Қарым-қатынас мәдениеті: коммуникация теориясы, стратегиялары мен түрлері


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қарым - қатынас мәдениеті

Адам қоғамда өзiн қоршаған адамдар тобында өмiр сүредi және дамиды, оның талаптарына сәйкес өз ойлары мен мiнез-құлқын өзгертедi, топтың басқа мүшелерiмен өзара әрекеттесу арқылы әртүрлi байланысты сезiнедi.

Қарым-қатынас психологиясы мынандай құбылыстарды зерттейдi; адамдардың бiр-бiрiн қабылдауы және түсiнуi, елiктеу, сендiру және нандыру, ұйымшылдық немесе жанжалдық, бiрiккен iс-әрекет және тұлғааралық қатынастар. Осы психологиялық құбылыстың әр түрлiлiгiнде, олардың пайда болуының негiзгi қайнар көзi болып адамдар арасындағы қарым-қатынас аймағы болып табылады.

Егер қарым-қатынас болмаса, бiздiң рухани, материалды даму деңгейiмiздiң қандай дәрежеге көтерiлгенiн бiлмес едiк. Бiздiң әрқайсымыз өзiмiздiң негiзгi қырларымызды жеке қарым-қатынас тәжiрбиелерiмiз арқылы жанұядағы, мектептегi, жұмыстағы, көшедегi тiкелей қатынастар арқылы игеремiз. Бұл микроорта. Микроортадағы қарым-қатынас арқылы әрқайсымыз әлеуметтiк әлемдi кеңiнен танимыз және қарым-қатынасқа түсемiз, яғни макроорта әсерiн сезiнемiз.

Макроорта - бұл өз ғылымы, мәдениетi, идеалогиясы, заңы, қоғамдық өлшемдерi бар қоғам.

Микро және макроортаның кездесетiн жерi, олардың өзара әрекеттесетiн шек - бұл кiшi топ, онда бiздiң әрқайсымыздың өмiрiмiз өтедi.

Қарым-қатынас тарихи алғашқы форма болып табылады оның негiзiнде өркениет дамуының кейiнгi кезеңдерiнде қарым-қатынастың басқа түрлерi пайда болды. Мысалы; жазбаша қарм-қатынас жазбашалықтың құралуынан кейiн ғана пайда бола бастады. Бiздiң әрқайсымыз адамдар арасында өмiр сүрiп және жұмыс iстегендiктен кез-келген жағдайда өз тiлектерiмiзге тәуелсiз түрде адамдармен қарым-қатынасқа түсемiз.

Егер бiз өз өмiрiмiздi бақыласақ онда мынаны байқаймыз:

• басқа адамдармен өзара әрекеттесiп оларды қабылдаймыз және бағалаймыз.

• Жиi түрлi естiгендерiмiздi қызығушылықпен қабылдаймыз.

• Таныстарымызбен немесе кездейсоқ адамдармен өмiрлiк тәжiрбиелерiмiзбен алмасамыз.

• Басқа адамдардың әсерiн сезiнiп оларға елiктеп өз мiнез-құлқымызды өзгертемiз.

• Шешiм қабылдағанда көп жағдайда қасыңдағы адамдардың пiкiрiн есепке аламыз.

Қарым-қатынас стратегиясы

Қарым-қатынас стратегиясы үшке бөлiнедi.

1-шi ашық-жабық қарым-қатынас. Ашық қарым-қатынаста әр адам өзiнiң көзқарасын жеткiзе бiлуi және басқалардың позициясын тыңдауға әрдайым дайындық. Ал жабық қарым-қатынас ақпаратқа деген өзiнiң көзқарасын қатынасын жеткiзе алмауы, қарым-қатынасқа түсуге талпынбауы.

2-шi Монологты стратегия.

3-шi Рольдiк тұлғаарлық стратегия (мұғалiм-оқушы, үлкен-кiшi) .

Қарым-қатынастың түрлерi:

1. Маскiлi қарым-қатынастар; бiр күннiң iшiнде бiрнеше маска кию. Формалды қарым-қатынас, яғни мұнда маскiлердi пайдаланып сұхбаттасушылардың тұлғалық ерекшелiгiн түсiнiп ескеруге талпынамыз (сыпайлық, қаталдық, тұйықтық) . Шынайы сұхбаттасушыға деген сезiмдерiн, эмоцияларын қарым-қатынас барысында көрсетпейдi.

2. Формалды рөлдiк қарым-қатынас - мұнда сұхбаттасушының тұлғасы мен әлеуметтiк рөлi маңызды болып табылады.

3. Iскерлiк қарым-қатынас - мұнда сұхбаттасушының iске деген тұлғалық ерекшелiгi, мiнезi, жасы, көңiл-күйi ескерiледi. Сонымен бiрге оның iске деген қызығушылығы мәндiк маңызды орын алады.

4. Достардың рухани және тұлғалық қарым-қатынасы - мұнда кез келген тақырыпқа әңгiме қозғауға болады, тек сөз арқылы ғана емес жест, мимика арқылы бiрiн-бiрi жақсы түсiнедi.

5. Маникулятивтiк қарым-қатынас сұхбаттасушыдан белгiлi бiр пайда табуға бағытталған. Ол үшiн сұхбаттасушының тұлғалық ерекшелiгiне байланысты түрлi әдiстер пайдаланады.

6. Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас.

Коммуникациялық жүйе - бұл алынатын және берiлетiн ақпаратты түсiнудi қамтамасыз ету мақсатында адамдар арасындағы хабар алмасу.

Коммуникацияның негiзгi функциялары мыналар:

1. Информативтi - адамдар арасындағы өзара әрекеттесудi ұйымдастыру.

2. Интерактивтi - адамдар арасындағы өзара әрекеттесу түрлерiн пайдалана отырып сұхбаттасушының көңiл күйiне, сенiмiне мiнез-құлқына әсер ету.

3. Перциптивтi - қарым-қатынасқа түсушi серiктестердiң бiрiн-бiрi қабылдауы және өзара түсiнушiлiктi қалыптастыру.

4. Экспрессивтi - эмоционалды бастан кешiрулер сипатын өзгерту.

Хабар беру мына бағыттармен жүзеге асады:

-жоғарыдан төменге - жұмысшыларға бұйрық беру.

-төменнен жоғарыға - басшылармен пiкiр алмасу және т. б.

Коммуникация процесi жүзеге асу үшiн мынадай 4 элемент керек.

1. хабар берушi

2. мәлiмет

3. арнайы ақпарат беру құралы

4. ақпарат алушы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарым-қатынас және коммуникация: түрлері, ерекшеліктері және интерактивтік жағы
Қарым-қатынас мәдениеті: теориясы, қызметі және тәрбиелеу әдістері
Қарым-қатынас психологиясы: ұғымы, түрлері, стратегиялары және функциялары
Қарым-қатынас психологиясы: тұлғааралық коммуникацияның түрлері, стратегиялары және функциялары
Іскерлік қарым-қатынас мәдениеті мен әдебі
Тұлғааралық қарым-қатынас: интерактивті функциялар, рөлдер мен стратегиялар, вербальдық емес коммуникация
Қарым-қатынас психологиясындағы кедергілер мен оларды жеңу стратегиялары
Маркетингтік коммуникация: түсінігі, түрлері, стратегиялары мен құралдары
Қарым-қатынастың психологиясы: мұғалім мен оқушы арасындағы қатынас, функциялары мен стратегиялары
Іскерлік қарым-қатынас пен басқарудағы қақтығыстар: менеджер имиджі, түрлері және шешу стратегиялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz