ҚР-дағы сот билігі



Жоспар: 1 Сот жүйесі
2 Аудандық сот
3 Облыстық сот
4 Жоғарғы Сот
СОТ ЖҮЙЕСІ

1. Қазақстан Республикасының сот жүйесін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және Қазақстан Республикасының Конститутциясына және осы Конститутциялық заңға сәйкес құрылатын жергілікті соттар құрайды.
2. Жергілікті соттарға мыналар жатады:
1) облыстық және оларға теңестірілген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары, мамандандырылған сот-Қазақстан Республикасы Әскерлерінің Әскери соты және басқалар );
2) аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық , ауданаралық , мамандандырылған сот-гарнизонның әскери соты және басқалар ):
3.Қазақстан Республикасында мамандандырылған (әскери, экономикалық, әкімшілік, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және басқа) соттар құрылуы мүмкін.
4. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергілікті соттардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы мен өзінің атауы бейнеленген мөрі болады.

Сот жүйесінің бірлігі

Қазақстан Республикасының сот жүйесінің бірлігі:
1) Конститутцияда , осы Конститутциялық заңда, іс жүргізу және өзге де заңдарда белгіленген, барлық соттар мен судьялар үшін ортақ және бірыңғай сот төрелігі мен принциптерімен;
2) сот билігін барлық соттар үшін сот ісін жүргізудің заңдарға белгіленген бірыңғай нысандары арқылы жүзеге асырумен;
3) Қазақстан Республикасының барлық соттарының қолданыстағы құқықты қолданумен;
4) заңдарда судьялардың бірыңғай мәртебесін баянды етумен;
5) заңды күшіне енген сот актілерін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында орындаудың міндеттілігімен;

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар: 1 Сот жүйесі
2 Аудандық сот
3 Облыстық сот
4 Жоғарғы Сот

СОТ ЖҮЙЕСІ

1. Қазақстан Республикасының сот жүйесін Қазақстан Республикасының
Жоғарғы Соты және Қазақстан Республикасының Конститутциясына және осы
Конститутциялық заңға сәйкес құрылатын жергілікті соттар құрайды.
2. Жергілікті соттарға мыналар жатады:
1) облыстық және оларға теңестірілген соттар (Республика астанасының
қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары,
мамандандырылған сот-Қазақстан Республикасы Әскерлерінің Әскери соты және
басқалар );
2) аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық , ауданаралық ,
мамандандырылған сот-гарнизонның әскери соты және басқалар ):
3.Қазақстан Республикасында мамандандырылған (әскери, экономикалық,
әкімшілік, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және басқа) соттар
құрылуы мүмкін.
4. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергілікті соттардың
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы мен өзінің атауы
бейнеленген мөрі болады.

Сот жүйесінің бірлігі

Қазақстан Республикасының сот жүйесінің бірлігі:
1) Конститутцияда , осы Конститутциялық заңда, іс жүргізу және өзге де
заңдарда белгіленген, барлық соттар мен судьялар үшін ортақ және бірыңғай
сот төрелігі мен принциптерімен;
2) сот билігін барлық соттар үшін сот ісін жүргізудің заңдарға
белгіленген бірыңғай нысандары арқылы жүзеге асырумен;
3) Қазақстан Республикасының барлық соттарының қолданыстағы құқықты
қолданумен;
4) заңдарда судьялардың бірыңғай мәртебесін баянды етумен;
5) заңды күшіне енген сот актілерін Қазақстан Республикасының бүкіл
аумағында орындаудың міндеттілігімен;
6) барлық соттарды тек қана Республикалық бюджет есебінен
қаржыландырумен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасындағы соттар қызметінің тәртібін және
судьялардың мәртебесін белгілейтін заңдар
Қазақстан Республикасындағы сот құрылысы мен судьялар мәртебесі ,
сондай-ақ сот төрелігін іске асыру тәртібі Қазақстан Республикасының
Конститутциясымен , осы Конститутциялық заңмен жне басқа да заң актілерімен
белгіленеді.

Аудандық және оларға теңестірілген соттар
Аудандық және оларға теңестірілген соттарды құру

1. Аудандық және оларға теңестірілген соттарды (бұдан әрі – аудандық
соттар) уәкілетті органның Жоғарғы Сот Төрағасымен келісілген ұсынысы
бойынша Қазақстан Республикасының Президенті құрады, қайта ұйымдастыралы
және таратады.
Қазақстан Республикасының Президенті бірнеше әкімшілік- аумақтық
бірліктерде бір аудандық сот немесе бір әкімшілік –аумақтық бірлікте
бірнеше аудандық сот құруы мүмкін.
2.Аудандық соттар үшін судьялардың жалпы санын уәкілетті органның ұсынысы
бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
3. Әрбір аудандық сот үшін судьялардың санын осы сот төрағасының ұсынысы
негізінде уәкілетті орган белгілейді.

Аудандық соттың құрамы

1. Аудандық сот Конституцияда және осы Конституциялық заңлы белгіленген
тәртіппен тағайындалатын төрағадан және судьялардан тұрады.
Егер аудандық сотта штат бойынша бір судья (бірқұрамды сот) көзделсе,ол
осы соттың төрағасы өкілеттігін атқарады.
2. Аудандық сотта кеңсе құрылады, оның штат санын сот төрағасымен келісе
отырып, облыс соттарының әкімшісі белгілейді.

Аудандық соттың өкілеттілігі

1. Аудандық сот бірінші инстанциядағы сот болып табылады.
2. Аудандық сот:
1) өзінің қарауына жатқызылған сот істерін және материалдарын қарайды.
2) сот статистикасын жүргізеді;
3) заңда көзделген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

Аудандық соттың төрағасы

1.Аудандық соттың төрағасы судья болып табылады және судья міндеттерін
атқарумен қатар:
1) сот судьяларының сот істерін қарауын ұйымдастырады;
2) соттың кеңесіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
3) азаматтарды қабылдауды жүргізеді;
4) судья лауазымына кандидаттардың тағылымдамадан өтуін ұйымдастырады;
5) сот статистикасын жүргізу мен талдауды ұйымдастырады;
6) өкімдер шығарады;
7) заңда көзделген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады;
2. Аудандық соттың төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда осы сот
төрағасының өкімі бойснша төраға міндеттерін атқару осы сот судьяларының
біріне жүктеледі.
Бірқұрамды сот төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда оның міндетін
атқару аумақтық уәкілетті орган басшысының ұсынысы бойынша облыстық сот
төрағасының өкімімен басқа соттың судьяларының біріне жүктеледі.

Облыстық және оларға теңестірілген соттар
Облыстық және оларға теңестірілген соттарды құру

1. Облыстық және оларға теңестірілген соттарды (бұдан әрі – облыстық
соттар) уәкілетті органның Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
Төрағасымен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Респуьликасының Президенті
құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.
2 . Облыстық соттар судьяларының жалпы санын уәкілетті органның ұсынысы
бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Әр облыстық сот үшін судьялардың санын осы сот төрағасының ұсынысы
негізінде уәкілетті орган белгілейді.

Облыстық соттың құрылымы мен құрамы
1. Облыстық сот төрағадан, алқалар төрағаларынан және судьялардан тұрады.
2. Облыстық соттың органдары мыналар:
1) қадағалау алқасы;
2) азаматтық істер жөніндегі алқа;
3) қылмыстық іатер жөніндегі алқа;
4) соттардың жалпы отырысы.

Облыстық соттың өкілеттігі
Облыстық сот:
1) өзінің қарауына жатқызылған сот істерін және материалдарын қарайды;
2) сот статистикасын жүргізеді;
3) сот тәжірибесін зерделейді және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша
облыс соттарының сот төрелігін іске асыруы кезеңдегі заңдылықтың сақталу
мәселелерін қарайды;
4) облыс соттарының әкімшісі қызметін бақылауды жүзеге асырады;
5) заңда көзделген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

Облыстық сот алқалары

1. Облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі алқасы мен қылмыстық істер
жөніндегі алқасын – алқалар төрағалары, ал қадағалау алқасын сот төрағасы
басқарады.
2. Әрбір алқадағы судьялар саны сот төрағасының үсынысы бойынша жалпы
отырыста белгіленеді.
3. Қадағалау алқасы осы соттың жалпы отырысында жасырын дауыс беру арқылы
судьялардың жалпы санының көпшілік дауысымен жыл сайын сайланатын
судьяларынан тұрады.
Азаматтық істер жөніндегі алқа мен қылмыстық істер жөніндегі
алқа жалпы отырыста талқылағаннан кейін дербес құрамын сот төрағасы
белгілейтін судьялардан тұрады.
4. Сот төрағасы азаматтық істер жөніндегі алқа мен қылмыстық істер
жөніндегі алқада мамандандырылған құрам түзуі мүмкін.

Облыстық сот төрағасы

1.Облыстық соттың төрағасы судья болып табылады және судьяның
міндеттерін атқарумен қатар:
1) судьялардың сот істерін қарауын ұйымдастырады;
2) қадағалау алқасын басқарады, алқаларда сот істерін қараған кезде
төрағалық етуге құқылы;
3) қажет болған жағдайларда бір алқаның (қадағалау алқасынан басқа)
судьяларын басқа алқаның құрамында іс қарау үшін тартады;
4) облыстық соттың жалпы отырысын шақырады және оған төрағалық етеді;
5) алқа төрағасы уақытша орнында болмаған кезде оның міндетін атқаруды аоқа
судьяларының біріне жіктейді;
6) облыстық соттың алқа төрағалары мен судьяларына, аудандық соттардың
төрағалары мен судьяларына қатысты тәртіптік іс қозғайды;
7) соттың жалпы отырысының ұсынысы негізінде Әділет біліктілік алқасына
судья қызметіне кандидаттың тағылымдамадан өту нәтижелері туралы
қорытынды жібереді;
8) сот статистикасын жүргізуді, сот тәжірибесін зерделеуді ұйымдастырады;
9) өкімдер шығарады;
10) соттың кеңсесіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
11) азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді;
12) заңда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сот түсінігінің теориялық негіздері жайлы
Қазақстан Республикасындағы судья мәртебесінің өзекті проблемалары
Қазақстанның сот билігінің өзекті мәселелерін анықтау
Мемлекет басқару жүйесі реформасының бесінші кезеңі
Құқықты қорғау қызметі
Қазақстан Республикасындағы судья мәртебесінің өзекті мәселелері
Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен құқық қорғау органдары
Президент тек мемлекет басшысы
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары»
Қазақстан Республикасындағы сот реформаларын талдау
Пәндер