Зерек оқыту орталығының веб- порталын құру


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 81 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе . . . 7
1. Талдау бөлімі . . . 10
1. 1 Пәндік аймақтың сипаттамасы . . . 10
1. 2 Объектіні басқару әрекет етуші жүйесін автоматтандыруды және оның кемшіліктерін сипаттау . . . 11
1. 3 Деректерді өңдеу әрекет етуші жүйелерді жүзеге асыру жолдары . . . 14
2. Жобалау бөлімі . . . 16
2. 1 Есептің қойылымы . . . 16
2. 2 Ақпараттық қамтамасыздандыру . . . 23
2. 3 Бағдарламалық қамтамасыздандыру . . . 40
3. Эксперименталды бөлім . . . 46
3. 1 Бағдарламаның орындалу қызметі және шарттары . . . 46
3. 2 Бағдарламаның іске асырылуы . . . 47
4. Жобаның экономикалық тиімділігін негіздеу . . . 55
4. 1 Экономикалық тиімділікті есептеу әдістемесін таңдау және негізде . . . 55
4. 2 Жобаның экономикалық тиімділігі көрсеткіштерін есептеу . . . 56
5. Еңбекті қорғау бөлімі . . . 63
6. Қоршаған ортаны қорғау . . . 69
Қорытынды . . . 73
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 75
А қосымшасы . . . 77
Кіріспе
Интернет желісі әлемдік коммуникационды инфраструктураның маңызды бөлшегі болып табылады. Интернеттің дамығаны соншалық, қалтаңызда ұялы телефон немесе қалталы компьютер болса, желіге еш қиындықсыз еніп, ғаламторды шарлай бересіз. Теледидар, радио мен газет парақтарының орнын біртіндеп интернет желісі басып келеді.
Бүгінгі Қазақстандағы Интернет қолданылуының бағыты әр түрлі: жаңалықтар, білім, қарым-қатынас жасау, электронды коммерция, қоғамдық қызмет, қайырымдылық шарасы т. б.
Интернеттің білім жүйесіндегі мүмкінділіктері оқу процесін желінің кез келген қолданушысына жылдам және қол жетімді болып табылады. Оқудың әрбір деңгейінде қолданушының қойылған мақсатына байланысты бұл мүмкіндіктер әр түрлі нәтижелер береді. Бұл мүмкіндіктер адамдардың географиялық жағдай орындарына, материалдық және білім деңгейіне қарамастан, оларға қажетті көлем мен ендікте білім алу шарттарын ұйымдастырады.
Интернеттің білім жүйесіне әсері өте зор. Себебі, бір жағынан Интернет білімдердің топталу орны болса, екінші жағынан оларды тарату арығы болып табылады.
Бүкіләлемдік тор арқылы алынған оқу қашықтықтан оқыту формасы болып табылады. Сонымен қатар ол дәстүрлі түрмен алынған оқу түрінен кем емес, керісінше, кей уақытта қажетті білімді толық көлемде алуға мүмкіндік береді.
Интернеттің білім жүйесіне әсері ғылыми білімдер алмасу деңгейінде араласудың жеке емес формасының дамуына әкеледі. Бұл өз кезегімен компьютерлік техниканың, желінің, телеқатынас және байланыс құралдарының дамуымен тығыз байланысты.
Интернеттің білім жүйесіне әсері, ең алдымен, әр түрлі пәндік аймақтардағы ақпараттарды жинау, өңдеу және сақтау процесс және процедураларымен байланысты. Бұл әсер және де адамның нақты білім аймағындағы ақпараттың пайдалылығы мен құндылығына деген бағасының субъективті тәсілдемесіне бағынышты.
Жоғарыда көрсетілген Интернет технологиясының дамуына байланысты республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалынып, қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Білім беру саласында оқудың жаңа Интернет технологияларын қосымша тәжірибе ретінде меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес. Ал жаңа Интернет технологияны меңгеру білім алушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, білімгер тұлғасын дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі. Осындай беру жүйесімен Интернет технологияларының дамуы мемлекеттің экономика, ғылым және әлеуметтік орта салаларының құрылуы мен өсуіне зор ықпал ететін мамандарды дайындаудың негізі болып табылады.
Интернет технологиясының дамуы жоғарыда көрсетілген тестілеулер және білім жүйесінің басқа мақсаттарына да арналып, білім алушылар мен оқытушылардың біліміне әсерін тигізуде. Мысалы, Интернетте оқу мекемелері, оқу орындары жайлы толық ақпарат алып қана қоймай, сонымен қатар онлайн түріндегі сауалнамалар, тестілеулер, журналдар және тағы сол сияқты іс-шараларды жүргізу мүмкіндігі бар.
Білім жүйесінде Интернеттің әсері ғылыми білім алу процесін жылдамдату, оның қол жетімділігі, ақпаратты өңдеу жылдамдығы, білімнің көп көлемді түрде сақталу мүмкіндіктері - ұсынылып отырған дипломдық жұмысты құрудың өзектілігіне жатады.
Дипломдық жұмыс мақсаты - «Зерек» оқыту орталығының веб-порталын құру.
Дипломдық жұмыс мақсатына сәйкес келесідей міндеттер қойылады:
- пәндік облыстың қызметін зерттеу және ондағы ақпараттық процестерді қарастыру;
- техникалық тапсырманы құрастыру және құрастырылатын жүйеге қойылатын талаптарды қалыптастыру;
- деректер қоры, оны басқару жүйелері және түсінігі, деректер қорын басқарудағы бағдарламалық жүйелер мүмкiншiлiктерiн анықтау;
- «Зерек» оқыту орталығының веб-порталын құру;
- құрастырылған веб-портал негізінде мобильді қосымшасын әзірлеу;
- құрастырылған жүйенің экономикалық тиімділігін негіздеу және есептеу.
Дипломдық жұмыстың ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы бұл жұмыста автормен құрастырылған модельдер, әдістер мен алгоритмдер басқа да құрастырушылармен білім беру бағытында бағдарламалық құралдарды құрастыру кезінде, сонымен қатар кез келген соңғы қолданушылар үшін жеке қолдануында жатыр.
Жұмыстың тәжірибелік құндылығы - жобаны іске асыру арқылы ұйымдастыру мәселесі «Зерек» оқыту орталығы оқытушылары мен білім алушылардың жұмыс уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді, осының нәтижесінде оның еңбек өнімділігі мен атқарылатын жұмыстардың экономикалық тиімділігі артады.
Дипломдық жұмыстың кіріспеден, алты бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Құрастырылған жүйені эксплуатациялау кезінде оның кемшіліктері айқындалуы мүмкін, себебі жүйені ендіру көп уақытты алады, алайда құрастырылған жүйе ары қарай дами алады, сонымен қатар одан әрі жүйенің дамуы үшін кейінгі университет түлектерінің дипломдық жұмыстарын қорғау бойынша негізгі тақырыптары бола алады.
1 Талдау бөлімі
1. 1 Пәндік аймақтың сипаттамасы
Қазіргі уақытта интернет - ақпарат құралдарының ең қарқынды дамып келе жатқан бір түрі. Статистика бойынша, тұрғындардың түбегейлі санында үйлерінде компьютер бар және олар Интернет желісіне қосылған. Интернеттің ең маңызды құралы сайт болып табылады.
Сайтты құру, кеңейту, ақпараттық қолдау немесе бизнестегі жарнама бойынша жаңа мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді.
Кәсіби жасалған сайт іздеу жүйелерінде сұраныстар бойынша табу оңайлылығын қамтамасыз етеді. Себебі, Интернеттегі бағытты аудиторияны құраушылардың көбі - нақты ақпаратты іздейтін қолданушылар. Тұтынушылар және серіктестермен үздіксіз байланыс нарықтағы өзгерістерге жедел көңіл бөліп, уақытылы өзгертулер жүргізуге мүмкіндік береді [1] .
Веб-сайт қазіргі уақытта тек қана ақпараттық құрал емес, сонымен қоса жаңа тұтынушылар мен табыс әкелетін құнды маркетингілік құрал болып саналады.
Кез келген сұраныс бойынша толық ақпарат беретін көп көлемді анықтамалық-ақпараттық сайттар бар. Газет немесе журналдарда іздегенше, сайтқа кіріп, қажетті ақпаратты табу әлдеқайда жеңілдеу [1] .
Сапалы сайт қандай да бір мекеменің негізгі ақпараттық ресурсы болып саналады. Сайт арқылы келесі әрекеттерді орындауға болады:
- мекеменің тауарлары мен қызметі және де ең соңғы жаңалықтар туралы барлық ақпараттарды жіберу;
- Интернет-дүкендерінде сатудан бастап, сервисті ақпараттық қолдауға дейін тұтынушылармен тікелей қатынас орнату;
- мекеменің тауар мен көрсететін қызмет түрлерін өте тиімді жарнамалау.
Қазіргі уақытта іс жүзінде кез келген кәсіпорынның Интернеттегі өз меншікті сайты бар. Тәжірибелік қажеттілік, сатуларды өсудi жоғарылату мүмкінділігі және дамудың жаңа жолдарын табу - осылар және тағы басқа себептер көптеген мекемелердің желідегі өз өкілеттілігін құраудың басты мақсаты болып табылады [2] .
Осындай қызмет түрлерін қамтамасыз ететін танымал мекемелердің бірі - Астана қаласында орналасқан «Зерек» оқу орталығы.
Бұл мекеме ақпараттық технологиялары нарығында 2008 жылдан бастап табысты жұмыс істеп келе жатыр.
1. 2 Объектіні басқару әрекет етуші жүйесін автоматтандыруды және оның кемшіліктерін сипаттау
Білім жүйесіндегі жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты - білім алушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының тәжірибелік жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бүгінгі таңда оқу курстарын компьютер көмегімен оқыту нәтижелігін зерттеудегі ғылыми мәселелердің ең басты орын алады. Қазіргі замандағы ақпараттық технологиялар әрбір білім алушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндік береді. Сондай-ақ білім алушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады. Осы мәселені шешудегі басты рөл білім беру ордаларына жүктеледі. Білім алушыларға қазіргі ақпараттық технологияларды қолданып, білім алу тиімділігін және өзектілігін қарастырсақ, онда бiрiншiден, ол білім алушыларды қазiргi типтегi бағдарламалық жабдықтармен, жасанды ақыл-ой жүйесiмен зор көлемдегi, соның iшiнде тұрақты және ауыспалы аудиовизуалдық ақпаратпен жұмыс iстейтiн мультимедиа құрылғысының жабдықтарымен жұмыс істейді, екiншiден, арнайы құралдармен қамтамасыз етедi, үшiншiден, ақпараттық қарым-қатынастарды телефондық, телевизиялық және спутниктiк байланыс құрылғылары мен компьютерлiк желiлер деңгейiнде жетiлдiру барысында телекоммуникациялық құрылғылар пайдаланылады.
Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты - білім алушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру болып табылады.
Көптеген елдердің ғылыми орталықтары мен оқу орындарында нақ осы білім қажеттілігі үшін мамандандырылған ақпараттық жүйелер саны дайындалды, олар оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі жағынан қолдауға бағытталды. Сондай жүйелердің бірі - ақпараттық-білімділік порталдар болып саналады.
Білім жүйесіне арналған әр түрлі функциялы ақпараттық веб-порталдар - білім алушыларды даралай оқытуда жаңа ақпарарттарды жеткізуге, игерілген білім мен біліктерді тесттік бақылауға арналған құрал. Оқу процесінде жаңа ақпараттық технологияларды енгізіп, қолдану ісі де тек информатика пәні мұғаліміне ғана емес, оны кез келген пән аумағында да кеңінен қолдануда. Сондай ақпараттық порталдардың бірі ретінде тестілеу тапсыруға дайындық ақпараттық порталдарын есептеуге болады. Осындай бағыттағы өнімдерді әзірлеу және өнімдеу - «Зерек» оқу орталығына арналып жасалған өнімдерінің бірі.
Бұл өнім тестілеуден өтуге арналған ақпараттық веб-порталдардың бірі болып табылады. Ақпараттық веб-порталда бірнеше пәндерден тестілеу өтуге, ол тестілеулерді жауаптарын баспаға шығару, тестілеудің мәтінін баспаға шығару мүмкіндіктері бар. Ақпараттық веб-порталда тестілеу өту кезіндегі беті 1-суретте бейнеленген.
1-сурет. Ақпараттық веб-порталдың тест өту беті
Бұл ақпараттық веб-порталда онлайн тестілеу өту үшін сайтта авторлану қажеттілігі туылмайды.
Ақпараттық веб-порталдың кемшіліктері келесідей:
- тестілеу өту кезіндегі пәндік аймақтардың тест ақпараттарының жетіспеушілігі;
- онлайн тестілеу өту кезінде берілген жауаптардың бірнешесін таңдау мүмкіндігі;
- берілген тест сұрақтарына жауап бермей, хабарламаның шықпауы және тесттің аяқталу мүмкіндіктері;
- тестілеу аяқталғаннан кейін дұрыс жауаптылардың сандық және пайыздық қатынаста есептелу мүмкіндігіның жоқтығы;
- ақпараттардың енгізілуі деректор қоры арқылы жүзеге асырылуы;
- порталда артық жарнамалық сілтемелердің бар болуы - тест өтіп жатқан білім алушының көңіл аударуын туғызады.
Жоғарыдағы кемшіліктерді ескере отырып, дипломдық жұмыс «Зерек» оқу орталығы үшін тестілеуді тапсырудағы дайындық ақпараттық веб-порталын құру сұранысы пайда болды.
1. 3 Деректерді өңдеу әрекет етуші жүйелерді жүзеге асыру жолдары
Тест тапсырудағы дайындық ақпараттық веб-порталын құрастыру аналогты жасалған ақпараттық веб-порталдарын кемшіліктерін ескере отырып жүзеге асырылған:
- тестілеу өту кезіндегі пәндік аймақтардың тест ақпараттарының жетіспеушілігін жою үшін барлық пәндік аймақтарының тест сұрақтары мен жауаптары енгізілген;
- тестілеу өтуді тек қана тіркелген қолданушы өту мүмкіндігі;
- онлайн тестілеу өту кезінде берілген жауаптардың бірнешесін таңдау мүмкіндігі жойылып, тестілеуіндегі сияқты тек қана бір ғана жауапты белгілеу мүмкіндігі қосылған;
- берілген тест сұрақтарына жауап бермеген кезінде жауап берілмеген жауап туралы хабарламаның шығу мүмкіндігі жүзеге асырылған;
- тест сұрақтары тізім бойынша емес, жеке дара ретінде көрсетілген;
- тест сұрағына жауап берілмеген кезде хабарламаның шығуы;
- тест сұрағын өткізіп жіберу, яғни кейіннен жауап беру мүмкіндігі;
- тестілеу аяқталғаннан кейін дұрыс жауаптылардың сандық және пайыздық қатынаста есептелу мүмкіндігін орнату, бұл мүмкіндік білім алушылардың қанша сұраққа дұрыс жауап бергенін көрсетеді;
- тест соңында тесттің басталу және аяқталу уақытының көрсетілуі;
- тест соңында тесттегі жауап берілген жауаптардың дұрыс немесе қателігінің көрсетілуі;
- тест соңында шығатын нәтижелерді алдын ала көріп, баспаға шығару мүмкіндігі;
- білім алушылардың тапсырған тесттер туралы жалпы статистика, яғни қай уақытта, қандай сұрақтарға қалай жауап берілгені туралы нәтиже жүргізілу мүмкіндігі;
- тесттер туралы жалпы статистиканы баспаға шығару мүмкіндігі;
- қолданушының ең үздік нәтижелерінің көрсетілуі;
- ақпараттардың енгізілуі веб-портал интерфейсі арқылы жүзеге асырылуы.
Ақпараттық веб-порталды талдау кезінде пәнаралық байланысты есепке алынып, веб-порталдағы білім алушылардың тест өту кезеңінде көңіл аударатын жарнамалық сілтемелердің болмау мүмкіндігі жүзеге асырылды. Бұл ақпараттық веб-портал да жоғарыдағы веб-портал тәріздес MySQL ДББЖ-сі және PHP технологиясының қолданылуымен жүзеге асырылатын болады.
2 Жобалау бөлімі
2. 1 Есептің койылымы
Құрастырылатын ақпараттық жүйе қажетті пәндер аймағында білімдерін жетілдіріп, тестілеуге дағдыландыруға бағытталған «Зерек» оқу орталығына арналған ақпараттық веб-портал құрылуын негіздейді. Ақпараттық веб-порталды құрмастан бұрын келесілерді анықтап алу қажет:
- порталдың жұмыс ортасы;
- жұмыс атқару принциптері;
- автоматтандыру аймағы;
- кіріс және шығыс ақпараты.
Бұл жобада дайындықтарды жетілдіру жолдарын және олардың іске асырылу қасиеттері мен ерекшеліктері, тәсілдері ескере отырып, заманға сай ақпараттық технологияларды қолдайтын бағдарламалық өнімдер құрастыру.
Жобаны қарастыру бөлімі келесі бөлімдерден тұрады:
- техникалық тапсырысын құру;
- дизайнын әзірлеу;
- бағдарламалық кодын әзірлеу;
- веб-порталдың беттерін беттеу;
- виртуалды хостингте сайтты тестілеу.
Жобаның техникалық тапсырысын құру бөлімі. Ақпараттық веб-порталдың жұмыс ортасы мен жұмыс атқару принциптері айқындалады. Яғни, ақпараттық веб-порталдың жұмыс атқару принциптері - дайындалып жүрген білім алушылардың білімдерін арттыру үшін ақпараттық веб-порталда қолданылатын функциялар:
- жаңа ақпараттарды қосу;
- енгізілген ақпараттарды жариялымнан алып тастау;
- енгізілген ақпараттарды өзгерту;
- авторландыруды жүргізу;
- жаңа қолданушыны енгізу;
- қолданушының мәліметтерін өзгерту;
- авторлану кезінде логин немесе пароль енгізілмеген жағдайда хабарлама шығару;
- тестілеуді ұйымдастыру;
- тестілеу кезінде жауап берілмеген сұрақ болған жағдайда хабарлама шығару;
- тестілеу кезінде сұрақты өткізіп жіберіп, кейіннен жауап беру;
- тест соңында дұрыс жауап берілген сұрақтар санын көрсету;
- тест соңында дұрыс жауап берілген сұрақтар пайызын көрсету;
- тест соңында сұрақтарға жауап беруге кеткен уақытты көрсету;
- тест соңында жауап берілген сұрақтардың дұрыс немесе қателігін көрсету;
- тест соңындағы нәтижелерді алдын ала көріп, баспаға шығару;
- қолданушы өткен барлық тесттер туралы жалпы статистика көрсету;
- тесттердің жалпы статистикасы туралы ақпаратты баспаға шығару;
- білім алушы тапсырған тестілердің ішінде ең үздіктерін көрсету;
- қолданушының соңғы тестілеуден өткен 5 нәтижені көрсету.
Ақпараттық жүйе деректер базасының құрамына келесі кестелер кіреді:
- бөлімдер;
- категориялар;
- мәзір;
- контент;
- модульдар;
- қолданушылар;
- қолданушылар тобы;
- тесттер;
- тесттер категориялары;
- тесттер сұрақтары;
- тесттер сұрақтарының категориялары;
- тест жауаптары;
- тест нәтижесі;
- тесттердің жалпы нәтижесі;
- тесттерді шығаратын шаблон;
- тест шығаратын шаблонның параметрлері;
- тесттерге қатынас.
Жобаның бас беті графикалық бөлім, сайттың навигациялық мәзір және контентті аймақ бөлімдерінен құралады.
Жобаның дизайнын құру бөлімі. Ақпараттық веб-портал сайттардың ойын-сауық түріне жатпағандықтан, сайтта жарнамалық-акциялы ақпараттардың болмауы жөн. «Зерек» оқу орталығының білім алушылары қолданушыларының сайтта орналасуы - қандай да бір техникалық білімнің қажетінсіз, түсінікті, қарапайым, тез жүктелгіш болып орындалуы.
Жобаның бағдарламалық кодын әзірлеу бөлімі. Жоба беттерінің бағдарламалық коды қарапайым, түсінікті және де артық бөлшектерсіз жазылуы тиіс. Сайттың беттері тез жүктелу керек. Себебі, беттердің көп уақыт жүктелуі - қолданушылармен іздеу жүйелерінің бағалауына әсерлі болады.
Жобаның беттерін беттеу бөлімі. Жоба құрылу кезіндегі бағдарламалық коды және дизайн құру бөлімдерінен кейін міндетті түрде орындалатын бөлім. Себебі, әр беттің индексациялауын қамтамасыз етеді. Ал индексациялау веб-порталдың алдағы уақытта тез жүктелу, іздеу оптимизациясында тиімді пайдалануына әсерлі [3] .
Жобаны виртуалды хостингте тестілеу бөлімі. Жобаның әлемдік тор Интернетте орналастырар алдында, жобаны тестілеуден өткізу бөлімі. Жобаның техникалық тапсырыстарының барлығы орындалуын қадағалайтын іс-әрекеттер.
Кіріс және шығыс ақпараттарының сипаттамасы. Жобадағы тест нәтижесінің және қолданушы тапсырған тесттер нәтижелерінің тізімі шығыс ақпараттар болып табылады. Шығыс ақпараттарының мәлімдемелері және тізімдері 1-3 кестелерінде қарастырылды.
1-кесте. Тестілеу соңындағы шығыс ақпараттары реквизиттерінің тізімдері
2-кесте. Шығыс хабарламалардың тізімі
№
п/п
3-кесте. Шығыс хабарламалар реквизиттерінің тізімі мен жазылуы
№
п/п
3-кестенің жалғасы
Userscore
/MaxScore
3-кестенің жалғасы
Кіріс ақпараттарының сипаттамасы. Кіріс ақпараттары ретінде кез келген енгізілетін ақпарат (жаңалық, анықтама), жаңа қолданушының тіркелуі, онлайн тестілеуге өту кезіндегі авторлануы жатады. Кіріс ақпараттарының мәлімдемелері және тізімдері 4-7 кестелерінде қарастырылды.
4-кесте. Кіріс ақпараттарының реквизиттер тізімі
4-кестенің жалғасы. Кіріс ақпараттарының реквизиттер тізімі
5-кесте. Жаңа қолданушы тіркелу кезіндегі кіріс ақпарат реквизитінің сипаттамасы
6-кесте. Онлайн тестілеу кезіндегі кіріс ақпараттар реквизитінің сипаттамасы
7-кесте. Кіріс ақпаратының реквизиттер сипаттамасының тізімі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz