Әзірбайжан Демократиялық Республикасының құрылуы. Мусават партиясы



Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Әзірбайжан Демократиялық Республикасының құрылуы. Мусават партиясы

Орындаған:
Тексерген:

2017 ж.
Әзірбайжан Демократиялық Республикасының құрылуы. Мусават партиясы
Әзірбайжан Демократиялық Республикасы - бұл 1918 жылдың 28 мамырында Закавказье мұсылмандарының Уақытша ұлттық кеңесімен тәуелсіз деп жарияланған мемлекет.
Әзірбайжан Демократиялық Республикасының құрылу алғышарттары
Ақпан төңкерісінің нәтижесінде пайда болған Уақытша үкімет 1917 жылдың 9 наурызында Закавказьені басқару үшін Тифлисте Арнайы Закавказье Комитетін (ОЗАКОМ) құрады. Бұл комитетке буржуазиялық-ұлттық партияларда өкілдік ететін думаның 4 мүшесі кірген. Ақпан төңкерісінің жеңісінен кейін Бакуде де бүкіл Ресей территориясында сияқты биполярлы билік орнады: бір жағынан - үкіметтік емес ұйымдардың Атқарушы комитеті, екінші жағынан - 1917 жылдың 6 наурызында құрылған Еңбекші депутаттарының кеңесі. Кеңестер 1917 жыл көктемі мен жазында Елизаветполь, Шемах, Нух, Ленкорань, Нахичевань, Шуште орнай бастайды.
1917 жыл 13 қарашада Бакулық еңбекші депуттар кеңесі Бакуде Кеңестік билікті орнағанын жариялайды.
Сол жылдың 28 қарашасында Тифлисте грузин меньшевиктері, эсерлер, армян дашнактары және әзірбайжан мусаватистері қатысуымен Закавказье Комиссариаты орнайды. Ол ОЗАКОМ-ды алмастырған Закавказьенің билік органына айналды. Комиссариат Кеңестік Ресейге қатысты ашық түрде қарсы позицияны ұстанғанын білдірді. Бұл оның Солтүстік Кавказдағы - Кубань, Дон, Тереке, Дағыстандағы - антибольшевистік күштерге қолдау көрсетуімен айқындалған болатын. Сонымен, Бакудағы Кеңестік биліктен басқа Закавказье жерінде Коммисариат билігі орнайды.
Әзірбайжан Демократиялық Республикасының құрылуы
1918 жылдың 10 ақпанында Закавказье Коммисариатымен Закавказье сеймы (Закаваказье билік органы) шақыртылады. Сеймнің құрамында Атқарушы кеңестің депутаттары мен Закавказьенің саяси партияларының өкілдері кірген. 1918 жылдың наурызында сейм Закавказьенің Кеңестік Ресейден бөлінуін санкциялайды. Кейін 9 сәуірде ол Закавказье Демократиялық Федеративтік Республикасының (ЗДФР) тәуелсіздігін жариялайды. Дегенмен, ЗДФР 1918 жылдың 26 мамырында ішкі ұлтаралық қайшылықтарға байланысты ыдырайды.
1918 жылдың басында Бакулық коммуна өзінің қарулы жасақтарын құра бастаған. Көктемде Кеңестер Баку, Ленкоран, Джавад және Кубандық уездердегі билікті басып алады. Бакулық коммунистер Кеңестік Ресейдің үлкен қолдауына ие болды. Еңбекші депутаттарының төрағасы Степан Шаумян Кеңестік Үкіметпен Кавказ мәселелері бойынша төтенше комиссары атанады. Сол жылы наурыздың аяғы мен сәуір басында Баку коммуннасының негізінен этникалық армяндардан тұратын большевиктерінің біріккен жасақтары Бакуде жергілікті мұсылмандарды жаппай қыруға шығады. Бұл оқиға кейін Наурыз оқиғасы деп аталады, оның нәтижесінде 12000 мұсылман қаза табады. Мұсылмандарды қырып-жою Бакулық губернияның өзге де өлкелерінде, Шемах, Кубан және басқада елді мекендерге жайылады.
Бұған жауап ретінде 25 мамыр күні Гянджуға түрік 5-ші Кавказ дивизиясының бас бөлігі кіреді. Келесі күні Гянджуға түрік генералы Нури-паша өз штабымен келіп, Кавказ ислам армиясын құруға кіріседі. Бұл армияға 5-ші Кавказ және 15-Чанахгалиндік, сондай-ақ Әзірбайжан корпусы кірді. Маусымның ортасына қарай түріктердің жалпы саны 15 мың, әзірбажандар 5 мың болды, кейін шілденің ортасына қарай Баку фронтына 36-шы түрік дивизиясы да аударылды.
Сөйтіп, 26 мамырда Грузия, Армения және Әзірбайжан арасындағы ұлттық қайшылықтардың нәтижесінде ЗДФР үш мемлекетке бөлінеді. 27 мамырда Әзірбайжан - Әзірбайжан Демократиялық Республикасы болып жарияланады.
ӘДР тарихтағы алғашқы әзірбайжан мемлекеті болды, бұған дейін өздерін ұлттық салт-дәстүр сақтаушылармыз дейтін армяндар мен грузиндерге қарағанда, әзірбайжан ұлтының мемлекеттілігі болмаған еді. Закавказье мұсылмандары өздерін умма - мұсылман қауысдастығының - құрамдас бөлігі деп есептеген.
1918 жыл 27 мамырда төтенше жиын барысында Ұлттық Кеңестің төрағасы, Мусават орталық комитетінің төрағасы болып Мамед Эмин Расулзаде тағайындалады. 28 мамырда Ұлттық кеңес ӘДР-ді ресми тәуелсіз деп жариялап, астанасы етіп Гянджа қаласын қояды. 4 маусымда Батумде Түркия мен ӘДР арасында бейбітшілік пен достастық келісімі жасалды. 27 маусымда әзірбайжан тілі ӘДР-дің мемлекеттік тілі деп жарияланды.
Әзірбайжан Демократиялық Республикасының ыдырауы
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әзірбайжан халқы туралы мәлімет
Түркия Республикасында жарық көрген түрікшілдердің еңбектері
«Правое дело» мен «Ақ жолдар» патшалы Ресей кезінде-ақ пайда болған
Ресей және Кеңес мемлекетінің тарихы
Демократиялық жолмен қайта құрудағы талпыныстар: жариялық, демокрияны насихаттау, ұлттық шиеленістер
1991 жылғы тамыз төңкерісі
Қазақ хандығының күшеюі
Мұсылман фракциясы
Орыстандыру саясаты
Араб халықтарына Ұлы державалардың жүргізген отарлық қысымын әшкерелеу
Пәндер