Энергияны тұрақты пайдалану және өндіру. Бизнес этикасы



Пән: Физика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Энергияны тұрақты пайдалану және өндіру. Бизнес этикасы.
Болашақ энергиясы Тұжырымдамасы Энергия – бұл адамзат тіршілігінің дамуына
жағдай жасаушы және ынталандырушы бірден-бір табиғи қайнар көз. Энергия
социумдар үлгісінің сақталуын қамтамасыз етеді, ол көптеген аспектілерді
біріктіретін ұғым ретінде бүкіл әлем мен адамзатқа тікелей қатысты қызықты
сауалдарды туындатады. Қоғамның энергия көздеріне қол жеткізуі олардың
әлеуметтiк, экономикалық және экологиялық тұрақты дамуының нақты
жағдайларын тiкелей түрде анықтайды. Технология саласындағы әр түрлi қуат
көздерін оңтайландырумен байланысты ғылыми зерттеулер мен жетiстiктер
қоғамдастықтардың функционалды тәсiлдерiн анықтап, энергетиканың тұрақты
даму болашағын қалыптастырады. Астанада Болашақ энергиясы ұранымен өтетін
ЭКСПО 2017 көрмесі кең ауқымды және барлығын қамтушы жоба ретінде
ойластырылды, оның тақырыбы жан-жақты терең қызығушылық танытатын,
қоғамдастықтардың тіршілігін анықтайтын және осы қоғамдастықтардағы адамның
күнделікті тұрмыс-ахуалын айқындайтын фактор ретінде қарастыруға мүмкіндік
беретін энергия болып табылады. Болашақ энергиясы – бұл қазіргі заманның
келелі мәселелеріне және болашақтағы шешімдерді болжауға қатысты
міндеттерді шешуге бағытталған, ойлануға нәр беретін ауқымы кең тақырып
болып отыр. Болашақ энергиясы жобасының тақырыбы тұрақты даму
ұстанымдарына негізделеді, ал оның астында экономикалық және әлеуметтік
мұқтаждықтарды, сондай-ақ мәдени әралуандылықпен және адам денсаулығына
пайдалы ортаны қамтамасыз етумен байланысты сұраныстарды қанағаттандыруға
бағытталған үдерістер ұғынылады. Болашақ энергиясы жобасы алдына тұрақты
қуат көздерінің дамуына бағытталған стратегияларды, бағдарламалар мен
технологияларды зерттеу, қуатпен жабдықтау сенімділігі мен тиімділігін
арттыру, қалпына келтірілетін қуат көздерін қолдануды ынталандыру және
қонақтарға қуат көзін үнемдеу өндірісінің жоспарын дайындау мен іске
асыруға, энергетикалық қорларды тиімді пайдалануға белсенді қатысу
қажеттілігін көрсету тәрізді нақты мақсаттар қояды.  Анықтамасы Болашақ
энергиясы жобасының атауында оның идеясында секілді энергияны жақын
болашақта пайдалану кезіндегі ең озық тәсілдерді қабылдау, енгізу және
қолдануды білдіретін абстрактілі ұғым қалыптасқан, бұл тұрақты дамудың
айнымас шарты болып табылады.Болашақ энергиясы жобасының мақсаттары мен
міндеттері – қуат көзін пайдаланудағы жоспарлау мен бақылау адам өмірі мен
ғаламшардағы бүкіл тіршілік атаулыға шешуші әсер етеді деген тақырыпта
ойлану мен білім қалыптастыруды ынталандыру мақсатында түрлі мекемелер,
ұйымдар, корпорациялар мен жеке тұлғалардың көмегімен халықаралық
қауымдастықты жауаптылық сезіміне шақыру болып табылады. Болашақ
энергиясы жобасының түпкі ойы тұрақты қуат көздерін басқаруды қамтамасыз
ететін шешімдер мен әдістерге қоғамдастық назарын аудару болып табылады.
Бұл әдістер ауа-райы өзгеруімен және көмірқышқыл газының шығарылуымен
күресуге; балама қуат көздерін пайдалануға ынталандыруға бағытталған, оның
ішінде қалпына келтірілетін қуат көздерін пайдалану және энерготиімділік
жөніндегі бағдарламаларды енгізу; энергиямен қамту сенімділігін қамтамасыз
ету; энергияны өндіру, сақтау және пайдалануды басқару; және тұрақты қуат
көздеріне жалпы қол жетімділікті қамтамасыз ету. Бұл шешімдер ЭКСПО
тақырыпшасында да көрсетілген: Адамзаттың ең күрделі мәселесін шешу
жолдары. Олар әлеуметтік, экономикалық және экологиялық тұрақты дамуға
әсер етеді және ең күрделі мәселелерді шешу жолдарын анықтайды. Астана
ЭКСПО 2017 көрмесінің түйінді ұғымдары – әлеуметтік-экономикалық және
экологиялық тұрақты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік қызметтің жіктелуі
Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік және экономикалық рөлі
Сыртқы ортаның сипаттамалары
Кәсіпкерлік тәуекел және оның негізгі белгілері
ІСКЕРЛІК ЭТИКАЛЫҚ НОРМАЛАР
Бизнес этикасы пәні
Бизнес этикасы мен бизнес психологиясы
ҰЛТТЫҚ БАСҚАРУШЫ ХОЛДИНГТЕР
Кәсіпкерлік мәдениеті мен этикасы
Бизнес этикасы
Пәндер