СӨЗДІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ пәнінен ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

А. ЯСАУИ атындағы ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ҚАЗАҚ ТІЛІ КАФЕДРАСЫ

СӨЗДІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ

пәнінен

ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ

Пән оқытушысы: ф. ғ. к., доцент Г. Қ. Жылқыбай

№1 лекция

Тақырыбы: Сөздің морфологиялық құрылымы

Мақсаты: Сөздің морфологиялық құрылымы туралы мағлұмат қорын толықтыру, сөздің морфологиялық құрылымына талдау жасау қажеттілігін ұғындыру

Жоспары:

  1. Сөздің морфологиялық құрылымына талдау жасау қажеттілігі
  2. Тілдердің типологиялық классификациясы туралы
  3. Негізгі морфологиялық ұғымдар
  4. Сөздердің морфологиялық құрылымы жағынан алуан түрлі болуы
  5. Сөз құрамындағы морфемалардың әрқайсысының өзіне тән мағынасы жайлы

Сөздің морфологиялық құрылымы грамматиканың өте маңызды мәселелерінің бірі болып саналады. Әр түрлі тілдердегі сөздердің морфологиялық құрылымын, құрылымдық элементтердің(морфемалардың) табиғатын, қызметі мен өзара байланысу, тіркесу сипатын зерттеп шешу тілдердің морфологиялық типтерін айқындау үшін, олардың грамматикаларын ғылыми негізде жасау үшін де қажет.

Сөздің морфологиялық құрылымына дұрыс талдау жасау үшін ең алдымен сөздің құрылымына тікелей қатысы бар негізгі морфологиялық ұғымдарды айқындап алу өте қажет( морфема, түбір морфема, аффикстік морфема) .

Сөздер морфологиялық құрылымы, морфемалақ құрамы жағынан алуан түрлі болады: олар бір морфемадан да (бас, қол), екі морфемадан да( бас-та, қол-да), бірнеше морфемадан да(бас-та-ушы, қол-да-н-ыс-ы) құрала береді. Сөз құрамындағы морфемалардың әрқайсысының өзіне тән мағынасы болады. Мысалы, көлшікке деген сөздің құрамындағы үш морфеманың біріншісі заттық мағынаны (көл) білдірсе, екіншісі кішірейту(-шік) мағынасын, соңғысы (-ке) бағыттық мағынаны білдіреді. Мағыналық тұрғыдан қарағанда, морфема сөздің ары қарай бөлшектеуге келмейтін ең кіші мағыналық бөлшегі болып саналады.

Морфемалар мағынасы мен қызметі жағынан әр түрлі. Олардың ішінде негізгі лексикалық мағынаны білдіретіндері де, грамматикалық мағынаны білдіретіндері де бар. Жалпылама лексикалық мағынаны білдіретін морфема түбір морфема немесе негізгі морфема деп аталады да, грамматикалық мағыналарды білдіретін морфема аффикстік немесе көмекші морфема деп аталады.

Дүние жүзіндегі тілдер грамматикалық құрылысы жағынан да алуан түрлі. Осыған орай, ол тілдердегі сөздердің морфологиялық құрылымы да, сөз құрылымындағы түбір морфема мен аффикстік морфемалардың табиғаты да түрлі болып келеді.

Түркі тілдерінде сөздің түбірі мен негізі белгілі бір лексикалық және грамматикалық мағынасы бар дербес сөз ретінде қолданылады да, осының нәтижесінде түбір(негіз) мен сөз мағынасы мен формасы жағынан бір-бірімен сәйкес келе береді. Мысалы. Етістіктің бұйрық райының ІІ жақ формасы етістіктің әрә негізі, әрі түбірі ретінде ұғынылады және дербес сөз ретінде қолданыла береді. Демек, дербес сөз ретінде қолданыла алу түркі тілдеріндегі түбірге(негізге) өте-мөте тән қасиет.

Грамматикалық мағынаны білдіретін морфема көмекші немесе аффикстік морфема деп аталады. Олар әрқашан сөз құрамында қолданылады. Олар сөзден тыс ешқандай мағына білдіре алмайды, сөз құрамында қолданылғанда ғана белгілі бір мағынаны білдіреді.

Сөздің құрамының морфемаларға мүшеленуі грамматикадағы жүйелі қатынастарға негізделеді. Грамматикадағы жүйелі қатынас сөздердің белгілі бір үлгі бойынша жасалуына мүмкіндік береді. Сөздердің әрбір тобының және ондай топқа енетін сөздердің өзіне тән құрылымдық үлгісі болады. Мұндай үлгі бір сөзге емес, белгілі бір топқа енетін сөздердің бәріне бірдей ортақ болады да, ол сөздер өздеріне тән сол үлгі бойынша құрастырылады. Морфемалар даяр қалып, үлгіге түсіп сөздердің құрамында қайталана береді де, жүйелі қатынасқа бағынады. Мысалы: өнім ( өн- түбір морфема, -ім- аффикстік морфема. -ім аффиксі басқа да есімдердің құрамында қайталанып келуі шарт, білім, төзім, сезім т. б. ) ; өн түбірінің мағынасы да басқа түбірлермен бірдей болуы шарт(өнімді, өндір, өндіріс) . Сонда ғана сөздер морфемаларға ажыратылып мүшелене алады. Ал тілдегі әр түрлі морфемалардан құралған сөздердің басым көпшілігінің жігі ажырап, түбір морфемалар мен аффикстік морфемаларға мүшеленеді.

Әдебиеттер:

  1. Аханов К. Тіл біліміне кіріспе. А., 1965. 274-278- б.
  2. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. А., 1972. 19-б.
  3. Ибатов А. Сөздің морфемалық құрылымы. //Изв. АН КазССР. Серия филологическая. 1991, №3
  4. Қазақ тілі. Энциклопедия. А., 1998. 280-б.
  5. Қазақ грамматикасы. Астана, 2002. 174-180-б.
  6. Қазақ тілі грамматикасы боцынша зерттеулер. А., 1975.
  7. Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі. А., 1986.
  8. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. А., 1991. 23-б.

№2 лекция

Тақырыбы: Морфемалар туралы мағлұмат

Мақсаты: Морфемалар ұғымын тарқату, оның аясында иорфема түрлері, олардың әрқайсысына тән негізгі белгілері, мағыналары жайлы түсініктерін тереңдету.

Жоспары:

  1. Морфема туралы түсінік
  2. Морфемалардың мағынасы мен қызметі
  3. Түбір морфема, оған тән белгілер
  4. Аффикстік морфема, оған тән белгілер
  5. Түбір морфема мен негіз
  6. Аффикстік морфемалардың түрлері
  7. Деривациялық және реляциялық мағына
  8. Жұрнақтар мен жалғаулар, олардың ерекшеліктері

Сөздің морфологиялық құрылымына талдау жасап, оның мағыналық бөлшектерін айқындаудың барысында тіл білімінде морфема туралы ұғым пайда болды. Морфема тіл білімінде морфологиялық единица ретінде танылады. Морфологиялық единица ретінде танылған морфема сөздердің мағыналық бөлшектеріне дұрыс талдау жасауға мүмкіндік береді. Демек, морфема морфология үшін және сөздердің құрамына талдау жасау үшін өлшем ретінде қызмет ететін негізгі единица болып саналады. Морфема- сөз құрамындағы ары қарай бөлшектеуге келмейтін ең кіші мағыналық единица.

Сөз құрамында оны құрастырушы құрылымдық элементтер ретінде танылатын екі түрлі морфема бар. Оның бірі-түбір морфема да, екіншісі- аффикстік морфема.

Түбір морфема лексикалық немесе заттық мағынаға ие морфема болып саналады. Ол сөздердің әр түрлі лексика-грамматикалық топтарына(сөз таптарына) бірдей тән, бірдей ортақ морфема ретінде жұмсала алады. Ал негіз сөздердің әр түрлі лексика-грамматикалық топтарына емес, белгілі бір лексика-грамматикалық топқа( белгілі бір сөз табына енетін сөздердің формаларына ортақ) ұйтқы бола алады. Екінші сөзбен айтқанда, түбір әр басқа сөздерге ұйтқы болса, негіз формаларға ортақ ұйтқы болады.

Түбір мен негіздің әр басқа тілдер үшін ортақ, ұқсас жақтары болуымен бірге, әрбір тілде(немесе тілдердің тобында) олатдың өзіне тән айырым жақтары мен ерекшеліктері де болады. Атап айтқанда, басқа тілдерге, мысалы орыс тіліне қарағанда, түркі тілі мен ағылшын тілдерінде морфема сөздің немесе негіз бен сөздің бір-біріне құрылымы жағынан да, мағынасы жағынан да сәйкес келуі әлдеқайда жиі ұшырасады. Түркі тілі мен ағылшын тілдерінде бір ғана түбір морфемадан құралған сөздердің жиі ұшырауы және осыған сәйкес сөз таптарының бір-бірінен морфологиялық құрылымы ажыратылуы әрдайым шарт еместігі аталған тілдерге тән қасиет болып саналады.

Түбір морфема жалпылама лексикалық мағынаны білдірсе, аффикстік морфемалар әр түрлі грамматикалық мағыналарды білдіреді және олар(аффикстік морфемалар) мұндай мағыналарды тек сөз құрамында қолданылғанда ғана білдіре алады. Демек, аффикстік морфемаларда ешбір дербестік болмайды.

Түбір морфема әр түрлі топқа қатысты сөздердің құрамында қолданыла алса, аффикстік морфема сөздердің белгілі бір тобының ғана құрамында ғана қолданыла алады. Бірақ аффикстік морфема түбір морфемаға қарағанда әлдеқайда жиі қолданылады.

Аффикстік морфемалар өз ішінде мағынасы мен қызметіне және сөз құрамында орналасу тәртібіне қарайпрефикс, жұрнақ(суффикс немесе постфикс), инфикс және жалғау(немесе флексия( деп аталатын түрлерге ажыратылады. Аффикстік морфеманаң жоғарыда аталған түрлерінің барлығы бірдей бір тілде ұшырысы беруі шарт емес. Белгілі бір тілде немесе тілдердің белгілі бір тобында аталған аффикстердің бірінің болуы, екіншісінің болмауы сол тілдің немесе тілдер тобының грамматикалық құрылысына байланысты.

Аффикстердің ішінде әр түрлі тілдерде жиі ұшырасатыны- жұрнақтар мен жалғаулар.

Жұрнақ түбір морфемалардан сөз немесе сөздің формасын тудырып, деривациялық мағынаны білдірсе, жалғау сөз бен сөзді байланыстырып реляциялық мағынаны білдіреді. Жалғаудың қолданылу өрісі мен шеңбері, жұрнаққа қарағанда анағұрлым кең.

Жұрнақ түбірге жымдаса кірігіп, оның жалғануынан жасалған туынды сөзде тұтастық қасиет сақталады да, жалғау сөздің түбіріне немесе негізіне кірігіпкетпей, жай ғана селбесіп, қосақталған қалыпта тұрады. Жұрнақтарға қарағанда жалғаулардың сөздің түбіріне мағыналық жақтан кірігуі және онымен байланысы әлдеқайда солғын, әлсіз болады.

Көбіне-көп лексикалық единица сөздерге байланысты қаралып келген полисемия, омонимия, синонимия, антонимия құбылыстары тек лексикалық құбылыстар ғана емес, сонымен бірге грамматикалық құбылыстар ретінде қаралып танылуы керек. Аталған құбылыстар лексикалық единица ретінде қаралатын сөздерге ғана тән емес, грамматикалық единица ретінде қаралатын аффикстік морфемаларға да тән. Сөздердің омонимдес, синонимдес, антонимдес, полисемиялы болатыны сияқты аффикстер де омонимдес, синонимдес, антонимдес, полисемиялы бол алады.

Сөздер құрамына қарай жалаң және күрделі сөздер деп топтастырылса, аффикстер де құрамыны қарай солай топтастырылады(жалаң, күрделі(құранды) ) .

Аффикстер сөздерге өз бетінше емес, белгілі бір орныққан жүйеге, заңдылыққа бағынып жалғанады.

Әдебиеттер:

  1. Аханов К. Тіл біліміне кіріспе. А., 1965. 278-292- б.
  2. Ибатов А. Сөздің морфемалық құрылымы. //Изв. АН КазССР. Серия филологическая. 1991, №3
  3. Қазақ тілі. Энциклопедия. А., 1998. 280-б.
  4. Қазақ грамматикасы. Астана, 2002. 174-188-б.
  5. Қазақ тілі грамматикасы бойынша зерттеулер. А., 1975.
  6. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. А., 1991. 23-б.

№3 лекция

Тақырыбы: Көптік жалғауы және көптік категориясы

Мақсаты: Жалпылық мәндегі көптік категориясы ұғымы мен жалқылық мәндегі

көптік жалғау ұғымын салыстыра отырып, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін таныту

Жоспары:

1. Көптік категориясы ұғымы; Көптік категориясының берілу тәсілдері:

1. 1. Лексикалық тәсіл

1. 2. Синтаксистік тәсіл

1. 3. Морфологиялық тәсіл

2. Көптік жалғаудың грамматикалық қызметіне қарай семантикалық

мағынасы.

3. Көптік жалғаудың стилистикалық ролі.

4. Көптік жалғаудың қолданылуындағы негізгі грамматикалық

ерекшеліктер.

Тілімізде көптік категориясы да, көптік жалғау категориясы да бар. Ал, осы екеуі бір

де емес және бірдей де категориялар емес.

Көптік категориясы - тым жалпы ұғым, көптік жалғау категориясы - онан гөрі әлдеқайда жалқы ұғым.

Мысалы:

Көптік категориясы үш түрлі жолмен беріледі:

1) Лексикалық тәсіл арқылы 2) морфологиялық 3) синтаксистік

Көптік ұғымның сөздің тікелей өз лексикалық мағынасы арқылы берілу жағдайы лексикалық тәсіл деп аталады.

Сөз атаулының қай-қайсысы болса да жалпыланған, жинақталған ұғымды білдіреді. Осындай сөздің өздері де біркелкі емес. Олардың ішінде еш қосымшасыз, тікелей көптік ұғымдарды білдіретін сөздер де бар. Мұндай сөздерге:

1. жеке-дара санауға келмейтін заттар (су, сүт, сорпа, тұз, ұн, жүн т. б. )

2. ру, халық, ұлт, ел аттары (қазақ, орыс, қыпшақ, үйсін т. б. )

3. әр қилы жәндіктер, аң, хайуанаттар аттары (көбелек, шіркей, түлкі, қой т. б. )

4. өсімдік аттары (шөп, арпа, жусан, мақта, сұлы т. б. )

5. қоғамдық өмірдегі әр алуан әлеуметтік ұғымдардың аттары (социализм, капитализм, дін, мәдениет т. б. )

6. адамның ішкі құбылыстарының, сын-сипатының, іс-әрекетінің, күй-жайының аттары (алданыш, ересек, достық, кәрілік, жалқаулық, еріншектік, түс т. б. )

Сөздерге тиісті қосымшалар қосылу арқылы көптік ұғымның берілу жолы мо рфологиялық деп аталады.

Үш түрлі морфологиялық форма бар:

1) -з (-ыз, із) біз, сіз деген сөздердегі -з (-із) қазіргі кезде өз алдына қолданылмайтын, өлі форма ретінде сақталып, бірен-саран сөздерге кездесіп, олардың бөлінбейтін бөлшегіне айналған. Бұл -з (

-ыз, -із) формасы әуелде көптік жалғау емес, жұп, егіз, екеу болып келетін заттың аттарына жалғанатын қосымша болған.

Онымен төркіні бір болса да, қазақ тілінде одан мағынасы да, қызметі де басқа -з (-ыз, -із) формасы бар: ат-ың-ыз,

ат-ым-ыз.

Бұл форма жіктік жалғаудың ІІ жақ жекеше және көпше түріндегі сыпайы форманың көрсеткіші болып қызмет етеді. Мысалы: бар-ды-ң-ыз,

бар-са-ң-ыз тб

Сондай-ақ:

2) Біз барды қ, , біз барайы қ, біз барса қ дегендегі -қ формасы ерте кездегі көптік мағынаны білдіретін морфологиялық форманың бірі болғанға ұқсайды.

3) Қазақ тіліндегі көптік мағынаны білдіретін негізгі морфологиялық форма -лар (лер, …. . ) .

Осы себептен де осы форма заңды түрде көптік жалғау деп аталады.

Көптік ұғымның сөз тіркестері арқылы берілу жолы синтаксистік тәсіл деп аталады.

Сан есімдер (реттік пен болжалдық басқасы), сондай-ақ, көп, аз, әлденеше, бірнеше, бірталай, қыруар тәрізді сөздер зат есімдерден бұрын анықтауыш болып тұрып, ешқандай да қосымшасыз көптік ұғымды білдіре алады:

бес кісі, отыз қой, қыруар мал, бірсыпыра адам т. б.

Сөздің қосарлануы арқылы да жинақтау, топтау, жалпылау ұғымда айтылады:

Бала-шаға, ата-ана, құрт-құмырсқа, көрші-қолаң т. б.

Қос сөздер синтаксистік тәсіл арқылы туған күрделі сөздер болғандықтан, олардың көптік ұғымды білдіруін лексика-синтаксистік тәсіл деп атауға болады.

І Көптік жалғаудың грамматикалық қызметіне қарай семантикалық мағынасы да күшті. Оның бұл сипаттары төмендегідей:

1) Көптік жалғау зат есімге жалғанғанда сол сөз арқылы аталатын заттың көптігін білдіреді. Бірақ бұл көптік мағына дәл санды я сандық ұғымды білдірмейді, сол сөз арқылы белгілі бір заттың тобы, жинағы туралы ұғымды жалпылып атайды. Мысалы: мектептер, мұғалімдер әрқайсысының жинақталған тобы жөніндегі ұғымды бағдарлатады.

2) -лар есімдіктерге жалғанғанда, сол есімдіктер арқылы ишараланып аталатын заттың және басқа әрбір ұғымның саналмай айтылған жинақ тобын білдірумен қатар, саралап, тарамдап я талдап нұсқағандықты да аңғартады: Сендер бақыттысыңдар, Майра! Бүгін бұлар жұмыскерлердің көбінен кешірек тұрады.

3) -лар сын есімге, есімше формаларына қосылғанда, оларды субстантивтендіреді, әрі оларға көптік мағына жамайды: Бұл міну - ақылдылардың, арлылардың, артықтардың мінуі.

4) -лар сан есімдерге жалғанғанда, көптігін емес, мөлшер, болжал ұғымын білдіреді: Жасы 40-тарға жетті.

5) -лар мезгіл үстеуіне жалғанғанда, көптік емес, болжалдау, мөлшерлеу мағынанын білдіру үшін жұмсалады: Парсы, түрік тілдеріндегі кітаптардан былтыр л ар өзі оқыған (М. Ә. )

6) -лар даралап санауға болмайтын, көптік формада жұмсалмайтын зат есімдерге, бүтіннің бөлшегі ретінде жұмсалмайтын кейбір ұғымның аттарына қосылғанда, ол сөздер өз мағынасында емес, ауыспалы мағынада қолданылады: Сақалдар осы біле ме екен,

Тентекке жаза, өлгенге құн кесуді (І. Ж)

7) -лар адамға тән я ортақ бола алатын заттың атауларына жалғанда сол заттың көп адамға ортақ екенін білдіреді: Осы жиынға сәлем айтқан Зәредей аналары екен.

8) Ортақтық мағына береді:

Ас әзір екен, олар астарын ішті. Кітапханаларыңыздан кітап алуға бола ма?

9) Орын, мекен атауларына қосылғанда, сол сөздің көптігін емес, сол маңай, сол жақ (айнала, төңірек) сияқты қосымша рең үстейді:

Абай өз пәтерлерінен екі-үш көше ұзап кетіп еді.

10) Жалқы есімдерге жалғанғанда да топтау ұғымын береді: Сүйіндік аулына Абайлар ел орынға отыра келіп еді (М. Ә. )

11) Көптік жалғау жалаң сөздерге, дербес сөздерден құралған күрделі сөздерге ғана емес, дербес сөздер мен көмекші сөздерден құралған тіркестерге де қосылады. Ондайда көптік жалғау соңғы көмекші сөзге жалғанады: Нұржан мен Еркін сияқтылар көбейеді.

ІІ Көптік жалғаудың грамматикалық қызметімен байланысты стилистикалық рөлі де күшті: -лар бір сөйлемде біріне-бірі қатысты бірнеше сөзге жалғана береді. Ондайда көптік жалғау, бір жағынан, сөздерді бір-бірімен қиыстыруүшін қолданылса, екінші жағынан, оларды сараландырып, айқын, ашық етіп ажыратып айту үшін қолданылады. Мысалы:Бастары жалаңбас, сақал басқан үлкендер балаларға әлі де аса суық түсті көрінеді (М. Ә. )

(Көптік жалғауды алып тастап айтып көру) .

Бұл айтылғандардан сөйлемдегі бір-біріне қатысты сөздердің көптік жалғауда қолданылуы олардың әрі грамматикалық жағынан қиысуларына, әрі стилистикалық жағынан айқындалып саралануларына керекті дәнекерлер болады деген қорытынды туады.

Тағы да мысал:

Жігіттер сыртқы киімдерін сыпырып тастап, алақандарына бір түкіріп, қолдарына кетпен алды (Ғ. Мүсірепов) . Бірен-саран кемпірлер шапандарын жамылып келіп өлең тыңдасты (Б. М. )

(Асты сызылған сөздерге қатысты көптік формада қолданылған өзге сөздерді қосымшаларсыз қолданып көрсеңіз, стил де жатық болмайды, түсініктері де айқын емес) .

Осы айтылған қағидаға бірыңғай мүшелердің кілең көптік формада қолданылуы да дәлел бола алады. Мысалы: Олар иектерін сипайды, жөтеледі, самайларын қасиды (Ғ. М. )

ІІІ Көптік жалғаудың қолданылуындағы негізгі грамматикалық ерекшеліктер:

1) Көптік жалғау бірыңғай мүшелерге жалғанғанда үш түрлі жүйенің бірінде болады.

а) Көптік жалғау бірыңғай мүшенің әрқайсысына түсірілмей жалғанады: Ол соңғы күндері көбінесе домбыра алып, мөлдір күйлер, сұлу әндер тарта беруші еді.

ә) Көптік жалғау бірыңғай мүшенің бұрынғыларына жалғанбай, тек соңғысына жалғанады, алғашқылары соған ортақтасады:

Жүр, арқан, сойылдарыңды ұмытпа.

2) Сөйлемнің бастауышы жіктеу есімдігінің ІІ жағының (ан, сын) көпше формаларында және жалпылау есімдігінің ІІ жағында тұрса, баяндауыштар да көптік формада бастауышпен қиысып жұмсалады:

Сендер қайраттаныңдар.

Сіздер ертең келесіздер.

Бәрің де келіңдер.

3) Бір сөзде бірнеше жалғау қабаттасып келгенде, көптік жалғау орын жағынан өзге жалғаулардың бәрінен де бұрын (тәуелдік, септік, жіктік), тікелей түбірден я негізден соң жалғанады:

Отыруларыңызды сұраймын.

Көптік жалғаудың семантикалық мағынасы, грамматикалық қызметі, стилистикалық бояуы мен реңі өзара тығыз байланысып, бір-бірімен ұштасып жатады. Сондықтан кейде оларды саралау аса қиын да болады.

Әдебиеттер:

  1. Оралбаева Н. Зат есімнің көптік категориясы // Қазақ тілі мен әдебиеті. 1959, №3.
  2. Нұрғалиев М. Көптік жалғау туралы (көмекші құрал), Алматы, 1971.

№4 лекция

Тақырыбы: Тәуелдік жалғауы және тәуелдеу категориясы

Мақсаты: Жалпылық мәндегі тәуелдеу категориясы ұғымы мен жалқылық мәндегі тәуелдік жалғау ұғымын салыстыра отырып, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін таныту

Жоспары:

1. Тәуелдеу категориясы ұғымы.

2. Тәуелдеу категориясының берілу тәсілдері:

2. 1. Морфологиялық тәсіл

2. 2. Синтаксистік тәсіл

2. 3. Аралас тәсіл

3. Тәуелдік жалғау қосымшалары, ортақ және оңаша тәуелдеу.

4. Тәуелдік жалғаудың қолданылуындағы ерекшеліктер.

5. -нікі қосымшасы туралы.

Тәуелдік категориясы - белгілі бір заттың, әдетте, иеленуші ІІІ жақтың біріне меншікті екенін білдіретін грамматикалық категория.

Қазақ тілінде тәуелдік категориясы 3 түрлі тәсіл арқылы жасалады:

1) морфологиялық 2) синтаксистік 3) аралас тәсіл

(синтетикалық) (аналитикалық)

-нікі , - дікі, -тікі біз, сіз есімдіктеріне -дің анықтауыш компонентінің

жұрнағы арқылы ілік септік қосымшасын есімдіктер ғана емес, есім-

(-ның+ғы, -гі; қы, -кі) жалғап, оған анықталатын дерден де бола беретіндігі

- тәуелдік жалғаулары заттың атын білдіретін сөз- жағынан және соңғы анық-

арқылы. ді ешбір қосымшасыз тір- талушы компонентінің үне-

кестіру арқылы жасалады: мі тәуелдік жалғаулы сөз

біздің үй, сіздің мектеп т. б. болатындығы жағынан син-

таксистік тәсілден басқаша-

лау. Бұл тәсіл матасу кате-

гориясына негіз де, тірек те

болумен қатар, стилистика-

лық өрісі мен ерекшелікте-

рі жағынан синтаксистік тә-

сілден өзгеше:

біздің үйіміз,

колхоздың есепшісі т. б.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі қазақ тілі морфологиясын оқытудың теориясы мен практикасы
Қазіргі қазақ тілі морфологиясын оқытудың әдістемесі
Тілдің грамматикалық құрылысы, оның қызметі
“Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы” пәнінен дәрістер
Көне түркі тілі. Лекция тезистері
Етістіктің жақ категориясы
Тіл білімінің өзекті мәселелері пәнінің оқу -әдістемелік кешені
«Педагогикалық процесс мұғалім қызметінің объектісі ретінде» пәнінен лекция тезистері
Қазіргі қазақ тілі лексикологиясының негізгі пәнінен дәрістер
Қазақ тілі стилистикасы пәнінен дәрістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz