ОЛИМПИАДАЛЫҚ ОЙЫНДАР


ОЛИМПИАДАЛЫҚ ОЙЫНДАР
Олимпиадалық ойындар (грек. Olympia) - халықтар комплексті спорттық жарыс. Олимпиадалық ойындар ертедегі грек және қазіргі заман Олимпиадалық ойындар болып екіге бөлінеді. Аяғашқы ойындар б. з. б. 776 ж. өткізілген, 394 ж. Византия императоры Федоспяның бұйрығы бойынша тоқталған. Олимпиадалық ойындар Пелопоннес түбегінің теріскей батысындағы Олпмпия деген қалада әрбір төрт жылда бір рет өткізіліп отырған. Мұнда олпмпиадалық жарыстар өтетін стадиондар мен ипподром болған. Бұл ойындар әскери дайындық, дене шынықтыру өнерін көрсетуге байқау болып есептелген, үлкен той, дәстүрге айналған, ақындар мен шешендер айтысы, әр түрлі өнер көрмелері ұйымдастырылған. Олимпиадалық ойындар өткізілетін кезде барлық Грецияда ұрыс-соғыс тоқталып, «қасиетті тыныштық» орнатылатын болған. Осы кезде (1 айдан 3 айға дейін) бүкіл Эллада жерінде қару жұмсауға, тіпті ойынға келушілерге қару-жарақпеп келуге тыйым салынған. Ол кездегі Олимпиадалық ойындар бес күн өткізілген, программасына спорттың жүгіру, күрес, жұдырықтасу, ат жарысы, қос сайыс, бес сайыс сияқты түрлері кірген. Чемпиондарға зәйтүн ағашының жапырағынан өрілген алқа тапсырылып, ескерткіш қойылған. Парижде 1894 ж. өткен халықар. конгресте 34 ел өкілдері қатысқан. Қазіргі заман Олимпиадалық ойындар бұрынғыдағыдай төрт жылда бір рет, кібісе жылы өткізілетін болып шешім қабылдады. Осы конгресте халықар олимпиядалық комитет (ХОК) құрылды. 1- Олимпиядалық ойындар 1896 ж. Грецияның астанасы Афины қаласында спорттың 8 түрінен өткізілді. Бұл ойынға Европа мен Американың 13 елінен 285 спортшы қатысты. Содан бері 17 рет Олимпиадалық ойындар өткізілді. Ал 20- Олимпиадалық ойындар Мюнхен қаласында өтті (1972) .
Бірінші қысқы Олимпиадалық ойындар 1924 ж. Францияның Шамони қаласында спорттың қысқы 5 түрінен өткізілді. Оған 16 елден 293 спортшы қатысты. Содан бері «ақ олимпиада» 11 рет өтті. Олимпиадалық ойындарда командалық жарыс қорытындылары шығарылмайды, тек жеке спортшылардың 1-орыннан 6-орынға дейінгі нәтижелері есепке алынады. 1-орынға 7 ұпай 2-ге 5, 3-ге 4, 4-ге 3, 5-ге 2, 6-ға 1 ұпай беріледі. Бұл орындарды жеңіп алған спортшыларға олимпиада дипломы, бұдан басқа 1-3-орындардағы жүлдегерлерге алтын, күміс, қола медальдар беріледі. Россия спортшылары тұңғыш рет 1908 ж. 4- (Лондонда), 1912 ж. 5- (Стокгольмде) өткізілген ойындарға қатысты. Совет спортшылары 1952 ж. Хельсинкиде өткізілген 15-жазғы және 1956 ж. Италияның Кортина д'Ампецпо қаласында өткізілген 7- қысқы Олимпиадалық ойындардан бастап барлық олимпиадаға қатысып келеді. Совет командасыньщ құрамында әр олимпиада санын Қазақстан спортшыларының саны көбейіп, жарыс нәтижелері өсіп отыр. Тұңғыш рет республикадан 1956 ж. Мельбурн ойындарына ( жеңіл атлет Евгений Кодяйкин қатысты. Римде өткен ойындарда орта дистанцияға жүгіруші Василий Савинков, штангист Степан Ульянов, ал Ғұсман Қосанов 4Х100 м эстафетаға жүгіруде күміс медальды жеңіп алды. Ол Токиода 5-орынға не болды, Әмін Тұяқов та (жаттықтырушы, жеңіл атлетикадан) қатысты. Анатолий Колосов классикалық күрестен алтын медальды жеңіп алды. Мехико мен Мюнхен қаласында өткен соңғы Олимпиадалық ойындарда республикамыздың спортшылары үлкен табысқа жетті. Мехикода волейболшылар Нина Смолеева, Валерий Кравченко, Олег Антропов чемпион болды, Владимир Бакулин күміс медальды жеңіп алды. Мюнхенде Валерий Резанцев алтын (күрестен), Анатолий Назаренко, Вениамин Солдатенко (жеңіл атлетикадан), Виктор Абаймов (жүзуден) күміс, Игорь Валетов (фехтованиеден), Валерий Кравченко (волейболдан) қола медальдарын жеңіп алды. Біздің еліміздің спорт коллективтерінің қатысуы олпмпияда идеяларын жоғары сатыға, оның маңызын зор шыңға көтеріп, жер жүзінің спортшылар арасындағы ынтымақ пен достық, бейбітшілік сүйгіш дәстүрлерін ұлғайтып, ойындарды жастардың спорттық нақтылы қызықты мерекесіне айналдырды.
Азия спорт ойындары төрт жылда бір рет өтетін спорт жарыстары. Жарғысы 1949 жылы қабылданған. Бірінші Азия ойындары 1951 жылы Дели қаласында өтті, оған 11елдің өкілдері қатысты. Алғашқы ойындар бағдарламасына жеңіл атлетика, велосипед, васкетбол және салмақ көтеру енгізілді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz