Мектеп жағдайында мұғалімнің тұлғалық және кәсіби мүмкіндіктерін дамыту



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Оқу материалдары адам психологиясына зор талап қоятыны белгілі.
Өйткені шындықтағы құбылыстардың сыр-сипатын, мән-жайын ұғыну- өте күрделі
әрекет.
Ұғыну дегеніміздің өзіде нәрседе себеппен қатар нәтиже болғандығына
шәкірттің көзінің жетуі, соған жете түсінуі. Оқу материалдарының мәнісіне
тереңдеп бара алмай. Оларды жай жаттап алу, өз бетінше пікір айтуға
шорқақтық оқушыда талдау жинақтау тәсілдерінің әлі де оншама дамымағанын
көрсетеді. Мұғалім шәкірт ойлануындағы талдау тәсілінің қалыптасуына
жеткіліксіз көңіл бөлетін болса, ондайда оқушы материалдың бір-бірімен
байланысының жеке жақтарын ғана меңгереді, әрі ұғымның мәнін жете түсінбей
қалады. Сондай-ақ мұғалім сабақ беруде жинақтау тәсілін ойдағыдай пайдалана
алмаса, онда берілетін мағұлмат бұрынғы материалмен дұрыс байланыспай
қалады, бұл берілген мағұлматтың іс жүзіндік мәнінің төмендеуіне әкеліп
соғады. Кейбір мұғалімдер оқушыда белсені ойлау үрдісін дамытудың орнына
олардың ес, жаттау қабілетін өсіруге ғана ерекше мән береді. Әрине бұдан
баланың есін дамыту онша мәнді нәрсе емес деген қорытынды шықпайды.
Шәкіртке ойлаттырып, әр нәрсені бір-бірімен салыстырғызып, талдатып,
жинақтатып, дәлелдетіп үйретсе ғана олардың танымы мазмұнды болады. Ал
материалды өз күйінше жаттап алу, оның ішкі мәніне бара бермеу, балада
жаттампаздық яғни оны құрғақ жаттап алуға жетелейді.
Мына жағдай есте болуы тиіс. Егер жас баланың әлеуеттік
мүмкіндіктері жете бағаланбаса, яғни оның рухани тілектері
қанағаттандырылмаса, бұл жағдай оның айналаны танып-білу құштарлығының
біртіндеп сөнуіне, самарқаулыққа салынуына себеп болуына ықтимал. Шәкірт
ойын жүйелілікпен дамыту үшін оқытуды тым жетілдірудің де қажеті жоқ.
Шәкірттің ақыл-ойына жеткілікті азық беретін оқу ғана қарқынды дамытуға
септігін тигізе алады. Міне оқушының ойлау белсенділігінің осылайша
дамуынан білім мен дағдыға, икемге қанығудың негізі қаланады.
Баланы өзіндік ой-санасы қалыптасқан, кез-келген жерде сөзін өткізе
алатын жан-жақты тұлға етіп тәрбиелейтін білім әрекет арқылы іске асады.
Өздігінен іздене жасайтын жұмыс баланы әрекетке түсіреді. Яғни, оқушылардың
өздігінен танымын белсендіру құралы әрекет деп таныуымызға болады.
Пәнділік - әрекеттің қоршаған әлемнің обьектілік әсеріне
бағыныштылығы мүмкіндігі мен мәнділігінде.
Адам әрекетіне берілген мұндай мінездеме әрекетте адамды субьект
ретінде қарауға жол ашады. Адам әрекет арқылы нағыз деңгейіне көтеріледі,
адам болып дамиды, құрылады . әрекет обьектілік және субьектілік жағынан
бұзуға келмейтін бірліктен тұрады.
Обьективті тұрғыдан қарағанда адамның мақсатына әрекет туындайды,
бірақ сол әрекет субьект іске асыратын бүкіл үрдісті анықтайды.
Пәнділілік пен мағыналылық сонымен қатар обьектілік пен субьектілік
жағынан байланыстылық байқатады. Олар бір-бірімен келісімділікпен жүреді.
Әрекеттің анықталған сипаттамасы, әсіресе педогогикалық үрдіске қажет
субьектілік жағдайлардың өзгерісіне әсер етеді. Бұл жайлы
Э. Ильенковтың философиялық зерттеулерінде жақсы айтылады.
Бала әрекетті іске асыруға өзі кіріскенде ғана тұлға- жеке адам
әлеуметтік бірлік субьект болып өсіп, адамдық-әлеуметтік әрекет жасай
алатын шаққа жетеді.
Адам сыртқы әрекетке. Яғни, пәнде қарастырылатын обьект емес,
керісіншеі әрекеттің ішіне үңілетін, яғни пәнді қарастыратын, оны өз
пайдасына шешетін субьект.
Мұндай қатынас- жеке адамның өзара белсенді әрекет қатынасы. ОЛ өзара
келісімділік ниеттегі қатынас күшінен туындайды. Бұл тұлғадан екінші
тұлғаға бағытталған белсенді әрекет оған сол жолдар арқылы қайтып оралады,
басқа тұлғадан өзіндік түрліктегі жолдар мен әрекет арқылы өзіне келеді.
Адам әрекетінің барлық "генетикалық" аспектлері мен түрлері-еңбек
пен қарым-қатынастың өзара әрекетінің шешімі. Білімдендіру- таным және
құндылығы бар бағалы мақсатты әрекет.
Еңбек белгілі өмірлік мәнен шыққанда ғана әрекет пен операциялар
жиынтығы емес, нағыз адамның қызыға кіріскен әрекетіне ұласа алады.
Адам әрекеті- қоршаған әлемнен өзара қарым-қатынасқа түсудің небір
негізгі түрі. Жеке адам, тұлға қоғамнан тыс өмір сүре алмайды.Өйткені оның
жан дүниесі тек айналадағылармен қарым-қатынас жасау үстінде, тәлім-тәрбие,
оқу-іздену, іске талаптану арқылы әркез белгілі мазмұнға ие болып отырады.
Оның айналысатын іс-әрекеті мен бүкіл тыныс-тіршілігіне, ұстанған бағытына
әсер ететін түрткілер көп. Солардың басты лары: қажет пен қызығу, таным мен
сенім, мұрат пен талғам, мақсат пен мүдде және тб. Сенім жоғалған жерде
адамға тән тіршіліктің мәні де шамалы. Сенім-адамның ерік-жігер, қажыр-
қайратының қандай екенін көрсететін, сезімді қозғайтын, өмір сүру мақсатына
айналған өміршең білім. Сенім дүниетанымға ( табиғат, адам, қоғам
құбылыстары туралы білімдер жүйесі) негізделеді. Сенім мен дүниетаным егіз
қ озыдай қатарласып жүрсе ғана адамның санасы жарқырай, нұрлана түседі.
Бірақ сенім жоқ жерде тиянақты дүниетаным да, тұрақты мінез-құлық та
болмайды. Сенімі жоқ адамның шындықтың жай-жапсарын дұрыстап айыруға,
өмірден шамасына қарай өз орнын дұрыс таңдай алуға шамасы жете бермейді.
Қай адамның болса да өзінше бір түсінігі болады. Бірақ, қарадүрсін
түсініктердің көбі дұрыс болып, келе бермейді. Тек ғылымға негізделген
түсінік қана адамның нақты сенімінен өміршең іс-әрекетімен тығыз ұштасқан
дүниетаным ғана адамға жан серік бола алады. Мұндай дүниетанымды бойға
дарыту үшін бәрінен бұрын білім негіздерін жай меңгеріп қоймай, оны миға
мықтап тоқу қажет болады. Құрғақ жаттауға негізделген білімнің іргесі бос
болып, таным мен сенімге қуат бере алмайды. Өмірмен біте қайнасқан білім-
дүниетанымды қалыптастыратын құрылыс материалы. Ал кісінің алған білімі
бөлек-бөлек кірпіш сияқты әр жерде шашылып жатса яғни білімді қалай болса
солай қағаз жүзінде жеңіл "меңгергендіктердің" білім түкке тұрмайды. Тек
зердеге құйылған білім ғана дүниетаным мен сенімге негіз бола алады.
Мақсат пен қажетсінуде динамикалық өзгерістер болып тұрады. Тұлға
дамыған сайын оның қызығуы дамиды әрі өзгеріп отырады.
Егер белгілі бір кезеңдерде барлығының негізгі өмірлік әрекет
жолдарымен қамсыздандыру болса, қазіргі күнде мақсат, қызығу спекторы
неғұрлым кеңіді. Дегенмен де, әрине адам әрекетінің формасы мен түрлерінің
барлық негізі-еңбек әрекеті.
Әдістемелік тұрғыдан педогогикалық әрекет жайлы берілген пікірлердің
О. Анисимованың позициясына ерекше көңіл аударуға болады. Оқушы әрекеті мен
тұлғаны басқарудың жандандыратын мұғалім болғандықтан, оның оқытудағы
спицификациясын, ұйымдастыру ұстанымдарын ашу міндеттеледі. Мұғалім
басқару әрекетін оқушыға қатынасты іске асырады. Бір жағынан басқару
әрекеті басқару мақсатына бағынышты. Сондықтан бастапқы, болған және соңғы
немесе басқару обьектісінің жағдайларының көрсеткіші қажет. Оқытуда
өзгеріске түсетін оқушы-үйренушінің қабілеті екінші жағынан оқушының
қабілеті әрекет барысында ғана өзгереді. Мұғалімнің басқарушылық әсері
оқушы қабілетіне, оның әрекетіне әсер ету арқылы қозғау сала алады. Басқару
әрекетінеде мұғалім әрекетінің қызметі оқушы қабілетіне байланысты
болатынын ұмытпау керек. Үшінші жағынан әрекетті құру, қайта құрастыру
педогогикалық қабілетінің сайлылығына қарай іске аспақ. Егер педогогте
ондай болмаса, ол өзінің педогогтік қызметін атқара алмайды.
Сондықтан мұғалімнің оқытушылық шеберлігі әрекетті ұйымдастыру, яғни
операциялар жүйесі мотивті кез-келген жағдайда өзгерту, қайта құрастыру
шеберлігімен бағаланады, және оны оқушыға икемді, қолайлы түрде ұйымдастыра
білуі қажет.
Мұғалім құрастырған тапсырмадан оқушы өзінің жеке жоспарына қажеттісін
көре алса, дамудың алыс, орташа жақындығын сезіне білсе, қанағаттанарлық
нәтижесі болып жатады.
" Оқыту үрдісінің,-дейді белгілі педагог В. СУхомлинский,-үш түрлі
құрамды бөлігі бар, ол: ғылым, шеберлік, өнер". Мұғалім бойында осы үш
қасиет болуы керек. Сонда ғана ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамда болып жатқан өзгерістірдің мектепке әсері
Мұғалімнің тұлғалық бейнесі
12 жылдық оқытуға байланысты мұғалімнің құзырлығын дамытудың жаңашыл жағдайлары
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты құзырлықтарын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Білім берудің құрылымы
Бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық - технологиялық әлеуетін қалыптастырудың педагогикалық алғышарттары
Оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамыту мәселелері
Мектептегі мұғалімдердің педагогикалық кәсіби тұлғасын қалыптастыру
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің 12 жылдық білім беру жағдайында даярлаудың ғылыми педагогикалық жүйесі
Инновациялық педагогикалық әлеуетті дамыту
Пәндер