Ұялы телефондардың зияны



Жоспар:

1. Кіріспе

2. Ұялы телефондардың зияны

3. Ұялы телефонынан қорғану жолдары

4. Қорытынды
Кіріспе

Заман ағымына қарай бүгінде екі адамның бірінде ұялы телефонның жүргені белгілі. Рас, оның ішінде не керектің бәрі бар. Мәселен: сағат, күнтізбе, есептеуіш, сурет пен видеоға түсіру, есте сақтау, қалаған өлеңді жазып алу, тыңдау және басқасы. Шынымен қазір осы бір кішкентай заттың көмегінсіз ешнәрсе шеше алмайсыз. Ең кішісі, керек адамыңызды да қаланы шарламай-ақ, осының көмегімен тауып аласыз.
Әрине, мұны шығарған адамдар оны әу баста ел игілігі, байланыстың тиімділігі үшін ойлап тапқан ғой. Ал біздің қазекемдер, жасыратыны жоқ, осынау алақанға сиып кететін қалтафонды есін білмейтін жас балаларға ойыншыққа беріп қояды. Оны ұстаған бала алдымен аузына салады, жалайды. Ал оның іші-сыртында бала саулығына зиян келтіретін заттар да баршылық қой. Меніңше, мұны барша ата-ана ойлауы керек.
Көптің пікіріне сүйенсек, телефон, ең алдымен, байланыс, яғни сөйлесу құралы. Бірақ, неге екенін білмедік, көптеген бала-шаға оны ойын, уақыт өткізу құралына айналдырып алған. Осылайша олардың бар уақыты осы телефонмен өтеді. Шыны керек, тәулігіне 24 сағат болса, олар соның 12-13 сағатын осы қалтафонмен өткізеді. Мектеп оқушыларының біразы дерлік оны сабақ үстінде пайдаланады: музыка тыңдайды, клип көреді, кейде сондағы әуенге елітіп, ұйқылы-ояу, маужырап отырады. Ал сергек отырғандарының өзі бір-біріне “хат” жазып, сабаққа тіпті де көңіл бөлмейді. Бұл тірлік, өкінішке орай, үйге келген соң да қайталанады.
Қалта телефонының және бір еліктіргіш тұсы – ұялы агент. Онымен қазір бәрі шұғылданады. Бұл агентке компьютермен де, кішкентай телефоныңызбен де кіруге болады. Сиқыры күшті оған қосылған жан бір кірсе, шыға алмайды. Өйткені, агенттен дүние жүзінің барлық адамымен танысуға болады. Осы турасында танысымнан естігенімдей, бір сыныпта 26 оқушы болса, оның 12-сі сабақтың үстінде агентте отырады екен. Сондағы бар жазатындары – бір-бірімен танысу. Мұғалім 45 минут бойы жаңа тақырыпты түсіндіріп әлек болып жатса, оқушы бала партаның астынан ұялы телефон арқылы агентте отырады. Бірақ оны мұғалімдер көрмейді әрі сезбейді. Міне, көрдіңіз бе, титімдей телефонның қаншама нәрсеге залалын тигізіп отырғанын.
Байғұс ата-ана бар жиған-тергенін баласының аузына тосып, одан қалса телефонды несиеге әпереді. Онымен қоймай, ай сайын ішіне ақшасын да салып отырады. Сонда бұл кімге пайда, кімге зиян? Біздіңше, баршылыққа салынып, жас баланы қымбат заттарға әуес етпеу керек. Біріншіден, ол баланың мінезін өзгертеді, екіншіден, сабақтан қалдырады, үшіншіден, менмендікке әкеледі.

Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1. Кіріспе
2. Ұялы телефондардың зияны
3. Ұялы телефонынан қорғану жолдары
4. Қорытынды

Кіріспе

Заман ағымына қарай бүгінде екі адамның бірінде ұялы
телефонның жүргені белгілі. Рас, оның ішінде не керектің бәрі бар. Мәселен:
сағат, күнтізбе, есептеуіш, сурет пен видеоға түсіру, есте сақтау, қалаған
өлеңді жазып алу, тыңдау және  басқасы. Шынымен қазір осы бір кішкентай
заттың көмегінсіз ешнәрсе шеше алмайсыз. Ең кішісі, керек  адамыңызды да
қаланы шарламай-ақ, осының көмегімен тауып аласыз.
Әрине, мұны шығарған адамдар оны әу баста ел игілігі,
байланыстың тиімділігі үшін ойлап тапқан ғой. Ал біздің қазекемдер,
жасыратыны жоқ, осынау алақанға сиып кететін қалтафонды есін білмейтін жас
балаларға ойыншыққа беріп қояды. Оны ұстаған бала алдымен аузына салады,
жалайды. Ал оның іші-сыртында бала саулығына зиян келтіретін заттар да
баршылық қой. Меніңше, мұны барша ата-ана ойлауы керек.
Көптің пікіріне сүйенсек, телефон, ең алдымен, байланыс, яғни
сөйлесу құралы. Бірақ, неге екенін білмедік, көптеген бала-шаға оны ойын,
уақыт өткізу құралына айналдырып алған. Осылайша олардың бар уақыты осы
телефонмен өтеді. Шыны керек, тәулігіне 24 сағат болса, олар соның 12-13
сағатын осы  қалтафонмен өткізеді. Мектеп оқушыларының біразы дерлік оны
сабақ үстінде пайдаланады: музыка тыңдайды, клип көреді, кейде сондағы
әуенге елітіп, ұйқылы-ояу, маужырап отырады. Ал сергек отырғандарының өзі
бір-біріне “хат” жазып, сабаққа тіпті де көңіл бөлмейді. Бұл тірлік,
өкінішке орай, үйге келген соң да қайталанады.
Қалта телефонының  және бір еліктіргіш тұсы – ұялы агент.
Онымен қазір бәрі шұғылданады. Бұл агентке компьютермен де, кішкентай
телефоныңызбен де кіруге болады. Сиқыры күшті оған қосылған жан бір кірсе, 
шыға алмайды. Өйткені, агенттен дүние жүзінің барлық адамымен танысуға
болады. Осы турасында танысымнан естігенімдей, бір сыныпта 26 оқушы болса,
оның 12-сі сабақтың үстінде агентте отырады екен. Сондағы бар жазатындары –
бір-бірімен танысу. Мұғалім 45 минут бойы жаңа тақырыпты түсіндіріп әлек
болып жатса, оқушы бала партаның астынан ұялы телефон арқылы агентте
отырады. Бірақ оны мұғалімдер көрмейді әрі сезбейді. Міне, көрдіңіз бе,
титімдей телефонның қаншама нәрсеге залалын тигізіп отырғанын.
Байғұс ата-ана бар жиған-тергенін баласының аузына тосып, одан
қалса телефонды  несиеге әпереді. Онымен қоймай, ай сайын ішіне ақшасын да
салып отырады. Сонда бұл кімге пайда, кімге зиян? Біздіңше, баршылыққа
салынып, жас баланы қымбат заттарға әуес етпеу керек. Біріншіден, ол
баланың мінезін өзгертеді, екіншіден, сабақтан қалдырады, үшіншіден,
менмендікке әкеледі.

Ұялы телефондардың зияны

Қазір ұялы телефондар оятқыш сағаттарды нарықтан қуып
жібермегенмен, біраз ысырып тастады. Адамдарды жұмыстан, балаларды сабақтан
қалдырмай, оларды ұйқыдан оятатын болды. Тіпті, ең арзан саналатын 4 мың
теңгенің қалтафоны қараңғыда келе жатқан адамға фонарик қызметін ұсынады.

Қазір мектеп жасындағы балалар мен жұмыста жүрген жастар ұялы
телефоннан бір елі ажырамайды. Түнде ұйықтағанда да қастарына алып жатады.
Бұрын құлаққап арқылы музыка тыңдап, жан-жағындағы әлемде шаруалары
болмаса, қазір одан зоры шықты. Олар ғаламтор арқылы мобильді агент (м-
агент) бағдарламасын ұялы телефон жадысына көшіріп алады да, әлемнің әр
түкпіріндегі әртүрлі жастағы адамдардан дос тауып, сөйлеседі. Жөні түзу
әңгіме айтса, жақсы ғой. Олардың не туралы айтып жатқанын тексеріп  жатқан
да ешкім жоқ. Әйтеуір, қалтафондары қолдарынан түспейтін болды.
Мұғалімдердің де сабақ үстінде кей оқушылардың осы кәсіппен айналысатынын
айтатынын естіп жүрміз. Мұғалімнен қорықпаған бала, әрине, үйде тіпті еркін
емес пе?
Үйінде титтей де шаруа жасамай, керісінше, қолындағы ұялы
телефоннан бас алмай отыратын балалар мен жасөспірімдерді де көріп жүрміз.
Жаңа технологияның жақсылығы сол — осы арқылы кей жастар достасып,
кездесіп, шаңырақ көтеріп те жатыр. Жамандығы жетіп артылады: ұялы
телефонның пернетақталарын басамын деп, саусақ пен қолға шамадан тыс күш
түсіп, хат келді деген белгіні күтіп, осы кездегі желідегі
келеңсіздіктерден жүйке де жұқарады, магнитті өрістер де әлсіретеді.
Осылайша балалар мен жастар дертке шалдығады.
Дәрігер мамандардың мәлімдеуінше, Еуропада жүргізілген
зерттеулер ең аз дегенде он жылдан бері ұялы телефон қолданған адамдарда
кейбір ми рагының кездесу жиілігінің артқанын көрсетіпті. Осы мәселемен
бірге ДНК-дағы өзгерістер, жүйке жасушаларындағы өзгерістер, мидың жұмысы
мен ұйқыдағы өзгерістер секілді аурулар да бар. Мәлімдемеде Алайда әуе
кеңістігіндегі сигналдардың бөлінуі үшін қала орталығы секілді көп адам бар
жерлерде төмен деңгейлі сигнал станциясы құрылуы керек. Байланыс әуе жолы
арқылы болғандықтан сигнал төңірекке тарайды және жандыларға міндетті түрде
әсер етеді деп жазылды. Анкара дәрігерлер палатасынан жасалған
мәлімдемеде былай делінген Еуропада жүргізілген зерттеулер ең аз дегенде
он жылдан бері ұялы телефон қолданған адамдарда кейбір ми рагының кездесу
жиілігінің артқанын көрсетті. Мәлімдемеде ұялы телефон және оның
станцияларының мектептің ауласына, бала бақшалар, ауруханалар, саябақ
секілді әлеуметтік тұрмыс мекендеріне құрылмауы керек екені айтылды. Анкара
дәрігерлер палатасы мәлімдемесінде ұялы телефондар мен олардың
станцияларының адам денсаулығына әсерінің кабельсіз байланыс жүйелері
құрылғалы бері талас болып келе жатқанына назар аударылды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұялы телефондардың алып келетін зардаптары
Ұялы телефондардың тарихы
Ұялы телефон
Компьютермен жұмыс істегендегі қауіпсіздік. ұялы телефон қауіпсіздігі
Ақпараттық Коммуникациялық Технологияның пайдасы мен зияны
Телефонның шығу тарихы
Ақпараттық Коммуникациялық Технологияның пайдасы мен зияны туралы
Телефонның пайдасы мен зияны
Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны
Жай ұялы телефон смартфон
Пәндер