Қазіргі таңда экскурсия



Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Экскурсия (латын сөзі Excyrsio - саяхат деген мағынаны білдіреді) - білікті маманның бақылауымен,алдын-ала таңдалған объектілер, тақырыптар және белгіленген жолдармен қоршаған ортаны бағытталған түрде тану процесі.
Экскурсияның қызметі
1. Ақпараттар.
2. Бос уақытты мәдени түрде өткізуді ұйымдастыру.
3. Қызығушылыққа ынталандыру.
4. Ғылыми ағарту.
5. Мәдени ой-өрісті кеңейту.

Экскурсияны топтастыру
Топтастыру дегеніміз заттарды, құбылыстарды немесе түсініктемелерді ортақ белгілеріне сүйене отырып бөлу. Экскурсияны топтастыру өткен ғасырдың 20-жылдарында пайда болды. Экскурсиялық қызмет көрсету - белгілі бір қызмет түрі (мысалы, демалыс үйлерінде, клубтарда, мектептерде) немесе туристік қызмет көрсету кешенінің (туристік фирмалардың) бір бөлігі болып табылады.

Қазіргі таңда экскурсия топтастырылады:
а) мазмұны бойынша;
б) қатысушылар құрамы мен саны бойынша;
в) жүргізілетін орны бойынша;
г) қозғалу әдістері бойынша;
д) ұзақтығы бойынша;
е) жүргізу нысаны бойынша;

Экскурсиялар мазмұны бойынша шолу жасау (көп жоспарлы) және тақырыптық болып бөлінеді.

Шолу жасау экскурсиялары көбіне көп тақырыпты болады, осыған орай оларды көп жоспарлы деп те атайды. Оларда тарихи және соңғы материалдарды пайдаланады. Бұл қала, аймақ, облыс, республика, мемлекет туралы жалпы түсінік береді. Мұндай экскурсияның хронологиялық шектемесі - қаланың өмір сүру уақыты, ол туралы алғашқы айтылған сөзден бастап, қазіргі уақытына дейін, даму перспективалары.

Тақырыптық экскурсия тек қана бір тақырыпты ашуға арналған, егер де бұл тарихи экскурсия болса, оның негізіне бір тақырып немесе белгілі бір уақыт аралығы бойынша біріктірілген бір немесе бірнеше жағдайлар салынуы мүмкін. Егер бұл экскурсия архитектура тақырыбында болса, зерттеу пәні қала көшелерінде немесе алаңдарда орналасқан сәулет өнерінің қызықты шығармашылықтары, ал үлкен қалаларда өткен ғасырлардың архитектуралық ансамблі болу мүмкін. Тақырыптық экскурсиялар тарихи, өндірістік, табиғаттану (экологиялық), мәдениеттану, әдеби, құрылыс -архитектуралық деп бөлінеді.

Экскурсиялық объектілер топтастырылады.

Мазмұны бойынша: бір жоспарлы (өсімдіктер, жануарлар, бейнелеу туындылары және т.б.); көп
жоспарлы (тарихи ескерткіштер болып табылатын архитектура туындылары).
Қызметтік мәні бойынша: негізгі, қосымша, демонстрацияланатын және түсіндірмеленетін.
Сақтау дәрежесі бойынша: Алғашқы түрін сақтап қалған ғимараттар мен қайтадан салынған және өңделген архитектура туындылары, қазір жоғалып кеткен бірақ кезінде ескерткіштер орналасқан жерлер, яғни қазіргі олардың орнында тұрған құрылыс ортасы - экскурсия объектілері бола алады. Экскурсиядағы объектілер саны оның мақсаты мен тақырыбына тәуелді.

Экскурсияға қатысушылар құрамы мен санына қарай жеке, жергілікті тұрғындарға, келіп - кетуші туристерге, үлкендерге және мектеп оқушыларына орай бөлінеді. Экскурсиялық материалдарды қабылдау ерекшеліктері әр топ үшін шаралар құрамына, жүргізу әдістері мен техникасына, ұзақтығына байланысты өзгерістерді енгізуді қажет етеді.

Экскурсия жүргізу орны бойынша: қалалық, қала шетіндегі, өндірістік, мұражайлық, кешендік (бірнеше элементтерді қамтитын) болып бөлінеді.

Қозғалыс әдістері бойынша - әр түрлі көліктерді пайдалану арқылы немесе жаяу жүру арқылы. Жаяу жүріс экскурсиялардың артықшылығы - қажетті қозғалыс темпін құра отырып, көрсетілім немесе түсіндіру үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етеді.

Көлікті экскурсия (көбіне автобустарда) екі бөлшектен тұрады: аялдамаларда экскурсия объектілерін (мысалы, тарихи және мәдени ескерткіштер) талдау және топқа таныстыратын аялдамалар, ескерткіш орындары мен ескерткіштердің сипатына байланысты объектілерді ара жолда түсіндіріп айту. Кейбір экскурсиялық ұйымдар экскурсия жүргізу үшін троллейбустар, трамвайлар, өзен және теңіз теплоходтарын, тікұшақтарды пайдаланады.

Экскурсия ұзақтығы 1 академиялық сағаттан (45 мин) бір тәулікке дейін созылуы мүмкін. Қысқа мерзімді турларды (1 күннен 3 - 4 күнге дейін) демалыс күндер бағыты деп атайды. Мұнда ұзақтығы әр түрлі бірнеше экскурсиялар қарастырылуы мүмкін.

Жүргізу нысаны бойынша экскурсиялар әр түрлі болуы мүмкін
- Көпшілік экскурсия, бұған қатынасушылар 15-20 автобуспен белгілі бір бағыт бойынша біркелкі қозғалады. Әр автобуста экскурсия жетекшісі жұмыс жасайды;
- Серуендеу экскурсиясы, тану элементі мен демалу элементін ұштастыратын экскурсия түрі, көбіне орманда, саябақта, теңізде, өзенде өтеді;
- Дәріс беру экскурсиясы, (айтып түсіндіру көрсетуден басым болады); - Концерт экскурсиясы- музыкалық тақырыпқа арналады, автобус ішінде музыкалық туындылар тыңдау арқылы жүзеге асады;
- Көрініс экскурсиясы, бейнелеу әдебиетінің арнайы туындылары негізінде дайындалған әдеби-бейнелеу экскурсиясын жүргізу нысаны;
- Кеңес беру экскурсиясы - біліктілікті арттыру түріне айналған, экскурсияға қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап береді;
- Демонстрациялау экскурсиясы - топтарды өндіріс процестерімен, табиғи құбылыстарымен таныстыру түрі.
- Сабақ беру экскурсиясы - белгілі бір оқу орындарының оқу бағдарламасына сәйкес білім берудің түрі болып табылады;
Қорытынды: Экскурсияларды дұрыс топтастыру экскурсия жүргізушісінің клиенттермен арасындағы жұмысты дұрыс ұйымдастыруына қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді, мамандануды жеңілдетеді, әдістемелік секциялардың іс-әрекеттеріне негіз болады. Арнайы топ үшін экскурсия жүргізу заңдылықтарын қолдану әр экскурсияның үлкен дайындықпен және тиімді өтуіне ықпал етеді.

Экскурсияны дайындау және жүргізу әдістері.
Экскурсия тану - педагогика және психология ақпараттарына сүйенетін ғылым, бірақ жалпы білім беру мектептеріндегі оқыту әдістерінің көшірмесі болып табылмайды. Экскурсиялық әдістеме теориясы оқыту мен тәрбие берудің байланысы, біртектілік, жүйелілік, материалдардың түсінікті болуы сияқты педагогика принциптеріне сүйенеді. Экскурсиялық әдістемені игеру ғылым негіздері мен әдістерін ұғып қана қоймай, шығармашылық қолдануды талап етеді. Дайын шешімдер мен қалыпты (шаблондарды) қаламайды. Экскурсия жетекшісі таныту процесінде сезіну, қабылдау, елестету табиғатын, ойлау заңдылығын, қолайлы және қолайсыз эмоциялардың мәні мен ролін білу қажет. Экскурсиялар демалысты ұйымдастырудың бір нысаны болып табылады. Сондықтан оның қызықты және тартымды болуы үшін барлық күш-жігер мен біліктілікті салу қажет.

Жалпы экскурсиялық әдіс екі басты бөлімнен тұрады:
а) экскурсияны дайындау;
б) экскурсияны жүргізу;

Жаңа тақырыптарды дайындау реті

Экскурсияның мақсаты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«әуезов атындағы орындар» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу
Қазақстан Республикасындағы экскурсиялық туризмнің жағдайы мен даму болашағы
Экскурсиялық туризмнің дамуы: мәселелері мен болашағын зерттеу
Экскурсиялық туризмнің дамуы: мәселелері мен болашағы
Экскурсия түсінігі
Ақтөбе облысының территориясына туристік - экскурсиялық маршрут жасау
Қазақстан Республикасы аумағындағы ішкі туризмді дамыту
Қазақстандағы экскурсиялық қызметтің қалыптасуы
Табиғат әдістемесі
Экскурсиялық құжатты жобалау (Алматының архетектуралық көрінісінің ерекшелігі)
Пәндер