Әлеуметтік педагогтың кәсіби, адамгершілік сапалары


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
беттер
676
р
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Кәсіби әлеуметтік педагогикалық жұмыс - қоғамның жаңа әлеуметтік жағдайға әсер етуінің басты құралдарының бірі. Қиын әлеуметтік экономикалық жағдай, өмір сүру жағдайының төмендеуі адамның әлеуметтік қорғалуын дамыту мен жетілдіруін, оның инфрақұрылымы мен кадрлық қамтамасыз етілуінің маңызыдылығын анықтайды. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік жұмыс саласындағы қолданылатын әлеуметтік педагогика әдістері мен технологияларын жетілдіру мүмкіншіліктері болып табылады. Қазіргі таңдағы бала тәрбиесiнiң өзектi проблемаларын шешуге тәрбиенiң уақыты өткен әдiстерiн ауыстыратын тәрбиенiң жаңа технологияларын қолданудың қажеттiгi, ел ертеңi, ұлт болашағы үшiн әлеуметтік педагогика ғылымының жетiстiгiн әр отбасының тәрбие құралына айналдыру - бүгiнгi күннiң сұранысы. Алайда, соңғы уақытта елiмiздегi нарықтық экономиканың қарқынына iлесу қиыншылығынан, көптеген отбасыларында бала тәрбиесi әлсiреп, тiптi ерiксiз қолдан шығып, орны толмас олқылықтар пайда болды. Ата-ана өз мiндетiн орындау барысында жiберiлген кемшiлiгiн қоғамға, бiлiм беру мекемелерiне арта бастады. Оған қоса, шартты түрде дамыған бiлiм беру жүйесi мен бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы, “мәдени орын” деген атаудың астарына тығылған керектi, керексiз сауық үйлерiнiң ашылуы отбасының тәрбие беру және әлеуметтендiру қызметiн әлсiреткенiн жасыра алмаймыз.
Әлеуметтік педагогика кешенді, интегративті әртүрлі деңгейдегі және әртүрлі саладағы тәжірибеге шыға алатын ғылым. Соның ішінде саясатта-саясаттың дәрменсіздігін тудыратын виктимогендікке қарсы, кешенді әлеуметтік оңалдыру және әлеуметтік қорғау ұйымдарын кеңейтуге көмектесу;
әдістемеде-ашық әлеуметтік-педагогикалық жүйенің мәні мен қызметін, адам мен қоғам қатынасын ізгілендірудің жағдайы мен принциптерін анықтауда;
әлеуметтік-педагогикалық тұрғыда - тәрбиелеу құндылықтарының басым бағыттарын, әлеуметтік-педагогикалық болжамдау, жобалау, бағдарлауды белгілеу, өңделген бағдарлама мен жобаны ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу; қолданбалы тұрғыда-әлеуметтік саланы дамыту, кешенді әлеуметтік инфрақұрылымның, әлеуметтік-педагогикалық мекеменің жобасын, зерттеу әдістерін жасақтау; тұлғалық тұрғыда - жеке диагностика, түзету жұмыстарының, әлеуметтік қолдау мен көмекті қажет ететін әртүрлі категориядағы адамдармен алдын-алу жұмыстарының әдістемесін жүргізу.
Әлеуметтік педагогика жалпы педагогикалық мәселелерді ғана емес, қоғамның белгілі бір ауытқуларға ұшыраған бөлігіне арналғандықтан бірнеше ғылым салаларын біріктіреді және солармен тығыз байланыста адамның басына түскен күйзелісті шешу жолдарын қарастырады. Айталық, психология, педагогика, медицина және т. б. қоғамдық ғылымдар саласымен байланыстын қарастыра отырып әлеуметтік жұмыстың басты объектісін анықтауға зор мүмкіндік бар.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты: балалар үшін педагогикалық жағымды шарттар түзу, олардың талабын, қажеттіліктерін, мүддесін қорғау, отбасындағы, мектептегі қарама-қайшылықтарды жоюға, келеңсіз ахуалдардың алдын алуға жәрдем беру, әлеуметтік педагогтың кәсіби, адамгершілік сапалары, ұстанымдары мен шеберліктерін қалыптасу үрдістерін зерттеу болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсатына байланысты, оның келесі міндеттері анықталып, шешіледі:
- Қоғамдық тәрбие және әлеуметтік педагог қызметінің қалыптасуының теориялық аспектілерін жалпылау;
- Әлеуметтік педагог қызметінің негізгі бағыттарын анықтау;
- Әлеуметтік педагог іс-әрекетінің ғылыми-әдістемелік негіздерін қарастыру;
- Әлеуметтік педагогтың мектеп оқушыларымен жұмысының негізгі бағыттарын зерттеу;
- Әлеуметтік көмекті қажет ететіндермен әлеуметтік педагогтың жұмысының түрлеріне жалпы сипаттама беру;
- Әлеуметтік педагогтың ата-аналармен жүргізілетін жұмысының ұйымдастырылуын бағалау;
- Әлеуметтік педагогтың кәсіптік (профессионалдық) сапасын дамыту ;
- Әлеуметтік педогогтың кәсіби шеберлігін жүзеге асыруда шетелдік тәжірибені қолдану мүмкіндіктерін зерттеу.
Дипломдық жұмыстың нысанасы - балалар, жастар, ересек адамдар, қарттар, яғни бүкіл отбасы мүшелері.
Әлеуметтік педагогиканың пәні - адамның әлеуметтік қоғамда орын алып қалыптасуы және дамуының педагогикалық-философиялық аспектілері болып оның жетістіктерін қуаттап, жойылып не ауытқуға ұшыраған тұстарын қалыбына келтіру.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: дипломның құрылымы оның тақырыбының, мақсаты мен міндеттерінің негізгі бағыттарына сәйкес құрылды. Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі, қорытынды бөлімдерден және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, жұмысты жазудың мақсаты, соған сәйкес алдына қойылған міндеттері және жұмыстың нысаны қарастырылған.
Негізгі бөлімде әлеуметтік педагог түсінігіне анықтама беріле отырып, оның іс - әрекет барысында қолданылатын әдістері мен ұстанымдары, шетелдік мамандардың тәжірибесін қолдану мүмкіндіктері, қоғамдық өмірдегі әлеуметтік педагогтың ұстанатын кәсіби шеберлігі, адамгершілік сапалары қандай болуы керектігі қарастырылады. Сонымен қатар осында мектептегі және әлеуметтік көмекті қажет ететіндер арасындағы әлеуметтік педагогтың жұмысын қалай ұйымдастыруына талдау беріледі. Әлеуметтік педагогтың кәсіби шеберлігін арттыру үшін қолданылатын тәсілдер, жұмысындағы қолданылатын негізгі бағыттары талданады.
Қорытындыда дипломдық жұмыста талданған әлеуметтік педагогтың жұмысы, оның адамгершілік және кәсіби сапалары талданып қарастырылған.
Кәсіби шеберлік пен педагогикалық құралдар жалпы және кәсіби дамудың тұтастай процесінің нәтижесі болып отырып, жалпы мәдени дайындық, тұлғаның жоғары интеллектуалдық, адамгершілік және эстетикалық потенциалына негізделеді. Әлеуметтік педагогтың шеберлігі мен құралдары оның үнемі өзін - өзі дамыту, өз білімін арттыру, тәрбиелеу әдістері мен түрлерін толықтыруға бағытталуы керек.
- ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ҒЫЛЫМИ
ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Әлеуметтік педагог - қоғамдық тәрбиелеуші маман
Қоғамдық тәрбие - «бұл адам-адам» қатынастары желісінде жүргізілетін тәрбие, яғни тікелей адамаралық байланыстар мен осы мақсатқа аранайы ұйымдастырылған қоғамдық мекемелер (қайырымдылық қорлары, ұйымдық қоғамдар, бірлестіктер, т. б. ) тарапынан болатын істер. Қоғамдық тәрбие мәселесін арнайы педагогика саласы зерттейді. Оның пәні - тұлға қалыптастыруда ықпал жасайтын қоршаған орта заңдылықтары. Дәлірек айтсақ, отбасы, ресми ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, діни-руханият мекемелерінің қоғам мүшелеріне жасайтын әсерлері [1] .
Адам - жаратылыстың ең күрделі феномені, табиғаттың құрамдас бөлігі. Биологиялық «тірі жан» ретінде дүниеге келіп, жаратылыстың бөлінбейтін құрамы болғандықтан табиғаттың, қоғамның, қоршаған ортаны, тәрбиенің, оқытудың, ойынның, еңбектің ықпалымен әлеуметтік «жан-иесі» - адамға айналады.
Адам туралы ілімге қосылған «әлеуметтану» деген ұғым саяси экономикадағы жерді, өндіріс құралдарын қоғамның меншігіне айналдыру дегеннен алынып, баланы немесе жеке тұлғаны қоғамда өмір сүруге бейімдеп, даярлау деген мағынаны білдіреді.
Әлеуметтену - адамның белгілі бір қоғамға бейімделуі мен ерекшеленуі - басқалардан үздік шығуы, арасындағы тең салмақты сақтауы бейімделуін көрсетеді.
Олар мыналар:
- қоғамға тән әр түрлі рөлдік сұрау-талаптары мен ұйғарымдарды меңгеруі - отбасы, кәсіп, әлеуметтік, демалыс т. б. ; білім, белгілі ұстанымдарды меңгеруі;
- белгілі бір қоғамда өз мақсатының нақты болуы және оған жету жолдарының, тәсілдерінің болуы;
- жас кезеңіне сай білімінің болуы;
Ерекшелену белгілері:
- көзқарасының болуы мен оны өзгертуге, жаңасын жасауға мүмкіндігі мен қабілеттілігі (құндылық автономиясы) ;
- “мен” тұжырымы, өзін сыйлауы, ар-намысының болуы, психологиялық автономия;
- талғауы (избирателность), эмоционалды берілгендігі (привязанность) олардың алмасуы мен аялауы;
- өз қиындықтарын өзі шешуі, өзін өзгертуге тосқауылдарды жеңудегі жігері, өзін тануы, өзін анықтауы;
- өзгермелі ахуалдардағы тұрақтылығы мен өмірге шығармашылық пен қарауы.
Тәрбиенің аяқталмауы - кез-келген бала, жас өспірім, жеткіншек, ересек адамның тәрбиесінде кемшілігінің болуы.
Әлеуметтендірудің қолайсыз шарттарынан балалар, жастар, жеткіншектер т. б. күйзеліске ұшырауынан осы үрдістің “құрамындағы” деген ұйым пайда болған.
Әлеуметтену үрдісі адамның дамып, қалыптасу кезеңдерінің барлығында жүзеге асады. Оларды атап өтетін болсақ: шарана - туған күннен бастап қырқынан шыққан кезге дейін; бөбек - бір жасқа толғанға дейін; сәби - бір жастан үш жасқа дейін; балдырған - үштен бес жасқа дейін; мектепке дейін кезең - бестен алты-жеті жасқа дейін; кіші жастағы мектеп оқушысы - 6-10 жасқа дейін; жеткіншек - 10, 13, 14 жас; жасөспірім 13, 14, 15 жас; бозбала мен бойжеткен - 15, 17, 18 жас немесе жасөспірім кезеңі, жастық шақ-18, 23 тен 30 жасқа дейін; қазіргі кезде «жас» деген санатқа 40 жасқа дейінгі кезеңді де жатқызады. Оның өзіндік себептері бар. Бірақ психо-физиологиялық жақтан оларды ересек адамдар қатарына қосуға болады. Ал әлеуметтену 40 жасқа дейін созылады. Себебі, осы жасқа дейінгілер көп жағдайда оқиды, ғылым-білімді, техниканы меңгереді, тұрмысын реттейді (отбасы құрады, мамандық алады, жұмысқа орналасады т. б. ) ; әлеуметтенудің осы мәселелеріне байланысты 40-50 жастағы адамдарды ересек адамдар, қазақта қара сақал - 40-50, ақ сақал немесе жасы ұлғайған адам - 65-80, одан соң қарт немесе ұзақ өмір сүрген адамдар 80 жастан асқандар.
Әрбір тұлға, әсіресе балалық, жеткіншек және жасөспірім кездерінде әлеуметтендірудің нысаны болып саналады. Себебі, олар қоғамдағы атқаратын міндеттерін білетін, саяси, экономикалық мәселелерді шешуге қатысатын тұлға ретінде қалыптасуы тиіс. Осыған орай адамға қоғамдық талаптарды жеткізіп отыратындар немесе талап қоятындар: қоғам, ұжым, белгілі бір топтар, ұйымдар, мекемелер, отбасы және басқалар болып табылады [2] .
Егеменді ел ретінде тарих табалдырығын енді ғана аттап отырған мемлекетімізде, қазіргі таңда, тәрбие жұмысы өзекті мәселе болып табылады. Яғни, біз ұрпақ тәрбиесін, профессор Советхан Ғаббасов пікірі бойынша, «құрсақ тәрбиесінен» бастау керектігін ұсынды. Атақты педагог А. С. Макаренко: « . . . баланы дүниеге келген сәтінен бастап тәрбиелеу керек . . . » десе, ал профессор Советхан Ғаббасов: « . . . тәрбие тәсілдері бала дүниге келместен, тіпті ана құрсағында пайда болмастан бұрын, болашақ ата-ана болар жастардың танысқан сәттерінен басталуын . . . » талап етеді. Адам тәрбиесінің алғашқы шарты - ұрық тазалығы. Сол таза ұрықтан бірте-бірте өсетін жан-иесінің жүрек тәрбиесінің жалғасатындығын ерекше атап айтқан жөн. Ана құрсағындағы тоғыз ай, тоғыз күнге созылатын өмірінде нәресте бүкіл жер бетіндегі тіршіліктің, миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан баспалдақтарын басып өтеді екен. Бұл құбылыстардың дәл осылай екендігін, Америка мен Францияда, тағы басқа да көптеген елдерде, құрсақта өсіп жатқан жан-иесі үш-төрт айдан кейін-ақ, тәрбие әсерлерін жүйелі түрде қабылдай алатындықтарын дәлелдеп отыр. Жүрек тәрбиесінің маңыздылығы халық даналығында да: « . . . сүйекке біткен мінез . . . сүтпен енген қадет . . . » деп қаншалықты терең де дәл айтылған.
Жүрек тәрбиесі - негізінде ана құрсағында жетіліп, жарық дүниедегі ғұмырын түгелдей қамтиды екен. Бұл - адамдағы туа пайда болатын қасиеттер мен тұқым қуалайтын генетикалық тылсымдарды ұғынудың және тәрбиеге ықпал етудің ғылыми жүйесі болып табылады. Ана құрсағында өсіп келе жатқан жан-иесі, өзінің тоғыз ай торқада жататын мерзімінде, жарты миллиард жылдарға созылған тіршілік әлемінің әр сатысын басып өтетіндігі ғылымда дәлелденген құбылыс. Оның бір клеткадан өрби жетілетін тән құрылысындағы әрбір мүшенің қалыптасу жолы қандай күрделі болса, онан да бетер тылсымға толы жан дүниесін қалыптастыратын сан алуан түйсіктер мен ішкі сезімдердің санаға дейін өркен алуының сипаты қиялға да симайды. Ал ақыл тәрбиесі дегеніміз - адам тәрбиесінің нәресте кезеңінде жетілетін, аса бір қасиеті мол үлкен құбылыс. Қазақ елінің ғасырлар бойы қалыптастырған халықтық тәлімінде, ақыл тәрбиесінің алғашқы адымын - нәрестенің қырық күнге толған мерзімімен сабақтастырады да, оның қырқынан шығару ырымын жасайды. Мұны - хал-жағдайы бар адамдар, кейде ұлан-ғасыр тойға да айналдырып жібереді. Ал, бала қырқынан шыққанда жасалатын әрекеттің өзіне көшсек, біріншіден - нәресте мойнын ұстай алатын халге жеткендіктен - оның алғаш рет «қарын шашын» алады. Екінші - қолы мен аяқтарының үлгерген тырнақтарын қысқартады. Үшінші - бала жанарының қарашықтарын ұстай алатындықтан, енді бесігінің арқауына түрлі түсті заттар іледі. Осылайша нәресте қырқынан шыққанда - алғаш рет ақ пен қараны ажыратып - ақыл тәрбиесінің қиыны мен қызығы мол ұзақ сапарына аттанады. Ол - осы сәтте бірінші рет таңырқау мен таңданудың күйін кешеді. Бұған дейінгі адам тәрбиесінің физиологиялық кезеңдерінде - жүрек тәрбиесінің көмегімен - түйсіктік ақыл қалыптасса ендігі жасайтын ғұмырында - ақыл тәрбиесінің көмегімен - сананың салтанат құратындығын ажыратып қана қоймай, барлық қыры мен сырына тереңдей үңілудің мәні зор ақыл тәрбиесінің алғашқы адымын - нәұрсақта өсіп жатқан жан-иесі үш-[3] .
Тәрбиелік туралы сөз қозғағанда әркім әр түрлі пікір айтады. Ол туралы өмір талаптарына сай мінез-құлқы қалыптасқан адам, тәрбие көрген адам, ақылды адамды айтамыз делініп әр түрлі анықтамалар берілген. Педагогикада мұндай болуының себебі тәрбиелілікті теориялық сипаттау өте қиын. Сондықтан оны көп жағдайда білімі, мамандығы мен кәсібі, ұстанымдары мен құндылықтарына байланысты бағалайды. Бірақ олар адамның нақты жағдайдағы әлеуметтік құлқына сай келмейді. Әр дәуірде педагогтар “қандай адам қалыптастыру керек” деген сауалға жауап іздеген. Осыдан барып адамның өмірге дайындық өлшемдері (критерилері), “балалардың әлеуметтік өмірге дайындығы” деген ұғым туындады.
Біз «әлеумет» терминін айтсақ болды, ойымызға бірден мектеп, әріптестік орта, балабақша, институт сияқты түрлі әлеуметтік топтар түсері анық. Соның ішінде, әсіресе мектепте тәрбиенің 65%-ы қалыптасады екен. Міне, осындай процестер жалпы білім беретін мектепті басқару жүйесін, оның ішінде тәрбие жұмыстарын жаңашаландыруды қажет етеді.
Тәрбие - жеке тұлғаның дамуы мен жалпы қоғамның негізгі мақсаты және қоғамның әрбір мүшесінің жан-жақты дамуына жағдай жасауға бағытталады. Белгілі кезеңдегі балалардың жас мөлшері дегенде олардың өздеріне тән ерекшеліктері мен сипаттары бар. Бұл ерекшеліктер педагогикалық процесте ескеріліп, пайдаланылуы керек [4] .
Тәрбие - тал бесіктен басталады. Әрбір ата-ана өз баласын текті, тәрбиелік қасиеттерге сусындатып өсірсе, қоғам тәрбиесі де дұрыс қалыптаспақ. Бүгінгі күнде әлеуметтік тәрбие жүйесінде түрлі әлеуметтік педагогикалық іс-әрекеттер істелінуде. Әрине, сол жұмыстармен айналысып жүрген әлуеметтік педагог, әлеуметтік тәрбиешілердің еңбегі зор. Әдетте, ата-анасынан ерте айырылған, қараусыз, панасыз қалған жас жеткіншектер тәрбиесі әлеуметтік педагогтар үшін қиынға соғып жатады. Осындай бүкіл әлеуметті қынжылтатын оқиға болдырмау үшін біз сәтсіз отбасы құрмауға тырысуымыз қажет.
Әлеуметтік педагогтың іс-әрекеті де тәлім-тәрбиелік жұмыстар болғанымен шұғылданатын нысанасының ерекшеліктеріне байланысты кейбір өзгешеліктері бар және ол кәдімгі оқушы (адам) емес, күйзеліске душар болғандарға қатысты. Сол себепті, әлеуметтік- педагогикалық жұмыстар маңызы жағынан жалпы педагогикалық іс- әрекетке жақын болғанымен, дәл сондай емес. Оның ерекшелігі жұмыс нысаны және соған сәйкес мақсаты, міндеттері, қолданатын әдістерінің өзгешелігіне байланысты.
Қоғамда болып жатқан өзгерістердің адамдарға, әсіресе, балалар мен жастарға ықпалының теріс тұстарын азайту, осы өзгерістердің салдарынан бұзылгандарды қайта қалпына келтіру тәрбиенің, соның ішінде, әлеуметтік тәрбиенің міндеті екені педагогтардын алдына жаңа мәселелер қойды. Міне, осы кезде әлеуметтік тәрбиенің қажеттігі арта түсті. Қазіргі кезде осы мәселені түбегейлі зерттеп жүрген ресейлік А. В. Мудрик, В. Д. Семенов, Г. Н. Филонов т. б. ғалымдарды осы заманның әлеуметтік педогикасынын негізін қалаушылар деуге болады. Қазіргі кезде ТМД елдеріндегі әлеуметтік-педагогикалық жұмыстар мен зерттеулер аталған ғалымдар мен төңкеріске дейінгі басқа да кезеңдегі белгілі педагогтардың осы салаға тән пікірлерін негізге алуда. Осыған орай Қазақстанда Г. А. Уманов, З. У. Кенесарина, А. Н. Тесленко, І. Р. Халитованың және басқалардың жекелеген еңбектерін атауға болады.
Жалпы, педагогикалық іс-әрекет кәсіби іс-әрекеттің бірі ретінде өсіп келе жатқан жас буынға білім беру оларды тәрбиелеу және дамыту болып табылады. Ол педагогтардың көмегімен балабақшаларда, мектептерде, білім беру мекемелерінде жүргізіледі. Әдеттегі білім беру мекемелері және ондағы педагогтардың іс-әрекеті мемлекеттік стандартта көрсетіліп, оқу жоспарлары, бағдаламалар, оқу құралдары, оқыту түрлері және басқа да кешенді жүйе арқылы іске асырылады. Жалпы педагогика қалыпты жағдайда тәлім-тәрбие істерін ұйымдастыру, бақылау, бағалау және басқаларға бағытталған [5] .
Педагогика ғылымының бір саласы ретінде кейінгі кезде қолданысқа енген “Әлеуметтік педагогика” деген түсінік екі сөзден тұрады - “педагогика” және “әлеумет”. Бұл ұғымның бірі философиядан екіншісі педагогикадан алынып олардың бірігуі ғылымдағы дифференциясы және интеграция үрдістерінің негізінде туындаған.
Әлеумет - қазақ тілі сөздігінде адамдар қауымы дегенді білдірсе, “социология” - латынның socialis - қоғамдық, жалпы деген мәнде болып бірге өмір сүрген адамдардың тұрмысын, олардың қарым-қатынас және байланыстарын, оның салдарын зерттейтін ғылым. Білгілі бір қоғамдағы балалар оқу тәрбие үрдісінде бірге білім алып, жалпы іс-шараларға қатысып, қоғамдық ахуалда, әлеуметтік тәжірибе жинақтап “әлеуметтану” үрдісіне қатысады.
Әлеуметтік педагогиканың пәні - адамның әлеуметтік қоғамда орын алып қалыптасуы және дамуының педагогикалық-философиялық аспектілері болып, оның жетістіктерін қуаттап, жойылып не ауытқуға ұшыраған тұстарын қалпына келтіру.
Әлеуметтік педагогиканың теориясы мен практикасының нысаны - қоғаның мүшесі ретіндегі адамның тұлғалық және қоғамдық сипаттары.
Педагогика - гректің peidagogos - баланы жетелеу деген сөз. Ертедегі құл иелеу дәуірінде баланы бағып-қағып, серуенге алап шығып, оқуға жетелеп апаратын адамда педагок деген. Мектеп (ІХ-Х ғғ. ) пайда болған кезден бастап ондағы мұғалімді педагок деген. Ол кейін келе өз алдына ғылым саласының да атауына айналды. Бұл сөз, жас буындарды оқыту, тәрбиелеудің теориясы мен практикасын зерделеп, оның даму тенденциялары барысындағы жаңалықтарды қарастыра келіп осы істі ұйымдастырудың жолдарын қоғамдық ғылымдармен астарласа отырып - ғылым саласы ретінде зерделеп, ұсыныстар мен нұсқаулар беретін ғылымның атауы болып қабылданған [6] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz