Орталық Африка Республикасының географиясы, тарихы және экономикасы


Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы

РЕФЕРАТ

Орындаған: Нұрланова Дария

Қабылдаған: Изтілеуова Шолпан

Орталық Африка

Әкімшілік жағынан 16 префектураға бөлінеді. Ресми тілі - француз және санго тілдері. Халқының 50%-ы жергілікті наным-сенімдерді, 40%-ы христиан, 10%-ы ислам діндерін ұстанады. 1994 жылы қабылданған конституциясы бойынша мемлекет басшысы - президент. Ақша бірлігі - Африка қаржы қауымдастығының франкі. Ұлттық мейрамы - 1 желтоқсан - Республика күні (1958) . БҰҰ-ның (1960), Африка Бірлік ұйымының (АБҰ) (1963) мүшесі.

ОАР Конго және Шари өзендерінің алабында орналасқан. Елдің көпшілік бөлігін Азанде (биіктігі 600 - 900 м) қыраты алып жатыр. Климаты экваторлық-муссондық, ылғалды. Жаз айларының орташа температурасы 310С, қыс айларында 210С. Солтүстігінде жылдық жауын-шашын мөлшері 1000 -1200 мм, оңтүстігінде 1600 мм. Ірі өзендері - Убанги, Мамбере, Кадей (Конго өз-нің алабы) және Уам, Грибинги, Бахр-Аук, (Шари өз-нің алабы) . Биік шөпті саванна басым. Мұнда қызыл латеритті және темір тотықты топырақ қабығы тараған. Оңтүстігіндегі шетіндегі қызыл-сары латеритті өңірде ылғалды экваторлы орман өседі. Піл, мүйізтұмсық, буйвол, антилопа, жираф, арыстан, қабылан, қорқау қасқыр, маймыл, өзендерінде гиппопотам, қолтырауын, құстың көптеген түрлері кездеседі.

Орталық Африка Республикасы халықтарының ежелгі және ортағасырлық тарихы

ОАР халықтарының ежелгі және ортағасырлық тарихы аз зерттелген. Тау-кен қазбаларынан табылған заттарға қарағанда, ОАР жерін адам баласы ежелгі заманда мекендеген. Араб жазбаларынан XVI ғасырда ОАР аумағыннда Гаога мемлекеті құрылғаны белгілі. XVIII ғасырдың аяғында ОАР-дың солтүстік-батыс бөлігі Багирми және Дарфур мемлекеттерінің құрамына кірді. Оларда ислам діні күшті дамыды. 1894 жылы Франция тайпалар арасындағы алауыздықты пайдалану, сатып алу, қатал жазалау жолымен Убанги және Шари өзендерінің аралығын басып алып, 1910 жылы Француз Экваторлық Африкасының құрамына қосты. Ел байлығы ірі француз компанияларына берілді. 1907 жылы отаршыларға қарсы қозғалыс басталып, екі жылға созылды.

Тұңғыш үкіметті Б. Боганда басқарды. 1959 жылы ақпанда елдің тұңғыш конституциясы қабылданып, 1960 жылы 13 тамызда Француз бірлестігі көлемінде ОАР-дың тәуелсіздігі жарияланды. Бірақ 1966 жылы 1 қаңтарда елде мемлекеттік төңкеріс болып, өкімет билігі Ж. Б. Бокасса бастаған әскерилердің қолына көшті. 1976 жылы Бокассо император болып жарияланды. Ол елде тоталитарлық тәртіп орнатты. 1980 - 81 жылдары төңкерістер қайта жалғасты. Елде экономика құлдырап, Франция, АҚШ компанияларының үстемдігі күшейді. 1994 жылы жаңа конституция қабылданып, ОАР президенттік республика болып жарияланды.

ОАР әлемдегі артта қалған елдер қатарына жатады. Елдің сыртқы қарызы 1, 1 млрд. АҚШ доллары Халықтың 80 - 90%-ы ауыл шаруашылығында жұмыс істейді. Экспортқа алмас, мақта, кофе, темекі, ағаш шығарылса, импорт ретінде машиналар және жабдықтар, азық-түлік, химия өнеркәсібі өнімдері, мұнай өнімдері, т. б. әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: Франция, Бенилюкс елдері одағы, Жапония, ГФР, Италия, Испания.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Замбия Республикасының географиясы, тарихы және экономикасы
Өзбекстан Республикасының тарихы, географиясы, экономикасы және мәдениеті
Грузия Республикасының географиясы, тарихы, экономикасы және халықаралық инвестициялары
Тәжікстан Республикасының географиясы, табиғаты, тарихы, экономикасы және мәдениеті
Германия Федеративтік Республикасының географиясы, тарихы, экономикасы және мәдениеті
Аргентина Республикасының географиясы, тарихы, саясаты және экономикасы
Алтай Республикасының географиясы, тарихы, экономикасы және мәдениеті
Армения Республикасының географиясы, тарихы, экономикасы және Қазақстанмен ынтымақтастығы
Иран: географиясы, тарихы және экономикасы
Кения Республикасы: географиясы, табиғаты, тарихы және экономикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz