Темперамент типтерінің сипаты


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Темперамент туралы ілімнің дамуы

Қазіргі кезде темпераменттің сангвиник, флегматик, холерик, меланхолик деп аталатын типтері туралы пси-хологияда ерте замандардан бері қалыптасқан тарихи мәліметтер белгілі бір жүйеге келтірілді. Гиппократтан соң Римнің атақты дәрігері ғалым Гален (129-199) тем-пераменттің саньш көбсйтіп, он үшке жеткізді. Ол темперамент түрлерін Гиппократтан өзгеше, яғни оның фи-зиологпялық ерекніеліктеріне коса, психологиялык, тіп-тен адамның адамгершілік қасиеттеріне қатысты сапа-лармен байланысты деп түсіндірді.

Ал медицина ғылымының ерте замандағы өкілдері темперамент жайындағы ілімді ықшамдап, оның бұрын-ғы төрт типін сол күйінде қалдырды. XVIII ғасырда атақты неміс фнлософы И. Кант (1724-1804) 1798 жы-лы жарық көрген «Антропология» деген еңбегінде тем- пераменттің, төрт түріне сипаттама беріп, оларды тек психологиялық қасиеттер деп анықтады. Темперамент туралы ілім жаңа дәуірге дейін, негізінен, психологиялық қасиет деп саналып келді. Осы көзқарасқа сәйкес енді темперамент типтері жайындағы түсініктердің мазмұн-мәнісі де өзгере бастады. Темперамент түрлерін тек физиологиялық қана емес, психологиялық ерекшеліктері тұрғысынан қарастыруға баса мән берілетін болды. Бұл мәселеге келгенде И. Кант-сезім күйінің әрқилы болуы-мен бірге адам өз іс-әрекетінің белсенділік деңгейі ара-сындағы қатынастарға тәуелді болып отырады деген пі-кір айтты. Ал XIX ғасырдың соңында әйгілі неміс психологі В. Вундт темпераменттер адамның «жан дүние тебі-реністерінің» күш-қуаты мен жылдамдығының арақаты-настарына тәуелді болады деп есептеді.

Мұндай пікірлер темперамент типтеріне түрліше си-паттама беріп, олардың түрлерін әркім өзінше анықтау-ға тырысты. Мәселен, Гален темпераменттің төрт түрі-нің басқа да бірнеше түрі болады десе, өзге зерттеуші-лер алты, тіпті сегіз типі болады деген пікірлер айтты

И. Канттан басқа ла бірсыпыра оқымыстылар темпера-мент ерекшеліктерін адамның жеке басына тән мінез-кұлық сипаттарынан бөліп қарастыра бастады. Алайда, темперамент пен адамның даралық сипаттарын білдіре-тін психологиялық өзгешеліктерді анықтап көрсетудің нақтылы тіректері мен өлшемі ұзақ жылдар бойы ай-қындала қоймады.

Темперамент туралы ілімнің тарихын сөз еткенде, оның типтерін түсіндіру барысында екі түрлі бағыттың тартысы болғандығын ескерген жөн. Оның бірі - неміс психологі Кречмер мен американ психологі ІІІелдонның темперамент типтері ішкі секреция бездері қызметінің арақатынасына байланысты болады деп санауы, ал екінші бағыт - И. П. Павловтың жүйке жүйесі типтерінің қызметі жайындағы ілімі. Бұл ілім темперамент типтері жайындағы түсінікті ғылыми тұрғыдан дәйектеп, сара жолға салды.

Темперамент жайындағы бұл зерттеулерден басқа неміс анатомы Гейне мен көрнекті орыс педагогі П. Ф. Лесгафттың (1837 -1909) көзқарастарын да атап өткен жөн. Гейне темпераменттердің түрліше болуы жүйке жүйесінің тонусына байланысты десе, орыстың антропо-лог ғалымы Зеланд мұндай әр түрлілік ми қабықшасын-дағы молекулярлық қозғалыстың жылдамдығы мен бір-көлкілігіне байланысты дейді. Ал П. Ф. Лесгафт темпераменттер қан сауыттарының жуандығы мен кеңдігіне байланысты деген тұжырым айтады.

Темперамент жайында арнайы сөз етіп, оның типтері мен түрлерін, адамның мінез-құлқы мен әр алуан қи-мыл-әрекетіндегі көріністерін тәлім-тәрбие істерімен ұш-тастыра отырып іздестірген - қазақ халқының көрнекті жазушысы Жүсіпбек Аймауытов. Ол өзінің 1928 жылы Мәскеуде араб әрпімен басылып шыққан «Жан жүйесі және өнер таңдау» деген еңбегінде тек темперамент түрлерінің ғана емес, жалпы психология ғылымының өзек-ті мәселелерін өз кезіндегі ғылымның деңгейінде қарастырып, өте құнды пікірлер айтты.

Темпераменттің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәйектеп түсіндірген - академик И. П. Пав-лов. Жүйке жүйесінің типтері ми қабығындағы қозу, тежелу процестерінің негізгі үш белгісі - қозу мен теже-лудің күші, олардың тепе-теңдігі және қозғалғыштығы жиынтығынан құралады. Жүйке процестерінің күші ми қабығының жұмыс істеу қабілетіне немесе сыртқы орта-ның түрлі тітіркендіргіштеріне мидың төзімділігі жатады.

Жоғары жүйке қызметінің типтері мен темперамент туралы зерттеу жұмыстарын кеңестік психолог мамандар Б. М. Теплов, В. Д. Небылицын т. б. жалғастырды. И. П. Павлов зерттеулеріне сүйене отырып, олар жүйке жүйесінің қызметтерін өте нәзік аспаптарды қолдана отырып қарастырды. Солардық нәтижесінде әрбір адамның даралық қасиетіне сай жүйке жүйесі қызметтерінің өзара тығыз байланысты болатындығы анықталды.

Темперамент - адамның жалпы мінездемесі. Анық мінездеме жеке адамның барлық іс-әрекетінен көрініп құрады. Жүйке жүйесі типтерінің сыр-сипаты темперамент типтерімен бірдей.

Темперамент типтерінің сипаты

Психологияда жүйке жүйесініқ белгілі типі адамның қылығынан, іс-әрекеті мен еңбегінен, оқу әрекеті мен ойынынан, сөйлеген сөзі мен спортпен шұғылдану әрекетінен белгі беріп, меншікті дара өзгешелігін көрсетуі не байланысты сангвиник, холерик, флегматик, меланхолик деп төртке бөліп сипаттаймыз.

Сангвиниктің эмоциялық қозуы шапшан, күшті, бірақ тұрақсыз. Көңіл-күйі әп-сәтте өзгереді. Ол - әсершіл адам. Ұнатқан, сүйген нәрсесіне елігіп әуестенуі де оңай, жеңсігінің басылуы да жылдам. Төңірегіндегі уақиғаларға, нәрсенің мән-жайына елең етіп, кеңілденуі де, басқа нәрсеге ауып кетуа де тез. Көңілі көтеріңкі болып келеді. Үзақ уақыт мұңайып жүрмейді. Бастан кешкен сезім күйлері санасында елеулі із қалдырмайды. Шапшаң да икемді, қозғалғыш та қызу, еті тірі, сергек. Сезім күйлерін сыртқы қимылдары әйгілеп тұрады. Көтеріңкі, мәнерлі сөйлейді, мимика қимылы көп. Ақжарқын, ашық. Мұндай адам басқалармен жылдам жақын- дасады, бірақ қатынас-байланысында үстірттік болады, қызықтырған іске бейімділігі, талабы, талпынуы көп, бірақ оп-оңай солғындап қала береді, бастаған ісіне тыңғылықты болмай, жұмысы аяқсыз қалады. Уәде береді, бірақ оны орындай алмайды. Ойынға қызу қатысады, ойын процесінде рөлін өзгертіп отырады; өкпелеп қалуы оңай, өкпелесе, жылап жібереді, алайда, ренжігенін лез де ұмытады, көзінің жасы кеппей-ақ, күле бастайды.

Холериктің эмоцияға берілуі шапшаң. Сезім күйлері оқыс ауытқып, құмарта көтеріліп кететін шыдамсыз, күйгелек кісі. Әп-сәтте қызып кетіп, күйіп-піседі. Ашуланса, бұрқ-сарқ етіп, қызу екпіні сарқылып барып ба- сылады, бастан кешкен сезімі санасында терең із қалдырады, қимыл-қозғалысы шапшаң. Икемсіз оқыс қылықтарына қарамастан, қызулы, жігерлі, пысық және іс-әрекет атқаруға бейімді келеді. Жұмысқа құмарта беріліп, екпінмен істейді, анық, әсерлі, мәнерлі сөйлейді. Сезім күйлері сөзінен, мимика, пантомикасынан білініп тұрады.

Холерик бала белсенді, батыл келеді, іске шапшаң кіріседі, бастаған іс-әрекетін аяқтап шығады, көп адам қатысқан ойындарға құмар. Өзі де ұйымдастырып, аяғына дейін белсене қатысады, шыдамсыз, күйгелек, лезде өкпелейді, әп-сәтте ашуланады және ашуын ұзақ сақтайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Темпераменттің психологиялық сипаттамасы
Темперамент типтеріне жалпы сипаттама
Адамның жеке басының мінез-құлқындағы көрінісінің психологиялық тарихы
Темперамент туралы дәрістер
Темперамент жайлы
Жұмыстың практикалық бағыты
Темперамент сипаттамасы
Темперамент туралы жалпы ұғым. Темпераментті тәрбиелеу мәселелері
Адам темпераменті
Темперамент жайлы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz