Сәндік қолданбалы өнер. Қолөнердің турлері


Сәндік қолданбалы өнер
Атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық қолөнерді өткен ғасырда жоғалтып ала жаздап, егеменді ел болғалы өз мәдениетімізді, салт- дәстүрімізді, рухани сән-салтанатымызды, ырым-наным, әдет-ғұрып, тұрмыс-тіршілік болмысымызды қайта жандандырып, қазақ қолөнері қайтадан ел арасына, білім ордасына бірте-бірте тамаша үлгілермен еніп, оқушыларға жан-жақты білім мен тәрбие ируге, жаңаша еңбек етуге талпындырып отыр. Әрине бұл халықтық педагогика негізі болып табылады. Қайта жаңғырып, жастар тәрбиесіңе арқау болып отырған халықтық педагогика - бұл кезде педагогтар қауымына ғана емес, бүкіл қауымызға ортақ әлеуметтік қолталыс. Халықтық педагогика кешегі ойшылдар мен сал-серілерден, шешен билерден, ақын-жыраулардан мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы. Ұлттық педагогика жаңалық емес, ол ежелден халықпен бірге өмір сүріп келе жатқан тәлім-тәрбие мектебі. Педагогика ғынымы оны өзіне негіз етіп алып отыр. Ал, оның оқу тәрбие процесіне енуі шын мәніндегі жаналық. Болашақ ұрпақтың сана-сезімін, ұлттық психологиясын, оны ерте замандағы ата-бабалар салт-дәстүрімен сабақтастыра тәрбиелеу қазіргі күннің ең өзекті мәселесі екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр.
Ұлттық педагогиканы насихаттауға қай пәннің болса да ыңғайы мен мүмкіншіліктері мол . Сонымен технология сабақтарында колөнерге үйрету арқылы тәлім-тәрбиені оқу-тәрбие процесіне арқау ету қажеттігі туыпдайды.
Киіз басу, сырмақ сыру, текемет, алаша, шым-ши, аяққап, құрақ көрпе және ұлттық кіиімдер мен кілем тоқу сияқты күні бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпай келе жатқан сондай дәстүрлі қолөнер үлгілерін үйрету - оқушыны енбексүйгіштікке, әсемдікке талпындырып, халқының тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуге баулиды. Оның үстіне ұлттық қолөнер өзінің тарихы терең, мазмұны сан қилы ерекшеліктерімен болашақ жастарға рухани, эстетикалық, эмоционалдық, интеллектуалдық тұрғыда әсер етіп, олардың тұлғалық және салалық қасиеттерін дамыта түсері сөзсіз.
Мектептегі технология сабағында шәкірттерге қолөнер арқылы жан-жақты эстетикалық тәрбие беру, оларды баулу, адамзат қоғамында бұрын-соңды жасалған мәдени мұраны жүйелі меңгеруге мүмкіндік береді. Жалпы әлемдік рухани игіліктерді бағалай білуге тәрбиелейді.
Бұгінгі дәуірде оқушы қиялына қозғау салып, қанат бітіру, ой-өрісін дамыту білім берудің алғы шарты отыр. Өйткені қиялы қарыштамаған адамның білімді еркін меңгеруі мүмкін емес.
Заман талабына сай мектепте сәндік қолданбалы қолөнерге, көнеден келе жатқан қолөнерге үйрету бүгінгі таңда үлкен мәселелердің бірі болып отыр. Соған орай мектеп бағдарламаларына сәндік қолданбалы қолөнерді, кілем, гобелен тоқу өнерінің енгізілуі көңіл қуантарлық жай.
Сәндік қолөнерге үйреткенде белгілі шеберлердің туындыларына талдау жасап, мүмкіндігі болса еңбектерін көрсетіп, мұражайларды аралатып немесе шеберлердің жеке көрмелеріне апарып, оқушылардың қызығушылығы мен ой-өрісін ояту қажет деп санаймын.
Оқушыларға тәрбиелік мәні бар халықтық мұралар аз емес. Қазақ халқының өнерін, іскерлігін, өнер шеберлерінің қолынан шыққан алуан түрлі заттар мен бұйымдарды айтып, бұрынғысы мен бүгінгісін салыстыра отырып, ұлттық өнерді сүюге, құрметтеуге баулу, бүгінгі шәкірттерді ертеңгі еңбеккер, жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеу, оқушылардың жүрегіне жол тауып, олардың бойында еліне, жеріне, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін, пәнді оқып ұйренуге деген ынтасын, жоғалтпай үйреніп, ары қарай дамыту біздің міңдетіміз. Ертеде халқымыз тұтынған "үйымдарының бәрін дерлік кестемен әшекейлеп безендірген.
Аталарымыз бала тәрбиесіне, тіршіліктің келешегіне ерекше мән берген. Баланы жас кезінен көзі көргенді кеңіліне тоқып, қолы үйреніп, істей алатындай болуға бейімдеп өсірді. Ұлы мен қызының сегіз қырлы, бір сырлы болуын қадағалады. Ұл бала үш өнерді, қыз бала үш өнерді білу парыз деген. Қазақтың сондағы үш өнері не? Ұл бала: таспа тілу, өрім иру, мал сойып, мүшелей білу.
Қыз бала: ине сабақтап кесте тігу, жіп иіру, түйме қадау - осындай үш өнердің өзекті мәні тұрмыстағы өз қажетін өзі өтеуіне, оны меңгеруге баулыған. Өнерде өлшем жоқ. Өнердегі өлшем ептілік, үйрену және істеген ісінің көзге көрікті, әдемі жұртты сүйсіндіріп, тамашасымен тамсандыруында жатыр. Әрине, қазіргі кезде сонау ерте кездегідей таспа тіліп, кесте тігудің қажеті шамалы болар. Өйткені, заман басқа, ағым басқа, кен нәрсе техниканың күшімен істеледі, жөнделеді. Солай дей тұрсақ та, өмір бар жерде адам тұрмысына қажеттілік туындап отырады және ол бүгінгі күннің талабына сай сан алуан.
Қолөнердің турлері
Тәрбие бесігінің қасиетті тұғыры бүгінде мектеп. Ана тіліміз - қазақ тілі, дәстүріміз -бабалар салты. Кестелеу өнерінің халқымызға тән түрлері моншақпен кестелеу өнері. Ақын Абай былай жырлайды:
«Өткірдің жүзі, кестенің бізі
Өрнегін сендей сала алмас,
Білгенге маржан, білмеске арзан
Надандар баһара ала алмас»
Мұнда қолөнерінің кейбір түрлерін тіл өнерінің қасиетіне теңестіре айтылған. Кестелеу, көркемдеп тігу, ою-өрнекті әшекейлеу ертеден кележатқан өнердің бірі. Кестені көңіл сызады, қол тігеді, көз сынайды дегендей, кесте алуан әдісті, таңдауы көп өнер. Осы өнерді оқушыларға үйрету арқылы олардың бойында сұлулыққа құштарлықты, төзімділікті, ептілікті, шығармашылықпен ойлануды қалыптастырамыз, менің ойымша, әрбір мұғалім осыған ұмтылады.
Бисердің шығу тарихы
Бисер өнері ертеде таралып, танылып келе жатқан әшекей бұйымдар дайындаудағы бір түрі. Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі түрлі-түсті жұмыстар жасауға болады. Қолдан жасалатын бисер моншақтары Ресейде, шет елдерде өте жоғары бағаланады. Нақ осы кезде халық шығармашылығының осы түрі жаңа өрлеу үстінде, дамудың сатысында.
Бисер өнері өте нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдылықты және фантазия мен шеберлікті талап етеді. Барлық қоленер сияқты бисердің де тарихы бар. Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Әйнектің қашан пайда болғанынан әлі күнге дейін дерек жоқ. Дегенмен әйнекті пайдаланудың ең алғаш құпиясы Финикия елі ашқан деген аңыз бар. Бұл аңызда Финикиялық кенестер әлемді жүзіп жүріп Сирияға тоқталады. Өздеріне азық дайындау мақсатымен отқа қазан қою үшін аралдан үлкен тас іздейді. Ешнәрсе таппаған олар кемедегі селитраның (натрий қосындыларының) үлкен белігін пайдаланады, жүргізілгендіктен, оны меңгеру үшін ерінбей еңбек ететіндей төзімді және жинақы болу керек. Ал бұл көп оқушының шамасы келе беретін қасиет емес.
Сондықтан оқушының қызығушылығын арттырып, сабақты түрлендіріп өткізуге ұмтыламын. Ең басты мақсат - қыздардың сабақ ұстінде шет қалмауы, берілген тапсырмамен айналасып отыруын қадағалай-мын. Еңбек пәнінде оқушы қыздардың икемділігі, түсті таңдауы, жинақылығы және ілтипаты, биазы болып, өз ойын дәл дәйекті етіп, айқын көрсетуін талап етемін және осыған қол жеткізуде көп ізденемін.
Еңбек пәнінен оқушының білімін көтерудің ең басты шарты оның пәнге дегеи қызығушылығын арттыру. Пәнге дегеи қызығушылық болса ғана, бала оған көңіл қойып, үйреніп, тереңдетіп оқып шыңдалады. Менің оқытудағы әдісім қыздарды өз бетімсн жұмыс істеуге тәрбиелеу және үйрету.
Қазақ халқының зергерлік өнері ұлттық мәдениет тарихынан ерекше орын алады. Өнердің бұл түрінің түп төркіні мыңдаған жыл әріде жатыр. Зерттеушілердің көп жасаған бұйымдарының қатарына әйелдерге арналған әшекейлер жатады. Әшекейлер тек сән-салтанат үшін ғана емес, әдетғұрып, наным сенімге тікелей қатысты болғандықтан кез-келген әлеуметтік ортаның өкілдері мүмкіндігінше әр түрлі әшекейлер тағуға тырысқан. Әшекейлерді қасиетті тұмар ретінде ұстаудың алғашқы белгілері палеолит дәуіріне саяды. Аңдардың сүйегінен азу, және сойдақ тістерінең қауыршақтардан алқа, білезік, жүзік т. б. жасау сол дәуірден етек алған.
Тұмар тағушылар осы киелі хат өзіме күш-қуат береді, пәле-жаладан, көз-сұқтан, төтенше қауіптен сақтап қалады деп түсінген.
Қазақ әшекейлерінің сематикалық мән-мағынасын толық тарқатсақ, онда этнографиялық бұйымдардың әр қилы қасиеттік астарларының тұтас жүйесін еркін тарқата алуымыз керек. Зергерлік әшекейлердің тұтас тұрқы да тұрпаты да, жекелеген бөлшектерде, материалы мен ою-өрнегі де бір мән-мағынаны білдіреді. Әшекейлеуге қондырған асыл тастарды халық тас немесе көз деп атайды. Көз қондырған бұйымның көз тиюден алдын-ала сақтайтын киелілік қасиеті бар деген ұғым ұстем болған. Асыл тастардың ай-ырықша қасиеттілігі туралы ұғым шығыс халықтарында да кең тараған.
Кәдімгі сырғаның өзінің де әуел баста кісіге медеу беретін киелігі бар деп қабылданып, ежелгі замандардан бері қарай оны қыздарға бала жастан тағатын болған.
Сақина мен жүзіктің де киелігі мен қасиеттілігіне сену ғұрпы Шығысқа кең тараған түсінік. Әдетте, бұл халықтар әйелдің қолында міндетті түрде не жүзігі не сақасы болу керек деп санап, ол болмаған жағдайдасдаың дайындалған тамағын харам деп білген. Шығыс халқында: "тамақ адал болу үшін, қолда жүзік, сақина болу керек" деген ұғым сақталғ-ан.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz