Элита, истеблишмент, номенклатура, үстем тап


Кез келген қоғам мен мемлекеттің дамуында аса маңызды рөл алатын адамдар тобы болады. Оны әр түрлі атаумен атап жатады: «элита», «истеблишмент», «номенклатура», «үстем тап», «қадағалушы я басқарушы азшылық», «билеуші топ», «басқарушы орта», «биліктің жоғары эшелоны», «каста», «бомонд», жоғары «ақсүйектер» тобы және т. б. Бұлар қоғамның ажырамас бөлігі боп табылады. Өйткені, қоғамның өмір сүруі тек еңбек бөлінісінің арқасында ғана жүзеге асады. Әрбір әлеуметтік топ өзіне тиісті міндеттерді атқарады: бірі материалдық игіліктерді өндірумен айналысса, екіншілері - рухани құндылықтарды жасайды, үшіншілері - басқарады және т. с. с. дегендей. Демек, кез келген қоғамда оны басқаратын ат төбеліндей азшылық (элита) және оған бағынышты көпшілік (бұқара) өмір сүреді. Әлеуметтік өмірде иерархия сөзсіз болмай қоймайтын құбылыс. Бұл хайуанаттар әлеміне де тән жай. Олай болса, басқарудың биік ұшында тұрғандарды зерттеудің маңызы зор.
Ғылыми әдебиеттерде ғана емес, сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдары мен күнделікті өмірде де кең қолданып жүрген, біздің сөздік қорымызға француз тілінен енген «элита» деген сәнді бір сөз бар. «Элита» термині (фр. elite - ең жақсы, іріктелген ) француз тілінде «қоғамның белгілі бір бөлігін құрайтын топтың ең көрнекті, таңдаулы өкілдері» деген мағына береді. Этимологиялық тұрғыда қарайтын болсақ, бұл сөз әуелде жоғары сапалы дүниелерді білдірген, мәселен, XVII ғасырда көпестер сапалы тауарларды осылай атаған, ал, XVIII ғасырда «элита» сөзі таңдаулы адамдар тобы (ақсүйектер, бекзадалар қауымы) мен іріктелген әскери бөлімдерге қатысты қолданылған. XIX ғасырдан бастап сұрыпталған ең жақсы дәннің тұқымы мен өсімдіктерді, асыл тұқымды жануарларды атау үшін генетика мен селекция саласында қолданыла бастады. Бұл сөздің көпшілікке кең тарауы оның генетикалық- биологиялық мән-мағына аясынан шығып соцуимға қатысты қолдануында еді. Зерттеушілер «элита» сөзін арнайы ұғым ретінде әлеуметтік иерархия жүйесінде жоғарғы қабаттарға (страталарға) қатысты қолдана бастады. Ғылыми айналымға (саясаттану мен әлеуметтану ғылымдарында) бұл терминді итальяндық ғалым Вильфредо Парето (1848-1923) енгізді делінеді. Ол «Жалпы әлеуметтану бойынша трактат» (1916) атты еңбегінде элита ұғымына өз салаларында неғұрлым жоғары көрсеткішке жеткен адамдар деп анықтама беріп, оларды басқарушы элита және басқаруға қатыспайтын элита деп бөледі. Ол элитаның халықты бағындыруда күш пен құқықты қолданатынын айтады. Күштің көмегімен билік жүргізушілерді «арыстандар», ал, билікті қулықтың көмегімен ұстап тұратындарды «түлкілер» деп атады. Элитаның бірінші тобы қатаң күштеу тәсілдеріне сүйенсе, екінші тобы үгіт-насихат пен саяси айла-шарғыға иек артады деп есептейді. Айта кететін бір жайт, бүгінгі таңда кең таралғандығына қарамастан ғылыми қауымдастықта «элита» ұғымының мазмұны жөнінде ортақ пікір қалыптаспай отыр. Оның бір себебі, зерттеушілердің оны анықтауда өзара қайшы келетін екі негізгі әдіснамалық тұрғыны ұстануында жатыр. Біріншісі - аксиологиялық (құндылық тұрғысынан келу) бағыт. Бұл бағыт бойынша, элитаға кіретін адамдар неғұрлым жоғары интеллект, дарыны мен қабілетімен ерекшеленетін, айрықша талант пен кәсіби құзыреттілікке ие жандар. Сөздің тура мағынасындағы - ең жақсылар, нағыз таңдаулылар, топты жарып шыққан ең үздіктер, артық туғандар. Қазақша айтсақ, элита өкілі «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар», алдына жан салмас білгір, озық тұлға боп табылады. Өзінің ақылы мен күш-қуаты, жеке тұлғалық сапалы қасиеттері арқылы өзгелерді еріксіз мойындатады. Бір ауыз сөзбен айтсақ, барлық жағынан лайықты адамдар. Қоғамның қаймақтары, бетке ұстарлары. Алайда бүгінгі саяси жүйедегі басшы топтарды эмпирикалық зерттеу мен нақты өмір көрсеткендей, жоғары биліктегілердің бәрі моральдық тұрғыда өнегелі, үлгі тұтар кемел тұлғалар деуге әсте келмейді. Сол себепті саяси қайраткерлерге қатысты элита сөзін қолдану бірқатар әдіснамалық мәселелер тудырып отыр. Ал, екінші бағытты альтиметриялық (лат. altus (alti) биік, заңғар + грекше. өлшеймін) деп атайды. Бұл тұрғыдан келсек, элитаға нақты билік пен ықпалға ие жоғарғы орындарда отырған кез келген адам кіреді. Кім жоғарыда отыр, сол билеп-төстейді. Адамның моральдық қасиеті мен интеллект сапасы есепке алынбайды. Қандай амал-тәсілмен болмасын биліктің жоғарғы шыңына жеткен адам элиталық топқа кіреді. Бұл жерде «элита» сөзі өзінің бастапқы мағынасынан айырылып қалады. Енді олар ең үздіктер емес, де-факто билікті ұстап отырғандарды білдіреді. Олар билікқұмар не атаққұмар, есебін тапқыш айлақор, жалтарғыш, зымиян не залым болса да бәрібір. Ең бастысы жоғары қызметте отыру, биік мансапқа жетсе болғаны. Бұл, әсіресе, саяси элитаға қатысты. Мұндай бағыттың қалыптасуына саяси әлеуметтанудағы итальяндық мектептің (Н. Макиавелли, Г. Моска, В. Парето, Р. Михельс, Э. Дженнинг) әсері зор. Бұл мектепті кейде маккиавеллистік деп те атайды. Олардың тұжырымдамасы бойынша, бірін-бірі алмастыратын элитаның екі типі бар. Бірі саяси айлалы әрекеттерге, қулық пен алдаудың көмегімен елдің басын айналдыруға бейім, ақылды, епті «түлкі» адамдар. Екіншілері тұрақтылықты сақтауға (консерватизм) және күш жұмсауға бейім тұлғалар (арыстандар) . Альтиметриялық бағытқа сын айтушылар басқарушы саяси топқа қатысты «элита» терминін қолданудың қаншалықты дұрыс екендігіне күмән келтіреді. Тіпті, моралистер жоғары билеуші топтың бейморальдығы туралы қортынды да жасады. Кейбір зерттеушілер саяси басшылыққа қатысты элита терминін қолданудан бас тартуды ұсынады. Онда элитология өз зерттеу пәнінен айырылып қалуы мүмкін. Айтпақшы, саясаттану ғылымы саласында элитаның пайда болуын, шығу тегін, қалыптасуын, өсуін, дамуын, билікке келуін, қоғамға ықпалын, жойылуын зерттейтін арнайы ғылым саласы бар. Оны элитология (фр. elite - үздік, таңдаулы, жақсы-жайсаң және logos - ілім) деп атайды.
Осындай шешімін таппаған әдіснамалық проблемалар зерттеушілерді күрделі жағдайға қалдырып отыр. Ал, қалың бұқара кез келген элита өкілдерінен лайықты ақыл мен жоғары мораль үлгісін күтіп отыр. Демек, қоғам мен мемлекеттің бетке ұстар қаймақтарының кәсіби біліктілігіне, біліміне, биік моральдық сапасына қойылар талап та жоғары болуы тиіс. Үміт еткен үлгіден ауылы алыс шынайы саяси үдерісті объективті зерттейтін саяси әлеуметтану, саяси психология пәндерін нормативтік сипаттағы саяси философиядан ажырату ет пен сүйектен жаратылған пендеге оңай емес. Американдық саясаттанушы Гарольд Лассуэлл элита терминін құндылық өлшем, мазмұннан тазартып, оған тек неғұрлым үлкен билікке ие адамдарды жатқызады. Алайда, жай адамдар өздерін қадірлеуге тұрарлық лайықты басшыға бағынғанды қалайтыны түсінікті шығар. Әйгілі экономист әрі философ Фридрих фон Хайек өзінің атақты «Құлдыққа апарар жол» атты кітабында билікте тек лайықты абзал адамдар ғана емес, ең нашар адамдар да кездесетінін жазады. Билікке неліктен жаман адамдар келетінін ол: «Егер, қоғам не мемлекет индивидтен жоғары тұратын болса, онда оның нағыз мүшесі боп жеке мақсаты тек ұжымның мақсатына сәйкес келетіндер ғана табылады. Жоғары мақсат үшін кез келген әдіс-құрал жарай беретін жерде, әдеп нормалары мен ережелеріне орын қалмайды. Қатыгездік борышты орындау боп саналады…Мұратқа шын берілгендіктен олар бейморальды әрекеттерге әзір. Жоғары құндылықты жоғарғы көсем орнататындықтан қол астындағылар сөзсіз оған бағынуы тиіс. Жоғары мансап пен билікке жету үшін көптеген «лас» жұмыстарды атқаруға тура келеді. Ішкі мұрат-құндылықтары бар адамдар оны орындаудан бас тартса, принципсіз жандар билік үшін бәріне де барады» - деп түсіндіреді. Демек, басқарушы топ қатарында моральдық әрі психологиялық жағынан әр түрлі адамдар бар.
Қазіргі ғылым элитаны әр түрлі негізге сүйене отыра топтастырады. Қызмет ету саласына қарай саяси элита, ғылыми элита, бизнес - элита, әскери элита, мәдени элита, діни элита, медиа-элита және т. б. болып бөлінеді. Билікке қатысты билеуші және контрэлита. Ресми және бейресми элита. Көптеген топтастыру нұсқаларын талдап жатпай, тек тақырыбымызға қатыстысына тоқталатын болсақ, әлемдік саяси, іскер топтар мен ғылыми элита өкілдерінен тұратын дүниежүзілік элита мен ғаламдық бәсекеде өз ұлтының мүддесін қорғайтын ұлттық элита түрін бөліп көрсетуге болады. Алғашқылары әлемдік процестерге әсер ете алатын, жаһандық басқару стратегиясын жасайтын өте бай әрі ықпалды адамдар тобы. Қазіргі кезде түрлі бейресми пікірсайыс алаңдарында, халықаралық форумдарда ортақ позиция, келісілген қағидалар мен идеяларды талқылап әзірлейтін ғаламдық жүйе жасалды. Қалың жұртшылыққа Давостағы бүкіл әлемдік экономикалық форум сияқты бас қосулар белгілі. Одан басқа да халықаралық жабық клубтар (жеке шақырумен ғана баруға болатын Бильдерберг клубы, Үш жақты комиссия, яғни, “Трилатераль” (Trіlateral) сияқты халықаралық ұйымдар) бар. Мәселен үш жақты комиссия құрылғанда оның атқарушы директоры боп посткеңестік жұртшылыққа есімі танымал американдық ғалым және мемлекеттік қайраткер Эбигнев Бжезинский тағайындалды. Үш жақты комиссия мүшелері жасырын жағдайда қабылданған шешімдер Батыс елдерінің саясаткерлері үшін өзінше бір заңға айналып отыр.
Отандық зерттеуші ғалымдардың пікірінше, еліміздің ұлттық элитасы аз зерттелген тақырып болып табылады. Өйткені, онымен егжей-тегжейіне жете қарап зерттейтін мамандар бізде көп емес. Баспасөз беттерінде біздің элитаны көбік пе әлде қаймақ па деген мәселе төңірегінде талқылап жатады. Элита термині ғылыми ұғым емес, бағалаушы сипатқа ие түсінік боп отыр. Оның үстіне орыстілді ғалымдар мен қазақтілді зерттеушілердің бұл ұғымды түсінуі мүлде бөлек. Мәселен, белгілі алаштанушы, филология ғылымдарының докторы, жазушы Тұрсын Жұртбайдың пікірі бойынша: «Элита, қазақша айтқанда қаракөк. Қаракөк ұлттың тағдырына жауап беретін, ұлттың мүддесін көздейтін және ұлт үшін барлық қиындыққа баратын тұлға. Элитаның рухы мен жаны, қолы мен ары таза болуы керек. Кімнің тарысы піссе соның тауығы болатын жалтақбастарды элита деп айтуға болмайды». Қазақта мынадай өлең шумағы бар екен: «Жеті атаңнан қаракөк үзілмеген. Қан сұйылса көкше бөрілігіңнен дым қалмас, қортық тумай қайтеді?». Т. Жұртбайдың жазуынша
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz