Қазақстандағы этнопсихологиялық көзқарастардың дамуы



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстандағы этнопсихологиялық көзқарастардың дамуы.
Қазақ топырағында этнопсихология мәселелері Шоқан Уалиханов
еңбектерінен бастау алады. Қазақстандағы психологиялық ой-пікірлердің
тарихы Иоллыг – тегін ( Орхан-Енисей ежелгі түркі жазба ескеткіші), Қорқыт-
ата, әл- Фараби, Асан- Қайғы, Қадырғали, Жалайри; Бұқар жырау, Дулат,
Махамбет, Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, С.Торайғыров, Шәкәрім,
Жүсіпбектерден тұратын рухани аса бай құнарлы орта – аталмыш ғылымның
бірден қанат жайып, өркендеуіне ізгі әсерін тигізді. Шығыс
республикаларының ішінде педагогикалық басылымдардың (Мұғалім-1919,
Жаңа мектеп-1925.) бірінші болып қазақ жерінде жарық көруі, Ғ.Қарашев,
М.Ж.Көпеев сияқты зиялыларымыздың психология саласына сол кездердің
өзінде–ақ қалам тартуы – осы айтылғандардың жақсы айғағы.
Қазақстанда психология ғылымы, әсіресе соғыстан кейінгі жылдары елеулі
қарқынмен дами бастады. Оған бірнеше сәтті жағдайлар себеп болды. 1946 жылы
орта мектептерде логика мен психология оқытыла бастады. Осы кездері қазақ
университетінде логика мен психология пәні мұғалімдерін дайындайтын бөлім
ашылды.
Соғыстан кейінгі жылдарда психология саласында ұлттық кадрларды
даярлауда академик Төлеген Тәжібаевтің (1910-1964) еңбегі айтарлықтай еді.
Осы ғалымның жетекшілігімен елуінші жылдары Е.Суфиев, М.Мұқанов,
Т.Темірбековтар диссертация қорғады.
Республикада алғаш рет диссертация қорғаған – Е.Суфиев болды. Ол 1952
жылы Қазақ университетінің кеңесінде Қазақ мектептерінің бастауыш
сыныптарындағы оқушылардың орыс тілін меңгеруінің психологиясы деген
тақырыпта диссертация қорғады. Мұнда автор қазақ оқушыларының орыс тілін
меңгеруін, шәкірттердің ауызекі сөйлеуінің даму ерекшеліктерін
психологиялық тұрғыдан талдайды. Автор оқушылардың ұғынуына қиындық
келтіретін орыс тіліндегі кейбір атауларына тоқталып, мұның табиғи-ғылыми
жағынан И.П.Павловтың жоғары жүйке қызметі туралы іліміне негіздей
түсіндіріледі, оқушылардың кейбір психикалық функцияларын ( қабылдау,
зейін, ойлау және т.б.) дамыту, орыс тілін оқыту әдістерін жетілдіру
жөнінде біраз ұсыныс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Этнопсихология пәнінен дәрістер
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Этникалық таптауырындардың жалпы сипаттамасы
Әлеуметтік психологиялық құбылыстар - этнопсихология
Адамның этномәдени даму мәселелері
Ұлттық этникалық топтарды негізгі түрлері
Психология ғылымының дамуы
Ұлттық-психологиялық ерекшеліктер
Этнопсихология жайлы
Ұлттық мінез - құлықтың психологиялық сипаттамасы
Пәндер