Кене, кенелер классификациясы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Кене, кенелер классификациясы

Кенелер өрмекші тәрізділер класына жататын буынаяқтылардың бір түрі болып саналады. Өрмекші тәрізділер класында ең көп осы кенелер. Олардың 48 мынан астам түрі бар. Зоологияның кенелерді зерттейтін ғылымы акарология деп аталады.

Кенелер адамдар мен үй жануарларын зақымдайды. Ауруларды тістеу арқылы таратады. Кенелердің тарататын аурулары Акариаз деп аталады. Сондай-ақ, кенелер өсімдіктерді де зақымдай алады. Кененің тістеген кезінде адамның терісі аллергия беріп, тіпті, кей жағдайларда кене параличіне дейін ұласады. Мұндай жағдайлар тропиктік кенелердің тістеуінен болады. Төменде кенелерден пайда болатын аурулардың тізімі.

Кене энцефалиті

Туляремия

Эрлихиоз

Кене боррелиозы

Цуцугамуши безгегі

Марсель безгегі

Кенелердің көп жүретін жерлері - қалың орман мен аралас ормандардың арасы болғандықтан әркез сақ болған абзал. Олар көбінесе ағаштары қалың өскен жерлерінде және бітік шөп жамылғысы бар аралас ормандарда тіршілік етіп, көбейеді. Жолдардың жиегіне жинақталған кенелер кей жағдайда сол маңайдан өткен адамдарға шабуыл да жасайды.

Кенелердің белсенділігі ауа райына немесе тәуліктің мезгіліне тәуелді емес. Әр кезде шағуға бейім тұрады және олардың иіс сезімі жақсы дамыған. Адам мен жануарлар иісін 3-5 метр жерден сезіп, мойынға, төске, қолтық астына және шап қатпарына қадалады. Жыл ішінде кенелердің белсенділігі сэуір, мамыр және шілденің ортасына дейін және тамыз айынан қазанға дейін байқалып отырады.

Кене шағуының алдын алу шаралары:

- Орманға, қала маңайына шығарда аяққа, қолға, мойынға бүрмелі киімдер киген дұрыс. Міндетті түрде бас киім кию қажет;

  • Түрлі үркіткіш құралдарды пайдаланып, сақтанған да тиімді;
  • Серуендеп жүргенде кенеден сақтанып, абай болуды әркез жадында сақтау керек. Сыртқы және ішкі киімді шешкенде кененің бар, жоқтығын қадағалап, мұқият қарап шығып, тексеру де артықтық етпейді. Кене кездескен жағдайда оны күйдіріп жою қажет. Бүгінде біздің елімізде кенеге қарсы егу жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Оны арнайы ақылы жұмыс істейтін егу орталықтарынан да салғызуға болады. Вакцина 3 жастан бастап егіледі. Бір вакцинаның құны - 1450 теңге. Вакцинаны екі рет жасату қажет, аралары бір ай болуы шарт. Ал, кене энцефалитіне қарсы вакцина ұзақ уақыт қорғаныш болсын десеңіз, 9-12 ай өткеннен кейін үшінші вакцина салса тиімділігі арта түседі.
  • Ал, енді денеге жабысып қалған кенені көрген кезде-ақ, оны кез келген маймен майлап, сосын әрі-бері ырғап алған жөн. Кенені алып тастаған соң, орнын йодпен немесе спиртпен сүртіп, содан кейін жедел дәрігерге қаралуға міндеттісіз!

Медицинада кенені құрту үшін акарицидтер мен биологиялық әдістер қолданылады. Кенелерді зерттейтін ғылым саласы - акарология деп аталады. Кене энцефалитін дұрыс емдемегендіктен кене боррелиозы мен лайма деген аурулар пайда болады. Боррелиоздың белгісі шаққан жері сақина тәріздес болып қызырады да бөртіп кетеді. Лайма ауруының белгісі: қоңыр сарғыш қара түсті дақ пайда болып, дене қызуы төмендейді. Сондықтан кене шаққан күні дереу дәрігерге бару керек. Өз бетінше емделуге болмайды!

Жаздың қоңырсалқын күндері кенеден абай болған жөн. Көктемнің бастапқы кезінде пайда болып, аптап ыстықта жоғалып кететін кенелер, биыл шілде айында да таулы аймақтарда өріп жүр. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы 1300 дей адамды кене шақса, биыл шілде айының өзінде-ақ бұл көрсеткіш бірнеше есе артыпты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауруды жұқтыру жолы
Паразитті кенелер түрлерінің сипаттамасы
Тейлериоз індетімен күресуі
Пироплазмидоздардың эпизоотологиясы
Жарғақ қанаттылар отряды - hymenoptera
Төменгі сатыдағы жануарлар
Кенелер және ауылшаруашылық зиянкестер
Кенелер
Кенелер дара жынысты буынаяқтылар
Кенелер. Ауыл шаруашылығының зиянкестері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz