Жаңа бағыттардағы туроператорлардың ролі


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Бір мемлекетен қонақтарды күту үшін қажет болатын шаралардың ең бастысы, бұл елдің нысана нарықтарда әйгілі және танылған ел болуы тиіс. Танымал болу ұғымы қазіргі заманда саяси шекаралардан асып, нысана елдер тарапынан мойындалу мағынасына келеді. Бұл мойындаудың қамтамасыз етілуі үшін экономикалық ынтымақтастық, студент алмасу, мәдени алмасу, таныту, халықпен қарым-қатынас сияқты дәстүрлі құралдар қолданылуы қажет. Дәстүрлі көзқарас бойынша осы ынтымақтастықтардың артуымен бірге туризм байланыстарының дамитыны және бай елдерден даму үстіндегі елдерге қарай турист ағымының артуы анық. Бұл көзқарастың жүзеге асуына кедергі болатын нәрсе - жұмсалатын уақыттың ұзындығы мен қаржыландыру өзіндік құнының жоғары болуы. Негізінде турист ағымы екі жақты байланысты тудырды ма, әлде екі жақты байланыстар турист ағымын тудырды ма деген сұрақтарға қайтадан жауап іздеу орынды.

Елдің халықаралық туризм нарығында белгілі болуы үшін
саяхат нысанасы орын имиджі жасалуы қажет. Имидж ғаламдық
тұрғыда субъективтік қабылдау болып табылады және
тұтынушының мінезі және сатып алу шешіміне әсер етеді.
Сондықтан имидж құру, турист шығаратын және де турист
қабылдайтын аймақтарда туристік қозғалыстың пайда болуында ең
маңызды рөл ойнайтын шарттардың бірі болып табылады. "Көрнекті орынға бұдан бармаған туристерге саяхат нысанасы имиджін қалыптастыратын факторлар адамдық және ескертуші болып екі топқа бөлінеді. Адамдық факторлар құндылықтар, мотивациялар және адамның қасиеттерінінің әсерлерін қамтиды, ал ескертуші факторлар мәлімет көздерінің саны мен түрі, бұрынғы тәжірибелер мен қолдағы нәтижелер және тарату каналдарының әсерлігін қамтиды. Имидж ұғымы адамдардың саяхат нысанасы туралы жалпы бақылауымен байланысты болады. Осылардың ең жеңіл манипуляция жасалынатыны тарату каналдарының негізгісін құрайтын тур операторлары болып табылады.

1. Тур операторларының жаңа көрнекті орын ашу шешімдері.

Саяхат нысанасының танымал болу деңгейі тур операторларын түрлі жақтарымен қызықтыруы мүмкін. Әсіресе, халықаралық нарықтарда жаңа ашылған елдер үшін аз танымал болу мүмкін артықшылық та шығар. Егер де ел дұрыс бағытта дамитын болса, өзіне бағытталған қажетті имидждің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Туризм де осы имидждің қалыптасуында қолданылатын ең жақсы құралдардың бірі болып табылады. Сонымен қатар туризм өзін-өзі қаржыландыратыны назарға алынуы тиіс. "Туристік өнім дайындалуы үшін қажетті алғашқы қадам саяхат нысанасына шешім қабылдау болып табылады. " " Тур операторларының қызметтері ішінде саяхат нысанасына шешім қабылдануы үшін зерттеу мен жоспарлау болып табылады. Осы тұрғыда алда тур ұйымдастыру жоспарланған аймақтардың таңдалуы, аймақтағы кәсіпорындардың жағдайы, көлік мүмкіндіктерінің және күтетін саяхат агенттерінің зерттелуі және елдің экономикалық, қоғамдық шарттары зерттелуі тиіс. " Саяхат нысанасының таңдалуында шешім қабылдайтын жалғыз тур операторлары болып табылмайды. Туристер де тур операторлары арқылы немесе жеке өздері жасаған саяхаттарымен саяхат нысанасы имиджінің қалыптасуына септігін тигізеді және саяхат нысанасы ерекшеліктерін белгілейді. " Бұл ерекшеліктер төмендегідей.

Тартымдылықтар: табиғи, жасанды, мақсатты, мирас, жеке

құбылыстар,

- . Көліктің жетуі: жолдар, терминалдар, құралдарды қамтитын

көлік жүйесі,

-, Кәсіпорындар: қонақ үй, тамақтану және басқа да қызмет

көрсететін кәсіпорындар,

Іс-шаралар: саяхатшының зияраты кезінде көрнекті орындағы

барлық іс-шаралары,

Басқа да қызметтер: банк, хабарласу, байланыс, денсаулық

қызметтері сияқгы саяхатшыларға қажетті қызметтер"

Тартымдылықтың болуы туризмнің дамуы үшін жеткіліксіз болып табылады. Сыртқы мемлекеттерге танымал болу және елдің туризм саласын дамытудың ең қысқа жолы өркениетті халықаралық тур операторларымен жұмыс істеу болып табылады. "Тур көтерме саудагерлері турлардың ойластырылып, дайындалып, танытылып нарыққа дайын өнім ретінде бөлшек саудагерлеріне ұсынатын және бірнеше өнімді бір жерге жинайтын саяхат кәсіпорындары болып табылды. Тур операторлары болса аз мөлшерде шектеулі турлар ұйымдастырылуына тікелей қатысатын саяхат кәсіпорыны болып табылады. Сондықтан бұл еңбекте тур операторларымен жұмыс пен оның елдің туризм саласы тұрғысынан тиімді болуыдың шарттары қарастырылатын болады.

' "Тур операторлары қонақ үйлер, дәмханалар, тартымдылықгар, әуе жолдары және басқа көлік кәсіпорындарымен байланыс құра отырып, ұзақ мерзімді тур пакетін жасайды. Бұл турдың саяхат агенттіктері арқылы немесе тікелей сауса-саттығын жүзеге асырады. Тур операторлары сауда-саттық түрі бойынша екі негізгі топқа бөлінеді

Сырттан келген тур операторлары белгілі бір саяхат нысанасы бойынша маманданған, сырттан келетін топтардың барлық қажеттіліктерін бағыт көрнекті орын ішінде қанағаттандырады. Сыртқа кететін тур операторлары болса белгілі орталықтан басқа елдердегі саяхат нысаналарына тур ұйымдастыратын және осы саяхат нысанасындағы сырттан келген тур операторларымен бірлесе жұмыс істейді. " Маркетинг тұрғысынан тур операторлары туристер үшін саяхат нысанасын таңдауда маңызды болатын бұл шарттарды да назарға алуы тиіс. Сонымен қатар тур операторлары тәуекелдерге кездесетіндіктен әлеуметтік, саяси және экономикалық шарттарды назарға алады. Тур операторы жаңа саяхат нысанасын ашуға шешім қабылдау кезінде назарға алатын негізгі 18 маңызды фактор бар. Бұл факторлар төмендегідей.

  1. Басқару түрі
  2. Саяси тұрақгылық
  3. Қылмыс деңгейі мен лаңкестік
  4. Даму деңгейі мен адам құқықтары
  5. Мәдени-тарихи байлықтар
  6. Инфрақұрылымдық қызметтер
  7. Базалық қызметтер
  8. Ауа-райы және денсаулық шарттары
  9. Тұтынушы құқықгары
  10. Құқықтық реттеулер
  11. Сенімді серіктестердің болуы
  12. Тәуекелдің азаюына бағытталған шаралар
  13. Дайындық кезеңіндегі шығындардың пайызы
  14. Басқа бағыттармен бірігу мүмкіншілігі
  15. Турист шығаратын ел немесе аймақгағы сұранысқа кедергі болатын факторлар.
  16. Нарықтағы мүмкін болатын бәсекелестердің жағдайы.
  17. Аймақтың сақталу пайызы.

Тур операторларының жоғарыда аталған мәлімет қажеттілігі мен саяхат нысанасында болғандығын қалайтын элементтерге байланысты қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ұйым құрылуы қажет. Ұйым мемлекеттік мекеме немесе барлық қатысты жақтарды құрамында қамтитын жеке кәсіпкерлер бірлестігі болуы мүмкін. Егер дамушы мемлекеттер еркін нарық жағдайында болатын болса, онда ең дұрыс ұйым мемлекет пен жекеменшік секторы біріге басқарылатын ұйым болып табылады. Бұл ұйымның міндеттері 1-кестеде көрсетілген. Кестеде берілген жұмыстар мен міндеттер бір ғана ұйым тарапынан орындалатындығы сияқты бір ұйым тарапынан бақыланатын бірнеше ұйым тарапынан да орындалады.

Алғашқы бастама ұсынысты басқару болуы керек; алайда ненің қаншалықгы ұсынылатынын жоспарлау үшін алдымен нарық зерттеуі жасалуы тиіс. "Тур операторларының өнім жетілдіру процесінің алғашқы сатысы болып табылатын зерттеу және жоспарлау тек саяхат нысанасының ерекшеліктері емес саяхат нысанасына қызығатын нарықтың анықталуын да қамтиды. Негізінде саяхат нысанасы ретінде танылатын, өз сұранысын өзі тудыратын ел немесе аймақ қарастырылған кезде тур операторлары сататын өнімді анықтау және тесттен өткізу үшін өздері бірнеше іс-әрекеттер жасайды немесе шығындалады. Алайда, жаңадан ашылатын саяхат нысаналарының бұларды күтуге уақыттары жоқ. Процесті жылдамдату мақсатында тур операторлары бастама сатысындағы шығындарының белгілі бөлігін немесе түгелдей өтеуі пайдалы болады.

Алдымен ненің нарыққа шығатынына шешім берілуі тиіс. Әлемде жаппай туризмнің негізінде екі нәрсе жатыр: теңіз-күн және құмы бар демалыс орны мен мәдени-тарихи байлықгар ұсынылатын саяхат туризмі. Жерорта теңізінің бойында ұзын жағалауы бар Түркиядан басқа түркі республикаларда демалыс орны туризмі жөнінен алдағы қатарда екені айтылмайды. Бұл республикалар саяхат туризміне бағытталуға тура келеді. Негізінде мұның бірқатар артықтышылықгары да бар:

Алдымен келетін қонақтар ұлттық ескерткіштерді аралайтындықтан ел жайында дұрыс емес мәлімет шектеледі. Екінші артықшылығы - туризмнен түсетін қаржы орталыққа бағынбай, аймақтарға таралады.

Үшінші артықшылығы - ұсыныстың артуы бақылауда болатындықтан бағалар бақыланатын пайдасыз сауда-саттыққа рұқсат берілмейді.

Саяхат туризміне қатысатын адамдар өз елдерінде қаржылай тұрғыдан болсын, мәдени тұрғыдан болсын жоғарғы деңгейдегі адамдар болып табылады. Осының нәтижесінде пайдалы әсерлер туындайтын ел мен турист жіберетін ел арасында жаңа қарым- қатынастардың қалыптасуына әсер етеді.

Саяхат туризмін таңдаудың қауіпті жағы жалғыз ғана өнім арқылы өте үлкен номиналды сандарға жете алмауында болып отыр. Алайда Қазақстан шекарасы ішінде потенциалыды туристерге 700-ден астам саяхат орны ұсынылатыны айтылуда. Бұлар түрлі факторлар назарға алына отырып зерттелуі; ең лайықтылары анықталуы тиіс. Ең лайықты бағдарлама таңдауда назарға алынатын негізгі мәселелер:

• Тасымалдау күші тасымалдау күшінің тиімді-пайдалы болуы

4. Жаңа бағыттардағы тур операторларының рөлі

Саяхат бағдарламалары зерттеле отырып, бірге жұмыс жасалынатын шетелдік тур операторлары елге шақырылуы қажет. Міне, сырттан келетін тур операторларының маңызы осы жерде байқалады. Шетелдік тур операторымен бір тілде сөйлейтін және сатушы ұлттық мекеме арасында қарым-қатынас жасалуы керек. Сырттан келген тур операторлары туристердің саяхат нысанасын байқауын білуін қамтамасыз ететін, қонақ үй кәсіпорындардың орындарын сататын, басқа қызмет көрсететін кәсіпорындардың - өнімін нарыққа шығаратын, қысқаша айтқанда, саяхат нысанасына валютаның кіруін қамтамасыз етіп, онын дамуына үлес қосатын мекемелер болып табылады. Олардың әрекеттерінің әрі қарай жалғасуы сауда-саттықтың пайдалы болуына байланысты; алайда көп жағдайларда капиталдарының жетіспеуінен шетелдік тур операторларына бағынышты болады және оның ұсынған табыс бөлігіне риза болады, оның шешімдерін жүзеге асырушы жағдайына түседі. Алғашқы даму жылдарда сырттан келетін мекеменің ұлттық пайданы бір бұрышқа ысырып қойып, өзінің қысқа уақытты пайдасына жұмыс істемейтін мекеме болуы керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туристік бизнесті басқарудың автоматтандырылған жүйесін құру
ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИСТІК ИНДУСТРИЯНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Туроперейтинг тәртібінің рөлі мен орны
Бәсекелестік ортаны талдау мен маркетингтік зерттеу
Қазақстандағы туроператорлық фирмалардың қызметі жайлы
Турагенттік және туроператорлық қызмет сақтандыруының мақсаты мен міндеттері
Бизнестің туризмдегі алатын орны
Туроперейтинг және туроператор, классификациясы, түрлері мен ерекшеліктері
Қазақстан Республикасында халықаралық туризмді дамыту мәселелері
Туризм мамандықтарына арналған дәрістік кешені
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz