Химиялық қару. Биологиялық қару. Әсері күшті улы заттар


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:
Жоспар:
1. Химиялық қару
2. Биологиялық қару
3. Нерв жүйесін зақымдайтын фосфорорганикалық уландырғыш заттар
4. Әсері күшті улы заттар
5. Пайдаланылған әдебиеттер
Химиялық қару дегеніміз жалпылай улау заттарын қолданатын әскери қару. Химиялық улану заттарын жеткізу үшін зымырандар, бомбалар, снарядтар және т. б құралдар пайдаланады. Улану заттары адамдарды, мал-жануарларды, тірі организмдерді, өзен-көлдерді, су қоймаларын, сол ошақ төңіректерін, егіндерді, өсімдіктерді жояды, қатты зақымдайды.
Бактериологиялық (биологиялық) қару деп терлеткі микроорганизмдерді, олардың шығаратын улары және жеткізетін құралдарының жиынтығын айтады.
Бұл қарудің қауіптілігі - приборлардың жиынтығынан іздеп табудың қиындығы. Ал олардың әсерін анықтау үшін, сол қару қолданылған жерден, судан, ауадан заттар алынып, арнайы жабдықталған зертханада талдау жасап қана анықтауға болады. Оған көп уақыт кетеді, ол жаппай улану басталғанда әрбір минут, секунд қымбат.
Нерв жүйесін зақымдайтын фосфорорганикалық уландырғыш заттар.
Олар аз мөлшерде буланатын түссіз сұйық түрінде кездеседі. Оның исі болмайды. Суықта қатпайды. Суда баяу ериді, ал органикалық еріткіштер мен майларда жақсы ериді.
Ашық жатқан су көздерін, өте ұзақ уақыт бойы - 6 айға дейін зақымдаушы күшін жоймайды. Адамның терісіне, тыныс жолдары, киіміне сіңу арқылы уландырады. Жазды күндері бір жерде 12 тәулік бойы, ал қысты күні 2-3 айға дейін сақталып улайды.
Зарин - бұл түссіз немесе сарғыштау түрде кездесетін, ауада жақсы буланып ұшатын, қыста қатпайтын сұйық зат. Оны кез келген мөлшерде суға немесе органикалық еріткіштерге араластырып қолданады. Судың әсеріне тұрақты қарсылық көрсететіндіктен тұйық су көздерін ұзақ уақыт бойы уландырады. Адамның терісіне, киіміне тез сіңеді. Оның буы 20 км-ге дейін тарайды. Ойлы жерлерде жазда бірнеше сағатқа, қыста 2 тәулікке дейін сақталады.
Бұл да теріге өтіп және тыныс алу орындарын улайды. Организмге сіңгеннен кейін орталық нерв жүйесіне зардабын тигізеді.
Иприт - теріні күйдіріп, іріңдетіп улағыш заттарға жатады. Ол сарымсақтың исі бар сарғыш немес қара қошқыл түсті сұйық. Органикалық ерігіштерде жақсы ериді. Ол адам терісіне сіңу арқылы улайды. Бұл жағдайда адам терісі 2-3 сағатта қызарады да, жараға айналып 20-30 тәулік бойы жазылмайтын жара пайда болады.
Адам тыныс жүйесі арқылы уланғанда бірнеше сағаттың ішінде-ақ ауыра бастайды да, тез арада өкпесі қабынып, ісініп, тынысы тарылып, тұншығып өледі. Синильдік қышқыл. Бұл тез буланып кететін түссіз зат. Ашық жерде тез арада бұға айналып ұшып кетеді. Қату температурасы - 14 0 С, адам синиль қышқылы тараған ауаны жұтқаннан уланады. Фозген - бұл тұншықтырғыш улы заттарға жатады. Ол түссіз газ түрінде болады және ауадан 3, 5 есе ауыр. Шіріген көптің исі бар. Адамды буланған күйінде тыныс алу органдары арқылы уландырады. Тегіс жерде 30-50 мин, ал ойлы жерлерде 3 сағатқа дейін өзінің уландыру күшін сақтайды.
Әсері күшті улы заттар
Әсері күшті улы заттар - шаруашылық мақсатта қолданатын зат, олардың қалай болса солай сақтаулы немесе төгілуі адамдарды жаппай улануына алып келеді.
Әсері күшті улы заттар - жабық ыдыста қысыммен сақталады. ӘКУЗ қайнауға бейім, олардың қайнау температурасы +20 0 С, ал атмосфераға газ немесе бу ретінде бөлінеді, олар үлкен қашықтыққа тарайды. Химиялық зақымдау ошағының көлемі, оның адам терісіне тамшы сұйық түсуі және бумен дем алу нәтижесінде болуы мүмкін.
Әсері күшті улы заттар төгілген кезде көрсетілген немесе істелінетін іс-әрекеттер:
- хлор - төгілген кезде (ол ауадан ауыр) ең биік орындарға көтерілу керек;
- аммиак төгілген кезде (ол ауадан жеңіл) тез буланып жоғары көтеріледі, яғни төмен жерлерді таңдау қажет.
Аммиактан, метилхлоридтен, винилхлоридтен және басқа улы заттардан тыныс органдарын қорғау үшін 30-100 минут бойы қорғайтын противогаз кию керек. Аммиак суға жақсы жайылады. Осыған орай суланған мақта-дәке таңғышы көмектеседі.
Тыныс органдарын хлордан қорғау үшін өзінің немес балаңыздың дәретімен шайылған мата таңғышпен пайдаланамыз.
Бұл уланғыш заттардың бәрінен тиімді жеке және ұжымдық қорғау құралдары қорғайды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. www. studfiles. ru сайтынан алынған мәлімет.
Жоспар:
1. Химиялық қару
2. Биологиялық қару
3. Нерв жүйесін зақымдайтын фосфорорганикалық уландырғыш заттар
4. Әсері күшті улы заттар
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz