Мемлекеттік органдардың жіктелуі. Мемлекеттік органдардың түсінігі
К І Р І С П Е
Мемлекеттің сан қилы қызметін атқаратын механизмі болады. Мемлекеттің механизмі - белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен және өзара байланыстылығымен сиппатлатын мемлекет органдарының жүйесі. Әр мемлекеттің механизмі оның тарихи, әлеуметтік, ұлттық, экономикалық, географиялық, т.б. ерекшеліктеріне байланысты құрылады. Дегенмен, барлық мемлекеттерге бірдей тән органдар болады.
Негізінен, олар - құқықтық тәртіпті сақтайтын, мемлекеттің ішкі қауіпсіздігін, сыртқы тәуелсіздігін қорғайтын органдар. Мұндай органдар әр дәрежеде, әр көлемде барлық мемлекеттерде болады. Мемлекет механизміне тән заңдылық - оның органдары тек мемлекет қызметін атқаруға қажет болғанда ғана құрылады. Екінші заңдылығы - бірінің қызметін бірі қайталайтын органдардың болмауы. Мемлекет механизмінің құрылымы мемлекеттік органдардан, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан және мемлекетттік қызметкерлердің, ұйымдық қаржылардан, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді қамтамассыз етуге қажет ықтиярсыз көндіру күштерінен тұрады.
Қазіргі кездегі мемлекет механизмі өзінің күрделілігімен, оны құрайтын құрылымдар мен бөліктердің әралуандылығымен ерекшеленеді.
Мемлекет механизмі және оның құрылымдары уақыт өте өзгеріп отырады. Оларға ішкі (мәдени-тарихи, ұлттық-психологиялық, діни-өнегелілік ерекшеліктер, экономиканың даму деңгейі, елдің аумағының көлемі және т.б.) және сыртқы (халықаралық жағдай, басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасау және т.б.) факторлар әсер етеді.
Мемлекеттік механизм деген - мемлекеттік органдардың мемлекеттік билікті жүзеге асыру әдістері мен құралдарының жүйесі. Яғни, мемлекеттік механизм ұғымына - мемлекеттік билік, мемлекеттік аппарат, мемлекеттік билікті жүзеге асыру құралдары мен әдістері ұғымдары кіреді. Мемлекеттік орган - мемлекеттік аппараттың бір буыны. Ол - мемлекет атынан белгілі бір мемлекеттік функцияны жүзеге асыруға бағытталады. Мемлекет механизмі түсінігімен қатар, теория және практика жүзінде мемлекеттік аппарат түсінігі де кеңінен пайдаланылып келеді. Биліктің бірден-бір бастауы - халық болғандықтан мемлекеттік органдар халықтың еркін, мүддесін ескеру қажет. Халық еркі сайлаулар, референдум, мемлекеттік қызметке орналасу теңдігі, т.б. жолдармен ескеріледі. Сондықтан, мемлекеттік органдар өз қызметінде демократиялық қағидаларды басшылыққа алуы тиіс. Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының жоғарылығы, демократизм, биліктің бөлінуі, заңдылық, жариялылық, кәсібилік, сайланбалылық және тағайындамалық жүйенің бірлігі, т.б. қағидалар.
I - тарау. МЕМЛЕКЕТ МЕХАНИЗМІНІҢ ҰҒЫМЫ
0.1 Мемлекет механизмінің ұғымы
Мемлекетті сан қилы қызметін атқаратын механизмі болады. Мемлекеттің механизмі - белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен және өзара байланыстылығымен сиппатлатын мемлекет органдарының жүйесі. Әр мемлекеттің механизмі оның тарихи, әлеуметтік, ұлттық, экономикалық, географиялық, т.б. ерекшеліктеріне байланысты құрылады. Дегенмен, барлық мемлекеттерге бірдей тән органдар болады.

Мемлекетттік органдар өкіметтік қызметтерін жүзеге асырудың барысында өзара тығыз байланысты болатындығын атап көрсеткен жөн.
Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың биліктік өкілеттіліктері болмайды. Олар экономика, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым, спорт, және т.б. салаларда жалпы әлеуметтік қызметтерді атқарады.
Мемлекеттік қызметкерлер - бұлар басқару ісімен арнайы түрде айналысатын айрықша топ құрайтын санаттағы адамдар болып табылады. Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайы арнайы заң арқылы реттелінеді, онда мемлекеттік қызметкерлердің түрлері және міндеттері мен құқықтары айқындалып көрсетіледі.
Демократиялық құқықтық, әлеуметтік мемлекет ғасырлар сынағынан өткен принциптерге негізделіп құрылады. Мұндай мемлекеттердің механизмі мынандай органдардан тұрады:
Өкілдік органдар. Қазақстан Республикасында өкілдік органдар екіге бөлінеді:
Жоғары өкілдік орган - Парламент. Парламент - бірден - бір заң шығаратын орган.
Жергілікті өкілдік органдар - оюлыстық, аудандық, қалалық мәслихаттар.
Мемлекет басшысы. Қазақстанда мемлекет басшысы - Президент.президент мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және үкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамассыз етеді.
Атқарушы орган. Қазақстанда жооғары атқарушы орган - Үкімет. Жергілікті атқарушы органдар - әкімшіліктер.
Орталық басқару органдары. Қазақстанда оларға: министрліктер, мемлекеттік комитеттер, агенттіктер, ведомстволар жатады.
Сот органдары. Қазақстанда оларға: Жоғары Сот, жергілікті соттар, әскери соттар жатады.
Прокуратура. Ол заңдардың біркелкі орындалуын қадағалайтын орган.
Әскер. Оған мемлекеттің әр саладағы қарулы күштері жатады.
Барлау, қарсы барлау органдары.
Абақты, бас бостандығынан айырылған адамдарды ұстап тұратын орындар.
Мемлекеттік механизмінің негізгі құрылымдық бөлімі - мемлекеттік орган. Мемлекеттік орган дегеніміз - билік өкілеттіктерге ие, мемлекет қызметтерін жүзеге асырушы ұйым. Мемлекеттік орган мемлекеттік қызметкерлерден тұрады, бұлардың айрықша түрі - лауазымды тұлғалар болып табылады. Мемлекетік қызметкерлерді материалдық игіліктерімен қамтамассыз ету - қоғамның міндеті.

.
0.2 Мемлекеттің механизмінің құрылымы
Қазіргі кездегі мемлекет механизмі өзінің күрделілігімен, оны құрайтын құрылымдар мен бөліктердің әралуандылығымен ерекшеленеді. Мемлекет механизмінің құрылымы деп оның ішкі құрылымын, оның элементтері мен буындарының орналасу тәртібін, олардың сәйкес келуі мен арақатынасын білдіруін айтамыз. Бұл құрылымға мыналар кіреді:
1) мемлекеттік органдар - бұл өздерінің тікелей үстем функцияларын жүзеге асыру барысында тығыз байланыста және өзара бағыныстылықта болатын мемлекеттік механизімінің бір элементі. Бұл органдардың ерекшелігі, олар мемлекеттік үстем өкілеттікке ие, атап айтқанда мемлекеттің күшімен байланысты құралдар, ресурстар мен мүмкіншіліктердіиеленеді, сондай-ақ жалпыға міндетті басқарушылық шешімдерді қабылдайды (мысалы, парламент, президент, үкімет, министрлік, мемлекеттік комитеттер және т.б.);
2) мемлекетткі ұйымдар - бұл мемлекеттік қорғаушылық қызметін жүзеге асыратын мемлекет механизмінің бір элементі (қарулы күштер, полиция, қаржы полициясы, ұлттық қауіпсіздік комитеті және т.б.);
3) мемлекеттік мекемелер - бұл үстем өкілеттіктері жоқ, бірақ, экономика, білім беру, мәдениет, денсаулық қорғау, ғылым, әлеуметтік салаларда мемлекеттің функцияларын атқару бойынша тікелей қызметті жүзеге асыратын мемлекет механизмінің бір элементі (кітапханалар, емханалар, ауруханалар, мектептер, ғылыми зерттеу институттары, жоғары оқу орындар және т.б.);
4) мемлекеттік кәсіпорындар - бұл үстем өкілеттіктері жоқ, бірақ, шаруашылық экономикалық қызметті жүзеге асыратын, өнім өндіретін не өндірісті қамтамасыз ететін, қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін әртүрлі жұмыстарды орындайтын және әралуан қызметі көрсететін мемлекет механизмінің бір элементі (фабрика, зауод және т.б.);
5) басқарумен арнайы айналысатын мемлекеттік қызметшілер;
6) мемлекеттік аппараттың қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдастырушылық және қаржылық, сондай-ақ мәжбүрлеу құралдары.

Мемлекеттік органдар - бұл мемлекеттің белгілі бір функцияларын жүзеге асыратын, үстем құзреттері бар, заңмен белгіленге құрылымы бар, мемлекет механизмінің басқа бөліктерімен органикалық байланысы бар мемлекет механизмінің бір буыны.
Мемлекеттік органдардың белгілері:
- барлық органдар заңнамалық тәртіппен құрылуы, яғни органдар қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру қатан құқық негізінде болады;
- орган мемлекет механизмінің дербес элементі;
- тиісті әдістерді қолдана отырып, өзіне жүктелген тапсырмалар мен функцияларды орындау;
- барлық органдар тығыз өзара әрекеттесіп тұтас әлеуметтік организмді қалыптастырады да, қоғамның дұрыс дамуын қамтамасыз етеді;
- үстем құзреттерге ие, кей кезде күштеу шараларын қолдануы мүмкін;
- үстем өкілеттіктердің қажетті көлемі, олардың негізінде лауазымдық тұлғалар мен алқалық органдар заңды міндетті әрекеттерді жүзеге асырады;
- тиісті құрылымы, материалдық базасы, қаржылық құралдарының болуы.
Мемлекеттік органдардың түрлері:
а) мемлекеттік билікті іске асыру нысанына байланысты мемлекеттік органдар: өкілдік, атқарушы, сот, прокурор және басқа да бақылау-қадағалау органдары;
б) биліктің бөліну қағидасы бойынша: заң шығарушы, атқарушы және сот билігі органдары;
в) саты бойынша: федералды, республикалық және жергілікті органдар;
г) өкілеттіктерінің мерзіміне байланысты: тұрақты (қызмет ету мерзімі шектеусіз түрде құрылады) және уақытша (қысқа мерзімді мақсаттарға жету ұшін құрылады);
д) құзреттерін жүзеге асыру тәртібі бойынша: алқалы және дара;
ж) қызметінің құқықтық нысандары бойынша: құқықшығармашылық, құқыққолданушылық және құқыққорғау органдары;
з) құзреттің сипаты бойынша: жалпы (мысалы, Үкімет) және арнайы құзретті органдар (мысалы, министрлік).
0.3 Мемлекеттік қызмет түсінігі
Мемлекеттік қызмет - мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік органдарда мемлекеттік биліктің міндеттерін және функцияларын жүзеге асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттіліктерді атқару бойынша ресми қызметі.
ҚР мемлекеттік қызмет екі деңгейде жүзеге асырылады: республикалық және жергілікті;
ҚР мемлекеттік қызметі 1999 жылғы 23 шілдедегі "Мемлекеттік қызмет туралы" ҚР заңымен реттеледі. Осы заңға сәйкес "мемлекеттік қызмет" - бұл мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттілігін атқару жөніндегі қызмет. Заң әдебиеттерінде мемлекеттік қызмет ұғымын тар және кең мағынада қарастырылады.
Мемлекеттік қызмет (кең мағынасындағы түсінігі) - бұл жұмысшылар мен шаруалардың жұмысынан бөлек, мемлекеттік органдарда, кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда жүзеге асырылатын жұмыс, ал тар мағынасында - бұл мемлекеттік органдардың (мемлекеттік аппараттың) қызметкерлерінің күнделікті еңбек қызметі. Сонымен, мемлекеттік қызмет - бұл құқық нормасымен реттелген, кәсіби негізде, ақылы түрде мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің мемлекет міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру мақсатында жүзеге асырылатын, мемлекеттің шегіндегі адамдардың еңбек етуінің жеке дербес түрі. Сол үшін мемлекеттік лауазымдар белгіленеді. Мемлекеттік лауазым - бұл мемлекеттік органның нормативтік-құқықтық актілерімен белгіленген лауазымдық өкілеттілік пен лауазымдық міндеттердің ауқымы жүктелген құрылымдық бірлігі.
Мемлекеттік лауазымды жүзеге асыру үшін лауазымдық өкілеттіліктер беріледі. Лауазымдық өкілеттілік - бұл заңда белгіленген құқықтары мен міндеттері бар мемлекеттік қызметшілер өз қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың алдында қойған мақсат-міндеттерге жауап беретін, нақты мемлекеттік лауазыммен қарастырылған өкілеттілік.
Осы лауазымды өкілеттілік лауазымды тұлғаларға жүктеледі. Лауазымды тұлға - үнемі, уақытша немесе арнайы өкілеттілік бойынша мемлекет өкілінің міндеттерін жүзеге асыратын немесе мемлекеттік органдарда ұйымдастырушылық - шаруашылық қызметтерді атқаратын адам.Мемлекеттік қызметтің негізгі белгілері: 1)мемлекеттік ұйымдастырушы қызметінің бір түрі; 2) әкімшілік, еңбек, азаматтық, қаржы және басқа да құқық салаларының нормаларымен реттеледі; 3) ақылы түрде кәсіби негізде жүзеге асыралады, яғни арнайы даярланған қызметкерлрмен - мемлекеттік қызметкерлермен жүзеге асырылады; 4) олардың қызметінің мәні - мемлекеттің міндеттері мен функцияларын практикада жүзеге асыру. Мемлекеттің қызметтің қағидалары - мемлекеттік қызметтің негізіне қаланатын және оның мәнін білдіретін негізгі идеялар, басшылыққа алынатын бастаулар ("ҚР мемлекеттік қызметі туралы" заңының 3 бабында бекітілген ).
Оларға мыналар жатады:
1)заңдылық;
2)қазақстандық патриотизм;
3) мемлекеттік биліктің заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлінуіне қарамастан, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы;
4) азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүддесі алдында басымдылығы;
5) жалпының қол жетушілігі, яғни ҚР азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуге және өз қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша жоғарылатылуына тең құқылығы;
6) азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруінің еріктілігі;
7) мемлекеттік қызметшілердің кәсіпқойлығы мен жоғарғы біліктілігі;
8) жоғарғы мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың өз өкілеттіліктері шегінде қабылдаған шешімдерінің бағынышты төменгі органдардың орындаулары үшін міндеттілігі;
9) мемлекеттік қызметшілердің бақылауда болуы және есеп берушілігі;
10) мәні бірдей жұмыстарды орындағаны үшін еңбек ақыны тең төлеу;
11) мемлекеттік құпиялар немесе заңмен қорғалатын қорғалатын өзге де құпия болып табылатын қызметті қоспағанда, қоғамдық пікір мен жариялылықты ескеру;
12) мемлекеттік қызметшінің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы;
13) қызметтік міндеттін адал, ынтал атқарғаны, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін көтермелеу;
14) қызметтік міндеттерін орындамағаны үшін немесе тиісінше орындамағаны үшін және өздерінің өкілеттілігін асыра пайдаланғаны үшін жеке жауаптылығы;
15) мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды үздіксіз жүргізу.
Кез келген мемлекеттік немесе қоғамдық орган қандайда болмасын қоғамға пайдалы қызметті жүзеге асыру үшін нақтылы түрде ұйымдастырылған адамдардың ұжымынан тұрады. Мемлекеттік немесе қоғамдық органда жұмыс істейтін әрбір адам оның ұжымына кіреді, онда белгілі бір орын алады, оның қызметінде қандайда болмасын нақты қызмет рөл атқарады. Мемлекеттің әрбір органының құзырлығы оның жұмысшыларының (ең бастысы органның жетекшілерінің, орынбасаларының және оның құрылымдық бөлімдерінің жетекшілерінің) әрекеттерінде іске асады. Сондықтан мемлекеттік басқару органдарында жұмыс істейтін адамдар мемлекеттік қызметкерлер болып табылады, ал олармен атқаратын қызметі мемлекеттік қызмет деп аталады.
ІІ-тарау. Мемлекеттік органдардың жіктелуі
2.1 Мемлекеттік органдардың түсінігі
Мемлекет механизмі ерекше құрылымы бар, әртүрлі бөліктерден тұрады. Механизмнің негізгі элементі мемлекеттік органдар.

г) өкілеттіктерінің мерзіміне байланысты: тұрақты (қызмет ету мерзімі шектеусіз түрде құрылады) және уақытша (қысқа мерзімді мақсаттарға жету үшін құрылады);

Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған жаңа Ата Заңы еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық, зайырлы және егеменді мемлекет белгілерін бекітіп айқындап берді.
Өз дамуын кеңейте түскен мемлекетте ерекше орын алатын орган жүйесі болып мемлекеттік аппарат табылады. Конституцияда мемлекеттік аппарат тармақтарының әрқайсысына кең өкілеттік берілген. Қарастырып отырған курстық жұмыстың тақырыбы Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппараты деп аталады. Курстық жұмыстың мақсаты - мемлекеттік аппарат ұғымы, нысандары, құрылымы, қағидалары туралы нақты әрі толық мазмұнын ашып беру.
Мемлекеттік аппарат мемлекеттік органдардың жүйесін өзімен байланыстырады және мемлекет алдындағы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру арқылы өз қызметін айқын көрсетеді. Қандай да болмасын мемлекеттің ең негізгі құрамды элементі - бұл аппарат болып табылады.
Жергілікті атқарушы органдар- 2001 жылы 23 қаңтарда "Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
Аталған Заң жергілікті басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзіретін,қызметінің ұйымдастырылуын, тәртібін, сондай-ақ мәслихаттар депутаттарының құқықтық жағдайын белгілейді.Қабылданған заңға сәйкес жергілікті атқарушы орган (әкімшілік) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың,астананың) немесе ауданның(облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзіреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган болып табылады.
Әкім -- Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің жергілікті атқарушы органды (ол құрылған жағдайда) басқаратын және өзіне сеніп тапсырылған аумақта мемлекеттік саясаттың жүргізілуін, Қазақстан Республикасы Орталық атқарушы органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінің үйлесімді қызмет істеуін,тиісті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес мемлекеттік басқару өкілеттігі берілген, тиісті аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйіне жауапты өкілі.
Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімшілік Қазақстан Республикасы атқарушы органдардың біртұтас жұйесіне кіреді, атқарушы биліктің мемлекеттік саясатьн тиісті аумақты дамыту мүлделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз етеді.
Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың,астананың) әкімшілікті облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімі басқарады.
Әкім облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімшілікті әкім орынбасарларынан, әкім аппаратының басшысынан, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бірінші басшыларынан құрады.Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)әкімшілікті -- алқалы орган,ол занды тұлға болып табылмайды.
Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімшілігі заңдарға сәйкес: облысты (республикалық маңызы бар қаланы, астананы) дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бюджетті,сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс бюджетінің атқарылуы туралы есепті әзірлейді және мәслихаттың бекітуіне ұсынып, олардың орындалуын қамтамасыз етеді; облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) коммуналдық меншікті басқарады,оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады; облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында кәсіпкерлік қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдай жасайды; аграрлық сектордың ұтымды және тиімді жүмыс істеуін қамтамасыз етеді;Қазақстан Республикасы өндірісітік күштерін орналастыру схемасына сәйкес облыстың аудандық жоспарлану схемасын,облыс орталығын,республикалықмаңызы бар қалалық және астананы салудың бас жоспарларын әзірлейді, оларды облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) мәслихаттың қарауына енгізеді; облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) коммуналдық меншік объектілері мен әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілер құрылысы бойынша тапсырысшы болады, коммуналдық желілер мен құрылыстарды салуға рүқсат береді; әкімшілік аудандардың аудандық жоспарлану схемаларын, аудан орталықтарын, облыстық маңызы бар қалаларды салудың бас жоспарларын әзірлейді және оларды облыстық мәслихатқа бекіту үшін ұсынады;су қүбырлары, тазарту құрылыстары, электр беру, байланыс желілері мен басқа да көліктік және инженерлік инфрақұрылымдар объектілерінің құрылысын салу мен пайдалануды ұйымдастырады;ҚР жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;экологиялық сараптаманы ұйымдастырады және өз қүзіреті шегінде табиғат пайдаланылуын бақылауды, табиғат қорғау объектілерінің қүрылысы мен олардың қайта жаңартылуын жүзеге асырады; облыстық маңызы бар жолдарды ұтымды пайдалануды және күтіп үстауды қамтамасыз етеді;мемлекеттік стандарттардың сақталуын қамтамасыз етеді; облыстың (республикалық маңызы бар қаланың,астананың) аумағында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз етуді ұйымдастырады; ауданаралық(қалааралық)жолаушылар көлігі қатынасын үйымдастырады; белгіленген жалпымемлекеттік стандарттарды сақтай отырып, азаматтардың кепілдік берілген медициналық қызметке құқығын іске асыруды қамтамасыз етеді;азаматтардың тегін білім алу құқығын іске асыруды қамтамасыз етеді; халықты жүмыспен қамтуға жәрдемдесу және кедейлікпен күрес бағдарламаларын әзірлеп, мәслихаттың бекітуіне ұсынады және іске асырады; халықтың әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіреді;тарихи және мәдени мұраларды сақтау жөніндегі жүмысты ұйымдастырады, халықтың тарихи, ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық-кеңесші органдар құрады;мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар құрады, облыстық(республикалық маңызы бар қалалық, астаналық)бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимитін белгілейді.Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)әкімің Премьер-Министрдіңұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті қызметке тағайындайды. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімін Қазақстан Республикасы Президенті қызметтен босатады.Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) әкімшілігі Қазақстан Республикасы атқарушы органдардың біртұтас жүйесіне кіреді, атқарушы биліктің мемлекеттік саясатын тиісті аумақты дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз етеді.Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) әкімшілік аудандық(облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқарады.Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың республикалық маңызы бар (астана) қаладағы аудандық, аудандық маңызы бар қалалық,кенттік,ауылдық (селолық),ауылдық (селолық) округтік әкім Қазақстан Республикасы Президенті белгілеген тәртіпте қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.Заңда аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) әкімнің,сондай ақ облыстық (республикалық маңызы бар,астана), аудандық (облыстық маңызы бар), республикалық маңызы бар (астана) қаладағы аудандық, аудандық маңызы бар қалалық, кенттік, ауылдық (селолық), ауылдық (селолық) округтік әкімдердің құзіреттері белгіленді.Республикалық маңызы бар (астана) қаладағы аудандық,аудандық маңызы бар қалалық,кенттік,ауылдық (селолық),ауылдық (селолық) округтікәкімшіліктер құрылмайды. Облыс (республикалық маңызы бар, астана), аудандық (облыстық маңызы бар) әкімінің қызметін ақпараттық-талдау түрғысынан,үйымдық-қүқықтық және материалдық -- техникалық жағынан қамтамасыз етуді тиісті деңгейдегі әкім аппараты жүзеге асырады.Әкім аппаратын әкім қүрады, таратады және қайта ұйымдастырады. Әкім аппараты жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.Қазақстан Республикасы 2001 ж. 25 сәуірдегі Заңымен облыс(республикалық маңызы бар, астана) әкімiлік қүзіретіне қосымша Қазақстан Даму Банкінің жарғы капиталына қатысу жатқызылды.Қазақстан Республикасы 2001 ж. 10 шілдедегі Заңымен астананың атқарушы органдары өкілеттіктеріне қосымша мыналар жатқызылды:коммуналдық заңды түлғаларға бекітіліп берілмеген коммуналдық мүлік тізбесін бекітеді республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы астанасының аумағында тіркелген акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін иеленуді, пайдалануды және оларға билік етуді жүзеге асырады;Астана қаласының коммуналдық меншігін иеленуді, пайдалануды және оған билік етуді жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасы 2001 ж. 24 желтоқсандағы Заңымен облыс (республикалық маңызы бар,астана) әкімшілігінің құзіретіне қосымша рыноктарда бір жолғы талондар беру жөніндегі жүмысты үйымдастыру және қамтамасыз ету жатқызылды.ҚР 2002 ж. 21 наурыздағы Заңымен астананың атқарушы органдары өкілетгіктеріне қосымша мыналаржатқызылды: "Астана -- жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағына әкелінген тауарлар мен жабдықтардың құрылыс процесінде пайдаланылған фактісін растайтын құжаттарды беру;"Астана -- жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағындағы қүрылыс процесіне қатысатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің есебін жүргізу; шаруашылық жүргізуші субъектілермен"Астана -- жаңа қала"арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметті жүзеге асыру жөнінде шарттар жасасу.
Қазақстан Республикасы 2004 ж. 11 мамырдағы Заңымен "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Атап айтқанда, "әкім" үғымы редакциялық түзетілді. Жаңа редакцияда: "Әкім -- Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің жергілікті атқарушы органды(ол құрылған жағдайда)басқаратын және тиісті аумақта мемлекеттік саясаттың жүргізілуін, Қазақстан Республикасы Орталық атқарушы органдарыныңбарлық аумақтық бөлімшелерінің үйлесімді қызмет істеуін, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес мемлекеттік басқару өкілетгігі берілген,тиісті аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйіне жауапты өкілі".Облыс (республикалық маңызы бар, астана) әкімшіліктің құзіретіне қосымша мыналар жатқызылды: Қазақстан Республикасы сәулет, қала құрылысы және қүрылыс қызметі туралы заңдарының сақталуын мемлекетгік бақылауды, құрылыс жобаларының бекітілген қала қүрылысы қүжаттамасына сәйкес іске асырылуын, қала құрылысы тәртібінің, құрылыс салудың аумақтық ережелерінің сақталуын қадағалауды жүзеге асырады, салынып жатқан (салыну жоспарланып отырған) объектілерге мониторингті және ведомстволық бағыныстағы аумақта салынып жатқан (реконстукцияланған, кеңейтілген,жаңартылып, кұрделі жөндеуден өткізіліп жатқан) объектілердің және кешендердің жүргізілу барысы мен сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, халықтың санитарлық-эпидемиологнялық салауаттылығын және денсаулық сақтау саласындағы басқа да іс-шараларды қамтамасыз етеді; Қазақстан Республикасы зандарында белгіленген жагдайлар мен тәртіпте лицензиялауды жүзеге асырады; салық төлеушінің тіркеу есебіне алу орны бойынша салық органының облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) бюджетке толық көлемінде келіп түсетін салықтарды төлеу жөніндегі салық міндеттемелерін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімдерін келіседі; Қазақстан Республикасы табиғи монополиялар туралы зандарында белгіленген шектерде табиғи монополия субъектілері қызметін бақылайды және реттейді; Қазақстан Республикасы монополияға қарсы заңдарында белгіленген шектерде тауар рыногындағы рынок субъектілерінің басым (монополиялық) жағдайына бақылау жасауды жүзеге асырады.
Облыс (республикалық маңызы бар, астана) әкімиятының бірқатар өкілеттіктері жаңа редакцияда мазмүндалды.Өзгертулер мен толықтырулар облыс (республикалық маңызы бар, астана) әкімінің, аудан (облыстық маңызы бар қаланың)әкімшілігі,аудан (облыстық маңызы бар) әкімінің,сондай-ақ қаладағы аудаң, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтік әкімдердің өкілеттіктеріне де енгізілді.
республикалық маңызы бар (астана) қаладағы аудан әкімінің қүзіретіне қатысты ереже заңнан алынып тасталынды.Занда түрлі деңгейдегі әкім аппаратының құрылу, тарату және қайта ұйымдастыру тәртібі белгіленді. Облыс (республикалық маңызы бар, астана), аудан (облыстық маңызы бар қаланың) әкімінің аппараты облыс (республикалық маңызы бар, астана), аудан (облыстық маңызы бар қаланың) әкімшілігі сәйкес қүрылады, таратылады және қайта ұйымдастырылады. қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округгік әкімдердің аппаратын республикалық маңызы бар қала (астана), аудан (облыстық маңызы бар қаланың) әкімшілік қүрады, таратады және қайта ұйымдастырады.
Мемлекеттік органдар бірнеше топқа бөлінеді, оларды атқаратын қызметтеріне сәйкес жүйе-жүйеге, сала-салаға жіктеледі. Мемлекеттік органдарды өкілеттігінің шеңберіне қарай үш топқа бөлінеді:
Мемлекеттік билік органдары: Парламент, Президент және Мәслихаттар; Мемлекеттік атқару органдары: үкімет, министрліктер, ведомстволар, жергілікті басқару органдары, әкімдер. Мемлекеттік органдарының құрылу тәртібі мен алдына қойылған мақсаттары. Мемлекеттік органдар үш топқа бөлінеді: өкілетті органдар, атқару органдары және сот немесе құқық қорғау органдары.
Республика Президенті мемлекеттік аппаратта ерекше орын алады, ол үш биліктің біріне де жатпайды. Ол мемлекет билігінін барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді, Президент - мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін жоғарғы лауазымды тұлға. Президент халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.
Өкілетті органдар, Жоғарғы өкілетті органдарды халық сайлайды. Парламент -- заң шығару функциясын жүзеге асыратын Респу6ликаның ең жоғарғы өкілді органы. Оның өкілеттік мерзімі -- төрт жыл. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенат және Мәжілістен тұрады. Сенат облыстардан, республикалық маңызы бар қаладан және астанасынан екі адамнан тиісінше барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан тұрады. 7 депутатты Президент тағайындайды. Мәжіліс Республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылатын және сайлаушылар саны шамамен тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын 67 депутаттардан тұрады. Негізінде заң шығару тек парламенттің құзыреті, бірақ кейде басқа жоғары органдар осы жұмысқа кіріседі. Парламент кейбір заңдарды қабылдауға құқығын Президентке береді, оны делегаттылық заңдылық деп атайды. Қазақстан тарихында екі палаталық парламент 1995 жылғы Конституциясында жарияланған. Бұл Парламенттің қабылдаған заңдарының, сапасын көтеруге, парламентті біршама тұрақты және орнықты органға айналдыру үшін қолданған шара. Кдзақстанның сайлау жүйесі мажоритарлық типке жатады, сайлауға көп саяси партиялар қатысады. Бұл палатаға сайланған депутаттар 25 жасқа толуы керек. Қазақстан парламентінің ерекшелігін жоғарғы палатасының құрылуы және оның қызмет бабы көрсетеді. Депутаттардың бір жартысы екі жылға? ал екінші жартысы төрт жылға сайланады. Сенатқа 30 жасқа толған адамдар депутат болып сайланады. Парламент ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz