Керамограниттің өндірістік технологиясы және сипаттамасы



Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Анықтамалар------------------------ ----------------------------------- ----------------
Белгілеулер мен қысқартулар------------------------ -------------------------------
Кіріспе---------------------------- ----------------------------------- --------------------
1 Өнім номенклатурасы--------------------- ----------------------------------- ------
1.1 Шикізатқа сипаттамасы ----------------------------------- ---------------------
1.2 Керамограниттің қасиеттері------------------------- ---------------------------
1.3 Керамогранитке қосылатын қоспалар--------------------------- -------------
1.4 Керамограниттің негізгі түрлері---------------------------- -------------------
1.5 Шихтаны дайындау және өндіру әдістерін тандау негіздері------------
1.6 Керамограниттің технологиялық схемасы---------------------------- -----
1.7 Керамограниттің өндірістік технологиясы және сипаттамасы---------
1.8 Өнімнің сапасын бақылау---------------------------- --------------------------
1.9 Еңбекті қорғау----------------------------------- ----------------------------------
2 Қоршаған ортаны қорғау----------------------------------- -----------------------
Қорытынды----------------------------------- ------------------------------------------
Қолданылған әдебиеттер тізімі----------------------------- ------------------------

Анықтамалар

Аязға төзімділік - деп материалды алма кезек суытып еріту кезінде өзінің беріктігін сақтау қабілеті.

Су сіңіргіштік - деп материалдың сулы ортада өз бойына суды сіңіру қабілеті.

Жылу оқшаулағыш - дегеніміз материалдың ғимарат ішіндегі жылуды өз бойынан өткізбеу қабілеті.

Орташа тығыздық - дегеніміз - материалдың табиғижағдайындағы бірлік көлемінің салмағы.

Нағыз тығыздық - дегеніміз - материалдың абсолютті тығыз жағдайындағы бірлік көлемінің салмағы.

Кеуектілік - материал бойындағы ашық немесе жабық дәндер арасында немесе ішінде қалыптасатын қуыстылық

Отқа төзімділік - материалдың жоғары температурада өз құрылымын сақтау қабілеті.

Қуыстылық - материал бойындағы толтырғыштар арасында болатын бос кеңістік.

Гидрофобтау - материалды судан оқшаулау мақсатында сыртын суға төзімді қабатпен қаптау.

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

МС (ГОСТ) - мемлекеттік стандартты
БСС - құрғақ бетон араласпасы
БСГ - дайын бетон араласпасы
КО - конустың отыруы
СЖ - қышқылдық
Ж - қаттылық
П - жылжымалығы
П2 - жайғасымдылық маркасы
МПа - мегапаскаль
мм - миллиметр
см - сантиметр
км - килгометр
кг - килограмм
м - минут
с-секунд
л - литр
ТМД - Тәуелсіз мемлекеттер достастығы
ЖЭС - жылу электр станциялары
ТББ - техникалық бақылау бөлімі

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Бұл курстық жобада келесі нормативтік сілтемелер көрсетілген
ГОСТ 310.2-76 Керамогранитке қойылатын талаптар
МЕМСТ 8736 Әрлеу материалдарының түрлері
ГОСТ 8735-88 Едендік әрлеу материалдары
ГОСТ 10180- 90 Ғимараттарды әрлу кезінде қабырғаларға қойылатын
талаптар
ҚНжЕ 2.03.01 Бетон және темірбетон конструкциялары
МЕМСТ - 22688 - Керамогранитті сынау әдістері.

Кіріспе

Қазіргі кезеңде Қазақстанда құрылыс индустриясының қарқынды дамуы азаматтық, өндірістік және ауылшаруашы-лық құрылысы үшін жоғары берікті, қолдану мерзімі көлемінде өзінің физика-механикалық және әксплуатациялық қасиеттерін сақтайтын құрылыс мате-риалдары, бұйымдары және конструкцияларын өндіру міндетін қоюда. Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларының жоғарыда аталған қасиеттерін арттырудың тиімді жолдарының бірі, олардың структурасын модификациялау болып табылады. Модификациялаушы қоспаларды қолдану құрылыс материалдарының қажетті қасиеттерін жетілдіре отырып, олардың төзімділігін арттыруға, шикізаттық материалдарды үнемдеуге, соған сәйкес құрылыс индустриясының әкономикалық тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.Құрылыс материалдарының жұмыс істеу мерзімі көлемінде, оларға кері әсер ететін факторлардың бірі - ылғалдылық. Әсіресе ұялы құрылымға ие болған бетондар үшін қоршаған ортадағы су мен су буының тигізетін кері әсері елеулі. Ылғал материалдың кеуектері мен капиллярларына ене отырып, материалдың құрамындағы суда еритін заттарды ерітеді, конструкцияның күйреуін қарқындатады, аяздың әсерінен қату нәтижесінде көлемін ұлғайтып, материалда сызаттардың пайда болуына алып келеді. Соның нәтижесінде ұялы бетонның негізгі техникалық және әксплуатациялық қасиеттері нашарлап, төзімділігі төмендейді.
Бірнеше жылдар бойы шет елдерде, ТМД мемлекеттерінде, соның ішінде Қазақстанда да ұялы бетондардың гидрофобтық қасиеттерін арттыру бағы-тында зерттеулер жүргізілуде.
Республикамызда импорттық материалдардың орнын алмастыра алатын, тиімді құрылыс материалдары өндірісін ұйымдастыру мәселесі өзекті болып қалуда. Құрылыс материалдары нарығындағы жетіспейтін бұйымдарды сырттан алып келу көлемі, отандық өндірістің даму қарқынынан бірнеше есе асып түседі.
Керамогранит - ғимараттарды әрлеу үшін жиі қолданылатын құрылыс материалы. Көптеген мемлекеттер Ресей, Қытай, Италия, Беларуссия және т.б. мемлекеттерде өндіреді. Көптеген жағымды қасиеттерінің арқасында қабырғаларды, еденді әрлеуде керамогранитті ешбір материал алмастыра алмайды. Керамограниттің өлшемдеріне еш шектеу қойылмайды
Керамогранитті өндіру технологиясы керамика саласындағы жоғары жетістік деп атауға болады. Ол техникалық және эстетикалық қасиеттері бойынша табиғи тастан асып түсетін материал. Табиғатта ағымдағы процесс миллиондаған жылға созылса, өндіріс жағдайында бірнеше сағатты алады.
Біріншіден, керамогранит - жоғары берікті материал. Керамогранитті престеу және кезекті құрғақ керамикалық тасты күйдіру жолымен алады. Сондықтан ол көбінесе адамдар көп жүретін ғимараттарға: дүкен, аэропорт т.б. орындарда қолданылады.
Екіншіден, ол декоративті элемент ретінде қолданылады. Керамогранитке жоғары қажалуға төзімділік, аязғатөзімділік, ұзақмерзімге төзімділік қасиеттері тән. Жоғары сапалы керамограниттерді ғимараттың сыртын және ішін әрлеуге қолданады. Сонымен қатар керамогранит ғимараттың қасбетін әрлеуге қолданылады.

1 Өнім номенклатурасы

Керамогранит - ғимараттарды әрлеу үшін жиі қолданылатын құрылыс материалы. Көптеген мемлекеттер Ресей, Қытай, Италия, Беларуссия және т.б. мемлекеттерде өндіреді. Көптеген жағымды қасиеттерінің арқасында қабырғаларды, еденді әрлеуде керамогранитті ешбір материал алмастыра алмайды. Керамограниттің өлшемдеріне еш шектеу қойылмайды. Кіші өлшемнен 5х5см, үлкен 60х60,60х120, 120х180см өлшемге дейін өндіріледі. Оның өлшемдері әртүрлі болғандықтан үлкен және майда детальдар өндіруге болады.
Керамогранит - аязға төзімді материал. Ол аязға төзімді болу үшін оны абсолютті тығыз және ешқандай жарық және кеуек болмау керек. Керамограниттің сусіңіргіштігі қаншалықты төмен болса, ол аязға төзімді болады. Керамограниттің сусіңіргіштігі 1%-дан төмен. Сондықтан ол төмен температурада (-50[0]С) сыртқы түрін өзгертпейді. Осы қасиетіне байланысты оны солтүстік өңірлерге пайдалануға мүмкіндік береді.
Керамогранит - керамика өндірісіндегі заманауи технологиялардың бірі. Керамогранит - керамика өндірісіндегі жоғары технологиялар аймағына жататын жаңа ұрпақ. Осыдан керамогранит әлсіз агрессивті орта әсеріне тұрақты және кейбір эксплуатациялық және тұтыну қасиеттерімен табиғи тастан асып түседі.
Керамогранитті өндіру технологиясы керамика саласындағы жоғары жетістік деп атауға болады. Ол техникалық және эстетикалық қасиеттері бойынша табиғи тастан асып түсетін материал. Табиғатта ағымдағы процесс миллиондаған жылға созылса, өндіріс жағдайында бірнеше сағатты алады.
Біріншіден, керамогранит - жоғары берікті материал. Керамогранитті престеу және кезекті құрғақ керамикалық тасты күйдіру жолымен алады. Сондықтан ол көбінесе адамдар көп жүретін ғимараттарға: дүкен, аэропорт т.б. орындарда қолданылады.
Екіншіден, ол декоративті элемент ретінде қолданылады. Керамогранитке жоғары қажалуға төзімділік, аязғатөзімділік, ұзақмерзімге төзімділік қасиеттері тән. Жоғары сапалы керамограниттерді ғимараттың сыртын және ішін әрлеуге қолданады. Сонымен қатар керамогранит ғимараттың қасбетін әрлеуге қолданылады.
Керамогранит өндірісін дайындаудың мақсаты өндіріс мекемелерінің едендерін әрлеу үшін жақсы материал өндіру болып табылады. Материал жоғары қысымды ұстауға қабілетті болу керек, термиялық, химиялық әсерлерге тұрақты болу керек. Италияндық инженер технологтар тарапынан ашылған технологиясы бойынша материалдың эксплуатациялық қасиеттері өте жақсы көрсеткішке ие болды. Соның арқасында керамогранит қазіргі таңда әртүрлі тұрғын және тұрғын емес ғимараттардың беттік қабатын әрлеу үшін ең кең қолданыстағы материал болып саналады.
Керамогранит өндіру үшін жоғары сапалы кварц құмы, дала шпаты, каолин және бояғыш пигменттер қосылған отқа төзімді сазды қолданады. Әрлеу плиткаларға қарағанда керамограниттің араласпасын жоғары қысыммен (400-500 кг ссм[2]) престейді және 1200[0]С температурада күйдіреді. Нәтижеде кристал құрылымды және қанық шыны фазалы, жоғары берікті, су сіңіргіштігі төмен материал алынады.

1.1 Шикізатқа сипаттама

Саздар - мөлшері 0,01майда түйіршіктерден тұрады. Саздар жыныстары галлуазит, каолинит, монтмориллонит ж.т.б. минералдар негізінде топталады. Сонымен қатар, структурасы және қасиеттері бойынша отқа төзімділер, қиын балқитын, жеңіл балқитындар тобына жіктеледі. Олар сумен араласқанда, өздерінің минералогиялық және химиялық құрамына тәуелсіз, иілмелі созылмалы қамыр түзе алады, күйдірген соң суға төзімді және берік тас түріндегі денеге айналады. Негізінен дала шпатын желдету нәтижесінде түзілген саздар қатпарлы кристалды құрылымдағы сулы алюмосиликаттар түріндегі түрлі сазды минералдың тығыз қоспасынан тұрады. Олардың ішінде кең тарағандарды каолиниттілер (каолинит Al2O3x2SiO2 x2H2O және галлуазит Al2O3x2SiO2 x4H2O), монтмориллониттілер (монтмориллонит - Al2O3x4SiO2 x2H2O), бейделлит - Al2O3x2SiO2xH2O және гидрослюдалылар негізінен слюданың түрлі дәрежедегі гидратациялану өнімі болып табылады.
Кварц құмы табиғи күйінде және байытылған құмнан алынады, каолиндерді байытқандағы қалдық құмдарды шихтарға қосады. Кварцты материалдағы зиянды тотықтар 0,2-0,3%-тен аспауы керек.CaO-ның мөлшері1-2%. Каолинді байытылған соң алынған кварцты қолданғанда, онда10% дейін каолин болады, сол себептен шихтаны есептегенде оны ескеру керек, жүдеткіш ретінде күйдірілген бұйымдардың қалдығықаңқа немесе әдейі күйдірілген дайындама және күйдірілген бұйымдардың ақауларын пайдаланады.
Каолин - (Қытайдағы Гао-линь мекенінің аты) - саздық құрамы каолиниттен тұратын тау жынысы. Пісу температурасы 1350...14500С, балқу температурасы 1730...18200С. Керамикалық материалдар өндірісінде шикізат ретінде қолданылады.

Кесте-1. Шикізаттың химиялық құрамы
Σ, %
Тотықтардың үлесі, %

SiO2
Al2O3
Fe2O3
CaO
MgO
R2O
п.п.п
98,64
34,6
15,76
2,91
3,23
1,88
3,65
7,96
100
49,4
22,56
4,16
4,61
2,69
5,21
11,4
Сіңірілген заттар
55,7
25,47
4,69
5,2
3,04
5,88
-

Дала шпаттары - ең көп тараған минарал. Олар кремний және алюмниий оксидтерінің, сілтілік металдырдың оксидтерімен әрекеттесу нәтижесінде құралған алюмосиликаттары. Бұларда кварц сияқты түрлі түсте кездеседі. Дала шпаттарының басты түрлеріне ортоклаз және плагиоклаздар жатады. Ортоклаз (тура жаралушы) К2О N2O6SiO2. Плагиоклаздар (қырың жаралушылар) альбит-N2OAl2O36SiO2 және анортит СаО Al2O32SiO2 және осылардың араласпалары.
Глазурь (glasor деген неміс сөзі, glos - шыны деген сөзден алынған)─ өртеумен ұстастыратын қалыңдығы 0,15-0,3 мм шыны тәрізді массаның керамика бұйымдарына жағылатын қабаты. Глазурь керамикалық бұйымдарды кірленуден, қышқыл мен сілтінің әсерінен қорғап, олардың су өткізбейтіндігін және де талапқа сай декоративті қасиетін қамтамасыз етеді.

1.2 Керамограниттің қасиеттері

Керамогранитті өндіретін мемлекеттер: Ресей, Қытай, Италия, Польша, Беларуссия. Олардың компаниялары: Fiorano, Kioto, Hitom, Lungo, Kerama Marazzi, Estima, Aijia, Керабуд. Техникалық сипаттамалары кесте-1 келтірілген.
Негізгі қасиеттері:
-табиғи материалдар негізінде өндіріледі;
-біркелкі беттік қабатқа ие;
-табиғи тастың беріктігіне ие;
-төмен кеуектілікке ие;
-майысуға және қажалуға төзімділігі жоғары;
-жоғары температураға төзімді;
-аязға төзімді;
-химиялық элемент әсерлеріне тұрақты.
Керамогранит су сіңіргіштігі керамикалық материалдар арасында ең төмені (0,01-ден 0,05%дейін). Оның туысы мозайка ылғалды сіңірмейді. Салыстыра кетсек керамикалық плитка үшін су сіңіргіштігі 1%, гранит үшін 0,46%, мрамор үшін 0,11%. Жасанды тастан жасалған плитканы кез-келген жерде қолдануға болады: көшеде, үйде, ылғалды ғимараттарда тіпті душ бөлмесінде де қолдануға болады. Бұл деген керамогранитті бассейннің бетін қаптауға болады дегені емес. Себебі, егер бессейнді немесе шатырды керамограниттен жасаса, оның өзіндік құны артып кетеді. Оның орнына мозайка құймаларын пайдаланған тиімді.
Кез-келген керамогранит аязға төзімді (стандарттың зерттеуінің нәтижесі бойынша) және 50рет мұздатып ерітуге тұрақты болып табылады.
Иілуге беріктігі - бұл көрсеткіші бойынша керамогранит табиғи тастан 3 есе, қабырғалық плиткадан 2есе, едендік плиткадан 2есе берік.
Бұйымның бетінің фактурасы және жағдайы оның иілуге беріктігіне тікелей әсер етеді. Егер материалға түсетін жүктеме жоғары болып күтілсе, оны кез - келген дайындалмаған түзу емес жерлерге қолдануға болады дегені емес. Оны тегіс алдын-ала беріктендірілген жерлерде қолданған дұрыс. Болмаса плитканың шеттері бұзылады.
Керамогранитті және керамикалық плитканы соғу беріктігіне сынамайды. Бұл олардың берік әрі өте морт сынғыш қаптағыш материал екендігін көрсетеді. Кейбір мәліметтерге сүйенсек керамогранит шойын ванна құласа да сынбайды делінген.
Қажалуға төзімділік - бұл қаптағыш едендік материалдардың ең маңызды қасиеті. Егер плитка глазурьленген болса, мүмкін ол керамогранит болар немесе плитка болар оған еуропалық норма әсер етеді. Мұндай сынаманың жүргізілу принципі мынадай, глазурдің бетімен роликпен яғни корундпен жүргізеді. Егер 150 айналымнан соң, роликтің бетінде ешқандай із қалмаса, оған РЕІ І класы, 600 айналымнан соң РЕІ ІІ класы, 1500 айналымнан срң РЕІ ІІІ класы беріледі. РЕІ ІV класы 1500 айналымнан жоғары болған плиткаларға, РЕІ V 12000 роликтің айналымы болғанда беріледі. Көрініп тұрғандай ІV және V кластардың арасында айырмашылық жоғары. Кейбір өндірушілер ролик айналымын нақты санын көрсетеді. IV класына (3000,6000 немесе 9000) бірақ бұл ережеден ауытқу болып табылады.
Бетінің беріктігі - керамограниттікі ІІІ категория бойынша болады: берік (EN 101), беттік қажалуға берікті (ЕN 154) және терең қажалуға тұрақты (ЕN 102).
Керамограниттің негізгі интригасы ол жоғары беттік қажалулыққа беріктігінде. Мұндай факт түрінде жалғыз беттік беріктік деген критерий жоқ. Беттік беріктіктің, РЕІ бойынша ЕN 154 деген тек ғана глазурленген плиткалар үшін және терең қажалулыққа арналған. ЕN 102 глазурленбеген плиткалар үшін арналған. Беттік беріктіктің көрсеткіші дақтар мен кесілімдердің көрсеткішімен көрсетіледі. Тәжірибе үшін глазурь бар жоғы ескерілмейді. EN 101 нормасы бойынша Моос шкаласында материалға 1-ден 10 дейін қаттылық кластары тағайындалады. (1-тальк, 5-апатит, 6-дала шпаты, 7-кварц, 8-топаз, 9-корунд, 10-алмаз).
Плиткамен қаптау кезінде еден мен плитка арасында негізгі адгезия болып құм табылады. Тиісінше егер едендік плитка Моос шкаласы бойынша 7 қаттылықты көрсетсе, матовый тас қаттылығы брйынша 8-9, глазурленген 5-7, жылтыратылған 5-6 көрсеткішіне ие. Керамогранит ешқандай бір бүлінуден , сынудан қорқпайды.
Глазурленген керамограниттерге ереже бойынша РЕІ ІІІ-тен РЕІ V. Көбінесе біз ІV кластағы плиткаларды кездестіреміз, оны қозғалыс көп жерлерде қолданады.
Түсінің тұрақтылығы мен тазалығы - керамогранит күн сәулесіне төзімді және химиялық қышқылдарға тұрақты келеді. Мұны DIN 51094 және EN 106 нормасы бойынша жүргізілген сынамалар бойынша дәлелденген. EN 122 нормасына сәйкес плиткаға әр түрлі агрессивті орталарға байланысты түрлері болады:
АА класы: сыртқы көрінісінде өзгеріс жоқ.
А класы: ескерілмейтін сыртқы көрініс.
В класы: сыртқы көрінісінің орташа көрінісі.
С класы: алғашқы көрінісінің біршама өзгерісі болады.
Д класы: алғашқы көрінісінің толық өзгеруі.
Түрінің өзгешілігіне байланысты керамогранит АА немесе А класына жатуы мүмкін. Мұндай кластағы керамогранитті сақтау бөлмелерінде, гараждарда, аулада қалдыруға болады. Кез-келген түсті құрта алатын қандай да бір бояғыш заттар немесе қосылыстар болады. Бұйымның бетінде қаншалықты фактура мен түс көп болса, соншалықты агрессияға бейім келеді.
Керамогранитті плиткаларды өндірудің ерекше технологиясының арқасында ол жақсы экплуатациялық қасиеттерге ие:
-нөлдік сусіңіргіштікке - 0,5%-ға жетпейді;
-жоғары аязғатөзімділікке;
-ерекше механикалық беріктікке;
-қажалуға жоғары беріктік;
-химиялық реагент әсеріне төзімді.
Керамограниттің кемшілігі оның - морттылығы.

1.3 Керамогранитке қосылатын қоспалар

Бұйымдарды жағу температурасын төмендету үшін керамикалық массаға жүзгіш қосады. Соңғы саны шектеулі болу керек, ал керсінше жағдайда черепканың дефармацияға бейімділігі жоғарылайды.
Жүзгіш ретінде өріс шпатын, нифелин-селит, перлит, воллостонит, әк тас, доломит, ұнтақталған мрамор, тальк, эрклез, жіңішке ұнтақталған шыны бой, шлактар қолданады.
Жүзгіштерді массаға жіңішке ұнтақ түрінде қосады себебі ол басқа компоненттермен жақсы орналасуы.
Бұл курстық жұмыста жүзгіш ретінде воллостонит және торлы шыны бойы қолданылады.
Волосттонит - циликат калций (CaSiO3) көрсетеді, түсі сұр түстес ақ. Табиғи волостониттің кристалы ине формада болады, ол синтетикалық түйіршік формада. Минералды CaO теориялық құрамы 48,3 %, SiO2- 51.7 % құрайды. Кейде онда FeO-9 %, AI2O, Na2O, MgO аз мөлшерде кездеседі.

Кесте-1. Волластанит қоспасының сазға әсері.
Қасиеттері
Воллостониттің құрамда болуы, %

5
10
12
14
Күйдіру темпретурасы
1300
1300
1250
1250
Шөгу, %
9,8
8,1
6,8
7,6
Массаның су сіңіргіштігі, %
0,24
0,03
0,02
0,06
Созу беріктігі, мПа
45
62
76
76

1.4 Керамогранитің негізгі түрлері

Кераограниттің бетін өңдеу әдісіне байланысты түрлері:
-жылтыратылған керамогранит - толық жылтырату сатысынан өткен, жылтырлығы 80%;
-толық жылтыратылмаған - толық жылтырату сатысынан өтпеген, жылтырлығы 20%;
-тегістелген күңгірт керамогранит - өте дөрекі абразивты материалдар мен тегістеу кезеңінен өткен.
-глазурленген керамогранит - жылтыратылмаған, арнайы глазурмен қапталған.
Керамограниттің көптеген түрлері бар. Ең кең тараған түрі - моноколор. Бір түсті керамогранит (қара, сұр, сары, қызыл, көк және жасыл түстеріде кездеседі).
Мрамор түріндегі керамогранит - мрамор негізіндегі. Сары, сұр, ақ және жасырын рельефті, жіпше түріндегі эффектермен кездеседі. Текстуралы. Табиғи тастарды суреттеумен, әртүрлі текстурамен өңдеумен сипатталады. Керамогранитті глазурлеу оның декортивті қасиеттерін жоғарлатады.
Тұзбұрыш керамограниті - біртүсті керамогранит. Оның аталуы сыртқы көрінісіне байланысты. Бұл керамограниттің түрін ең ұзақтұрақты деп санауға болады және қажалуға ең төзімдісі. Себебі беттік қабатының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрылыс материалдарына шолу
Ауыр енбекпен және спортпен айналысатындардың тамактану ерекшелігі, Азық түлік тауарларының сапасын бақылау
Оқыту нәтижелері мен негізгі құзыреттіліктері (компетенция)
Аспалы төбе технологиясы
Тағам өнеркәсібінде қолданылатын микроорганизмдер
Өнімдер өндірісі
Астықтың технологиялық қасиеттері
Құс өсіру бойынша кәсіби стандарт
Суспензия түзетін дәрілік заттар
Былғары және үлбір шикізаттары
Пәндер