Теологияның негізгі қағидалары


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Теологияның негізгі қағидалары : 1) әлеуметтік статусының қандай еке-ніне қарамастан, кез-келген адам Жаратушының жердегі көрінісі; 2) адам-заттың түбі бір; 3) адам жердегі күйбең тіршіліктен бас тартып, Иисус Христостан үлгі ала отырып, Жаратушыға махаббат жолымен өзін-өзі жетілдіруге ұмтылуы тиіс. Бұл қағидалар ең әуелі Орта ғасыр философи-ясының мазмұнынан, оның негізгі өкілдері Августин Аврелий мен Томас Аквинаттың ілімдерінен айқын көрінеді. Августин Аврелий (Блаженный) - 354 ж. Тагаст қаласында дүниеге келген. Еңбектері ете көп, негізгілері: «Құдайы қала туралы», «Жан сыры» (Тәубе, Исповедь) . Оның өмірін екі кезеңге болуге болады: дінге дейінгі және дінді қабылдап, Құдайға деген Сенім оның жүрегі мен жанында берік орын алған кезең. Құдайға деген Сенім оның өмірін түгел өзгертті, Сенім оның өмірі мен ойының, философиялық пайымдауының субстанциясына айналды. Августин өзінің философияға деген бұрынғы сүйіспеншілігін тым артық деп бағалады, нағыз рахат философияда емес, Құдайға деген махаббатта, бірақ бұл рахат - болашақта болатын рахат, оған жеткізетін жалғыз жол - Христос жолы. Осылайша философияның құндылығы төмендетіліп, оның орнын теологиялық ойлау басты. Сонымен қатар, Августин Ақылдың рөлін де жоққа шығармайды: «Адам Құдайды іздегісі келуі үшін ақылды болуы қажет. Құдай өзін түсініп іздегендерді ғана қалайды». Ең басты мәселе - космос емес, жеке адам мәселесі. Өзіңді сырттан іздеме, өзіңе орал, ақиқат адам жанының тұңғиығында. Адамның жанында Құдай бейнеленеді, жанымыздың қатпарларына үңіле отырып, біз Құдайды табамыз. Өзінді өзің танып-біл дегеніміз - өзіңді Құдайдың бейнесі ретінде тану, біздің ойымыз - Құдайды еске алу, біздің танымымыз - Құдайдың ақыл-ойы, парасаты, бір адамнан екінші адамға көшіп отыратын махаббат -Құдайдың махаббаты., ) Құдай концепциясын түсіндіру процесінде ол Платонның «Идеясына» жүгінеді. Идея заттардың өзгермейтін, тұрақты негіздері, фундаментальді формалары, пайда болатын және олетін нәрселердің бәрі Идеядан бастап қалыптасады, Бірақ Августин Платонның теориясын екі жерден өзгертеді:

1) Идея Құдайдың ойлары;

2) Құдай таза Болмыс ретінде басқа заттардың болмысына қатысты, оларды жасайды. Ақиқат ретінде ол бәріне өзінің сәулесін түсіреді, махаббат ретінде өзіне тартады және адамның жанына тыныштық орнатады.

Августин Идеяны тану жанның ең жоғарғы бөліктеріне ғана, яғни, ақыл-парасатқа ғана тән деп пайымдайды. Себебі, Ақиқатқа жету үшін жан тап-таза, ашық, айқын болуы тиіс.

Августин Құдай болмысының үш дәлелін келтіреді:

1) Гректердің өзі дүниені жаратушының бар екені туралы идеяны айт-қан. Дүниенің сантүрлілігі мен өзгермелілігі, оның объектілерінің әдемілігі оны ұлы да әсем, көзге көрінбейтін және білінбейтін Құдай жаратқанын дәлелдейді.

2) Екінші дәлел -сопsепsus gепtіиm (адамзаттың ауызбіршілігі) . Та-

биғаты түгелімен бұзылған адамдардан басқа адамзат ұрпағы Құдай

дүниені Жаратушы де п мойындайды.

3) Ең жоғарғы бақыт бұл өмірде емес, о дүниеде. Оған Құдайды сүйе алған адам ғана жетеді.

Құдай Дүниені Жаратушы. Неден жаратты? «Ештеңеден», онымен бірге Құдай уақытты да жаратты. Адамды Құдай сезімдік дүниенің соңғы «рациональді жануары» ретінде жаратқан, оның жаны өлмейді, мәңгілік, ол өлетін болса, Ақиқат та еледі.

Зұлымдық мәселесі . Құдайдан шығатын нәрсенің бәрі ізгілік, жақсылық болса, зұлымдық қайдан шығады? Августин зұлымдықты үш түрге бөледі:

1) метафизикалық-онтологиялық - зұлымдық болып көрінетін нәрсенің өзі жалпы универсалдық оптика деңгейінде жоғалып кетеді. Зұлымдық туралы пікіріміз кебіне субъективті. Әрбір нәрсенің болмыстық мәні бар, яғни жағымды бірдеңеге ие.

2) моральдік зұлымдық - күнә. Күнә залым жігерге тәуелді. Құдайға берілгендікті өзгерту де моральдық зұлымдық.

3) физикалық зұлымдық - ауру, қайғы, күйзеліс және өлім - мо-ральдық зұлымдықтың салдарлары.

Зұлымдық - өзіне деген махаббатта, ізгілік - Құдайға махаббат. Әуелі өзіне деген махаббат, Құдайды жек көру сезімдері Жер қаласын, Құдайды ақыл-есінен айрылғанша сүю - Кек, Аспан қаласын туындатады. Екі қаланың да аспанда періштелері бар. Бірінші патшалықтың адамы жер бетінде дүниені билеуші ретінде, ал көк қаласының тұрғыны кезбе ретінде көрінеді. Бірақ біріншісі қарғысқа ұшырайды, ал екіншісі - мәңгілік құтқаруға ие болады.

Нағыз адам, Августиннің ойынша, сүйе білген және сүюге лайық адам. Бұл махаббат Құдайға, өзін қоршаған алыс және жақын адамдарға, Құдай-дың бейнесі - заттарға бағытталған болуы керек. Адамның, тұлғаның өлшемі - сүйе білу деңгейі. Философиялық ойлау осы принципке, Құдайға Сенімге негізделген болуы тиіс. Августиннің кейбір ойлары:

«Табиғи деп аталып жүрген теология туралы әңгімені кез-келген адам-мен емес, аттары латын тілінен аударғанда даналыққа махаббатты білдіретін философтармен жүргізу керек; даналық дегеніміз бәрін Жаратушы болса, онда нағыз философ Құдайды сүйеді». «…философтар даналыққа талпынысқа немесе даналықтың өзіне үйретеді». «…Дүниені жаратқан Құдайға жүгініп емес, дүниенің желісіне жүгініп пайымдайтын философтардан сақ болу қажет».

Томас (Фома) Аквинат (1225-1274) - Сенім мен Ақылдың гармониясын негіздейтін ілім қалыптастырды. Оның негізгі тұжырымдары:

1) Сенім мен Ақылдың көмегімен жүзеге асырылатын таным процесінің тәсіл-әдістерінің ортақ жақтары кеп. Сенім де, Ақыл да бір затты - Құдайды және ол жаратқан дүниені танып-біледі;

2) Екі тәсіл де бірін-бірі жоққа шығармайды, толықтырып отырады. Адам Құдайға тәуелді болғанымен, оның ақыл-ойының салыстырмалы автономиясы бар. Теология философияны, Сенім Ақылды терістей алмайды, ақиқат көзі - осы тұжырымда.

3) Екі тәсілді де Құдай жаратқан, сондықтан өмір сүру құқықтары бірдей. Бірақ екі тәсілдің ерекшеліктері де бар:

1) Сенім Құдай-жаратушы туралы ақиқатты сезім, жігер, тілекке сүйене отырып қабылдайды.

2) Ақыл ақиқат туралы үнемі күмәнданады, тіпті Құдай Болмысы ту-ралы ақиқаттың да дәлелін іздейді.

Сондықтан, Аквинаттың ойынша, Сенім Ақылдан жоғары. Ол Қүдай-дың жаратылыстан тыс нұр-шапағаты. Інжілді толтырып тұрған да осы Құдайдың жарығы. Ақыл - адамның қабілеті, құралы, табиғи нұры, ол философияның ақиқаттарында көрініс тапқан. Ақыл «діннің қызметшісі» болу үшін жаратылған. Яғни, Аквинат дін мен философия-ғылымның’ арасындағы компромисс идеясын негіздеді.

Аквинат Құдайдың бар екендігінің бес дәлелін келтіреді:

1) Дүние дегеніміз қозғалыс. Әрбір зат қозғалысының бастауы бар, бұл қағида сезімдеріміз арқылы дәлелденеді. Осы қозғалысқа алғашқы күш беретін - Құдай.

2) Екінші дәлел «туындатушы себеп» ұғымынан шығады. Дүние себеп пен салдардан тұрады. Әр заттың себебі бар. Алғашқы себеп - Құдай.

3) Үшінші себеп кездейсоқтық пен қажеттілік ұғымдарына негізделген. Дүниеде кездейсоқ нәрселер көп, бірақ қажеттілік, заңдылықтың бар екендігі күмәнсіз. Мысалы, планеталар қозғалысы, адамдардың өмірі. Осы қажеттілік-заңдылықтарды туғызатын Құдай.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Діннің қоғамдағы қызметі
Дін жайлы жалпы түсінік
«Араб-исламдық» философиясының пайда болуы
Ортағасырлық философия
Орта Азия халықтарының философиясы
Абсолютті ақиқат өзінің құдіретін паш ету үшін бұл дүниені пернелеп жаратуының үш негізгі себебі
Философия ғылымы
Идея Құдайдың ойлары
Христиан теологиясы
Ортағасырлық Батыстағы ғылыми таным. Ойлаудың логикалық нормаларын зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz