Әлеуметтік психологиялық құбылыстар - этнопсихология


Ұзақ уақыт бойы Батыста әлеуметтік психологиялық құбылыстар зерттеуге жатпайды деген ой қалыптасса, Ресейде «адам-қандай да бір көзқарастардың, идеялардың, әлеуметтік құндылықтардың, дәстүрлердің, сезім, көңіл-күйлердің алып жүрушісі және көрсетушісі болып табылады». Оларды тек зерттеп ғана қоймай, бірлескен іс-әрекетті міндетті түрде ықпалға алу керек, одан кейін барып, осы зерттеуді негізге ала отырып, қоғам дамуындағы әлеуметтік перспективалар туралы басылымдарды құрған дұрыс дейді. Ресейдегі ең үлкен қызығушылық мемлекеттердегі халықтардың рухани өмірлерінің ұлттық және ұлтаралық аспектісі болды.
Ресейде этнопсихология ғылым ретінде шетелдегі М. Лацарус, Х. Штейнталь және В. Вундтың «халықтар психологиясы» теориясынан 10 жыл бұрын пайда болған. ХІХ аяғы мен ХХ ғасырдың басында этнопсихологиялық зерттеулер кең түрде болды. Батыста бұл бастау ХХ ғасырдың 30-40 жылдарына жатқызылады. Ресейде этнопсихология білмінің ең маңызды бөлімі болып саналады. Көп халықты мемлекеттің дәстүрлі, психологиялық ерекшеліктерін зерттеуге себеп болды. Этнопсихологиялық зерттеулердің практикалық мәнділігіне мемлекеттік ағартушылар Иван ІY, Петр І, Екатерина ІІ, П. А. Столыпин, орыс оқымыстылары мен публицистер М. В. Ломоносов, В. Н. Татищев, Н. Я. Данилевский, В. Г Белинский, А. И. Герцен, Н. Г. Чернышевский, жазушылар А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов, Н. А. Некрасов, Л. Н. Толстой және басқалар аса назар аударды. Олар тұрмыста, салт-дәстүрлерде кездесетін әр ұлт өкілдерінің психологиялық ерекшеліктеріне көңіл бөліп, өз ойларын ұлт-аралық қатынастарды сипаттауға қолданды.
Философ және публицист Н. Г. Чернышевский ( 1828-1889) ойынша, «әрбір халықта өз патриотизм психологиясы бар. Олар ұлт өкілдерінің нақты бір іс-әрекетінде көрінеді. Чернышевский халықтардың рухани өміріндегі ұлттық және әлеуметтік қатынастардың терең талдамын берген. Сондай-ақ, Чернышевский этнопсихология теориясын өңдеуге өз үлесін қосты. Оның ойынша, әрбір халық ақыл-ой, адамгершілік даму деңгейлері бойынша ұқсас адамдар бірлестігін құрайды. Ұлттық мінез, қандай да бір ұлт өкілінде көрінетін әр-түрлі қасиеттердің қорытынды суммасы, ал оның нәтижесі күнделікті болмыстағы тарихи дамуы мен формасы. Чернышевский ұлттық мінез құрылымына тілдің әр-түрлілігімен байланысты адамдардың ақыл-ой және адамгершілік ерекшеліктерін қосу керек дейді.
ХІХ ғасырдың 60 жылдарында публицист және социолог Н. Я. Данилевский (1822-1885) адамдардың этностық ерекшеліктерін анықтау мен жіктеуге арналған тұрғының өзіндік концепциясын батыс оқымыстыларына ұсынған еңбегі «Ресей және Европа» деп аталады. Оның ойынша, тарихи даму жолында пайда болған адамзат цивилизациясының он тарихи мәдени типі бар. Олар бір-бірінен үш негізгі сипатпен ерекшеленеді:
1. этнопсихологиялық ( Данилевский тілінде халықтардың психикалық құрылымында көрінеді. ) ;
2 . адамдарды нақты бір этникалық қауымдастықтарға біріктіретін тәрбиенің тарихи қалыптасқан формалары мен амалдарының айырмашылықтары;
3 . Рухани бастаудағы айырмашылықтар ( психиканың діни ерекшеліктері) . Данилевский мәдени-тарихи типтердің бірі славяндар деп бөліп, негізгі сипаттамаларын қарастырған. Ол славяндарды европалық типтермен салыстырады. Ресейдегі этнопсихологияның дамуына ерекше үлес қосқандардың қатарына Н. И. Надеждинді, К. Д. Кавелинді және К. М. Бэрді жатқызуға болады.
Этнограф, тарихшы және әдебиетші Н. И. Надеждин (1804-1856) көптеген славян халықтарының этникалық сипаттарын берген еңбектерін ( Великая Россия, Венеды, Венды, Весь) жариялайды. Ол этностардың арасындағы айырмашылық табиғи жағдайлардың бірдей болмағанынан дейді. «Тропикалық ыстық күн, арабтың терісін күйдіре отырып, оның бойындағы қанды қайнатып, жалынды фантазиясын тұтатып, құлшындырды. Ал, атлантида суығы, лапландықтың шашын ағарғанша қатырып, қанын бірге қатырған, ақыл-ойы мен жүрегін де мұздатты. Биікте орналасқан тау адамдары қарапайым дала адамдарына қарағанда намысты болып келеді. Мұхит тұрғындары жер тұрғындарына қарағанда белсендірек, шапшаң және батыр. Табиғат әдемі және бай болған сайын, тайпа тұрғындары еріншек, құлшыныстары төмен, сезімдері жоғары керісінше, тіршілік үшін алысатын, жанталастырған жерде халық еңбексүйгіш, белсенді, шығармашыл». Ресей оқымыстысының бұл позициясы Ресейдің басқа ғалым-де, Шетел ғалымдарымен да мойындалған. Шынымен-дағы, табиғи климат факторлары адамдардың ұлттық психологиялық ерекшеліктеріне әсер етеді, бірақ оларды абсалюттеуге болмайды. . өйткені, ол жалғыз емес, әлеуметтік саяси, экономикалық, және этнос дамуының мәдени жағдайлары әсер етеді.
Құқықтанушы және публицист К. Д. Кавелин (1818-1885) ұлттық психологияны тануға жеке психикалық сипаттамаларды олардың өзара байланысында тану керек деді. «Халық» - деді ол, жеке адам секілді, біртұтас органикалық жан. Егер оның жеке адамгершілігін, дәстүрін, түсінігін зерттей бастасаңыз, бір орында қалуыңыз мүмкін. Оларды өзара байланыстырып қарау керек. Толық халық организмі болу керек. Сонда ғана, бір халықты екіншіден айрықшалайтын айырмашылықты байқауға болады. Кавелин әртүрлі қауымдастық өкілдерінің этникалық мінездемелерін ертедегі ескерткіштер, сенімдер, дәстүрлер арқылы зерттеу қажет дейді. Бірақ, ол кісі салыстырмалы әдісті бағалаған жоқ. Мысалы, орыс ұлтының кейбір салттарын еврейлерге, гректерге, индустарға ұқсастықтарын салыстырып, ұғым беруге қарсы болды.
Петербург Ғылым академиясының негізгі мүшесі К. М. Бэр (1792-1876) 1846 жылы наурыз айында орыс географиялық қоғамында «Ресейдегі және жалпы этнографиялық зерттеулер туралы» тақырыбында баяндама жасады. Бұл баяндама көптеген халық өкілдерінің этнопсихологиялық және этнографиялық сипаттамаларын зерттеу үшін бағдарлама болды. Оның ойынша, мұндағы басты міндет-халықтың әр-түрлі өмір сүру тәсілдерін, ақыл-ой ерекшеліктерін, дәстүрін тану болды. Бэр адамдардың этникалық ерекшеліктерін салыстырмалы зерттеудің жақтаушысы болды. Жеке халықтардың этникалық ерекшеліктерін зерттеуде Бэр негізгі зейінді этнопсихологиялық, халықтың топ белгілері мен мемлекеттің саяси мекемелерінің арасындағы тәуелділікке аудару керек деді.
ХІХ ғасырдың 40 жылдарының ортасында орыс географиялық қоғамында К. М. Бэр, К. Д. Кавелин, Н. И. Надеждин этнографиялық бөлім құрып, этнографиялық ғылым мен психологиялық этнографияның негізгі принциптерін қалыптастырып, мемлекеттің ғылыми қоғамдарында талқылады. Осы ғалымдардың басшылығымен Ресей тұрғындарының этнографиялық ерекшеліктерін зерттеу бағдарламасы құрылып, 1850 жылы нақты түрде іске аса бастады. Мемлекет аймақтарына жіберілген инструкцияда төмендегілерді жазу ұсынылады: 1) Материалдық тұрмыс; 2) Өмір сүру тұрмысы; 3) Адамгершілік тұрмысы; 4) Тіл. Үшінші пункт халықтың психологиялық жинағын білдіреді. Сонымен қатар, ақыл-ой және адамгершілік қабілеттері, жанұя қатынастары мен балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері де кірді. Осы зерттеу барысында Ресей халықтарының этнопсихологиялық ерекшеліктері туралы мәліметтер жинала бастады. Нәтижесінде ХІХ ғ аяғында Ресей тұрғындарының этнопсихологиялық және этнографиялық сипаты толығымен құрылды. Бұл зерттеулердің нәтижелері 1878-1822, 1909, 1911, 1915 жылдары Санкт-Петербургтегі «Досуг и дело», «Природа и люди», «Кнебель» баспаларында көптеген этнографиялық және психологиялық басылымдарда, альбомдарда жарияланды.
ХХ ғас. психолог Г. И. Челпанов жинаған материалдарды әлеуметтік психология үшін жоғары бағалай отырып былай деді: Ресейде өте бай этнографиялық материал жиналды, бірақ батыс ғылымдарының орыс тілін білмеуі себебінен топ, ұжым психологиясы мақсаттарында қолданыла алған жоқ. Герберт, Спенсер орыс тілін білмеу оған әлеуметтік психология мақсатында орыс этнографиялық материалдарын меңгеру кедергі келтіргеніне өкініш білдіреді. 1911 жылы Вундт қолданылмаған материалдардың көлемін көріп, өкінішін білдірді, -дейді.
ХХ ғасырдың ортасынан бастап, Ресей қоғамының алдында өздерінің ұлттық-психологиялық ерекшеліктерін суреттеу сұрағы тұрды. Сол себептен, «Орыс жаны мен Орыс мінезі» зерттеулері пайда бола бастады. Ең алғашқы еңбектер орыс адамының жағымсыз, кері сипаттарына арналды, соның ішінде мыналарды атауға болады: логикасыздық, жүйесіздік, ойлаудың төменділігі, еркін және шығармашылық ойлауға қажеттіліктің болмауы, импульсивтілік, жалқаулық; Ғалымдар орыс ұлттық мінезінің әлсіз жақтарымен қатар, жағымды жақтарын да көрсетті. Олар сезім, моральдік дамуына, орыс халқының религиясына аса назар аударды. Өйткені, осы феномендер, олардың дүниетанымының негізін қалады. Жағымды мінез сипаттарына мыналар жатқызылады: мейірбандылық, жүректілік, ашықтық, т. с. с. Орыс адамының психологиясын зерттеуге В. С. Соловьев, Н. А. Бердяев, В. О, Ключевский өз үлестерін қосты.
Филосов В. С. Соловьев (1853-1900) орыс адамының ұлттық мінезін түсіну үшін, басқа этникалық қауымдастықтың өкілдерінің мотивациясынан толығымен айрықшалайтын идеалдары мен құнды бағдарларын зерттеу керек. Оның ойынша, орыс халқының идеалы- басқа ұлттар үшін батырлықтың, күштің белгісі - билік емес; байлық, материалды жоғарлау емес( ағылшындар), әдемілік пен шулы атақ емес француздарға тән) . Орыстар үшін ескі қала дәстүріне беріліп, өзіндік тұрмыстағы халық болудың өзі маңызды емес. Бұл мінез ағылшындарға тән, ал Ресейде ескілікке сенушілерде ғана кездеседі. Орыстарға «Адамгершілік - діни идеал» тән, оның ойынша, мұндай идеал тек Ресейге ғана емес, өйткені бұл дүниетаным негізінде жатқан құндылықтар мысалы индеецтерге де тән екен. Ұлттық идеал мен мінез ерекшеліктерін анықтауға арналған Соловьев тәсілі өте қарапайым. Оның логикасы мынада: егер қандай да бір халық өз ұлтын мақтағысы келсе, өзіне жақын болғаннан кейін, өзіне маңызды және мәнді болғаннан соң мақтайды, яғни, ұлттың ең негізгі қоғамдағы идеалдары мен құндылықтарын көрсетеді. Философ және тарихшы Н. Б. Бердяев (1874-1948) орыс ұлты психологиясын түсіндіруге өте көп көңіл бөлді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz