Техно- Астана интернет-дүкенін жобалау


Кіріспе

Қазіргі таңда дүниежүзілік компьютерлік интернет желісі 20 - ғасырдың 90-жылдары компьютердің дамуына Internet және World Wide Web жүйелері үлкен әсерін тигізгені барлығымызға мәлім. Қазіргі кезде осы бағытта да компьютер өте үлкен қарқынмен дамуда. Оперативті ақпаратты алудағы негізгі құрылғының бірі болуда. Internet желiсi - бүкiләлемдiк тор-WWW [World Wibe Web] . Берiлген тор құжатттардың өзара бiр-бiрiмен байланысы ретiнде берiледi. Өзіміз білетіндей Internet желісі түрлі сайттардан тұрады. Сайттарды пайдалана білумен қатар оны құра білуде қажет. Ол әрине көптеген жұмыстарды қажет етеді, ең бастысы ол не мақсатта құрылып жатыр? Әрбiр Web-сайт тексттен, суреттерден, видео үнтаспаларынан тұруы мүмкiн. Мұндай сайттар ғаламшардың кез-келген нүктесiндегi компьютерде болуы мүмкiн. WEB-тiң негiзгi қызметi- қажеттi ақпаратты шапшаң түрде кірiп көру, жинастыру және де оны экранға шығаруды ұйымдастыру. Гипермәтiндi сiлтеме-келесi беттермен байланысты қамтамассыз етедi. Сiлтеменi тышқанмен шертiп сiз келесi WEB-сайтқа өте аласыз. WEB-сайтты бiз келесi бағдарламалар арқылы көру мүмкiншiлiгiне ие бола аламыз: Microsort Internet Explorer [Майкрософт Интернет эксплорер], Netscape Navigator [Нетскейп навигатор], Mozilla[Мозилла], Opera[Опера] . Бұл бағдарламалардың артықшылығы сайтты сiлтемелер немесе адрестер арқылы бейнелеп көрсетiп бередi және де дискiге сақтай алатын мүмкiншiлiгi бар. Соңғы жылдары компьютерлік техниканың жедел дамуына байланысты сайт құруға арналған бірнеше программалар шықты.

HTML-тілі құжаттардың құрылымын суреттеу үшін берілетін командалық қарапайым тегтерден тұрады. Жұмысы - құжат тақырыптарын белгілеу, гипермәтінге белгілер орнату. Ал PHP тілі сол HTML-тілі жасай алмайтын мүмкіндіктерді жасай алады, яғни сайт бетіне процедуралық бағдарламалау жолын ұсына алады. Алғашында PHP тілі онша таныс болмаған мен қазір оның құдыреті кез келген сайт құру тілдерінен асып түседі.

Ғаламтор желісінің таралуымен байланысты әртүрлі тауарлармен сауда жасайтын «электронды дүкендер» пайда болды. Қарапайым дүкендермен салыстырғанда олардың сауданың берілген саласындағы кірістердің өсуіне септігін тигізетін артықшылықтары көп.

Интернет-дүкендер - бизнесті сәтті жүргізуге арналған аз шығынды және жоғары тиімді құрал. Қарапайым дүкендерге қарағанда, ғаламтор-дүкендер тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн ашық, кез келген қолданушыға әлемнің кез келген нүктесінде қол жетімді және ғимараттарды жалға алуға қажетті қаржы шығындарын қажет етпейді, қызметтерге кететін шығындарды әжептеуір азайтады.

Интернет-дүкенді құру компанияларға тауарлар мен қызметтер нарығындағы өзінің ұстанымдарын нығайтуға және жаулап алуға, сауда белгісінің әйгілілігін арттыруға және клиенттік қорын көбейтуге көмектеседі. Басқа сөздермен айтқанда, Интернет-дүкендерді құру оның иелеріне жақсы пайда алып келеді.

Қазіргі таңда Қазақстанда сауда фирмаларының арасында Интернет-дүкендер көпшілікке танымал болуда. Статистика соңғы бірнеше жылдары Қазақстандағы электронды коммерция жаңа сапалы деңгейге көшкендігін дәлелдейді. Ғаламтор қолданушыларының саны өсті, жаңа Интернет-дүкендер ашылды, ал дәстүрлі дүкендердің көбісі өз бизнестерін желіде қайталауға асықты. Дегенмен оның қалай болу керектігін, оның тиімділігін қалай қамтамасыз ету керектігін және оны құру мен қызмет көрсету кезінде кеткен шығындарды қалай есепке алу қажет екендігін көбісі дұрыс білмейді.

Интернет-дүкен - бұл жақсы құрылымды және қызықты сипатталынған сұрыптамасы бар дүкен ғана емес, оның клиенттеріне қызмет көрсетудің жоғары сапасы ғана емес, сонымен қатар, бұл сыртқы жағынан тартымды безендірілуі бар дүкен. Ыңғайлы навигациясы мен іздестіру жүйесінен бастап, тапсырыстардың интуитивті-түсінікті жүйесіне дейінгі клиентте сауда жасауға көмектесетін ерекшеліктер мен майда-шүйделердің жиынтығы, бұл клиенттің осы ғаламтор-дүкенге қайта-қайтадан міндетті түрде келетіндігіне кепіл болады.

Электронды дүкендер қарапайым дүкенді ұстауға кететін шығындарды үнемдеп, өндірушінің ұсталым шығындарын айтарлықтай азайтады, өткізу нарығын кеңейтеді, сонымен қатар сатып алушының мүмкіндіктерін де - кез келген тауарды кез келген елде, кез келген қалада, кез келген жылы, кез келген уақыт мезгілінде, кез келген уақытта сатып алу мүмкіндігін кеңейтеді. Бұл электронды дүкендерге қарапайым дүкендермен салыстырғанда сөзсіз артықшылығын береді. Бұл сәт өндірушілердің «қарапайым» саудадан электронды саудаға көшу кезінде маңызды болып табылады. Сол себепті ғаламтор желісінде мұндай Интернет-дүкендерлді құру қазіргі уақытта өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Дипломдық жұмыс мақсаты - қазіргі заманғы веб-құралдарды қолдана отырып, «Техно-Астана» техника дүкені үшін веб-қызметін әзірлеу.

Дипломдық жұмыс мақсатына сәйкес келесідей есептер қарастырады:

  • пәндік облысқа талдау жасау; әрекет етуші отандық веб-сайттарға шолу жасау; техникалық тапсырма құру және бағдарламаның функционалды тағайындалуын сипаттау; электронды жабдықтар үшін интернет-дүкенің әзірлеу; жобаның экономикалық тиімділігін негіздеу.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізін өткізу жүйесіндегі заманауи ақпараттық технологияларды қолдану. Интернет-дүкендерді құру мәселелері бойынша отандық және шетелдік авторлардың тәжірибелік әзірлемелері мен заманауи теориялық тұжырымдамаларын құрайды.

Зерттеу нәтижелерінің тәжірибелік маңызы дипломдық жұмыстың жаңашылдығын құрайтын негізгі қағидалар Интернет-дүкендерді құрудағы сауда кәсіпорынының стратегиясын қалыптастыру бойынша нақты ұсыныстарға келтірілді.

1 Талдау бөлімі

  1. Пәндік аймақтың сипаттамасы

Интернет - үлкен және кіші компютерлік желілердің бірігуі ғана емес, сонымен қатар олардың бүкіл әлемдік ақпараттық кеңістіктегі қызметі болып табылады. Бұл қызметтер ақпарат алмасудың әр түрлі хаттамаларына негізделген және сәйкесінше олармен жұмыс істеу үшін әр түрлі бағдарламалық жабдықтаулар пайдаланылады. Интернет сөзінің мағынасында оның ең танымал қызметтерінің біреуі World Wide Web пен түсіндіріледі. Интернет желісіндегі ақпарат осы қызметтің форматында орындалса, онда ол Web парақтар түрінде болады. Web парақтар кез келген түрдегі мәліметтер: мәтіндер, сілтемелер, графика, дыбыс, видео, анимациялар т. с. с тобынан тұратын комплекстік құжаттар болып табылады. Интернеттің өмірге келуі адамзат тарихында коммуникациялық технологияның дамуына негіз бола алады деп толық сеніммен айта аламыз. Өйткені қазір жаста кәрі де өзіне керекті затты сатып алу үшін немесе білім алу үшін, адамдармен араласу үшін, керекті құжат немесе затты іздеу үшін т. с. с көптеген қызметтерді пайдалану үшін интернетке барады. Осыдан бірнеше жыл алдын Тим Бренерс-Ли дің ой туындысының нәтижесінде интернет сөзі қолданысқа енді және әлемді қарапайым гиперсілтемелер арқылы біріктіре алды. Соның нәтижесінде бірнеше дамушы елдердің экономикасы қарқынды түрде дамыды. Сондықтан Тим Бренерс-Ли ді интернеттің атасы деп атауға да болады.

Бастапқыда веб-сайттар статикалы құжаттар жиынтығынан тұрады. Қазіргі шақта құжаттардың басым бөлігі динамикалық және интерактивті сипатқа ие.

Ақпараттық жүйелер бойынша интерактивтілік деп ақпараттық-коммуникативті жүйенің арнайы адамның араласуынсыз тұтынушының әрекеттеріне белсенді және сан-салалы жауап қайтара алу қасиеті танылады. Көбіне интернеттегі әрбір жеке сайт жеке бір домендік атауға ие.

Ғаламдық торда олар осы домендік атаулар арқылы дараланады. Алайда басқа да варианттар болуы мүмкін: кейде бір сайт бірнеше доменде немесе бірнеше сайт бір домен астында болуы мүмкін.

Веб-сайттарды сақтауға арналған аппараттық серверлер - веб-серверлер деп аталады. Ал оны сақтау қызметі - веб-хостинг деп аталады. Бұрын әрбір сайт өзінің жеке серверінде сақталатын болса, Интернеттің дамуына және серверлердің технологиялық жетілдірілуіне байланысты бір компьютердің өзінде сансыз сайтты сақтауға болады (виртуалды хостинг) . Қазіргі таңда бір ғана сайтты сақтауға арналған серверлер - бөлінген серверлер деп аталады. Сондай-ақ бір сайт бірнеше серверде түрлі адрестер бойынша қол жетімді бола алады. Бұл жағдайда түпнұсқалы сайттың көшірмелері айна (зеркало) деп аталады. Мұнымен қатар сайттың офлайндық нұсқасы бар. Сайттың мұндай көшірмесін кез келген компьютерде компьютерлік желіге қосылмастан және серверлік бағдарламаны пайдаланбастан ашып, қарай беруге болады.

Сервистің қол жетімділігі бойынша:

- ашық - барлық сервистер кез келген тұтынушыға толықтай ашық;

- жартылай ашық - ашу үшін тіркелу керек (негізі - тегін) ;

-жабық - ұйымдардың қызмет сайттары (оның ішінде - корпоративтік сайттар), жеке тұлғалардың сайттары. Мұндай сайттарға рұқсат шектеулі адамдарға беріледі.

Мазмұнына байланысты:

- статикалы - мазмұны алдын-ала даярланады. Тұтынушыға ақпарат серверде қалай сақталса, сол күйінде ұсынылады;

- динамикалы - мазмұны арнайы скриптер (бағдарламалар) арқылы түрлі көздерден белгілі бір мәліметтер негізінде жинақталып отырады.

Тұлғалық орналасуына байланысты:

- локалды (шектеулі) - локалды желілер шеңберінде ғана қолжетімді. Ол сайттар корпоративті ұйымдарға тиесілі болуы да немесе провайдердің шектеулі желісіндегі жеке тұлғалардың сайттары да болуы ықтимал;

Ақпарат беру схемасы, оның мөлшері мен шешетін міндеттер санатына байланысты веб-ресурстардың келесі түрлерін атауға болады:

- бизнес иелерінің Интернет-өкілдіктері (интернетке әрдайым тікелей тәуелді емес сауда жүргізу мен қызмет көрсету) ;

- деректеме (визитка) сайты - сайт иесі (ұйым немесе жеке кәсіпкер) туралы жалпылама ақпарат береді (қызмет түрі, тарихы, прайс-парақ, байланыс мәліметтері, жету схемасы) . Мамандар өз түйіндемесін (резюмесін) орналастырады. Яғни, сайт деректеме ретінде қызмет атқарады;

  • өнім каталогы - каталогта ұсынылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің деректі суреттемесі, сертификаттар, техникалық және тұтынушылық мәліметтер, сарапшылардың сын-пікірлері және т. б. орналастырылады. Мұндай сайттарға тауар/қызмет туралы әдетте прайс-парақтарға сыймайтын ақпараттар басылады;

- интернет-дүкен (магазин) - каталог бойынша кез келген тұтынушы өзіне қажетті өнімге тапсырыс бере алатын веб-сайт. Мұнда есеп айырысудың үстелме төлем немесе есеп-шотты факс арқылы жіберуден бастап карточка арқылы есептесуге дейін кең түрлері пайдаланылады;

- промо-сайт - нақты бір сауда маркасы немесе өнімге арналған. Онда бренд туралы, жарнамалық акциялар (конкурстар, викториналар, ойындар және т. б. ) жайлы толыққанды ақпарат орналастырылады;

- квест-сайт - өзара байланысты логикалық жұмбақтарды сатылай кезекпен біртіндеп шешу бойынша жарыс ұйымдастырылған сайт [1] .

Ақпараттық ресурстар:

- тақырыптық (тематикалық) сайт - белгілі бір тақырып жөнінде толыққанды ақпарат орналасқан веб-сайт;

- тақырыптық портал - белгілі бір тақырып жөнінде толыққанды ақпарат беретін өте ауқымды веб-ресурс. Порталдар тақырыптық сайттарға ұқсас болғанымен қосымша тұрғыда тұтынушылармен өзара байланыс орнатуға мүмкіндік береді (форумдар, чаттар арқылы тұтынушылардың тіршілік ортасын қалыптастырады) ;

- веб-сервис - әдетте тұтынушының тікелей Интернет желісіне байланысты нақты міндеттерін шешеді;

- іздестіру сервистері - мысалы, Яндекс, Google және т. б. ;

- пошталық сервис;

- веб-форумдар;

- блогтық сервис;

- видео сақтау - мысалы, YouTube, RuTube;

- жарнама тақтасы;

- сайттар каталогы - мысалы, Open Directory Project;

- тұтынушыға қатысты;

- қызығушылық тудырушы сайт;

- тұтынушыға енжар.

Интернет-орта қазіргі заманғы қоғам үшін, оның ішінде мемлекеттік салада, ақпарат көзінің аса маңызды құралына айналып келеді. Интернет-ресурстарын әзірлеушілер осы мәселені өз практикасында назардан тыс қалдыра алмайды. Интернет-технологияларды меңгеру жақын уақытта мемлекеттік қызметкерге қойылатын негізгі талаптың біріне айналмақ. Интернет-ресурстар, біріншіден, жаңа ақпараттың маңызды көзіне айналып, ол кімге арналса, яғни тұтынушыларға эксклюзивті материал беріп отыруы тиіс. Екіншіден, тұтынушының да, ресурс иесінің де өзін өзі қосымша ағарту көзіне айналуы тиіс. Үшіншіден, меншікті және бөтен тәжірибенің кәсіптік деңгейде тартылысына ықпалдастық жасауы керек. Енді сайттың барлық мүдделі тұтынушыларға беруге тиіс ақпаратына мінездеме берелік.

Ақпараттық құрамы:

  1. сайттың ресми атауы мен реквизиттері (мекен-жай, анықтама қызметінің телефондары, электронды пошта адресі) ;
  2. сайттың ұйымдық құрылымы (басшылар, сайт коллегиялары, сайт бөлімшелері, байланыс телефондары, электронды пошта адресі) ;
  3. сайттың іс-қағаздарын жүргізуге байланысты мәліметтер, істің қаралатын күні, сайт отырысына қатысушылар;
  4. кері байланысқа қажетті ақпарат (форумдар, электронды пошта) .

Домендер. Домен - интернеттегі домендік аттар жүйесіндегі (DNS) белгілі бір елге, ұйымға немесе басқа да мақсаттарға бөлінген қандай да бір зона (KZ, RU, com) .

DNS жүйесі Интернеттің жұмыс істеуі үшін қажетті, өйткені екі компьютерді бір-біріне қосу үшін олардың IP-адрестері туралы ақпарат қажет, ал адамдарға оларды белгілі мәтін ретінде есте сақтау оңайырақ (мысалы, адамдар үшін URL-ды 10. 158. 241. 94-тен гөрі example. com немесе e-mail name@example. org деп есінде сақтау ыңғайлырақ) .

Домендік атау нүктемен бөлінген, кем дегенде екі бөліктен тұрады (әдетте олар таңба деп аталады) . Оң жақтағы ең шеткі таңба үстінгі деңгейлі домен болып табылады. Оңнан солға қарайғы әрбір келесі таңба поддомен болып табылады. Теориялық тұрғыдан алғанда мұндай бөлшектеу 12 710 деңгейлі тереңдікке жете алады, ал әрбір таңба нүктелермен қосқанда жалпы ұзындығы 254 символға жете алатын 63 символдан тұра алады. Десек тағы, практика жүзінде домен аттарын тіркеушілер мұндай еркіндікке шектеу қояды.

Жүйенің тұрақтылығын нығайту үшін бір-біріне ұқсас ақпаратпен толтырылған көптеген серверлер пайдаланылады. Олардың адрестері ешқашан өзгермейді және олар туралы ақпарат кез-келген операциялық жүйеде орнатылған.

Хостинг - сайт файлдарын тұрақты түрде желіде (әдетте Интернетте ) тұрақты орналасқан серверде орналастыру үшін серверден диск кеңістігін беру қызметі. Әдетте хостинг қызметін көрсету деп, кем дегенде, сайт файлдарын осы файлдарға жіберілетін сұраныстарды өңдеуге қажет бағдарламалық қамсыздандыру орналастырылған серверлерге (веб-сервер) орналастыруды түсіндіреді. Ереже бойынша хостинг қызметін көрсету ауқымына пошталық корресподенцияға, деректер қоры, DNS, файл қоймаларына қажетті орындар, тиісті сервистер қызметін қолдау көзделген.

Виртуалды хостинг - веб-сайттарға дискіден орын бөледі, бірақ веб-сервистер орындау ортасы көпшілікке бірдей. Барлық ресурстар тұтынушылар арасында бір сервисте таратылған, ал онда 50-ден 1000 тұтынушыға дейін сыяды. Шағын да арзан хостингтер көбіне қауіпсіздік шараларын назардан тыс қалдырып, тұтынушылардың басымдық сатыларын белгілемейді. Осының салдарынан сервер тұтынушысының осында орналасқан басқа да жүздеген сайттарға кіре алуына мүмкіндік туады. Ал ірі және қымбат провайделерде мұндайға жол берілмейді.

Виртуалды бөлініп берілген сервер - дискіде орын, ортақ зерденің (общая память) бір бөлігі, сервердің процессорлық уақыты бөлініп беріледі. Оның сырт келбеті тұтынушы үшін бөлініп берілген серверден айырмашылығы жоқ болып көрінгенмен, физикалық тұрғыда нақты бір серверде бірнеше виртуалды сервер орналасқан. Мұндай қызмет түрі аса ауқымды емес жобалар үшін жаслаған. Сервердің барлық ресурстарын нақты бөліп қарау мүмкін болмағандықтан (атап айтқанда І/О операциялары, желілік карта ерсурстары және т. б. ), оның үстіне көптеген VPS провайдерлері өз тұтынушыларына оларға бөлінген әлеует толық пайдаланылмайды деген үмітпен серверде бар ресурстардан әлдеқайда көп ресурс сатады. Осыдан келіп VPS сервердің жарияланған қуаттылығы көп жағдайда оның шынайы қуатынан артық болады.

Бөлініп берілген сервер - бұл жағдайда нақты бір дискілік кеңістігі, зердесі, процессорлары мен сыртқы трафигі бар бүтін бір сервер бөлініп беріледі. Ол салмағы «ауыр», басқа жобалармен бір кеңістікте жұмыс істей алмай, сервердің бар қуатын талап ететін веб-жобалар үшін пайдаланылады [2] .

1. 2 HTML негiздерi

HTML қабықшасы - беттiң тақырыбы (HEAD) және негiзгi дескрипторлардан тұратын денесi (BODY) орналасқан қарапайым дескриптор. Тақырыбы және денесi бар HTML дескриптордың жазылу үлгiсi:

<HTML>

<HEAD><TITLE> </TITLE></HEAD>

<BODY></BODY>

</HTML>

мұндағы, <TITLE> </TITLE> жолы құжат тақырыбын бередi. Құжат тақырыбы келесi мәлiметтердi қамтиды:

Беттiң аталуы: <TITLE> және </TITLE> дескриторлары беттiң аталуын анықтайды. Ол HTML құжаттың денесiнiң құрамына кiрмейдi.

Стиль: HTML құжатты басқарудың элементтерi мен стилдерiн тақырыпқа енгiзу қажет болған жағдайда қолданылады.

Кез келген құжатты құрғанда оның басқару элементтерi мен стильдерi, авторы, кiлттiк сөздер жайлы мәлiметтер онша қажет бола бермейтiндiктен аталған дескрипторлардың барлығы бiрдей жиi қолданыста емес. Дегенмен әрбiр құжаттың атауы болуы тиiс, сондықтан <TITLE> дескрипторы жиi қолданылады.

Құжат денесiнiң құрылымы HTML құжаттың денесi орналасатын негiзгi бөлiгi <BODY> және </BODY> дескрипторлары арқылы iске асырылады. Құжат денесiне енгiзiлетiн информация келесiдей болуы мүмкiн:

Графикалық кескiн - қүжатта жылжуға немесе информацияны көрнекi түрде беру үшiн енгiзiлетiн графикалық информация.

Сiлтеме - Web түйiннiң iшiнде оңай жылжуға және желiнiң басқа да тұстарына жылдам өтуге арналған сiлтемелер.

Мәтiндi форматтау - HTML тiлiнiң ең қарапайым және ең қуатты құралы. Себебi Web-бет форматталған мәтiннен тұрғанда ғана түсiнiктi әрi әсем болып көрiнедi. Мәтiндi форматтауда келесi дескрипторлар қолданылады:

  • <H1>. . <H1>-<H6>. . <H1> -дескрипторлар диапазоны тақырыптар мен тақырып мазмұнына қолданылады;
  • <BR> - каретканы қайтару дескрипторы;
  • <P>. . </P> - абзацты ашу/жабу дескрипторлары;
  • <B>. . </B> - мәтiндi жартылай қалың ету;
  • <I>. . </I> - мәтiндi көлбеу ету;
  • <U>. . </U>- мәтiн астын сызу.

Шрифттермен жұмыс - Web-беттiң дизайн тиiмдiлiгi оның қаншалықты деңгейде дайындалғанын анықтайды. Дизайн тиiмдiлiгi деген не? Бұл Web-беттiң сыртқы түрiнiң түсiнiктi әрi әдемi безендiрiлуi. Шрифттермен жұмыс iстей бiлу осы дизайн тиiмдiлiгiне қол жеткiзудiң негiзгi шарттарының бiрi. Сондықтан әрбiр web-бет құрушы шрифттермен жұмыс iстеу тәсiлдерiн толық меңгеруi тиiс.

Қазiргi кезде шрифттер өте көп болғандықтан оларды, белгiлi бiр топтастырып алған жөн. Негiзiнен мұндай үш түрлi топ бар:

  • категория - шрифттердiң негiзгi класы. Оны шрифттiң “ұлты” деп те атайды;
  • гарнитура - белгiлi бiр қасиеттерiне байланысты топтастырылған шрифттер класы. Мүны шрифттiң “фамилиясы” деп түсiнуге болады (1-кесте) ;
  • кескiн - әрбiр шрифттiң қайталанбайтын өзiндiк ерекшелiгi [3] .

1-кесте. Негiзгi шрифт категориялары, гарнитуралары

Категория: Категория
ГарнитураКескін:

Гарнитура

Кескін

Категория:

Serif

Sans-Serif

Monospaced

Script

Decorative

ГарнитураКескін:

Times, Century Schoolbook, Garamond

Hevletica, Arial, Verdana

Courier, Courier New

Nuptical Script, Boulevard, Signature

Whimsy, Arriba!, Bergel

1. 3 Php және MYSQL

Бүгінгі таңда технологияның қарқынды дамуына байланысты компьютерлердің графикалық мүмкіндіктері күннен-күнге үлкеюде. Қазіргі компьютерлердің мүмкіндігіне байланысты программалар да аз жасалып жатқан жоқ. Соның ішінде РНР тілінің артықшылығы берілгендер қорымен жұмыс істеуі ол бірнеше берілгендер қорының кестесі БҚБЖ.

MySQL - бұл көппатокты серверлі берілгендер қоры. MySQL бұл қолдануға өте тиімді және үлкен жылдамдықта жұиыс істей алады. MySQL ANSII 92 стандартындағы SQL (Strutured Query Language) тілінде сұраныс құра алады. Бұл тіл арқылы таблица қосуға және жоюға ескі кестелердің мәліметтерін жаңартуға мүмкіндік береді. MySQL - дің қысқаша мүмкіндіктері:

  1. бір уақытта берлігендер қорымен жұмыс істеушілерге шексіз мүмкіндік береді;
  2. таблицадағы қатарлар саны 50 млн. жетуі мүмкін;
  3. mySQL командалардың орындалу барысында северлердің ішіндегі ең жылдамы;
  4. кестедегі ең қиын сұраныстар құруға болады.

БҚ сервері жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізген соң. Блакнотты ашып келесі екі функциямен РНР тілінде БҚ серверімен байланыс құрамыз [4] .

<?php

$sdb_name="localhost";

$user_name="root";

$user_password="";

$db_name="keste";

$link=mysql_connect($sdb_name, $user_name, $user_password) ;

if (!$link) {exit("БҚ сервері мен байланысу мүмкін емес. ") ; }

if (!@mysql_select_db($db_name, $link) )

{exit("БҚ таңдау мүмкін емес -". mysql_error() ) ; }

?>

2. Жобалау бөлімі

2. 1 Жобаның функционалды тағайындалуы

Веб-қосымшаларды жобалаудың өмірлік циклының негізгі кезеңдерінің бірі- есептің қойылуы кезеңі. Мұнда Веб-қосымшаның орындайтын қызметі және бағдарламалық жабдыққа қойылатын талаптар анықталады. Бұл талаптар екіге бөлінеді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүйені тексеруге қойылатын талаптар
Деректер қорының реляциялық кестесі
Стартаптардың даму кезеңдері және классификациясы
Балалар әлемі интернет-дүкенің құру
Дизайнның даму кезеңін сипаттау
Тапсырысты жіберу нысаны
Интернет - дүкен ұғымы
Спорт дүкенінің тауар айналымының автоматтандырылған жүйесін құру
Желілік интернет дүкен
Дүкен форматын таңдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz