Ұлттық тәрбие арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды жан - жақты дамыту



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Қ. А. Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университеті
Тарих-педагогика факультеті
бастауыш оқыту теори
кафедрасы

Тақырыбы : Ұлттық тәрбие арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды жан-
жақты дамыту.

Қабылдаған : Исахова Ш.

Орындаған : Кеңесбаева Ж

Тобы : ПМД-011

Түркістан 2011

Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
І-бөлім. Ұлттық тәрбиенің теориялық негіздері
1.1 Ұлттық тәрбие – мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамыту
құралы.
1.2 Салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптардың тәрбиелік мәні.

ІІ-бөлім. Мектепке дейінгі мекемелердегі ұлттық тәрбие мәселелері
2.1. Қазіргі кезде балабақшадағы оқу-тәрбие үдерісіндегі ұлттық тәрбиенің
алатын орны.
2.2 Балабақшада ұлттық тәрбиені бала бойына сіңіру мақсатында жүргізілетін
іс-шаралар.
ІІІ Қорытынды
ІҮ Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Зерттеу көкейтестілігі :
Бүгінгі таңда еліміз елеулі жетістіктерге қол жеткізіп отыр. Оқу-
білім саласындағы болып жатқан бастамалар үлкен жақсылықтың нышаны
айғақтайды. Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың
2010 жылғы Қазақстан халқына жолдауында Адам-елдің басты байлығы
бөлімінде: 2020 жылға қарай қалалық, сол секілді ауылдық жерлердегі барлық
балалар мектеп жасына дейінгі тәрбие беру және оқытумен қамтылатын болады-
деп айтылған болатын.
Үкіметке әкімдермен бірлесіп үстіміздегі жылдың бірінші жартысында
балаларды мектеп жасына дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамтамасыз етуді
арттыруға бағытталған Балапан арнайы бағдарламасын әзірлеп, іске асыруға
кірісуді тапсырамын,-деп көрсеткен.
Елбасының қолдауымен қазіргі таңда елімізде бала-бақшаларды қалпына
келтіру, қайтадан ашу, мамандар дайындауға көңіл бөлу жұмыстары басталып
кетті.
Бала тәрбиесі-ықылым заманнан бастап адамзатты толғандырып келе
жатқан өмірдің өзекті мәселесі. Қазақ халқы ежелден жас ұрпақты сегіз
қырлы, бір сырлы болып өсуін мақсат тұтқан. Баланы үнемі қамқорлыққа алып,
жан-жақты тәрбиелеп отырған. Қазақ халқының ұлттық тәлімі мен өнегесі
бүгінгі таңда ұрпақ тәрбиесінің негізіне айналуы-ел мүддесі, заман талабы.
Еліміздің даму деңгейінде дәстүрлі, салыстырмалы түрде жай дамитын
өркениетке тура даналық ойдың, ұғынудың, тәлім мен танымның, өзі керек. Бұл
тұста белгілі бір қалыпқа түскен халық педагогикасы мен психологиясының,
этномәдениеттік дәстүрдің орны ерекше.Халық педагогикасын халықтың үйрету,
оқыту, бейімдеу, тәрбиелеу бағыттарындағы ғасырлар бойы жиған-терген
тәжірибелері десек, халықтық тәрбие деп біз белгілі бір ұлттың жеке адамға,
соның ішінде балаға тәрбиелік ықпал етуінің тарихи қалыптасқан жүйесін
түсінеміз. Бұл жүйе халықтың бүкіл өмір тіршілігімен, болмысымен бір
тұтастықта, болады.
Ұлттық тәрбие дегеніміз не?
Бір халықтың тұрмыс тіршілігін, мәдениетін, өзге ұлттардан ажыратып
тұратын адамгершілік нормаларының жиынтығы.
Қазіргі уақытта тек құр ұрандатып тәрбиелеуден ештеңе шықпайтынына
баршаның көзі жетіп болды, ендеше тәрбие іс-әрекет арқылы, күнделікті өмір-
тіршілігімізбен байланысты жүзеге асырылуы және бүгінгі қажеттіліктен
туындауы керек.
Тәрбиенің басты бағыты жөнінде тереңірек ойлансақ, әрбір адам ең
алдымен өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы, туған елдің патриоты
болуы керек. Ұлттың болашағы тек өзіне байланысты екенін есте ұстауы тиіс.
Бүгінде осы мәселені қолға алу барысында көптеген қарама-қайшылықтар
туындап отыр. Қиын-қыстау, дағдарыс кезеңінен өткен еліміз өз тыныштығын
алды, алайда, еліміздің басты нышаны ұлттық тәрбиеміз өз деңгейінде бала
бойына дарытылмай жатқандығы мәлім. Осы қарама-қайшылыққа байланысты біз
баяндама тақырыбымызды ұлттық тәрбиеге бұрып отырмыз.
Зерттеу мақсаты: Ұлттық тәрбие арқылы баланы жан-жақты дамыту.
Ұлттық тәрбиені бала бойына дарыту
Зерттеу нысаны: Мектепке дейінгі мекемелер, балабақшадағы тәрбие
жүйесінің даму үдерісі.
Зерттеу пәні: Мектепке дейінгі мекемелердегі ұлттық тәрбиенің
қалыптасуы.
Зерттеу әдістері: Зерттеу жұмысында психологиялық-педагогикалық,
әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, мектеп жасына дейінгі
бүлдіршіндерге ұлттық тәрбие беру бағыттарының ерекшеліктері, тәжірибелік
іс-әрекеттер нәтижесіне баға беру.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы,
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаулары, ҚР-ның 2015 жылға
дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, ҚР-ның Жоғары педагогикалық
білім беру тұжырымдамасы және зерттеу тақырыбына сәйкес оқу-әдістемелік
құралдар, ғылыми-педагогикалық басылымдар, озат педагог-тәрбиешілердің
тәжірибелері озық тәжірибелері басшылыққа алынды.

1.1 Ұлттық тәрбие –мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамыту құралы.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынған Қазақстан-2030 стратегиясында
негізгі бағыттардың бірі ретінде халықтың ұлттық моделі мен салт-
дәстүрлерін есепке ала отырып, білімі мен білігі жағынан өркениетті
елдердегі замандастарымен қатар тұра алатын, бойында ұлттық, отаншылдық
рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса
айтылған
Мектеп жасына дейінгі балалардың мемлекеттік міндетті білім беру
стандартының жобасында: Мектепке дейінгі білім беру – Қазақстан
Республикасының жалпы білім беру жүйесінің құрылымдық бөлімі ретінде
маңызды роль атқарады, себебі оның шегінде баланың табиғилық сапалары мен
ерекшеліктері анықталып, олардың даму жағдайлары қамтамасыз етіледі... деп
көрсетілген
Тәуелсіздік алған еліміздің келешек ұрпақты ұлттық, халықтық және
этностық-мәдени тұрғыда тәрбиелеуі бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бұл
мәселенің шешімін табу үшін үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде
қайта қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. Мұндағы алға қойылып
отырған негізгі талаптар – Қазақстан білім беру жүйесінің бүкіләлемдік
білім беру кеңістігіне толық енуінің алғашқы ұлттық даму стратегиясын
жасап, моделін құру.
Бұл талаптардың жүзеге асырылу бағытындағы жұмысты үздіксіз білім
берудің алғашқы сатысы – мектепке дейінгі ұйымдарда баланың білімге деген
құштарлығын арттырудан, ұлтымызға тән қасиеттер бойына сіңген шәкірт
тєрбиелеуден бастағанның маңызы өте зор.
Қазіргі кезде балабақшадағы тәрбие балаға аса зор әсер етеді. Ұлттық
тәрбие негізінде тәрбиеленген бала ол әрине өз елінің, өз отанының ұлы
болары сөзсіз.
Ұлттық тәрбиеге байланысты қазіргі таңдағы тәрбиенің негізгі даму
барысын қарастырамыз. Күннен – күнге педагогика саласында болып жатқан
жаңалықтар мен өзгертулер, қосымша толықтырулар көптеп кездеседі. Атап
айтсақ педагогигка саласындағы оқытушы мамандар, ғалымдар, оқулық салалары
көптеп кездеседі. Алайда, ғылымда пародокс деген ұғым бар. Бұл ұғым
ғылымның құлдырауын білдіреді. Ғылым дамыған сайын адам тұлғаға айналуы
керек. Ғылым саласы дамығанмен мәдениет саласы артта қалу үстінде. Адамның
мәдениеттілігі оның тәрбиелілігіне байланысты. Педагогика саласында тұлғаға
байланысты тақырыбымызды ұлттық тәрбие негізінде алып отырмыз. Алға үлкен
үміт арта отырып, парадокстың жойылуына өз үлесімізді қоссақ деген
ниеттеміз.
Ұлттық тәрбие дегеніміз не?
Бұл бір халықтың тұрмыс тіршілігін, мәдениетін, өзге ұлттардан
ажыратып тұратын адамгершілік нормаларының жиынтығы.
Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі - өмір бойы жалғасатын біртұтас
үздіксіз үрдіс, оның даму барысында адамның этнос субъектісі ретінде
этностық құндылықтарды, этноәлеуметтік рольдерді және өз халқының салт-
дәстүрлерінде шоғырланған этностық нормаларды меңгеруі, этностық өзіндік
санасын оятып, өз ұлтына, тіліне, тарихына, мәдениетіне деген мақтаныш
сезімін және басқа ұлт өкілдеріне сыйластық, түсіністік сезімін
қалыптастыру болып табылады.
Балабақша бала тұлғасының қалыптасып, білім нәрінің бастау алатын
алағашқы білім ошағы. Сол себепті де балаларды балабақшаға берер сәтте ата-
ана ойланулары қажет. Ол өз ұлтын, отбасын, жерін, елін сүйіп өсер азамат
болып тәрбиеленуі үшін, бала өз ана тіліндегі балабақшаға бару қажет. Ол
балабақша қоры ұлттық болмыспен қамтамасыз етілуі шарт. Яғни ұлттық ойындар
ойнатылып, ұлттық ертегілер, ұлттық ойыншықтармен, тіпті ұлт тіліндегі
мультфильмердің көрсетілуі талап етілуі керек.
Халықтық педагогика негізінде балаларға ұлттық тәрбие беру балаларды
жақ-жақты дамытудың кепілі..
Қазіргі кезде бүкіл тәлім-тәрбие жұмысыңда жас ұрпақты еңбекке,
экономикалық, адамгершілік және психологиялық жағынан өмірге даярлау
бірінші кезекте тұр. Тәрбие жұмысының міндеті: әрбір жас өзінің әл-ауқатын
жақсартудың алғышарты — ең алдымен, қоғамдық мүлікті, байлықты молайту,
үнемдеу, шашпау, өзінікін ұқыпты пайдалануды түсіндіру.
Жалпы қорытындылай келгенде ұлттық тәрбиемен сусындаған баланың
болашағынан үлкен үміт күтеріміз сөзсіз.

1.2 Салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптардың тәрбиелік мәні
Қазақ этнопедагогикасының үлкен бір саласы-қазақ халқының салт-
дәстүрлері болып табылады. Халықтың игі әдеттері дағдылана келе әдет-
ғұрыпқа, әсерлі әдет-ғұрыптар салт-дәстүрлерге, халықтың өмірінде
қалыптасқан салт-дәстүрлер салт-сана болып қалыптасқан. Халықтың салт-
дәстүрлері рәсімдер мен жөн-жоралғылар, рәміздер, ырымдар мен тыйымдар,
түрлі сенімдер арқылы өмірде қолданыс тауып келеді.
Қазақтар Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен
тәрбиеле, - дегендей халқымыздың бойына сіңген атадан балаға жалғасып келе
жатқан ұлттық тәрбиесі өзге ұлттардан ерекшеленіп, өздеріне тән қасиеттерді
көрсетіп тұратындығын жоққа шығара алмаймыз. Балаңа басқұр қалдырғанша,
тозбас дәстүр қалдыр - деген қазақ халқы озық жұрттардың санатында болашақ
қамын қатты ойластырған.
Халықтың игі мәдени дәстүрлері: ізеттілік, қайырымдылық, мейірімділік,
қонақжайлылық, имандылық, иманжүзділік-барлық мәдени үлгі-өнегелі іс-
әрекеттердің көрінісі-әдеп деп аталады. Қазақ халқының осы игі дәстүрлерін
айқындап, дәләлдей келе, халықты рухани тазалығы жағынан алып, қазақ халқын
әдепті, яғни қайырымды, мейірімді халық деп атауға әбден болады. Халықтық
әдеп-ұрпақ тәрбиесінің өзекті арқауы.
Игі әдеттердің өмір қолданысына айналуы-әдет-ғұрып, оның біржола өмір
заңдылығына айналуы-салт-дәстүр деп аталады. Өмірдің өркениетті дамуы
дәстүрлердің толысып, не жаңарып отыруына себепші болады. Мысалы қыз ұзату,
үйлену тойлары толысып, жаңарды да, ал әмеңгерлік, атастыру салты бірте-
бірте өмірге қолданылудан қалды.
Этнопедагогикадағы салт-дәстүрлердің ұлттық санаға сіңіп, біржола
заңдандырылуы-салт-сана деп аталынады. Ұлттық сананың қозғаушы күші– ұлттық
намыс, ұлттық абырой. Сондықтан әрбір әдет-ғұрыптың, салт-дәстүрдің салт-
санаға әсер ететін тәрбиелік мәні зор.
Педагогика тарихында білім және тәрбие проблемасы қай заманда болмасын
ұлттық ерекшелігімізге мазмұндас жүргізіліп отырды. Тарихқа көз жіберетін
болсақ ерте кезде-ақ, ғұлама ғалымдар әл-Фараби, Ж.Баласағұни, М.Қашқаридың
білім, тәрбие мәселелері жайлы кейінгі ұрпаққа қалдырып кеткен мол рухани
мұралары осы күнге дейін өзінің маңыздылығын дәлелдеп келеді. Солардың
ішіндегі бірегейі, кемеңгер ойшыл, Шығыс Аристотелі атанған әл-Фараби орта
ғасырда өз еңбектеріне ұлттық тәрбиенің философиялық негізін қалады. Ол,
тәрбие–философиялық категория және бүкіл танымның даму процесінде
қалыптасқан адамзат мәдениетінің рухани қазынасының жиынтығы-деп
қарастырған
Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, С.Торайғыров, С.Көбеев, А.
Байгұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймаутов, М.Дулатов, Ш.Құдайбердиев,
С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин еңбектерінде келешек ұрпақтың көзі
ашық, көкірегі ояу болып, саналы да тәрбиелі болу керектігі жайлы айтып
кеткен, ой-пікірлерін бүгінгі егемендік алған еліміздің ертеңгі ұрпақ
тәрбиесінде басшылыққа аламыз.
Ұлттық тәрбие мәселелерінің философиялық негіздері Ж.Әбілдин,
Д.Кішібеков, Садықов, Ә.Нысанбаев теориялық негіздері, Я.А.Коменский,
К.Д.Ушинский, В.А.Сухомлинский еңбектерінде қарастырылса; психологиялық-
педагогикалық негіздеріне Қ.Б.Жарықбаев, С.Қалиев, Т.С.Сабыров,
Р.М.Қоянбаев, С.А.Ұзақбаева, т.б. ғалымдар назар аударған.
Тәрбие–мәңгілік және жалпы адамзаттық категория. Алайда қай халықтың
болмасын бұл салада өзіне ғана тән ерекшеліктері мен дараланып тұратын
үлгілері болады. Бұл ерекшеліктердің негізін халық ғасырдан ғасырға,
ұрпақтан ұрпакқа мирасқа қалдырып отырады. Егер оларды жай хронологияға
көшірер болсақ қазақ жері мен еліндегі ғасырлар бойы қалыптасқан оны
үйрету, тәрбиелеу, оқыту жүйелерінің даму диалектикасын да түсінер едік.
Осы әдісті негізге алып жоғарыдағы үрдістерді:
- тәрбие мен үйретудін орта ғасырлық үрдістері. Бұл біліктілікке
ұмтылыс, тәрбие мен оқуға ұмтылыстың өзіндік бір белесі;
- тәрбие мен біліктілікке, саналылық пен танымға бейімдеудегі
шешендік сөздер мен өнердің биігіне шығуы;
- кейін осы үрдістер дамып, жетіліп, ал қайсы бір тұстарда құлдырап,
дегенмен рухани дүниеміздің бір бөлігі болған және оны байытқан
сазгерлікпен, ақын-жыраулардың ой толғауларымен ұласты. Мұны кемел ойшыл
М.Әуезов халық қазынасы деп атады. Халқымыздң психологиялық, тәрбиелік
үрдістері мен көзқарастары, дүниетанымы дами түсті [1; 12-15].
Қазақ топырағындағы қалыптасқан тәрбие үрдістері ұлтымыздың өзіндік
ұлттык философиясын, педагогикасын, психологиясын, жалпы дүниетанымы мен
талғамын қалыптастырды. Олар ұрпақтан-ұрпақка жетіп жалғастығын тауып
отырды. Сондықтан қазіргі оқу-тәрбие процесінде біз құбылыстан мәнге,
теориялық санаға, оқуды білікпен ұштастыруға бетбұрыс жасаймыз.
Заман талабына байланысты бүгінгі оку-тәрбие ісіндегі этномәдениеттік
бағыттарға бетбұрыс барысында, теориялық тұрғыдан, қандай өзекті теориялық
мәселелерді түсінуіміздің қажеттігі осылай туындап отыр. Бұл тұрғыда
теориялық жағынан тиянақтауды қажет етіп тұрған бірден-бір бағыт–халықтық
ойлау, үйрету үлгілері мен тәрбиелері, олардың ұлттық ерекшеліктері мен
біліктері туралы рухани мұраларында көрініс тапқан үлгі-ұғымдары.
Қазақ халқының өткен ұрпағы артына жазба мәдениетін қалдыра
алмағанмен, ауызекі үлгілермен өздеріне тән рухани мұралар жүйесін жасай
білген. Осы рухани мұралар жүйесінің ішінде қазақ халқының диалектикалық
ойлау элементтері мен халықтық тәрбиелеу бағытының алатын орны ерекше .
Көпшілік жұрт, жалпы қауым жеке адамнан бастап әлемдік өзгерістерге
дейінгі аралықтағы болып жатқан құбылыстарды түсінуге әрекет жасап, өз
білігі мен танымын кеңейтіп отырған. Табиғи таным процесі келесі ұрпаққа
беріліп, әрі қарай жалғастын тауып, жетіліп, дамыған. Осының өзін халықтың
даналық—философиясы деп түсінгеніміз жөн. Өйткені танымды тереңдетуге,
жетілдіруге, көзқарасты негіздеуге байланысты нәрселердің бәрі ауызекі
тілде даналықпен, философиямен байланыстырыла ұғындырылады.
Егер қазақ халқының таным барысындағы, ойлау жүйесіндегі
диалектикалық әлементтерін қазақ философиясы деп алатын болсақ, оның
негізгі тарихи даму бағыттарын жалпы әлемдік философия тарихының даму
заңдылықтарын басшылыққа ала отырып былайша көрсетуге болар еді: күнделікті
өмірден туған ойлар, дүниені тануға деген шынайы көзқарас; танымның діни
жолдары мен басқа идеяларынан туындаған көзқарастар; табиғаттың, қоғамның,
адамзаттың өзгеру, даму процесін ғылыми-теориялық тұрғыдан түсіндіруге
ұмтылушылық, т.б.
Қазіргі кезеңде халық педагогикасы делініп жүрген қазақ халқының
үйрету, тәрбиелеу жүйелерінің даму идеясын да дәл жоғарыдай жолмен
түсіндіріп беруге болады. Бұл жағдайда біз-тәрбие деп аталатын адамзат
қауымына ортақ және мәңгілік категорияның тарихи тұрғыдан жылжып, дамып,
мазмұнының толығып, жетіліп отырғандығының куәсі боламыз. Сонымен қатар
тәлім-тәрбиенің ажырамас егіз ұғым екеніне де көз жеткізуге болады.
Халық философиясы қоғамдық құбылыстардың әр түрлі заңдылықтарын, оның
ішінде жас ұрпақ тәрбиесін де ой елегінен өткізіп белгілі бір тұрғыдан баға
беруге меңзейді. Олай болатыны тәрбиенің түрлері, негізгі қағидалары халық
дүниетанымымен, көзқарасымен айқындалып, сонан туындап отырады. Мәселен,
бағзы заманғы адамдардың түсініктерінде сол кездегі танымдарының да табы
бар екендігі зиялы қауым арасында талас туғызбаған.
Бұларға қоса, қалыптасып келе жатқан қоғамдық қатынастарды жақтау
немесе заңдастыру философияның алдындағы негізгі міндеттерінің бірі. Осы
істерге халықтық педагогиканың да тікелей қатысы бар. Себебі, тәлімсіз-
тәрбиесіз, бір жүйеге түскен адамгершілік өлшемсіз қоғамдық қатынастардың
да жете дамуы мүмкін емес.
Олай болса, халықтық педагогика тұрғысынан, бүгінгі заманның талабын
ескере отырып оқу-тәрбиеге жаңа көзқарасты қалыптастыруды жүйелі түрде
жолға қоюды мақсатты түрде жүргізген жөн. Бұл іске деген жаңаша
көзқарасымыз егеменді елімізде қолдану тауып жатуы керек. Әрине, оқу-тәрбие
ісіне жаңаша көзқарасты, жаңаша түсінікті қалыптастыру бір күннің, тіпті
бір жылдың да ісі емес. Оны уақытпен шектеу де даму диалектикасына қайшы
келер. Дегенмен, жаңа бағыттың басы бүгіннен біздерден басталары сөзсіз.
Сонымен, ойымызды түйіндесек, халық философиясы мен педагогикасының,
психологиясының өмір сүру аясы, зерттеу объектісі әлем- коғам-адам аралығы
екен. Бірі, бұларды теориялық тұрғыдан тереңдей зерттесе, екіншісі, салт-
дәстүрлерді дамыта, жалғастыра, отырып тәлім-тәрбие мен танымды ұштастырады
екен. Осыдан келіп Абай айтқан Адам бол! идеясы бұрынғы заманнан бастап
бүгінге дейін қатар дамып келе жатқан бұл ғылымдар саласына да ортақ,
танымнан тәлімге қарай даму болмақ. Олай болса, халық философиясы мен
психологиясы, халық педагогикасы таным-тағылымының жиынтығы, бір-бірімен
тығыз диалектикалық байланысты даму жолы. Сондықтан бұл байланыстарды терең
ұғынып, оларды оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізудің жалпы жүйесінің жемістері,
бір бағыты деп қарастырамыз.
Осы орайда өркениетті әлемнің таңдаулы мүшесі болу-елдің рухани және
мәдени қуатына, ғылымы мен біліміне байланысты. Н.Ә.Назарбаев Білім мен
ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың алдында, озық
тұсында болады. Елімізді барынша дамытатын негізгі күш ұлттық тәрбие алған
бүгінгі, жастар - деп атап көрсеткен. Бүгінгі жаһандану жағдайындағы заман
талабына сай тәрбие беру, оның мазмұны мен мақсатын, қағидалары мен
міндеттерін қайта қарастырып, жаңарту қажетті күн сайын артуда.
Ел болу үшін, бесігіңді түзе (М.Әуезов) деген сөздің мән-мағынасына
ой салсақ, ол–тәрбие ұрпақты дүниеге келтіруден басталады; сол тәрбиенің
дәстүрлік, салт-саналық бастаулары мен бағдарларын жан-жақты пайдаланып,
даналықпен дамыта білу керек деген өсиеттің мәнін ұғамыз. Нәрестелік
кезінен басталатын тәрбиенің қалыптасқан ұлттық рәсімдері мен тәлімдік
тәсілдері ұлттық салтпен қолданылып жан жүйеге тәлім-тәрбиелік әсер етеді.

Шілдехана. Нәресте туған күннен бастап, үш күнге дейін, нәрестені әрі
күзетіп, әрі ананы қуаныш-шаттыққа бөлеп, ойын-сауық өткізу рәсімі. Ертеде
нәрестені үш күнге дейін жын-періден қорғап күзету секілді діни рәсімге
байланысты туған, кейін шаттық тойына айналған бұл дәстүрдің өзіндік
әдептік жіне жанжүйелік мәні бар.
Жарық дүниеге жаңа келген нәрестенің әсем әуен, күмбір күй, анасының
үні қосылған дабыр арқылы сезім жүйесі ояна түседі.
Шілдеханадағы шаттық ойын-сауық нәрестені қоршаған балалар мен ересек
адамдардың көңілін көтереді, бауырмашылығын арттырады, өнерін өркендетіп,
дарынын дамыта түседі.
Шілдехана жыры құтты болсын айту, бата беру рәсімінде жырланады:
Бөбектің бауы берік болсын:
Өскен сайын өрлесін,
Еш жамандық көрмесін,
Өзі жарық күн болсын,
Жасы ұзақ, мың болсын!
Соңғы кезде Шілдехана тойы бала туған соң жеті күннен кейін, немесе
бала қырқынан шыққан соң өткізіліп жүр. Халық салтында шілдехана тойында
ішімдікке жол беру–әрі обал, әрі қылмыс болып табылады[5].
Кіндік шеше–босанған кезінде анаға көмек көрсетіп, нәрестенің
кіндігін кесетін әйел. Кіндік шешені ана және оның жанашырлары (анасы, ата-
енесі, т.б.) күнібұрын тақуа, таза, мейірманды, жанашыр адамнан сайлайды.
Ол көбінесе, өмірден көргені мол тәжірибелі адам болу керек[6].
Кіндік шеше бала жарық дүниеге келгенде алғаш оның кіндігін кесіп,
жеркөкке орап алады. Қазақ халқының ырымында бала кіндік шешесіне тартады
деген сөз бар. Кіндік шеше–нәрестенің екінші анасы, сондықтан ол баланың
ит жейдесін кигізуден бастап, оның бесігін түзеп, киімінің бүтін, таза
болуына қамқорлық жасайды. Кіндік шеше қарызы (баланы жылына шыққанда
киіндіру) бөбектің ата-анасының кіндік шеше алдындағыпарызы (оған сыйлық
беру, құрмет көрсету) тұрмыстық ахуалға лайықты сыйласымдық рәсімдерімен
өтеледі.
Кіндік шеше рәсімдері адам қоғамының алғашқы даму кезеңінен белгілі.
Ол өз міндеттерін орындау арқылы аналық, мейірімділік қамқорлық сезімдерін
дамытып, ұрпақ тәрбиелеуге уәделі үлестерін қосады.
Бөбекті қырқынан шығару–бөбек туған соң, көбінесе, қырық күн
толғанда, оның шашын алып, бесікке салу рәсімі. Бөбекті қырқынан шығару
рәсімі ананың бой көтеріп, денсаулығының толысып, жетілген кезінде
өткізіледі (қыз бала, көбіне ер баладан ертерек қырқынан шығарылады).
Бөбекті қырқынан шығарғанға дейін ана қалжаланып, денсаулығын түзейді,
емшекке уыз қатып қалмауы, емшек сүтінің мол болуы үшін ананы қалжалау
кезінде тамақтандыру тәртібіне қамқорлық жасайтын жанашырлар (кіндік ана,
әже, абысын, т.б.) болуға тиіс.
Бөбек қырқымы толыса бастағанда, ол мазасызданып, жылауық болуы да
мүмкін. Қырқынан шыққан бөбектің ұйқысы тыныш, жан сезімі рахаттана
бастайды.
Бөбекті қырқынан шығару, көбінесе, бесікке салу рәсімімен бірге
өткізіледі. Бөбекті қырқынан шығару кезінде, мүмкіндігінше, оны күміс
ыдысқа шомылдыру, ол шомылатын суға күміс теңгелер салу ырымының гигиеналық
мәні зор.
Бөбекті қырқынан шығарғанда оның қырқым шашын алу салтанаты ең сыйлы,
тәжірибелі, ардақты әйел орындайды. Бұл рәсімге жанашыр жақын әйелдер
шақырылады. Оларға, бұл кішігірім той кезінде, сый-сыяпат көрсетіледі. Бала
шомылдырылып, сыланған соң бесікке бөленіп, бесік жыры айтылады.
Балаға ат қою рәсімі, көбінесе, шілдехана ойын-сауық кешінде
орындалады. Ертеде нәрестеге ат қою рәсімін, негізінен, жанұядағы ең үлкен
ұлағатты кісі орындаған. Мұсылман дінінің рәсімі бойынша балаға азан
шақырып ат қою рәсімін қарт діндардан қажыға дейін құдай жолына берілген,
иманы кәміл, адал жанды, ардақты адам орындайды. Тұрмыстық және әлеуметтік
жағдайға байланысты, балға ат қою рәсімін ата дәстүрінен аумай, салтанатты
түрде өткізудің мәні зор. Жанұяда балаға ат қою рәсімін орындаушылар
кезегі: баба, ата, әке, аға, ана, т.б. Егер баланың бабасы бар болса,
ол–үлкен бақыт. Батасын беріп, бабасы ат қойған ұрпақ, кейін бабасын
мақтанышпен еске алады, оның бауырмашылдығы, үлкен адамды құрметтеуі
басқалардан басым болады.
Балаға ат қоюда қазақ халқы, көбінесе, атақты адамдардың атын қоюды
дәстүрге айналдырған. Мысалы: елін сүйген ерлердей болсын деп халық ұл
балаларын : Алпамыс, Төлеген, Бауыржан; Тоқтар деп атаса, қыз балаларын:
Мәншүк, Әлия деп атайды, мөлдір махаббат пен асқан сұлулықты қастерлеген
халық қыз балаларын көбінесе: Баян, Жібек, Ақтоқты, Қарашаш, Айгерім,
Ақбала деп атайды.
Ертеде баласы тұрмай, шетіней берген соң ата-ана ырым етіп,
балаларына–Итбай, Байбөрі, Итемген, Күшікбай, т.б. ат қойған.
Аттың атау кезінде жан жүйеге әсер ететін, әдептілікке бейімдейтін
қасиеттері сол аттың өз мәніне байланысты болады.
Балаға ат қоюда ұлағаттылық пен жауаптылық қажет. Әрбір адам есімінің
өзіне лайық мағынасы болатындықтан, ат қоюда сол ат қоюшы есімінің түпкі
мәнін, болашақтағы маңызын жақсы білуге тиіс.
Бесікке салу қазақ баласының бесігі–құс төсек, жастық, жаялық,
жөргек, қол бау, тізе бау, тізе жастық, бесік көрпе, шүмегі мен түбегі
тазалық үшін ыңғайлы даярланған, екі басы доғаша иіліп жасалынған, құрау
шабақтары нағыз қыюластырылған, екі қос аяқтары дөңес табанды, арқалығы
өрнектелген жанұя.
Бесікке салу рәсімі көбінесе, баланы қырқынан (қырық күннен соң шілде
шашын қырқып, суға күміс теңге салып шомылдыру) шыққан сон кішігірім той
ретінде өтеді. Бесікке салу рәсіміне шақырылған ауыл-үйдің әйелдері шашуын,
жол-жорасын ала келеді. Баланы алғаш рет бөлеу рәсімі ұрпақ өсірген үбірлі-
шүбірлі әйелге тапсырылады. Бесікті жабдықтау, бесік шашуын жасау, түбек
үстін отпен аластау, баланы бөлеу ырымдары мен дәстүрлерін орындау мерейлі,
өнегелі түрде жүргізілуі тиіс. Баланы бесікке салушыға және оның
көмекшілеріне ата-ана атынана көйлек, жаулық сияқты сый тартылады. Үлкендер
батасын беріп, баланың ер жетуіне, ананың үбірлі-шүбірлі бола беруіне
тілектестік білдіреді. Ана қуанышы, аналар мейірімі, ырымдағы имандылық пен
ізеттіліктер, бата беру дәстүрі аналардың аналық махаббатын арттырып,
мерейін тасытады.
Қазақтың ұлттық тәлім-тәрбие көздерін төмендегідей түрлері бар

Н.Ә.Назарбаевтың Халықтың болашағы қоғамның идеялық бірлігінде атты
еңбегінде: Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта тілеудің қайнар көзі
болып келді. Қазақстанда ұлттық өнерді, мәдениетті дамытуға барынша қолдау
жасалып отыр -деген сөз айғақ бола алады.
Дәстүрдің озығы бар, дәуірі өткен тозығы бар дегендей
жылтырағанның бәрі алтын емес. Салт–дәстүр, әдеп–ғұрып халықтың рухани
өзегі, тілінің тірегі, мәдениетінің арқауы.
Ғасырдан–ғасырға, ұрпақтан–ұрпаққа ауысып келе жатқан ата дәстүрі
халықтық өнер желісін үзбей халқымыздың асыл мұрасы ретінде бағалап, оларды
көздерінің қарашығындай сақтап, әлгері дамытып өркендету өнегелі іс. Адам
өміріндегі қоғамдық салт-дәстүр, әдеп-ғұрып қашан да адам қиялынан туындап,
заман ағымына қарай байып, мазмұны тереңдеп келе жатқан тәрбиелік мәні өте
зор тағылым. Ұрпақ тәрбиелеу ісіндегі халықтық тәжірибе белгілерінен көруге
болады.
Салт-дәстүр, әдеп-ғұрып халықтың рухани өзегі, тілінің тірегі,
мәдениетінің арқауы. Ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан
ата дәстүрінің желісін үзбей халқымыздың асыл мұрасы ретінде бағалап,
оларды көздің қарашығындай сақтап, ілгері дамытып отыру өркенді де өнегелі
іс.
Салт-дәстүр қашанда адам қиялынан туындап, заман ағымына қарай байып,
мазмұны тереңдеп отырады. Әркім керектісін, көңіліне ұнағанын, көкейіне
қонғанын қабылдап, іс-жүзінде қолданса, оны ұлтымыздың озық салт-дәстүрімен
байланыстырып, байытып мазмұндандыра түссе, нұр үстіне – нұр болар еді.
Бала тәрбиесі – баршаның ісі. Ендеше бала тәрбиесіне, оның
болшағына немқұрайды қарау кешірілмес күнә. Халқымыздың балалы үй базар,
баласыз үй мазар деген аталы сөзі текке айтылмаған. Балғындардың риясыз
күлкісі, әсем қылығынсыз өмірді, келешекті көз алдымызға елестету мүмкін
емес. Бала десе жүрегіміз езіліп көңіліміз толқып, мерейіміз таси түсетіні
де сондықтан болар.
Нарық заманы бүгінде қай салаға да жеңіл тиіп отырған жоқ. Бірақ сол
қиыншылықтарды тілге тиек етіп, жас ұрпақ тәрбиесіне, келешегіне немқұрайлы
қарауға болмайды
Жалпы балабақша басты назарда адамгершілік, эстетикалық
бағыттағы тәрбие түрін ұстанады. Балабақшаның Сорос-Қазақстанның Тәй-тәй
басқан балбөбек бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін қазақ тобына осы
бағытта көптеген шаралар үзбей өтіп тұрады. Осындай шаралардың нәтижесінде
желектеп өсіп келе жатқан жас ұрпақтың күн санап заманға сай саналы болып
өсуін, ой-өрісінің жетілуі қадағаланып отырады.
Өзіндік ұлттық жоралғыларға да байланысты тілімізде көптеген
термин сөздер қалыптасқан оларға тоқталып өтер босақ :
Жөн – жоралғы – ұлттық сый- сыяпат белгілері,
Рәсім – салт- дәстүрлердің игі іс - әрекеттегі бір көрінісі
Рәміз – этностық (ұлттық, тайпалық, рулық, ұжымдық, т.б) белгілер
мен жоралғылар;
Ырым – жақсылыққа (игілікке) құштарлық, жақсылыққа жету ниетімен
жасалған әрекет, игі, сенім.
Тыйым- жамандыққа қарсы жасалынатын әрекет, тәлім – тәрбиелік заңды
нұсқау, тәртіптілікке үйрету,
Обал - әрбір заттың, тіршіліктің қадірін білу оның бағасын ардақтап
аялау, олай болмаса обал (аянышты болатынын сезіну;
Сауап – игілікті нәрсеге, кіріптарлыққа қарт адамға жан -
жануарларға жақсылық жасауды міндет санап, ол міндетті орындау;
Ар – қасиетті сезім; жеке тұлғаның қозғаушы күші (Жаным арымның
садағасы дейді қазақ);
Намыс – арлы адамның намысы ата- тектік, ұжымдық, рулық,
Бесік жыры – тұрмыс – салт әуендерімен айтылатын бесік жыры
бөбекті жұбату үшін және оған тілек айту үшін ғана шығарылған емес. Ең
әуелі ырғағы бесіктің тербелісіне сәйкес келетін сабырлы екпінді
айтылатын қоңыржай әуен бөбектің сезім мүшелері арқылы оған сүйкімді,
сүйсінерлік әсер етеді.
Екіншіден , баланың келешегіне үміт арта отырып, тілек айта отырып,
оны жұбатушы ана болашақтың шамшырағы мен нұрсәулесінее қуат алғандай
әсерленеді.
Үшіншіден, ата – ана жатқа айтқан тілектерді тілі шыққан балдырғандар
да жаттап, әр тілі дамиды, әрі сол сөздермен тәлім алады.
Беташар – қазақ халқының келін түсіру салтанаты кезінде, келінді
құрметтеп, оған тәлім бере айтылатын дәстүрлі жыр.
Қазақ халқының балаға байланысты рәсімдері туралы бұрын – соңды
көптеген зерттеулер жүргізіліп, бірсыпыра кітаптар жазылды. әсіресе,
осы мәселеге байланысты ұлтымыздың бай салт – дәстүрлері мен әдет –
гұрыптары Х.А.Арғынбаевтың еңбектерінде терең қамтылып, ғылыми тұрғыда
жан – жақты айқындалған. Нақты айтқанда, бұл жұмыстарда Қазан төңкерісіне
дейінгі қазақтың отбасы мен неке формалары, әр түрлі жөн – жорағылар,
сондай – ақ қазіргі қазақ отбасы мен некелік қатынастары этнографиялық
тұрғыда жан – жақты сипатталады.
Қазақтың қоғамдық психологиясын әр түрлі ырым – жоралар арқылы да
пайымдауға болады. Дәстүрлі тыйымдар сияқты ырымның да себеп салдары
нақтылы өмірлік тәжірибемен көбірек байланысты болып келеді. Қазақта
ырымшыл қазақ деп келетін сөз тіркесі бар. Яғни ырымның күнделікті өмір
салтта мейлінше мол қолданылатын мегзейді. Немесе кедей ырым етеді, ырым
қырын кетеді дейтін мәтел сөз бар. Мұнан ырымның жақсы ниетпен
туындайтынын аңғаруға болады.
Қазақ халқында бала не қыз дүниеге келсе, қыз туса үйге тұтқа
болсын деп кіндігін от орнына көмеді. Ұл туса түзге тұтқа болсын, елдің
қорғаны болсын деп кіндігін алты қырдан асырып тастайды.
Жаңа туған нәрестені ауыздандырарда жеті жұрттың тілін білсін
десе сауысқаннның тілімен, күйші болсын десе домбыраның құлағымен, бай
болсын десе қойдың құйрығымен ауыздандырады.
Қаз басып жүре бастаған баланың тұсауын кесерде үш түрлі тілекпен
кеседі. Бірінші баланың тұқымы өсіп - өнсін, шөптей көп болсын десе,
аяғын шөппен тұсап кеседі. Екінші, малды, майлы болсын деп аяғын тоқ
ішекпен тұсап кеседі. Үшінші, адал болсын, біреудің ала жібін аттамайтын
шыншыл болсын деп, баланың аяғын ала жіппен тұсап кеседі. Ала жіп
алдалдықтың белгісі.
Жалпы айтқанда ырым - халықтың сенімі мен ақ ниетінен, шын
көңілінен туған ұлттық ерекшеліктің бір саласы. Ол халық мінезі мен әдет-
ғұрпы мен біте қайнаған сөйте тұра кейде халқымыз Қазақ ырым етеді,
ырымы қырын кетеді деп те айтып жібереді. Бұл сөз – ырымның бәрі бірдей
орындала бермейтінін ескертеді деп түсіну керек.
Ұлттық тәрбие- ата – ананың баланы адамдық қасиеттер негізінде
баулуы. Ағайындылардың өзіндік орнының сыйлануы - отбасының салты.
Бауырлардың бір - біріне құрметі, сүйіспеншілігі осы жолмен өркен жаяды.
Қазақ елі тәуелсіздік алып дербестік жолына түскен бүгінгі таңда
қазақ халқының болашағы үшін жаны күйетін әрбір ер азамат өзінің
шаңырағын биіктеп, отбасында отаншылдық, ұлт жандылық тәрбиесін жетілдіру
жолында құлшынып, айрықша көңіл бөлгендері жөн. Ол – борыштары. Сондай
табанды әрекеттер арқылы ғана халқымыздың салт – санасындағы өшкіндеген
жұлдыздары қайта жанады. Ұлттық тәрбиеннің мұраты да сол.
Бұл дәстүрлерді мысал ретінде келтіруіміздің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу өнері арқылы адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛА ТӘРБИЕСІ
Балалардың еңбек әрекетін жоспарлау
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекетін бейнелеу өнері арқылы дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың рухани - адамгершілік дамуын талдау
Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесін беру әдістемесі
Балабақша тәрбие бағдарламасының ерекшелігі мен қазіргі кезде қолдану жағдайын теориялық тұрғыдан негіздеу
Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулудағы
Отбасындағы баланың қарым - қатынас мәселесі
Мектепке дейінгі даярлық топ балаларын ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу
Пәндер