек.

Кедейлік жаны тәтті жалқауға үйір.

Іңірден жтақна ырыссыз қалар

Ерте тұрған еркектің ырысы артық,
Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық

Тауық – құс емес
Жалқау – кісі емес.

Жалқау – жарты кісі, -
деген сияқты еңбектің неше қасиетін өмір шындығынан алып түйіндеген
тамаша мақалдар тудырған. Осы мысалдардан – ақ еңбектің тек күн
көріс, жан бағыс, тамақ асырау құралы , тәсілі ғана емес, адамның
кісілігі, жан, тән жағынан кемелденуінің негізі екеніне көз жеткізуге
болады. нЕңбекті шексіз ардақтап, оның ұлы қасиеттерін шұқшия
зерттеген оқымыстылардың ашқан жаңалықтары, ғылыми тұжырымдары халық
даналығымен өзекттесіп жатқанына осыған дейін келтірілген дәйектеме
– мысалдардан көз жеткізу қиын емес. Сөйтсе де әр елде, әр заманда
өмір сүріп және негізінен бір – бірінен өзгеше сипаттағы қызмет,
таланттарымен даңқы шыққан данышпандардың еңбектің адам өмірінде
атқаратын рөлі туралы ұқсастығы қайран қалдыратын мына бір ойларына
тағы бір рет назар аударайықшы.
Ұлы дәрігер Авиценна (шамамен 980-1037 жылдар аралығы) : Жұмысы
жоқтық пен сауықпаздық надандықты тудырады, олар сонымен қатар аурудың
да себебі болып табылады, аса көрнекті мемлекет қайраткері Франклин
(1706-1790); жалқаулық тот тәрізді адамды тез тоздыратын - еңбек
емес, сол жалқаулық ежелгі заманның әйгілі философы Аритотель: Адамды
ұзаққа созылған дене әрекетсіздігіндей ештеңе де соншалық
титықтатып, бүлдірмейді атақты экономист Джон Беллерс (1654-1725);
Еңбек өмір шырағданына май тамызып отырады; жазушы, тарихшы Вольтер:
Жұмыс бізді үш жаманшылықтан: зерігуден, ауру- сырқаудан және
жоқшылықтан құтқарады; тарихшы философ Карлейль: Дүниеде жұмыссыз
адамнан өткен бақытсыз жоқ; ғұлама педагог Ж.Ж. Руссо: жаның жай тапсын
десең – еңбектен; М.Горький: Барлық қуаныштың, дүниедегі барлық
жақсылықтың көзі – еңбек; ұлы суретші Леонардо да Винчи: Көп еңбек
еткенге бақыт басын иеді , - деген екен. Қазіргі тәрбиелік іс -
әрекеттеріміздің оқушы ұрпаққа тигізер әсерінің жетіспей –ақ жатқанын
көргенде, осыншалық рухани асыл қазыналарымызды – халық мақалдары мен
даналық нақылдарды ежелгі заман ұстаздарындай шәкірт жанына
ұялатуға мән де бермей, жолын да таба алмай, демек аласырып
ұсақтап кеткендік пен екен деген ой келеді.
Осыдан біраз жыл бұрын Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу
үшін мектеп бітірргендердің аттестаттарындағы бағаның ескерілетіні
туралы Білім министрлігі нұсқау тісіреді. Балаларының қайткенде де
жоғары оқуға түсуін қалаған ата – аналардың кейбір пысықайлары сол
кездегі қоғамда етек алған ақылақтық қожырауды пайдаланып,
балаларының мектеп бітіру емтихандарындағы бағаларын бармақ басты,
көз қысты жолымен жоғарылатып алуға күш салды. Бұл әрекет жоғары
оқу орындарына қабылдау емтихандары кезінде әрі қарай жалғасты.
Қойшы, әйтеуір, бала мектепті өте жоғары бағаларымен бітіріп,
қабылдау сынақтарынан ойдағыдай өтіп қалаған жоғары оқу орындарына
түсті. Осының бәрі: мектеп бітіру де, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамдардың биосфераға зияны
Жер табиғи ресурс ретінде
Экономикалық теория: пән ерекшелiгi және даму тенденциясы туралы
Жер ресурсы
Экономикалық теория: пән ерекшелігі және даму тенденциясы
Жер-табиғи ресурс және өндіріс құралы ретіндегі ілім
Мемлекеттік меншікке түсінік
Ғалым-геолог Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
Жалғаулар
Салт - дәстүр ұлттық тәрбие
Пәндер