Ежелгі мектептер


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Ежелгі мектептер

Белгілі бір қоғамда тобыр болып өмір сүру - адамзат қауымында ежелден қалыптасқан қағида. Әрбір топ, әрбір тайпа асқақ мақсат пен адал армандарына бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара отырып ұмтылған.

Тайпа мен оның құндылықтарын сақтау және болашақ атты ұлы кемені өздері жүргізе алу үшін үлкендерге өз балаларын көп нәрсеге үйрету қажет болды. Ал буыны қатаймаған жасөспірімдерге ата-бабалары аманат еткен салт-дәстүр мен еңбекті сақтау мақсатында білімдерін жетілдіру маңызды еді. Сондықтан «мектеп» деген асқақ ұғымнан бұрын «білім алу» идеясы дүниеге келген.

Күнделікті отбасындағы тәлім-тәрбие бұл олқылықтың орнын толтыра алмағандықтан, жаңа жүйе ойлап табылды. Ол - мектеп еді.

http://www.massaget.kz/userdata/uploads/u51387/8ab6ec82188e.jpg

Тарих беттерін қанша рет ақтарсақ та, ең алғашқы мектептің қашан пайда болғандығын анықтай алмаймыз. Біздің бір білетініміз, осыдан бес немесе алты мың жыл бұрын Египетте, сондай-ақ Қытайда және тағы бірнеше мемлекеттерде мектептер болған. Грек және Рим мектептері - бүгінгі заманауи мектептер мен колледждердің ең негізгі бастаулары болып табылады.

Бастапқы кезеңдегі білім беру жүйесі бойынша, бір ұстаз бір ғана шәкіртті оқытатын болған. Ділмарлар мен философтар шәкірттеріне физика, математика, биология саласындағы жаңалықтарды жеткізу үшін бүгінгідей сыныптарда оқытпай, әр түрлі мекендерге саяхатқа шығаратын болған екен.

Әлемдегі ең тұңғыш ұстаз - грек философы Платон тұңғыш рет "академия" деп аталатын білім ордасын ұйымдастырған. Сондықтан да, Платонның ағарту саласында есімі ерекше аталады. Академияның білім беру уақыты 3-4 жылға созылған көрінеді.

Ежелгі мектептер жауынгерлер шынығатын немесе шерулер өткізетін ашық алаңдарда орналастырылған. Бұл алаңқайлардың атауы - гимназиялар еді. Кейіннен атақты Аристотель өз мектебін құрып, оған "лицей" деген атау береді.

Бір қызығы қаншама ғасыр өтсе де, Аристотель мен Платон таққан атаулар өз қалпында сақталып келеді: мектепті Германияда - гимназия, Францияда - лицей, Шотландияда - академия деп атайды. Мұндай атаулар өз елімізде де қолданылады.

http://www.massaget.kz/userdata/uploads/u51387/school1.jpg

Жоғарыда аталған алғашқы мектептердегі сабақтар ауызша өткізілетін болған. Шамамен б. з. д. 250 жылдары ежелгі гректер оқушыларды грамматикаға оқыту керектігін түсініп, жаңа жүйені қолға алады. Уақыт өте келе, Римдіктер египеттіктердің өзгертулерін қолдап, өздері де сол жүйені қабылдайды.

Ол кездегі оқушылар мен бүгінгінің оқушыларының ешбір айырмашылықтары жоқ десе де болады: олар да біз секілді таңертең ерте тұруға қиналатын, тапсырмаларды орындауда ерінетін, мектеп заңдарына бағынатын. Ең сорақысы, жалқаубектер мен тіл алмайтындарды шыбықпен соғатын болған.

ХVIII ғасырда ағарту жүйесі әлемде толықтай қолдау тапты. Адамдар білімнің адам мен қоғамды өзгерте алатын құдіретке ие екендігін мойындап, әрбір ата-ана өз перзенттерін «мектеп» кемесіне отырғызатын болды.

Бүгінде әлемнің түкпір-түкпірінде тарыдай бөбекті қабылдап, таудай тұлға тәрбиелеп шығаратын білім ордалары бірінен соң бірі бой көтеріп келеді.

Ертедегі Шығыста алғашқы таптық қоғам пайда болды, материалдық және рухани мәдениеттің негіздері қаланды. Шығыс мәдениеті белгілі дәрежеде ертедегі Греция мен Рим мемлекеттеріне әсерін тигізді. Ертедегі Шығыс елдерінде арнаулы мекемелер (мектептер) бірте-бірте ашыла бастады. Ал мектептерде негізінен үстем тап өкілдерінің балалары оқыды.
Ертедегі Индияда мектеп ашыла бастады. Мыңдаған жылдар бойы қарапайым жер шаруашылығымен айналысатын қауымдардың ұйымдастыруымен қауымдық мектеп өмір сүрді.

Сонымен қатар Кіші Азияда және Египетте мектептер дами бастады. Адамдар табиғат құбылыстарына бақылау жүргізе бастайды, су тасқынын алдын-ала анықтауды үйренеді, астрономия, геометрия, арифметика, медицина сияқты ғылымдардың негіздері қалана бастады. Осы мәліметтердің барлығы үстем тап өкілдерінің қолында жинақталған.
Ертедегі Қытайда төменгі және жоғары мектептер жұмыс істейді. Жоғары мектептерде үстем тап өкілдерінің балалары күрделі пероглиф тәсілімен оқуға және жазуға үйренді, философия және мораль жазушылар мен ақындардың шығармаларыноқып үйренді. Онда астрономиядан кейбір мәліметтер берілді. Ертедегі қолжазбаларда (Қытай, Индия, Мысыр және т. б. ) тәрбие туралы мұғалім мен тәрбиеге қойылатын талаптартуралы құнды ойлар кездеседі. Бұл мектептерде қатаң тәртіп, дене жазалауды кеңінен қолданылады.

Ертедегі Шығыстың, Греция мен Римнің құлиеленуші мемлекеттерінде тәрбиенің алғашқы жүйелері қалыптаса бастайды, алғашқы педагогикалық теориялар дүниеге келеді.

Ертедегі Египетте мектепте оқыту туралы алғашқы мәліметтер б. э. дейінгі 3 мың жылдықтарға жатқызуға болады. Мыңдаған жылдар бойы Нил сағасында белгілі психологиялық жеке тұлға қалыптасты. Ертедегі египеттіктердің идеялы көзге сараң, дағдырдың қиындығы мен соққысына шыдай білетін, табанды адам болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық мамандық және оның қоғамдағы орны
Педагогика тарихы курсының мазмұны
Шетелдер мектебі педагогикасының тарихы
Ежелгі Грециядағы білім беру ісінің дамуы
И. Г Песталоццидің, Ф. А. В Дистервегтің педагогикалық теориясы мен тәжрибесі
Педагогика тарихы пәнінен лекция тезистері
Ежелгі дүниедегі мектеп және тәрбие
Көне дүниедегі мектеп және тәрбие, оқыту
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚ
Тәрбие және мектептің пайда болуы, құлдық қоғамдағы педагогикалық ойлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz