Ұлы ғалымдардың діни философиялық көзқарастары



Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Ұлы ғалымдардың діни философиялық көзқарастары
Ислам әлемiнде де ұқсас жағдай болған: әл-Фараби (870-950), әл-Бирұни (973-
1048), Ибн Сина (980-1037), Ибн Рұшд (1126-1198), әл-Рази (1149-1209), әл-
Кинди (800?-873), әл-Ғазали (1058-1111), әл-Матұриди (уаф. 944), әл-Әшари
(873-936) сияқты мәшһүр хакiмдерiмiз алғашқы бiлiмдерiн медреселерде, діни
лоқу орындарында алған. Олардың iшiнде Құран Кәрiмге тәфсiрлер жазғандары
да бар. Ибн Сина 10 жасқа келгенде Құран Кәрiмдi түгелдей жатқа бiлушi едi.
Сондықтан, мұсылман философтар да ойларын, хикметтi сөздерiн ислам iлiмдерi
негiзiнде қалыптастырған деп қорытынды жасауға толықтай негіз бар. Ал, бір
кезде жоғарыда есімдері аталған ұлы ойшылдарды адамзатқа сыйлаған мұсылман
әлемі неліктен артта қалды, қандай себептерге байланысты құлдырауға ұшырады
дегенді де ойластырған жөн. Нағыз ғылым мен терең ойлау жоқ жерде құр
жаттаушылық пен маймылға тән еліктеушіліктің болатыны белгілі.
Макс Вебер (1864-1920) - неміс әлеуметтанушысы, әлеуметтік философ,
тарихшы. Вебер алғаш рет капитализм тек батыста протейантизм және
кальвинизмнің тарауымен байланысты пайда болды дейді. Вебер бойынша
идеалдық тип өмір шындығын бейнелейді.. Мазмұны жағынан Вебер идеялары
қоғамдық-экономиқалық формациялар туралы маркстік ілімге қарсы бағытталған.
Вебердің"Идеалдық тип" теориясы, тарихи факторлардың "көптігі" концепциясы
және "рационалдық" идеясы мемлекеттік институттар қызметінің негізі ретінде
қазіргі әлеуметтануға, саясаттануға зор ықпал етті. "Протестанттық этика
және капитализмнің рухы" (1904-1905) еңбегінде В. өркендеп келе жатқан
капитализм мен XVII ғасырдың протестанттық құндылықтары арасындағы
байланысты көрсетеді. Вебердің  маңызды идеясы бұл елеулі экономикалық
тиімділікті алуға бағытталған  рационалдықтың, рационалды әрекет идеясы.
Бұл тенденция қоғамдық өмірдің  барлық саласын қамтиды. Ал
бұл рационалдықтың капиталистік қоғамда ең шығанағы –  бюрократия,
қоғамды бюрократияландыруға  бағытталған  тенденция саналады.
Батыс социологиясының дамуында сонымен  қатар, веберлік
дін әлеуметтенуы  үлкен рөл ойнады. Оның пәні болып 
батыс еуропалық капитализмнің  құрылуында протестанттық шаруашылық
этиканы зерттеу болады.
Спенсер Герберт (27.4.1820, Дерби, – 8.12. 1903, Брайтон) – ағылшын
философы және социологы, позитивизмнің негізін салушылардың бірі. Спенсер
дің философиялық көзқарасы О.Конттың, Д.Юмның, Дж.Милльдің әсерімен
қалыптасты. Спенсер дүниедегі құбылыстарды білгенімізбен олардың мәнін
танып, жете алмаймыз деді. Оның дәлелдеуінше кез келген ғылым ұғым қарама-
қайшылыққа толы, сондықтан да түсініксіз. Ғылым жеке тұлғаның тәжірибесіне
немесе жалған негізге сүйенгендіктен құбылыстардың ішкі мәніне бойлай
алмайды деп білді. Объективті дүниені танып-білуге болмайды деген ұйғарым
діни көзқараспен сабақтасып жатуынан, Спенсер дің ғылым мен дінді
ұштастыратыны көрінеді. Спенсер дің ілімінде агностицизм объективті
идеализм элементтерімен ұштасып жатады. Спенсер дің эволюц. тұжырымдамасы
оның әлеум. көзқарасымен қоғамның органик. теориясы деп аталатын іліміне
негіз болды. Спенсер социалдық құрылымға қарсы болып, төңкерісшілдікті
қоғамдық организмнің індеті деп білді.
Спенсер қоғамның екі түрін ажыратты: әскери және өндірістік.
Олардың әрқайсысында  өмір сүру күрес құралдары әртүрлі  келеді.  Қоғамның
бірінші түрі  әскери қайшылықтарға бағытталса, ал екіншісі өндірістік
бәсекеге, яғни жігер, күш, қабілеттер негізінде жеңіске  жетеді.
Осындай күрес түрі қоғам  үшін қолайлы, себебі  бұл қоғамның
интеллектуальды және моральды деңгейінің өсуіне әкеледі. Конт сияқты,
Спенсер  әлеуметтік дамудың  органикалық  үрдісіне күштеп
араласу талпыныстарын, мысалы, революцияны жағымсыз бағалады. Социализмнің
қарсыласушысы ретінде, Спенсер бұл жүйе бюрократиялық  аппараттың өсуіне
әкеледі деп дәйектеді.  Бір уақытта ол теңдік жақтасы  болып, тұлғаның
құқық еркіндігі  мен заң алдындағы теңдігімен түсіндірді.  Спенсердің
әлеуметтік қағидасы  функционализм және  құрылымдық функционализм сияқты
батыс  мектептердің қалыптасуына  елеулі әсерін тигізді.
Маркс Карл Генрих (1818, Германия, Трир қаласы — 1883 Англия, Лондон)
—19-шы ғасыр немістің экономист ғалымы, ғылыми коммунизм теориясының
іргетасын қалаушы.
Ф. Энгельспен бірге бірқатар еңбектер, алғашқы коммунистік ұйымдардың
бағдарламалық құжаттарын жасаған. Маркс пен Энгельс тәрбиемен білімді
фундаментальді қоғамдық саяси проблема ретінде қараған. Маркс
дүниетанымының қалыптасуына француз және неміс ағартушыларының, сондай-
ақ 18 ғ-дың аяғы мен 19 ғ-дың басындағы қиялшыл социалистердің идеялары
ықпал етті.  1844 ж. Ф.Энгельспен кездесті, ол Маркстың ең жақын серігіне
айналды. 
 40-жылдардың орта тұсынан бастап Маркс капиталистік қоғамды зерттей
келе жаңа идеяның негізін қалады (қ. Марксизм). Ол тарихты материалистік
тұрғыдан түсіндірді (тарихиматериализм), қосымша құн
теориясын жасады, пролетариат төңкерістері нәтижесінде капитализм нің сөзсіз
құлайтындығы туралы түсінікті қалыптастырды. М-тың идеялары 19 — 20 ғ-
ларда қоғамдағы әлеум. өзгерістерге айтарлықтай әсерін тигізді. Эмиль
Дюркгейм (1858-1917) -
француз әлеуметтанушысы, саясаттану шысы. Дюркгейм негізінен ұжымдық са на
рөлі, оның әртүрлі формаларын зерттеген. Ол өз тұжырымында
әлеуметтік шындықтың ерекше және тәуелсіз принципіне сүйенді.
Осы қағидатқа сүйене отырып, ол
қоғамды индивидтерден моральдық жән е күштік (физический) тұрғыдан жоғары
қойды. Келесі ынтымақтастық - ең жоғаргы моральдық принцип ретінде
қарастырылды.  Ол негізінен, үжымдық  сананың, оның әр алуан пішімдерінің
(діннің, ахлақтың, құқықтың) рөлін зерттеді.
Әлеуметтануды адам туралы ғылымдард ың  арасында жоғары бағалап, әлеуметтік  
болмыстың онтология проблемаларын  түсіндіруге аркау етті. Әлеуметтанудағы 
биологиялық және психологиялық  бағыттың редукциялык әдістеріне
қарсы шықты. Дюркгеймнің пікірінше,   адам дегеніміз - жекеше және 
әлеуметтік қасиеттерді бойына  жинақтаған екіүдай шындық (homo duplex),
әсіресе, соңғысы адам болмысында  басымдық иеленеді. Міне, сондықтан 
қоғам индивидтердің алуан түрлі  өзара байланыстарының нәтижесінде 
пайда бола отырып, даралықган  тыс және даралықган үстем 
болмысты құрайды.  Дюркгейм философ иялық 
мәселелердің барлығын әлеуметтану  ілімі тұрғысынан шешуге талпыңды.
Протестантизм дінінің бастаушысы Кальвин испандылық дәрігер Серветті
адам денесінде қан айналымы болатынын ашқаны үшін тірідей екі сағат
шыжғытып өлтіртті. Сондай – ақ, инквизиция Джордано Бруноны (1548 – 1600)
Рим алаңында тірідей өртеп өлтірді. Ол: “Не табиғаттың өзі – Құдай, не
Құдай – заттардың өз ішінен ашылған құдіретті күш”, деді. Олай болса,
Джордано Бруно табиғаттан тыс, одан жоғары тұрған Құдай жоқ. Жаратушының
өзі – сол табиғат деп, Құдайды аспаннан жерге түсірді. Бұл өте қауіпті
тұжырым болатын – ды. Өлер алдында Джордано былай деп өсиет
қалдырды:“Мейлі, мені өртеп өлтірсін, бірақ менің өлімім адам баласын
жарқын болашаққа апаратын жолдарға тосқауыл бола алмайды”.
Николай Коперник (1473- 1543) өлім табытына жатар алдында: “Бәрібір жер
айналып тұр” деген екен. Ол кезінде ғылымда Жер Күнді айналып қозғалатын
дәлелдеп, гелиоцентрлік жаңалық ашты. Пантеистік, натурфилософиялық
бағыттың негізін Николай Кузанский (1401- 14665)салды. Ол философияның
негізгі мәселесін идеалистік түрғыдан шешті. Дүниенің бәрін, адамды да
Құдай жаратты, деді, бірақ пантеистік пікірді дамыта отырып, сайып
келгенде, ол Жаратушының рөлін жоққа шығарды. өйткені, пантеизм Құдайды
табиғатпен алмастырды. Ол кеңістіктің шнгі бар, дүниенің жаратылған уақыты
бар деген схоластикалық  діни  пікірге күмән келтірді, дүниенің шексіздігін
уағыздады. Таным алдымен сезімнен басталады, одан соң оны ойлаумен
толықтырады. Бұл екі процесс ұдайы бірлікте, сана (интеллект) бәрінен
жоғары тұрады деп есептеледі.

Материализм философиясының өкілдерінің бірі Ф.Бэкон (1561-1626) -
ағылшын философы, алғашқы болып өзінің философиясының ядросы етіп
тәжірибелік білімді қойды. Ф.Бэкон “білім - күш” деген девиз тастады..
Ф.Бэконның пікірі бойынша, адамдар даналықпен атақ, даңқ үшін емес, төмен
пиғылмен емес, өмірге пайда және табыс әкелу үшін айналысуы керек. Ф.Бэкон-
материалист,сондай-ақ, ол-эксперименттік ғылымдардың негізін салушы.Оның
қолданған әдістері: индукция, талдау, салыстыру, бақылау, эксперимент жасау
Оның философиясы жаратылыстану ғылымдарына сүйенді, схоластикаға,  діни ,
идалистік көзқарастарга қарсы болды. Табиғат – ғылымның объектісі. Табиғат
адамға құралдар береді. Адам осы құралдарды өзінің табиғат үстінен билігін
нығайту үшін пайдалануы керек. Бірақ табиғаттың заңдылығына бой ұсыну
арқылы оны игеру керек.
“ Ф.Бэконның айтуы бойынша, ғылым пирамидаға ұқсас. Оның негізінде
адамзат тарихы және табиғат тарихы орналасқан. Одан кейінгі қабат - физика.
Ең жоғары қабатқа жақын орналасқан қабатта метафизика орналасқан. Ал ең
жоғарғы қабатқа адамның таным қабілетінің енуіне Ф.Бэкон күмән келтіреді.
Ол философиялық және ғылыми әдістің маңыздылығына көп мән берді. Философия
мен теологияның байланысын әлсіретті (төмендетті). Ф.Бэкон табиғатқа жаңа
қатынасты жариялады. Ақыл өздігінен үлкен күш бола бермейді. Табиғатты оған
бағыну арқылы жеңуге болады. Жаңа заман ғылымының принципі – ешқандай
беделге арқа сүйенбеу, тәжірибеге сүйену. Адасушылықтарды болдырмаудың
бірден-бір жолы - тәжірибенің көмегіне жүгіну.
Френсис Бэкон эмпиризм бағытын негіздеген болса, рационализмнің
классикалық түрін Рене Декарт қалыптастырды. Рационализм эмпиризмге қарсы
бағыт. Рационализм нағыз білімді тәжірибеден алу мүмкін емес деп есептейді.
Декарттың рационализмі себептілік принципіне негізделген. Себептілікті
мойындайтын ілімді детерминизм деп атайды. Жалпы детерминизм теориялық
модельдің негізі болады. Декарт адамның ойлау қызметінің конструктивті
мүмкіндіктерін ашты. “Рацио” сөзін аударғанда ойлау дегенді білдіреді.
Декарттың философиясының орталығында адам, “Я”, “Мен”, “ойлай алатын зат”
тұрды. Бұл зат күмәнданады, терістейді, аз да, көп те біледі, сезінеді.
Декарт өзінің философиясының бастамасын ойлау деп жариялады, сөйтіп жаңа
дәуірді бастады. Оның фамилиясында Карт деген сөз болғандықтан
картизианшылдық деп аталатын бағыт философияның тарихын ұластырып, тіпті
керемет байытып, әрі қарай жалғасып кете берді. Картизианшылдыққа ұлылардың
ұлылары еліктеді.
Декарт алдымен күмәндану керек дейді. Оның күмәндануы абсолютті
скептицизмнен аулақ еді. Ал егер күмәндану универсалды болса, онда
метафизиканың жаңа ғимаратын құруға негізді қайдан алуға болады? Бұл
мәселені Декарт тең құқылы екі субстанцияны енгізу арқылы шешеді: ойлау
және созылмалылық (протяжение). Субстанция – алғашқы бастау, түп негіз.
Адам табиғатынан денеге, физикалық қасиеттерге ие, бұл денелі сустанциямен
байланысты. Сондай-ақ адам рухани табиғатқа ие, бұд ойлау субстанциясымен
байланысты. Анық ақиқатты табуға “ойлаймын, яғни өмір сүремін” деген қағида
негіз бола алады, - дейді Декарт. Дүниеде бәріне күмән келтіру керек, тек
бір нәрсеге ғана күмәндана алмаймыз, ол - “ойлаймын” деген сөз. “Ойлаймын”
деген сөздің ақиқаттығы оны терістеуге болмайтығында, - деп түсіндірді
Декарт. Себебі “ойламаймын” (“я не мыслю”) деген сөз де ойлауды білдіреді.
Демек ойлаймын деген бұл жалпылыққа жатады, универсалдылық болып табылады.
Оның абсолютті ақиқат бола алуының сбебі – анықтылығында, өзінен-өзі
айқындылығында, күмәнсіздігінде. “Ойлаймын, яғни өмір сүремін” , осы тезис
арқылы Декарт сыртқы дүниенің ақиқаттығына сенімін арттыруға тырысты.
Дүниенің жабық сырларын ғылым аша алады деп есептеді. Солай десе де,
шындықтықтың бар болуының гаранты – Құдай деп білді. Декарт философияның
нақты ғылымдармен байланысын қарастырып, философия ағашқа ұқсас, оның
тамыры - метафизика, өзегі – физика, ал бұтақтары – басқа ғылымдар деп
жүйелейді. Ғылымдарды біріктіретін нәрсе – олардың ақиқатқа ұмтылуы. Ал
ақиқат әдіс арқылы алынады. Адамдар о бастан бірдей ақыл-ойға ие.
Спиноза философиясы. Бенедикт Спиноза (1632-1677) – Нидерландия елінің
философы. Спиноза 17 ғасырдағы алдыңғы қатарлы ойшылдар Ф.Бэкон мен
Р.Декарт сияқты білімнің мақсаты табиғатты игеру және адамды барынша
жетілдіру деп есептеді. Спиноза табиғат қана шын өмір сүреді, - деп санады.
Табиғат – “өзін-өзі жаратушы” субстанция (субстанция – алғашқы бастау,
түпнегіз). Субстанция мәңгі болғандықтан, өзінің сансыз көп модустары
арқылы көрініс табады. Модустар – субстанцияның түрлі күйлері мен
қасиеттері. Осындай модустардың бірі – қозғалыс. Дүниенің өз себебі - өзі
(causa sui), - деп жариялады Спиноза. Табиғат өзінің болмысы үшін ешнәрсені
қажет етпейді. “Жаратушы табиғат” ретінде ол - субстанция. Субстанциядан
шектелген жеке заттар – модустар, - деді Б.Спиноза. Субстанцияның мәнін
шексіздік ретінде 2 аспектіде ұғынуға болады:
1) созылмалық пайымы;
2) ойлау.
Спиноза қозғалысты субстанцияның атрибуты деп санады. Атрибут ажырамас
қасиет дегенді білдіреді. Спиноза Декарттың дуализмін сынады, сөйтіп
біртұтас субстанция (монизм) ілімін жасап шығарды.
Жаңа заман  философиясының  тағы бір өкілі – Готфрид Вильгелм Лейбниц.
Г.В.Лейбниц (1646-1716) субстанцияның көптілігі туралы ілім ұсынды. Оның
еңбегі “Монадалогия”. Монада – атом сияқты бөлшектер, жеке өмір сүретін
субстанциялар. Монада қарапайым, бөлінбейді, материалдық емес. Монада жан
бола алады, егер онда сезім бар болса, рух бола алады, егер онда парасат
бар болса. Бөлінбейтін монадалар бүткіл табиғаттың мәнін құрайды. Дүние
монадалардан құралады, - деп есептеді Лейбниц. Монадалар саналық
деңгейлеріне байланысты ерекшеленеді. Құдай – абсолютті саналы монада, онда
бейсаналық мүлдем қалмаған.
Томас Гоббс “Левиафан” атты еңбек жазды. Механикалық,  метафизикалық 
материализмге үлесін қосты. “Война всех против всех” деген қағидасымен
танымал болды. Барлығының барлығына қарсы күресі адамдар арасындағы табиғи
жағдай, оны реттеу үшін адамдар шартқа, келісімге отырады, - деп есептеді
Гоббс. Т.Гоббс пен Дж.Локк қоғам мен мемлекеттің пайда болуын рационалды
түсіндірмек болды, адамның абстрактылы-теориялық анықтамасын  бермек 
болды.

Классикалық неміс философиясының негізін салушы И.Кант (1724-1804)
болды. Өзінің творчестволық қызметінің бастапқы кезеңінде И.Кант
жаратылыстану мәселелерін зерттеп, оларды материалистік тұрғыдан шешті.  
И.Кант даулист болды, өйткені ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әл-Фараби- ғалым-энциклопедист
Философские трактаты
. Әл-Фараби жайлы
Ислам философиясының Батыс христиан және яхуди философиясына әсері маңызды болды
Ғылымның филоосфиялық мәселелері
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ МӘДЕНИЕТІ
Фарабидің астрономия мен астрология жөніндегі еңбектері
Тіл білімі
«Сәләфизм» ағымы туралы
Адамзат қоғамын рухани дамытудағы философияның рөлі
Пәндер