Артқы кунге анық қалуға жарайтын сөз - Мағжанның сөзі


МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ (1893-1938)
Артқы кунге анық қалуға жарайтын сөз - Мағжанның сөзі.
(М. Әуезов. )
Ақынның өмірі мен шығармашылық өсу жолдары.
Мағжан - қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі әрі бірегейі. Ол артына өшпес рухани мол мұра, өзіне өлмес мәңгілік ескерткіш қалдырып кетті, Жарты ғасырдан аса оның есімін де, шығармаларын да атай алмай келген халқы көп жылдардан кейін ғана ұлы ақынымен сағына қауышты. Мағжанның туып өскен жері - Солтүстік Қазақстан облысының қазіргі Вулаев ауданы. Әкесі Бекен - көзі ашық, өжет, қайратты, парасатты адам. Көп жылдар болыс болған. Мектеп ашып, мұғалім ұстап, өз балалары мен басқа да ауыл балаларының оқуына қамқорлық жасайды. Бұл мектепте патша әскерінен қашып жүрген Ажиетдин Ақанов деген оқыған, білімді башқұрт жігіті мұғалім боп істеген. Зерек Мағжан төрт жасында осы мектеп есігін ашады, хат таниды, Шығыс әдебиетімен алғаш осы мектепте танысады. Қолына түскен қисса-дастандарды оқи бастайды. Ақын Шығыс әдебиеті даналары Фирдоуси, Сағди, Ғафиз, Омар Хаям дастандарын түпнұсқадан оқып-үйренеді.
Оқуға зерек, білімге, білмекке ынталы Мағжанды әкесі Қызылжардағы медресеге оқуға түсіреді. Мұнда ол шығыс тілдерін үйренеді, сол тілдердегі әдебиеттерге ден қояды. Тап осы кездерде ақындық талантының бүрі де ашылады.
Мағжан сол кездерде Абайдың 1909 жылы Петербургте жарық көрген өлеңдерін оқып, сонан сусындайды.
Ақын мұнан әрі білімін Уфадағы «Ғалия» медресесінде жалғастырады. Медреседе дәріс оқушылар ішінде татардың классик жазушысы Ғалымжан Ибрагимов бар еді. Бұл медреседе сол жылдары бірталай қазақ жастары да оқыған, солардың арасында халқымыздың біртуар жазушысы Бейімбет Майлин де болған.
Мағжан өлеңдерінің тұңғыш рет Қазанда Кәрімовтар баспаханасынан басылып шығуына қол ұшын берген - ұстазы Ғалымжан Ибрагимов. Шәкіртінің алғырлығын да, зеректігін де таныған ол Мағжанның білімін әрі қарай жалғастыруына да ақыл-кеңес береді.
Ақын шығармасының табиғатын, идеялық-көркемдік сапасын алғашқылардың бірі болып қапысыз таныған - Жүсіпбек Аймауытов. Оның табиғат, махаббат жайындағы өлеңдері жөнінде де білгір де терең талдаулар жасаған.
«Кіршіксіз таза махаббат кімде болу керек? - деп жазады ол. - Баласын сүйген анада болу керек. Сүйген ашық жанда болу керек. Жүректі елжіретіп ерітетін, өлгенді тірілтпесе де, өткенді жандыратын өмірдің қызығы, ләззаты - осылар. Бұларсыз өмірде мағына жоқ».
Мағжан табиғатты сондай жақсы көреді. Табиғатты жазса айнымас анаға, нәресте балаға, сүйген жарға теңеп жазады. Мұны біз ақын жырынан анық танимыз.
Мағжанның патша отаршылығынан, қызыл империяның қиянатынан қалың жұрты - қазағымның мүшкіл хал кешіріп отырғанына қайғырып, қамығып, қан жұтып, көз жасы егіле, мұң-шерге батқан кезде жан тынысын, жан даусын, жан саясын - махаббаттан тапқан. Сонымен өзін әлдилеген, сонан шәрбаттанған. Шынайы махаббат оның кәусары, жан азығы болған.
Мағжан өз шығармаларында негізінен мөлдір де таза махаббатты өмір мәні деңгейіне көтерген.
Мағжан поэзиясы - тұнық тазалығымен, өміршеңдігі мен, асқақ арманымен, нәзіктігімен, сұлулығымен халқымыздың аса қымбат, аса асыл мұрасы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz