Тауарлык-материалдык қорлардың жіктелуі



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Тауарлық-материалдық қорлар жайлы түсінік

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі барысында өздерінің өндірген дайын
бұйымдары, сату үшін сатып алған тауарлары, сатып алғаи бірак әзірге ұйымга
келіп түспеген тауарлары (жолдағы тауарлар). аяқталмаған өндіріс,
басқаларға көрсеткен қызметтері, сондай-ак жұмыстарды орындау және
қызметтерді көрсету: барысында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері,
отындары, ыдыс және ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар және басқа
да материалдары сол ұйымның тауарлық-материаддық қоры түріндегі ағымдағы
активі болып табылады.
Олардың өндіріс құралдарынан өзге еңбек заттары өндірісте пайдаланылған
кезде өздерінің бастапқы құнын түтелдей өндірілетін өнімге ауыстырады.
Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың өзіндік құнының көп бөлігі еңбек
заттарының құнынан тұрады. Сонымен катар еңбек заттары өндірістік қор болып
табылады.
Материалдарды есептеудің негізгі міндеттері:
Дайындалған, келіп түскен және өндіріске немесе сыртқа босатылған
материалдарды уақытында есептеп, кіріске алу немесе есептен шығару.
Материалдардың қоймада және тасымалдау кезінде түгел сақталуын бақылау.
Материалдық қорлар қалдығының белгіленген мөлшерден артып немесе төмендеп
кетпеуін бақылау.
Материалдарды өндірісте пайдаланған кезде олардың техникалық жолмен
анықталған мөлшерін және тұтыну мөлшерінің қорын аныктау.
5. Материалдардың өндірісте ұтымды пайдаланылуын бақылау.
6. Дайыидалған материалдардың өзіндік құнын анықтап және олардың жоспарлы
есептеу бағасынан айырмашылығын тауып, пайдаланылған материалдар құнын әр
объектінің шығынына қосу.
Жақсы және дұрыс ұйымдастырылған есеп материалдардың түгел сақталуына,
үнемді пайдаланылуына көмегін тигізеді. Материалдардың түгел және дұрыс
сақталуы, сондай-ақ ұтымды пайдаланылуы, жұмсалуы үшін алдын ала мыналарды
жасау кажет:
* тиісті түрде жабдықталған материалдық-қорларды сақтайтын қойма немесе
бөлме болуы қажет және бөлмелердің әрқайсысы материалдардың белгілі
бір түрін сақтауға арналған болуы керек;
* материалдар қойманың әр бөлігінде өздерінің түрлері, сорттары,
өлшемдері бойынша керекті кезінде тез алуға және босатқаннан кейінгі
кезде қалдығын тексеруді қамтамасыз ететіндей етіп орналастырылуы
керек.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың әкімшілігі материалдарды сақтайтын жерді
таразымен, өлшеу аспаптарымен және ыдыстармен жабдықтап және оларды жиі
тексеріп, дұрыстығын кадағалап отыруы керек. Ұйымның басшысы материалдарды
қабылдайтын және босататын адамдардың топтарын белгілеп, олармен
материалдарға жауапкершілік туралы шарт жасайды. Сондай-ақ кәсіпорын
басшысы материалдарға жауапты адамдарды жұмысқа алу, жүмыстан босату
барысында ұйымның бас бухгалтерімен алдын ала келісіп отыруы қажет.
Материалдарды кіріске алу және қоймадан босату құжаттарына қол қою құқығына
ие болған қызмет иелерінің тізімін белгілеу кәсіпорын басшысының немесе ол
сенім білдірген адамның жұмысы болып табылады.
Материалдардың есебін дұрыс және ұтымды ұйымдастыру үшін мыналар керек:
* материалдардың бірыңғай номенклатурасы мен жоспарлы есеп айырысу
бағасын белгілеу;
* құжат айналымының дәл жүйесін белгілеу және материалдарды есепке алу
мен есептен шығару операцияларының тәртібін сақтау;
* бірыңғай алғашқы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аяқталмаған өндіріс шығындары
Тауарлық-материалдық құндылықтар жөнiнде түсiнiк, олардың жiктелуi мен бағалануы
Кәсiпорындардың (ұйымдардың) тауарлық-материалдық қорларының есебi, талдауы мен аудитi
ТМҚ түсінігі және оның жіктелуі
Материалдың өндірісте ұтымды пайдаланылуын бақылау
Тауарлық-материалдық қорлар жайлы тусінік туралы ақпарат
Тауарлы – материалдық босалқылардың қоймадағы есебін ұйымдастыру
Тауарлық-материалдық қорлар жайлы
КӘСІПОРЫНДА АЙНАЛЫМ ҚОРЛАРЫН БАСҚАРУ ЖОЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУ
ВИНЗАВОД ЖЕТІСУ КӘСІПОРЫНЫНЫҢ ҚОРЛАР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІ
Пәндер