Тәрбие психологиясының мақсаты мен міндеттері


Жоспар
1. Кіріспе бөлім
Тәрбие психологиясы туралы түсінік.
Тәрбие психологиясының мақсаты мен міндеттері.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Тәрбие психологиясы туралы түсінік.
Тәрбие сөзі «тәрбиә» араб-парсы тілдерінен енген, қазақ тіліне аударғанда «негіз» деген мағынаны білдіреді. Тәрбие деп үлкендердің кішілерге азаматтық қасиетін қалыптастыруға тигізетін әсерін айтады. Тәрбиенің өзі неше түрлі саладан, моральдық, интеллектуалдық, эстетикалық және еңбекке үйретуден, дене шынықтырудан құрастырылады. Тәрбиенің осы түрлері ерте дәуірден басталып келеді. Аталған салалардың жас өспірімдердің есеюіне тигізетін әсері күшті болғанымен, «тәрбие» деген терминді түсінуде ғалымдар арасында түрлі пікірлер кездеседі : бірінші пікір бойынша, баланың басы «таза тақта» (tabula raba) .
Сондықтан оның көкейіне не жазам десең, соны жазуға болады. Баланың келешекте кім болатынын түгелдей тәрбиеші шешеді. Тәрбиеші баладан келешекте қандай адам жасап шығарғысы келсе, бәрі қолынан келеді.
Екінші пікір бойынша, баланың көкейіне не болса, соның бәрін жазуға болмайды. Біреуді біреу тәрбиелей алмайды, әркім өзін-өзі тәрбиелеп, азамат қатарына жете алады. Соңғы пікір мына сияқты дәлелге сүйеді : ешкім баланың басына өсиеттерді енгізіп, оның рұқсатынсыз ісін, қылығын сол өсиеттерге бағындыра алмайды. Бала үлкендерді тыңдағысы келсе, тыңдайды, тыңдағысы келмесе, тыңдамайды, - өз еркі. Дәлелдің бұл түрі орынды сияқты. Бірақ бірінші пікірді жоққа шығаруға болмайды. Себебі тәрбиеші баламен тіл тауып, жақын қатынаста бола алса, онда баланы өзінің сөзіне көндіріп, біразға дейін жетелеп, оны тәрбиелеуде едәуір дәрежеге жете алады. Біз осы екі пікірдің әрқайсысына тән қолайлы жағын алып, тәрбиеге ұмтылатын баланың өзі, оның келісімінсіз бұл салада нәтижеге жетуге болмайтынын мойындай отырып, егер тәрбиеші баланың «кілтін» таба алса, онда тәрбие саласында үлкен нәтижеге жете алады дейміз. Осыған қарағанда тәрбиенің ең негізгі мәселесі баламен әңгімені қандай тақырыпта жүргізуде емес, онымен байланысудың «кілтін» тауып, тіл алдыра білуде.
Ұлы адамдардың тәрбие жайлы жазған тағылымдарына тоқталсам, Х1 ғасырдың ақын, философ, қоғам қайраткері Жүсіп Баласағұнның тәрбие тағылымының бастауы боларлықтай бір пікірін келтіруге болады: «Тәрбиенің барлық ұждағаттылығы, саласы мен түрі… Өзара ұйымдасқан, ұйымшыл тату да тәтті адамдар құрамының, тобының - жетелі адамдар тобының, зерделі адамдар құрамын толықтыратындай биікке көтерілуі қажет. Тәрбие өз кезегінде, әсері мен ықпалында - мирасқорлы», пайдалы еңбектің көзі болуы шарт - деп ой түйеді. Бұл үлкен өсиет. Бүгінгі педагогикалық тұрғыдан алғанда үлкен ұжым тәрбиелейтін, педагогиканың бала тәрбиегісіндегі басты мақсаты мен міндетін айқындайтын әдіс еңбек тәрбиесін ұйымдастырудың негізі десе болады.
Ғұлама Низами - адамды жетілдірудегі тәрбиенің рөліне ерекше мән берді. Ол - өз кездеріндегі болып жатқан ағартушылық, тәрбие мен оқу процесінің көріністеріндегі орын алып келген баланың дами отыра, жетіле алатын мүмкіндіктеріне сенбестік туғызатын көзқарастарға қарсы шықты.
Низамидың тәрбие тағылымдарында - халықтық тәрбиенің әсерлі құралы ретінде халықтың ауыз әдебиеті мен ана тілі, жазба әдебиеті мен өз халқының тарихы негізгі оқу пәні болуға тиіс деді. Ол өз шығармаларында, поэма мен дастандарында - тәрбиенің негізі жалпы адамгершілік деп есептеді. Адамгершілік - ақыл мен еңбектің, оның ішінде еңбек тәрбиесінің жемісі мен нәтижесі деп уағыздады. Жас- тар махаббатын жырлау арқылы адамгершілік, эстетикалық тәрбиенің негізін салды. «Ләйлі -Мәжнүндегі» жеке адамдардың бас бостандығы, әйел теңдігі мен оның бостандығы, махаббат тақырыбы - бүгінгі адамгершілік, ақыл - ой, еңбек пен еңбек тәрбиесі нің бастауы - негізгі сілемі.
Низамидың тағылымдары, өзі өмір сүрген ой - пікірін, бүгінгі тұрғыдан талдасақ, оның шығармаларындағы білім мен тәрбиенің бүкіл жүйесінің өзегіндегі принцип - тәрбие мен білімнің халықтығы.
Абайдың педагогикалық мұраларының негізгі идеяларының бірі - жастарды еңбекке баулу. Ол еңбек тәрбиесі - басқа барлық тәрбиенің негізі. Басқалары ақыл - ой, патриоттық эстетикалық, адамгершілік, экологиялық еңбек тәрбиесінің құрамдас бөлігі екенін дәлелдеп берді, оған өлең жолдарын, ғақияларын арнады.
Абай адамгершілікті, әділеттілікті ең негізгі моральдық принцип ретінде поэзиялық - тәрбиелік туындыларында да, қара сөздерінде де үнемі атап көрсетіп отырады.
Жүсіпбек Аймауытов өзінің «Тәрбие» деген мақалаларында адамның хайуаннан айырмашылығы жайында әңгіме қозғай отырып, адам бойындағы ұнамсыз мінез - қылықтарының барлығы тәрбиенің кемдігінен деп қорытынды жасайды. Оның айтуынша, адам табиғаттың емес, тәрбиенің құлы болу керек.
Я. А. Коменский тәрбиенің күшіне сенді, оның ойынша тәрбие үш мақсатқа жетуге бағытталуы қажет: өзіңді және қоршаған ортаны табу (ақыл-ой тәрбиесі) және құдайға сиыну (діни тәрбие) .
Д. Локтың ойынша, тәрбиенің негізгі мақсаты азаматты қалыптастыру.
Пестолоцийдің тәрбие мақсаты, адамның табиғи күш қуаты мен қабілеттілігін дамытуға негізделуді, сонымен қатар, бұл даму жан-жақты және үйлесімді болуының биігінен көрінуі қажеттілігіне тоқталса, ал И. Гербарттың ойынша, тәрбие мақсаты, рақымды адамды қалыптастыруға, қалыптасқан қарым-қатынастарға бейімделе алатын, қоғамдағы белгіленген тәртіпті сыйлайтын, оған бой ұсынатын адамдар деген түйінге келеді. Тәрбиенің ең жоғарғы мақсатын А. Дистерверг «ақиқат, сұлулық және мейірімділікке өз ынтасымен қызмет ету» деп анықтаған.
Тәрбие мақсаты - ол педагогикалық процесс пен қоғамның қажеттілігіне қарай өзгеріп отырады. Тәрбие мақсаты қоғамның әлеуметтік сұранысына қарай және оның табысты орындалуы ұстаздың кәсіби дайындығына байланысты келеді. Ұстаздың қызметі мақсаттылығынан басталса, ал оқушылар оқу іс-әрекетінің мақсатын нақты ұғына отырып, тапсырманы орындайды.
Мысалы, мұғалім сабақты дайындауда нақты сабақ «мақсатын» белгілейді, ол енді осы мақсаттың өзі жалпы тәрбие мақсатының міндеті болып шыға келеді. Сондықтан, дайындалып жатқан сабақ келесі аталған көп «міндеттің» орындалу құралына айналады: мәдени, саясат бойынша жасау қабілетін қалыптастыру, адам бола білу қабілетін жетілдіру, әлеуметтік қатынастарға араласа алу қабілетін түзу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, өмірлік бағыт қалыптастырып, өз тіршілігінің мазмұнын реттей алу қабілетін орнықтыру; тұрмыстық міндеттерге дайындау: өмірлік еңбекке дайындау, бос уақытын мазмұнды өткізуге дайындау, өзін шығармашылықпен баулуға дайындау.
Мақсат - тәрбиенің жалпы мақсаттылығынан, тәрбие жүйесінің сипатын айқындаушы ретінде көрінеді. Мақсат пен міндет бүтін және бөлшек ретінде ара қатынаста болады, жүйесі мен оның компонентеріне тәуелді. Қорыта айтқанда, тәрбиенің мақсаты нақты тәрбие міндеттерінің жүйесі.
Бұлардың ішінен моральдық үлгі ретінде оқушылар үшін ең маңыздысы - балаларға арналған көркм әдебиет.
Көркем әдебиет - өмір мектебі деп бағаланады. Өйткені бала өзіне арналған осы әдебиеттерді оқып, мұнда айтылатын кейіпкерлердің әр түрлі істерін ұғынады. Жақсы істерге еліктеп, жаман істерге жирене қарайды. Сөйтіп өзінің ісі мен қылығын солармен салыстыра отырып бағалайды. Моральдық принциптердің қандай негіздері болса да, тәрбие тұрғысынан алып қарағанда, оқушылар үшін пайдасы орасан зор.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz