Шегірткелер. Азия ұшпа шегірткесі


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы

Өзіндік Жұмыс

Тақырыбы: Шегірткелер

Орындаған: Нұрланова Дария

Қабылдаған: Берниязова Мөлдір

Шымкент қаласы

Шегіртке - қысқа мұрттылар отряд тармағына жататын үйірлі шегірткелердің бір тобы. Қысқа мұрттылардың ең маңызды тұқымдасының бірі - нағыз шегірткелер; Және де шегіртке тікқанаттылар отрядына жатады. Өзінің жақын туыстары қара шегіртке мен көк шегірткеден айырмашылығы - денесінің ұзындығының жартысындай болатын қысқа мұртшасы . Қазақстан ландшафтасының әртүрлі және жерінің кең байтақ болуына байланысты, шегірткенің 271 түрі кездеседі. Шегірткелерді үйірлі және саяқ шегірткелер деп бөледі. Үйірлі түрлерінің ( ұшпа, шөл, қызылшегіртке және т. б ) саяқ шегірткелерден айырмашылығы - жаппай көбею кезінде үлкен топтар құрып, бірнеше жүздеген, мыңдаған гектар жерді басып, бір күн ішінде бірнеше ондаған километр жерге орын ауыстырады. Мысалы, шөл шегірткесінің үйірі 2400-км -ден астам ашық теңіз үстінен ұшып өтіп, солтүстік - батыс Африкадан Британ аралдарына жеткен . Қазақстандағы зиянкес азия шегірткесі ұзақ қашықтықтарға ұша алмайды. Дегенмен ересектері бір күнде 80-120 км қашықтыққа ұша алады. Бұл түрдің тұрғылықты мекендері - Сырдария өзенінің сағасы мен Балқаш, Алакөл, Зайсан көлдерінің жағалауларындағы сазды жерлердің қалың қамыстары . Жаздың екінші жартысында жұмыртқа салады, дернәсілдері майдың соңында шығады, 35-40 күннен кейін қанаттанады. Азия шегірткесінің әрқайсысы өз өмірінде 300 г көк жем жейді, ал бір аналықтың ұрпақтары бір жазда екі қойға жететін жемді жейді . Негізгі қорегі қамыс болғанына қарамай, үйір 1-2 сағат ішінде мыңдаған астық алқабын жоқ қылып жібереді, сонымен қатар капуста, қарбыз, күнбағыс және тағы басқа қоректеніп, біршама зиян келтіреді.

Азия ұшпа шегірткесі

Азия ұшпа шегірткесі (лат. locusta mіgratorіa) - турақанаттылар отрядының нағыз шегірткелер тұқымдасына жататын жәндіктер.

Олардың мұртшалары қысқа, есту мүшесі құрсақ бөлімінің бірінші сегментінде орналасқан. Үстіңгі қанаттары қатқылдау және олар денесіне жанаса орналасады. Ал астыңғы қанаттары жарғақты әрі жалпақтау болып келеді. Аталықтарының дене тұрқының ұзындығы 35 - 50 мм, аналықтары 45 - 55 мм. Аталықтары артқы санын үстіңгі қанаттарына үйкелеп дыбыс шығарады.

Таралуы

Азия ұшпа шегірткесі Солтүстік Африка мен Еуразияның құрғақ далалы аймақтарындағы өзен, көл жағалауларындағы ылғалды жерлерге жұмыртқа салады. Көктемде одан шала түрленіп дамитын қанатсыз, дене мөлшері кіші дернәсілдер тобы шығады. Олар «жаушоғыл» (кулига) деп аталады, 4 - 5 рет түлеген соң ересек шегірткеге (имагоға) айналады. Жаушоғыл шегірткелер жолындағы жасыл өсімдіктерді тып-типыл етіп жайпап, бір жерден екінші жерге ауысып отырады. Топ құрамындағы әрбір шегіртке өз дене салмағынан 10 есе артық қоректі пайдаланады. Азия ұшпа шегірткесінің ұшатын тобы «ұшпашегірткелер» деп аталады. Шегірткелердің бұл тобы да өте қауіпті. Азия ұшпа шегірткесінің Қазақстанда көбірек жұмыртқа салатын аймағына Сырдария өңірі, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының қамысты алқабы, Балқаш - Алакөл, Ертіс, Зайсан аумақтары жатады.

Азия ұшпа шегірткесінің көптеп көбею жағдайы әрбір 7 - 10 жылда байқалып тұрады. Соңғы 100 жыл ішінде мұндай жағдай Қазақстанда 9 рет қайталанған. 1995 - 2001 жыл аралығында көбеюі ерекше байқалды. Бұл кезде 10 млн га алқап зиянкестерден орасан зор зардап шекті. Бұларға қарсы механикалық, агротехникалық, химиялық және биологиялық күрес әдістерімен қатар адонис, димилин, номолт, матч, римон препараттары қолданылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көп қоректі зиянкестер шегірткелер және негізгі түрлері
Көп қоректі зиянкестер шегірткелер және негізгі түрлері туралы ақпарат
Көп қоректі зиянкестер.Шегірткелер және оның негізгі түрлері
Көп қоректі зиянкестер шегірткелер және негізгі түрлері туралы мәлімет
Күздегі күбіршелерді тексеру
Айқышты саяқ шегіртке.Биологиясы,зияны,зиянды фазасы,таралуы,есептеу әдістемесі
Қазақстанның ұлттық табиғи бақтары
Бунақденелілердің сыртқы құрылысы
Ауылшаруашылық дақылдарында зиянды организмдердің таралуы мен дамуын болжау
Қазақстан табиғатының эталондық бөліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz