Көміртек (Carboheum)


Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Көміртегі

Көміртек (Carboheum), С - Менделеевтің периодты системасының IV тобындағы химиялық элемент. Реттік нөмірі 6, атомдық масасы 12, 01115. Көміртектің тұрақты екі изотопы 12 С(98, 892%), 13 С (1, 108%) бар. Атмосфераның жоғарғы қабатында космос сәулелерінің әсерінен радиоактивті изотоп 14 С түзіледі. Көміртек көмір, күйе түрінде өте ерте заманнан белгілі. Ол көп тараған элементтер қатарына жатпайды, бірақ оның маңызы зор. Жер қыртысындағы жалпы мөлшері 0, 1%. Көмір барлық тері организмдердің - өсімдік, жануарлардың тканьдерінде болумен қатар, солардың ыдырауының нәтижеде пайда болған тас көмір, мұнай т. б. органикалық заттарда, көптеген минералдар (кальцит СаСО 3 , магнезит MgCO 3 т. б) құрамында болады. көміртегі атомында көмірқышқылы газ түрінде, табиғи суларда еріген күйінде кездеседі. Көмірдің екі аллотропиялық түрі бар: алмаз және графит, сондай-ақ аморфты көмір (күйе, көмір) түрінде де болады.

Аморфты көміртегі және алмаз белгілі жағдайда графитке айналады. Алмаз - түссіз, мөлдір, қатты кристалды зат. Ол жылуды жақсы өткізіп, электр тогын өткізбейді.

Графит - қара сұр түсті, сәл жылтыр, жұмсақ, жұққыш кристалды зат. Жылу мен электр тогын жақсы өткізеді. Бұл көмірдің ең аллотроптық түрі. Алмас пен графиттен басқа көмірдің синтезделген корбин деген түрі бар. Ол - қара түсті, ұнтақ зат; шала өткізгіш. Көмір атомының сыртқы электрондық қабатының құрылысы, 2s 2 2 . көмір негізінен ковалетті қосылыстар түзеді және тізбек түзгіш элемент. Ол ковалентті қосылыстарында +4 валетті. Ионды қосылыстарында -4 валентті. Қалыпты температурада көмір химиялық активті емес, қыздырғанда активтігі артады. Алмас пен графитке қарағанда аморфты көмір реакцияға оңай түседі. Қыздырғанда оттек пен әрекеттесіп көміртек қос тотығын СО 2 , оттек жеткіліксіз болса көміртектен тотығын СО түзеді. Көмір галогендермен CF 4 , CCL 4 , CBr 4 , CJ 4 қосылыстарын түзеді. Бұл қосылыстардың маңыздысы - төрт хлорлы көміртек CCL 4 . Күкіртпен күкіртті көміртек СS 2 , азотпен циан(CN 2 ) және цианды сутек немесе көгерткіш қышқыл түзеді. Көміртегі күші тотықсыздандырғыш, жоғары температурасында ол көптеген металл тотықтарынан (Fe 2 O 3 ; CuO) таза металды ығыстырып шығарады. Көміртегі каталы заттар қатысында қыздырғанда сутекпен әрекеттесіп метан, металдармен карбидтер түзеді, қыздырғанда балқымай 3500 0 С температура шамасында буланып ұша бастайды. Ол еріткіштерде ерімейді, бірақ балқыған металдар (темір, никель, платинада) ериді. Оны салқындатқанда графит күйінде көмір бөлініп шығады, содықтан оны металургияда металл алуда қолданылады.

Аморфты көміртегі газ жер сұйық заттарды қоспасынан тазартуда, противогаздарда, алмаз қатты материалдардың бетін өңдеуде, шыны кесуде, жер бұрғылауда, графит қарындаш, бояу жасауда қолданылады.

Көміртек галогенидтері - көмірдің галогендермен (CF 4 , CCl 4 , CBr 4 , CJ 4 ) қосылыстары көміртек галогендерінің ішіндегі маңыздысы - төрт хлоры көмір тек (тетрахлорметан) CCl 4 , ол ауа, жарық, концентрациялы күкірт қышқылы т. б, әсерінен түзіледі. Қалыпты температурада темі, алюминий қатысында сумен әрекеттеседі.

CCl 4 +2Н 2 О→СО 2 +4НСl Төрт хлоры көміртекті AgF, AlBr 3 және AlJ 3 қосып қыздырғанда тиісті көмегі алынады. CCl 4 денсаулықа зиянды, оның ауадағы концентрациясы 0, 02 лы/л -ден аспауы керек. Төрт хлорлы көміртек СF 4 - түссіз, иіссіз газ, суда нашар ериді. CBr 4 және CS 4 кристалды заттар.

Көміртек қос тотығы; көмір ангидриді, көмірқышқылы газ, СО 2 - көміртектің оттекпен қосылысы көміртегі толығымен жанғанда түзіледі: түссіз, қышқылтым дәмі және иісі бар, ауыр газ, тығыз 1, 9768г/л (0 0 С және 1 атм) . Қалыпты температурада 58, 46 атмосфера қысымда сұйылады, оның тығыздығы 0, 771 кг/л.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көміртектің химиялық қасиеттері
Темір-цементит жүйесі күй диаграммасы
Көміртек диоксиді
Еселі көміртек – көміртек байланыстарына қосылу
Бүкіл тірі организмнің негізі - көміртек
Органикалық химия туралы ақпарат
ТҰЙЫҚ АЛКАНДАР
Алициклді қосылыстар
Алкандар, олардың гомологтық қатары, изомерлері, атаулары
Алкандар жайында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz