Тесттердің бейімделуі мен құрылу технологиясы



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Ж О С П А Р

1. Тест – психодиагностиканың негізгі құралы.
2. Тесттердің сәйкестілігі ( валидтығы) мен сенімділігі.
3. Тесттердің бейімделуі мен құрылу технологиясы.
4. Түрлі тесттердің ерекшеліктері, оларға қойылатын талаптар
5. Әдебиеттер

Тест – психодиагностиканың негізгі құралы.

Психологияда тест деп психодиагностикалық стандартты әдістемелерін
айтады. Бұл әдістемелер зерттелетін қасиеттердің даму дәрежесінің
салыстырмалы сапалық және сандық көрсеткіштерді алуға көмектеседі. Барлық
кезде бірдей болғандықтан бұл әдістемелерді стандарттық деп
айтамыз,зерттелетін адам алатын жағдай мен нұсқаудан бастап, есептеу мен
интерпретацияны алатын көрсеткіштермен аяқтайды. Тестпен алынған бағаларды
қашан қай жерде алынғанына қарамастан, бір бірімен салыстыруға болады,
сондықтан біз оны салыстырмалы дейміз. Тесттерге қойылатын
психодиагностикалық әдістемелердің ішіндегі ең қатаңы деп валидтық
нақтылықты және бірегейлікті көздейтін әдістемелерді айтамыз. Бірнеше
топтарға бөлінетін тесттердің көп түрлері бар: Тесттелетін қасиетіне қарай,
тестте қолданылатын есептердің ерекшеліктеріне қарай, зерттелетін адамға
ұсынылатын материалына қарай, бағаланатын объектісіне қарай. Тесттер
интеллектуалдық (адамның әртүрлі қызығушылық процестердің даму дәрежесін
бағалайтын), тұлғалық және тұлғааралық болып бөлінеді. Қолданылатын
есептердің ерекшеліктеріне қарай практикалық , бейнелік және вербальдық
тесттер болып бөлінеді. Ұсынылатын тест материалына қарай тесттер бланктық
, аппараттық болып бөлінеді.Баға объектісіне – процессуальдық, жетістік
тесттер, құбылыстар мен қасиеттер тесттері.Интеллектуальдық тесттер-
адамның интеллектік даму деңгейін бағалауға, жеке когнитивтік процестерін
(қабылдау, зейін, жады, сөйлеу) бағалауға арналған. Тұлғалық тесттер -
адамның жеке тұрақты ерекшеліктерінің психодиагностикасымен байланысты:
темпераментке, мінезге, мотивация, эмоция, қабілеттерге арналған тесттер.
Тесттердің арасында тұлғаның жағдайын немесе оның жеке қасиеттерінің даму
дәрежесінің жүйелі бағасын беретіні кездеседі. Комплекстік (жүйелілік)
тесттерге КЕТТЕЛ, ММРІ және т.б. жатады. Жекешеленген тесттерге - адам
тұлғасының жеке бір қасиеттерін бағалайтын тесттер жатады. Тұлғааралық деп-
әртүрлі әлеуметтік топтардағы адам қарым - қатынастарын бағалайтын
тесттерді айтамыз. Мысалы, социометриялық тест, топтың ұжым ретінде өзін-
өзі тексерудің әлеуметтік - психологиялық тесті. Практикалық тест
тапсырмалары- есептер мен жаттығулардан тұрады.Образдық тапсырмалар-
суретті, схемалық, бейнелік тапсырмалардан тұрады. Вербальдық тесттер-
тәсілдік сөздермен тапсырмалардан тұрады. Жобалық тесттер деп зерттелетін
адамның жасырын немесе еркінен тыс басынан өткізетін психологиялық
ерекшеліктердің психодиагностикасын айтамыз. Психодиагностикалық
эксперимент әдіс ретінде жеке жағдайларда ғана қолданылады: егер керекті
қасиетті басқа әдіспен анықтауға болмайды.
Процессуалдық тесттер зерттелетін адамның психикалық және іс-әрекеттік
просцесстердің өту ерекшеліктері зерттеушілерді қызықтырады. Ал жетістіктер
тесттер қабілеттер, дағдыларды бағалау есебі шешілген кезде қолданылады.
Жеке топқа интеллект тесттері жатады. Олар адамның интеллектуалдық
дамуыныың жалпы деңгейін нақты және сапалық жағынан анықтаған кезде
қолданылады.
Тесттерге нақты психодиагностиканың әдістері ретінде ерекше талаптар
қойылады.
Тесттің социокультуралық адаптациясы. Бұл дегеніміз тест
тапсырмаларының және тест бағаларының сәйкестігі. Мысалы Еуропада пайда
болған интеллект тесті құрылымында сөздік-логикалық емес, образдық-
практикалық ойлау басым болатын, интеллекті бар елде қолданылса, ол
міндетті түрде әлеуметтік-мәдени түрде адаптациядан өту керек. Кері
жағдайда біз сол елдің тұрғындарының ой дамуының деңгейіне сәйкес келмейтін
төмен нәтижелерді аламыз.
Егер тест пайда болған жағдайлардан мүлдем басқа жағдайда қолданылатын
болса, міндетті түрде ол жаңа жағдайларға бейімделіп, адаптациядан өту
керек. Бірінші кезекте бұл нәрсе бланктік тесттерге қатысты, өйткені олар
басқа елден алынған және сол елдің тілінде жазылған. Тест тапсырмаларының
бір тілден екіншіге аудармасы ешқашан нақты болмайды. Көбінесе сөзбе-сөз
емес мағынасына қарай аударылады.
Екінші талап- тұжырымдамалардың қарапйымдылығы және тест
тапсырмаларының бір мағыналылығы. Бұл талап бойынша сөздік және басқа
тапсырмаларда адамдар әртүрлі мағынада түсініп қалмау керек олар: (сурет,
сөздер болуы мүмкін).
Үшінші талап- тест тапсырмаларын орындау үшін бөлінген уақыт.
Психологиялық тест тапсырмаларын орындау үшін бөлінген уақыт 1,5-2 сағаттан
аспау керек, өйткені бұдан ұзақ уақытта адам, өзінің жұмыс істеу қабілетін
жоғары деңгейде сақтай алмайды.
Төртінші талап- белгілі тест үшін тест нормалары.
Бұларға репрезентативтік орташа көрсеткіштер жатады, яғни ол бір топ
адамдар. Белгілі бір адамның көрсеткіштерін оның психологиялық даму
деңгейін бағалап сол адамдармен салыстыруға болады. Тест нормасы
зерттелетін адамдардың жасына, жынысына қарай және алынған бағаны жасына,
жынысына және басқа релеванттық көрсеткіштердің дифференциамен орталандыру
нәтижесінде алынады.
Тест нормасы дегеніміз зерттелетін адамға бірнеше әлеуметтік –
демографиялық мінездемелер бойынша ұқсас адамдардың үлкен шынтығының
дамуының орта деңнейі. Барлық нормалар адамдардың психологиялық дамуында
жылдап өзгеретін табиғи өзгерістерімен бірге өзгереді. Мысалы ХХ ғасырдың
25-ші жылдарындағы интеллектуалдық даму нормасы 90-шы жылдардағы адамның ой
даму денгейімен салыстыра алмаймыз. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тест – психодиагностиканың негізгі құралы
Тест жұмысының тарихы
Бағдарламалық құралдарды стандарттау мен сертификаттау
Тест тапсырмаларын жасау және таңдау
Компьютерде мәліметтер қоры бойынша тест сұрақтарының қорын құрып, тестілеу программасын жасау
Бейімделген тест дайындау жүйесінде тест сұрақтарын дайындау
Компьютерлік графика пәнін оқыту негіздері
Компьютерлік графиканың түрлері
Психологиялық тесттер тарихы
Кредиттік оқыту жүйесі
Пәндер