Оразаның денсаулыққа пайдасы


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Оразаның денсаулыққа пайдасы

Ауыз бекітіп ораза ұстаудың сауап тұрғысынан да, денсаулық тұрғысынан да пайдасы зор. Айталық, ораза ем ретінде ішек ауруларына, іш қатуға қарсы қолданылады. Оразаның медициналық емдігінің қатарында кейбір тері ауруларының жақсаруы, асқазан мен ішек жұмысына тоқтау салып олардың белгілі бір уақыт аралығында тынығуы қамтамасыз етіледі. Ораза адамның ішкі мүшелеріне жиналатын майларды ерітіп, метоболизмді жандандырады. Бүйрек, бауыр, қуық, сусамыр (қант диабеті), жүрек пен тамыр ауруларына қарсы төзімділікті арттырады. Ол үшін сәресі мен ауыз ашар уақыттарда тым көп ас жемеу керек. Оразаның пайдасы туралы Алекс Каррел былай дейді:

«Белгілі бір уақыт аралығында ашығу бауырдағы шекерлерді, тері астындағы май қыртыстарын, бұлшық ет, без, көк бауыр жасушаларындағы протеиндердің қимылын арттырады. Барлық мүшелер өз құрамы мен жүрек біртұтастығын қорғау үшін жанын салады. Міне, осылайша ораза тканьдарымызды тазалап, өзгертіп отырады».

Адамдағы шайтани әрі нәпсіқұмарлық сезімнің оянып қозуы жыныстық гормондардың әсер күші мен олардың мөлшеріне байланысты. Ораза әлгі түрдегі гормондардың қандағы мөлшерін азайтатындықтан ол адамдағы құмарлық сезімді басады.

Ораза кезінде күндізгі уақыттарда қандағы холлестерин деңгейі төмендейді. Тамырдың жақтауларында бірігіп қалған ескі холлестерин, май қалдықтары бірте-бірте қан айналымына араласып, еріп, қаттылығын жоғалтады. Әсіресе, түстен кейін қан қысымы біраз төмендейтіндіктен, тамырлардағы қысымның азаюы себепті рахат күй кешу, демалу байқалады. Осыдан барып сол күннің ең бір қорқынышты ауруы «артериосклероз» (жүректің қысылуы және сал болу себептері) ораза мен дәреттің ортақ әсерімен жойылады. Жыл сайын ауыз бекітіп, ылғи да дәрет алып жүретін 300-дей қарт кісіге жүргізілген зерттеуде оларда титтей де болса әрі ертериосклероз кінәраты кездеспеген әрі жас мөлшері 65-тен асса да қан қысымы 12-ден аспаған.

Жүрекке келсек, жүректің үстінде оған кері әсер ететін үш жақ бар: тамырдың қаттылығы, жүйкенің шаршауы, асқазанға ылғи да қысым түсетіндігі. Ораза ұстаған адам осының үшеуінен де зиян шекпейді.

Шыр етіп дүниеге келгеннен тіршіліктегі дәм-тұзы таусылып өлгенге дейінгі аралықта дамылсыз жұмыс істейтін асқазан оразаның арқасында орташа есеппен күніне төрт сағат тынығады. Бұл оның өзіндегі кем-кетік жағын қайта дұрыстауына мүмкіндік туғызады. Ораза бауырдың жақсаруына тікелей әсер етеді. Дененің түрлі бөлігінде бауыр жүздеген міндет атқарады. Өтке май сіңіртуден бастап, ауруларға қарсы тұратын заттарды өндіретін барлық істерді, түптеп келгенде, денедегі барлық химиялық жағдаяттар бауырдың ішінде өтеді. Бауыр өте сирек ауырады. Бірақ, міндеті көбейіп ауырлаған сайын өз қызметінде ақау сездіреді. Бүгінгі таңда дамыған медицина көптеген аурулардың басталу себебі, яғни дененің ауруға қарсы тұру иммунитетінің әлсіреуі негізінен бауырға күш түсу деп білуде. Ораза болса, бауырдың күн сайын үш-төрт сағат тынығуын қамтамасыз етеді. Бұл бауыр қызметін тұтастай өзгертпегенімен оған шек қоя отырып, баяу жұмыс істеуіне жағдай туғызады. Осылайша басқа мүшелер секілді бауыр да ораза кезінде тынығып, бір түлеп жаңарады. Дененің қорғану, қан химиясы және ас қорыту мүшесінің қызметі жақсара түседі. Оразаның тән саулығына тигізер игі ықпалы міне осындай.

Дененің химиялық үрдістері ең алдымен қайда өтеді. Әр түрлі қоректік заттар мен корғану заттары, тыныстау алдымен белгілі бір қан деңгейінде қайталанып отырады. Бұл заттар қоюланған санын дене де соған сай белсенді әрекетке көшеді. Ауыз бекіткен адамдарда бұл заттар қатары көбеймейді. Оның ең төменгі деңгейде қалуы қандағы химиялық процестердің оңай жүруін қамтамасыз етеді. Әлсіздігін алға тартып, ораза ұстамағандар өздеріндегі сол әлсіздікке ораза тұтпағандықтары себеп болып жатқанын біле бермейді. Өйткені, әлжуаз адамдардан қанындағы химиялық процестер тепе-теңдік сақтауда қауқарсыздық танытады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ОРАЗАНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚҚА ӘСЕРІ
Ораза айт - қасиетті Рамазан айы
Құлшылық құпиясы
Ислам дініндегі тәрбиенің мән-маңызы
Ораза ғибадаты
Ораза – құт-береке
Жастарды имандылыққа тәрбиелеудің маңызы
Түркі халықтарының адамгершілік туралы ой-пікірлері мен когнитивтік көрінісі
Рамазан айының қасиеттерi
Ислам дін негіздері, иманның шарттарына жалпы түсінік және ислам психологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz