Бағдарламалық қамтамасыз етуді тестілеу



Алматы қалалық білім басқармасы
Алматы мемлекеттік бизнес колледжі

ОҚУ ТӘЖІРИБЕСІ БОЙЫНША ЕСЕП
Тақырыбы: Бағдарламалық қамтамасыз етуді тестілеу

Баға: ______________
Тәжірибе жетекшісі:
Таншаева А
Орындаған: Жақан Б.Н
Топ: 3 ЕТ және БҚ А

Алматы 2018 ж.

Мазмұны
КІРІСПЕ
I.ТАРАУ Бағдарламалық қамтамасыз етуді тестілеуге енгізу
1.1. Жалпы ережелер
1.2. Қысқартулар
II.ТАРАУ Тестілеу әдістері мен түрлері
2.1 Компонеттерге тоқталу
ІII. ТАРАУ Test Case.Тестілеу есебі
3.1. Кейс әдісін ұйымдастыру және қолдану
IV. ТАРАУ Тестілеудің пайдаланушы интерфейсін тексеру (GUI). WEB тестілеу қосымшасы
4.1 Программаларды тестілеу әдістері
4.2 Программаларды верификациялау және аттестациялау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Менің бұл оқу тәжірибедегі мақсатым бағдарламалық қамтамасыз етуді тестілеуге енгізудің мүмкіндіктерін игеруім керек және де өзімнің білімімді жоғарлатуға мүмкіндіктерім өте көп.

БҚ-дың функционалдығы оның функционалдық спецификациясымен анықталады. БҚ-дың аяқталғандығы оның примитивасы ретінде бұл спецификация құрастырылып жатқан БҚ-дақаншалықты дәрежеде іске асырылғандықтың шамасы болып келеді. Осы примитиваны толық көлемде қамтамасыз ету - бұл функционалдық спецификацияда көрсетілген барлық тетіктер мен ерекшеліктерін қоса әр бір функцияны іске асыру деген сөз. Барлық алдында қарастырылған технологиялық процестер осыны орындау жолдарын көрсетеді.
Бірақ БҚ-дың сапа спецификациясында БҚ фуекционалдықты іске асырудың бірнеше деңгейдің анықталуы мүмкін: бірінші кезекте орындалу тиіс қарапайым нұсқасы анықталу мүмкін; сонымен қатар бірнеше аралық нұсқа анықталу мүмкін. Осындай жағдайда қосымша технологиялық міндет пайда болады: БҚ функционалдығын өсіруді ұйымдастыру. Осында БҚ-дың қарапайым нұсқасын жасау оның прототипін жасаумен бірдей емес екенің айта кету маңызды. Прототип келешек БҚ-дың пайдалану шарттарын анық түсіну, оның сыртқы сипаттамасын айқындау мақсатымен құрастырылады. Ол тек таңдаулы пайдаланушыларға арналған сондықтан талап етілетін БҚ орындалатын функциялары және пайдалану интерфейсі бойынша қатты ерекшелену мүмкін. Құрастырылып жатқан БҚ-дың қарапайым нұсқасы бұл БҚ-ды пайдаланатын барлық пайдаланушылардың пайдалы практикалық қолдануына есептелген. Сондықтан осындай БҚ-дың функционалдығын қамтамасыз етудегі келесі негізгі принципті ұстану керек: БҚ-ды құрастырудың басынан бастап БҚ толық көлемде талап етілетіндей, құрастырушылар БҚ-дың оның сапа спецификациясына сәйкес іске асыруды кейінге қалдыру мүмкін бөліктермен тетіктермен жұмыс істегеніне дейін. Осыған байланысты БҚ-дың сыртқы сипаттамасы да архитектурасының сипаттамасы да толық көлемде құрастырылған болу керек. Бұл БҚ-дың бастапқы нұсқасында орындалуы керек емес бағдарламалық кіші жүйелерді іске асыруды кейінге қалдыруға болады. Бағдарламалық кіші жүйелердің іске асырылуын БҚ бастапқы нұсқасында орындалуы талап етілмейтін бағдарлама модулдерінің имитаторларын қалдырып, мақсатты конструктивті іске асыру әдісімен жүргізілу керек. Сәйкесінше функциялардың кейбір тетіктерін іске асырылмайтын қарапайымдалған іске асыру да мүмкін. Бірақ осындай модулдерді технологиялық көз қарас тұрғысынан бір түрлі (бірақ жеткілікті түрде жетілген) имитаторлар деп қарастырған дұрыс.
БҚ функционалдығын қамтамасыз ету барысында қол жеткізілген аяқталғандық дәрежесі онда қалып қойған қателерден ойдағыдай емес болуы мүмкін. Өкізілген тестілеудің сапасы мен көлемімен анықталатын талап етілетін аяқталғандық дәрежесі туралы сөз қозғауға болады. Бұл мүмкіндікті жоғарлату мақсатымен БҚ-ды тестілеуді және жөндеуді жалғастыру керек. Бірақ ондай мүмкіндікті бағалау әлі де сәйкесінше теоретикалық зерттеулерді талап ететін спецификалық есеп болып табылады.
Бағдарламалық жабдықтың дәлдігін қамтамасыз ету
Бұл сапа примитивасын қамтамасыз ету материалды шамалармен әрекеттерге байланысты (дәлірек айтқанда шамалы қателікпен берілетін шамалар). Берілген функция шамасын есептеудегі дәлдікті қамтамасыз ету - қате дәрежесі бар анықталған шектерден шықпайтын шаманы анықтау деген сөз. Қателік түрлерімен, оларды бағалау әдістерін және талап етілетін дәлдікке қол жеткізу әдістерін зерттейтін есептеуіш математика [10.1], 10.2]. Осында біз тек қателіктің бір түрлі құрылымына назар аударамыз: есептелген шама қателігі келіслерден тәуелді:
- пайдаланып жатқан есептеу әдісінің қателігінен (осыған қолданылатын моделдің дәлсіздігін де кіргіземіз);
- қолданатын деректерді көрсету қателігінен (түзілмейтін қателік);
- дөңгелектендіру қателігінен (әдісте қолданатын операциялар қателігі).
Бағдарламалық жабдық автономдығын қамтамасыз ету
БҚ автономдығы сұрағы құрастырылып жатқан БҚ-дасәйкес келетін базалық бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдану мүмкіндігі туралы шешім қабылдау арқылы шешіледі. Құрастырушылар иелігіндегі базалық бағдарламалық қамтамасыз етудің сенімділігі құрастырылып жатқан БҚ сенімділік талаптарына сәйкес келмеуі мүмкін. Сондықтан осында бағдарламалық қамтамасыз етуді қолданудан бас тартуға мәжбүр боламыз, ал оның функцияларын толық көлемде құрастырылып жатқан БҚ аясында іске асыруға тура келеді. Қолданатын ресурстар (БҚ нәтижелігі критериясына байланысты) бойынша шектеулерге байланысты тура осындай шешім қабылдауға мәжбүр боламыз. Осындай шешім БҚ-дың сапа спецификациясын құрастыру кезеңінде немесе БҚ-ды жинақтау кезеңінде қабылдану мүмкін.
Бағдарламалық жабдық тұрақтылығын қамтамасыз ету
БҚ сапасының бұл примитиві қорғаныс бағдарламалау арқылы қамтамасыз етіледі. Қорғаныс бағдарламалауды БҚ сенімділігін кәдімгідегіден кең түсінікте жоғарлату үшін модулді бағдарламалау барысында пайдаланады. Майерстің айтуы бойынша қорғаныс бағдарлмалау келесімаңызды алғышартқа негізделген: модуль жасау мүмкін ең үлкен қателік - бұл қате берілгендерді қабылдап қате бірақ дұрыс жауапқа ұқсайтын нәтижені беру. Осыны болдырмау мақсатымен модуль мәтініне оның кіріс және шығыс берілгендерін бұл спецификациясына сәйкес дұрыстығын тексерулерін еңгізеді. Сонымен қатар кіріс және шығыс деректердің модуль спецификациясында көрсетілген өзара қатынастары және шектеулердің орындалуы тексерілу қажет. Тексерістің теріс нәтижесі жағдайында сәйкесінше айрықша жағдай тудырылады. Осындай жағдайларды өңдеу үшін бұл модуль соңына екінші түрлі сәйкесінше айрықша жағдайларды өңдеушілер фрагменттері еңгізіледі. Бұл өңдеушілер керекті диагностикалық ақпаратты беруден басқа, деректердегі қателерді болдырмау шараларын өткізе алады (мысалы олардың қайта еңгізілуін талап ету мүмкін), немесе бұл қателердің әсерін азайтуға бағытталған шаралар өткізе алады (мысалы бағдарлама орындалуы авариялық жағдайда жұмыс істеуін тоқтатқанда берілген БҚ басқаратын құрылғылардың сынуын алдын алатын олардын қалыпты сөңдірілуді іске асырады).
Модулдерді қорғаныс бағдарламалау БҚ-дың уақыт бойынша және жады бойынша нәтижелігін азайтады. Сондықтан құрастырылып жатқан БҚ спецификациясында анықталған БҚ-дың сенімділігіне және нәтижелігіне қойылатын талаптарға сәйкес қорғаныс бағдарламауды қолдану дәрежесін шектеу керек. Құрастырылып жатқан модулдің кіріс деректері пайдаланушы арқылы немесе басқа модулдер арқылы берілу мүмкін. БҚ тұрақтылығын іске асыратын деректердің бірінші тобына қатысты қолдану қорғаныс бағдарламауды қолданудың ең тиімді жағдайы болып табылады. Бұны БҚ сапа спецификациясында БҚ-дың тұрақтылығын қамтамасыз ету талаптары берілген жағдайларың әр қайсында қолдану керек. Қорғаныс бағдарламауды кіріс деректердің екінші тобына қатысты қолдану құрастырылып жатқан модулді орындау барысында басқа модулдерде қате табу ұмтылысы деп есептелсе, ал құрастырылып жатқан модулдің шығыс деректеріне қатысты қолдану оны орндау барысында оның ішіндегі қателерді табуға бағытталған әрекет. Бұл БҚ сенімділігін қамтамасыз ету үшін қателердің өзбетімен табылу әдісінің орындалуына сәйкес келеді. Қорғаныс бағдарламауды қолданудың бұл жағдайы тек БҚ сенімділігіне өте жоғары талаптар қойылатын жағдайларда ғана орын алады.
Бағдарламалық жабдық қорғалғандығын қамтамасыз ету
Ақпараттың бұрмалануынан БҚ-ды қорғаудың келесі түрлері ажыратылады:
- аппаратураның жұмыс істемей қалуынан қорғаныс;
- бөтен бағдарлама әсерінен қорғаныс;
- өз бағдарламаның жұмыс істемей қалуынан қорғаныс;
- оператор (пайдаланушы) қателерінен қорғаныс;
- рұқсат етілмеген пайдаланудан қорғаныс;
- қорғанудан қорғаныс.

I.ТАРАУ Бағдарламалық қамтамасыз етуді тестілеуге енгізу

1.1. Жалпы ережелер
1. Бағдарламалық қамтамасыз етуді тестілеу кәсіби стандарты білім беру бағдарламаларын құрастыру, оның ішінде кәсіпорындарда қызметкерлерді оқыту, білім беру ұйымдарының жұмыскерлері мен түлектерін сертификаттау, қызметкерлерді басқару саласындағы міндеттердің кең ауқымын шешуге арналған.
Осы кәсіби стандарт негізінде ұйымдар кәсіби білім деңгейін, еңбек қызметінің тізімін, өндіріс ұйымының ерекшелігін ескере отырып білімі мен дағдыларын, еңбек пен басқардуы, олардың жауапкершілігін нақтылаумен қызметкерлерге корпоративтік кәсіби стандарттарды ішкі қолдану үшін әзірлей алады.
2. Осы кәсіби стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
Қызмет түрі - Еңбек міндеттеріның және олардың орындалуы үшін қажетті құзыреттіліктердің бүтін жиынтығынан құралған кәсіби қызмет саласының бөлшегі.
Оқу (кәсіп) тобы - қызметтің ұқсас түрлерін біріктіретін кәсіби қызмет саласы.
Лауазым - атауы белгіленген үлігілік тапсырмалар, құқықтар мен міндеттердің жиынтығымен анықталатын ұйымдастырушылық-әкімшілік құрылымдағы штаттық бірлік.
Кәсіби стандарт бірлігі - еңбек қызметінің аталған түрі үшін бүтін, аяқталған, әрі автономды және маңызды болып табылатын, нақты еңбек функциясының толық сипаттамасынан тұратын кәсіби стандарттың құрылымдық элементі.
Біліктілік - белгілі бір қызмет түрі аясында қызметкердің еңбек функциясын сапалы орындауға дайындығын дәлелдейтін кәсіби деңгей.
Біліктілік деңгей (Біліктілік деңгейі) - қызметкердің құзыреттілігіне қойылатын біліктіліктің Ұлттық және салалық шеңберіндегі орындалатын жұмыстың дербестігін, жауаптылығын және күрделілігін танытатын талаптардың деңгейі.
Өлшемдер (бағалаулар) - оқытудың басты элементтерінің жетістіктерін көрсету үшін қажетті орындалатын жұмыс сапасының сипаттамасы, талаптары:
:: өлшемдер элементпен байланысты;
:: міндетті орындауға жатады;
:: қажетті білім, білік және дағдыларға сәйкес болуы керек;
:: элементтің тәжірибелік құзыреттіліктерін көрсетуі тиіс. Құзыреттілік - кәсіби қызметте белгілі бір біліктілік деңгейінің Еңбек міндеттері мен міндеттерін орындауды қамтамасыз ететін білім, білік және дағдыны қолдана алу қабілеті.
Модуль (module) - бұл оқу бағдарламаларының тәуелсіз, жеткілікті және толық бөлімі немесе оқу кезеңі (ЮНЕСКО).
Модульдік білім беру бағдарламасы - белгілі бір біліктілікті тағайындауға қажетті құзыреттіліктерді иеленуге бағытталған модульдердің жиынтығы мен реттілігі.
Модульдік бағдарлама - оқушыларды оқыту мен жекелей зерделеу үшін қажет нақты оқу материалдарын іріктеу мен жинақтауда ауыспалылық пен еркінділіктің қажетті деңгейін қамтамасыз ететін модульдердің кірігуі мен кәсіп шеңберіндегі қызмет талаптары негізінде құрастырылған оқу бағдарламасы.
Модульдік оқу жоспары - білім беру мақмұнының моделі болып табылады және кәсіби білім берудің кез келген деңгейі үшін кәсіби-міндетті пәндер, таңдау бойынша және факультативтік пәндерден құралатын білім беру блоктарынан (жалпы міндетті, әлеуметтік-экономикалық, жалпы кәсіби, арнайы-кәсіби) тұрады.
Біліктіліктің ұлттық шеңбері - еңбек нарығында мойындалған біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы.
Біліктіліктің салалық шеңбері - салада мойындалған біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы.
Сала - бір типті өнімді құру мақсатын иеленетін кәсіпорын мен ұйымның кәсіби қызмет жүйесінің құрылымдық бөлігі.
Кәсіби қызмет саласы - ортақ кіріктірілген негіздерден тұратын және құзыреттіліктердің ұқсас жиынтықтарын шамалайтын сала қызметі түрлерінің жиынтығы.
Кәсіби стандарт - Кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік, құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасы мен шарттарына қойылатын талаптарды анықтайтын стандарт.
Кәсіп - белгілі бір білім, білік пен арнайы дайындықты талап ететін, адамның дене даму мүмкіндігін, зияткерлік қабілетін және білімі туралы сәйкес құжатпен расталатын кәсіби қызметтің белгілі бір саласында жұмыс атқаруға заңды құқық беретін адамның еңбек қызметінің негізгі түрі.
Еңбек функциясы - нақты өндірістік және бизнес-процесте еңбекті бөлу нәтижесінде қалыптасқан міндеттерді іске асыру және оны орындау үшін қажетті құзыреттіліктердің болуын шамалайтын кәсіби қызмет түрінің функциясы.
Типтік оқу бағдарламасы (sample program) - білім алушыларды дайындаудың мазмұны мен деңгейіне қойылатын талаптарды іске асыруға арналған және оқу пәні мен кәсіби тәжірибенің міндетті мазмұнын толық ашатын құжат. Типтік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламалары білім мазмұнына, оқу жүктемесінің жоғары көлеміне және білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын ортақ талаптардың жиынтығын анықтайды.
Оқу модулі - нақты модульдік бірлік бойынша оқу мазмұнының жиынтығы, білім алушының оқу әрекеттерін басқару жүйесі, нақты мазмұн бойынша білімді бағалау жүйесі.
Функционалдық карта - кәсіби қызметтің сол не өзге саласы шеңберіндегі қызметтің белгілі бір түрінің қызметкері тарапынан орындалатын еңбек функциясы мен міндеттерінің құрылымдық сипаты.
Элементтер(оқытудың басты элементтері) - дәлелді болып табылатын, әрі бағалауға тиесілі негізгі әрекеттер мен нәтижелер сипаттамасы.
1.2. Қысқартулар
Осы кәсіби стандартта мынадай қысқартулар пайдаланылады:
СБШ - салалық біліктілік шеңбері;
КС - кәсіби стандарт;
БА - басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы;
БҚ - бағдарламалық қамтамасыз ету;
ОЖ - операциялық жүйе;
АҚ - ақпараттық қауіпсіздік;
ДБ - деректер базасы.
ҚТ - қызмет түрі;
ҚМЖ - ҚР ҚМЖ 05-2008 ҚР Қызметтердің мемлекеттік жітеуіші; ҚМ - қосымша модуль;
БҰП - жұмыс берушілер талаптарын ескерумен білім беру ұйымымен анықталатын пәндер;
БТБА - ҚР жұмыс және жұмысшылар кәсіптерінің Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы;
ҚА - қорытынды аттестация;
К - кеңес;
БҰШ - Біліктіліктің ұлттық шеңбері;
БСШ - Біліктіліктің салалық шеңбері;
КҚ - кәсіби қызмет;
КС - кәсіби стандарт;
ЖММ - жалпыға міндетті модуль;
ЖКМ - жалпы кәсіби модуль;
КДБТДБ - кәсіби даярлық және біліктілікті тағайындау деңгейін бағалау;
КТМ - кәсіби-тәжірибелік модульдер;
АА - аралық аттестация;
ӨО - өндірістік оқыту;
КТ - кәсіби тәжірибе;
АКМ - арнайы кәсіби модуль;
Ф - факультатив сабақтары.

II.ТАРАУ Тестілеу әдістері мен түрлері
Тестілеу әдісі көптеген дамыған елдерде қазіргі білімнің ажырамас бөлігіне айналған жастардың дайындық деңгейін және жалпы білім сапасын болжаудың тиімді құралы ретінде пайдаланылады.
Соңғы жылдары тесттік әдіс оқу -- білімге қатысты барлық ұйымдарда кеңінен қолданып жүр. Тест деп сапалық және сандық дара ерекшеліктеріне сай түрде негізделген стандартталған, қысқа, уақыт жағынан шектеулі сынақтарды атайды. Тестік бақылаудың түрлері өте ерте заманнан басталады. Б. э. д III ғасырда Ертедегі Вавилонда мектеп оқушыларының жазу дағдысын тексеру үшін алғашқы емтихандар жүргізілген. Осы сынақты өткен адам 2 -- ші кезеңге әңгімелесуге шақырылған. Осындай сынақтар Ежелгі Грецияда, Спарта да жүргізілген. Сынақтардың түрлері Қытайда чань -- буддизм мектептерінде кең қолданылған, онда жұмбақтар, ребустар, психологиялық жағдайлар арқылы сынақтар жүргізілген. Бұл мектепте ойлануға уақыт бермей қолма -- қол жауап беру қолданылған. Ең алғаш рет оқушылардың білімін тексеру үшін тестті ағылшын педагогы Дж. Фишер 1864 жылы қолданған. XIX ғасырда жалпы білім беру жүйесінде көптеген жаңалықтар, өзгерістер пайда болды. Тестік бақылаудың негізін салушылардың бірі ағылшын ғалымы Френсис Гальтон. Ол өзінің бақылау ізденіс жұмыстарын 1884 -- 1885 жылдарында жүргізді. Сынаққа 5 -- 80 жас аралығындағы адамдар қатысты. Ф. Гальтон тестің қорытындысын жасау үшін бақылау жүйесін жасады. Тест термині кеңінен таралуы американдық психолог Дж. Кеттелдің Интеллектуалдық тестілер мен өлшемдер деп аталатын мақаласынан кейін кең өріс ала бастады. Тестілерді алғашқы болып білім беру жүйесіне кеңінен пайдаланудан, француз психологы А. Биненің интеллектуалдық дамуы төменгі дәрежедегі балаларға арнап таңдаған тестілері сериясын (1904 ж.) айтуға болады. Сосын АҚШ -- тағы (Стенфорд университетінде) осы әдістеменің негізінде JQ коэффициенті ұсынылған болатын. Қазіргі заманғы талапқа сай (1986) редакцияланған нұсқасында ол бүгінгі күні де кеңінен қолданылып жүр. Жалпы білімді бағалаудың тестік жүйесі Англия, АҚШ-та жақсы дамыған. Бүгінде тест қолдану оқытушылармен қатар оқушылар үшін де көп тиімді екенін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Нәтижесі тікелей белгілі болады. Тесттік әдіс талапкердің білім дәрежесін анықтауда көп уақыт алмайды. Тест технологиясының білім сапасына әсері: білім беру жағдайын талдауына қажет оқытудың объективті нәтижесін алу мүмкіндігі (адамның қатысуынсыз алу), кері байланыстың жылдамдығы, оқытудың нәтижесін тексеру әдісінің көптүрлілігі, оқытудың нәтижесінің статистикасын алу ыңғайлылығы.
Тест технологиясының алуан түрлері:
* Диктант
* Өздік жұмыс
* Бақылау жұмысы
* Фронтальды ауызша сұрау
* Жаттықтыру жұмыстары
* Сынақ жұмысы
* Карточкамен жеке -- дара сұрау
* Қалып қойған жерді толтыру (пропусков)
* Жағдай -- көріністі және оның сипаттамасын салыстыру
* Ұғымды анықтау
* Тізбектілікті құру
* Модельдерді құрастыру
ТЕСТ (англ. test) -- сынау, тексеру, талдау. Тест - психология мен педагогикада сыналушының білімін, біліктілігін және дағдысын, сонымен қатар психофизиологиялық және өзіндік мінездемелерін стандартталған тапсырмалардың орындалу қорытындысы бойынша өлшеу. Басқа сынақ жұмыстарымен салыстырғанда, тесттің артықшылығы -- оның объективті, сенімді, көп варианттылығы болып табылады. Тесттің міндетті түрде бірнеше варианты болуы керек. Бұл тексеру кезіндегі тиімділікті арттырады, өйткені мұнша тапсырманың барлығын жаттап алу, есте ұстау немесе көшіріп алу мүмкін емес. Тест тапсырмалары тек бақылау ретінде емес, оқушыларды үйрету, машықтандыру үшін де тиімді. Тестілеу - барынша әділ әдіс болып табылады, себебі тестілеу кезінде, әсіресе бақылау және бағалау үрдісінде барлық оқушылардың жағдайы бірдей болады да, мұғалімнің субъективтілігіне жол берілмейді. Тестер - барынша әмбебап болып табылады, себебі тестілеуде курстың барлық тақырыптары бойынша тапсырмалар берілуі мүмкін, ал ауызша емтиханда 2 -- 4 тақырып қана алынатын болса, жазбаша емтиханда 3 -- 5 тақырып қарастырылады. Осылайша, тестілеу арқылы оқушының курстың барлық тақырыптарын қалай меңгергенің байқауға болады. Тестілеу арқылы оқушының жалпы пәнді немесе бөлек тақырыптарды қалай меңгергенің анықтауға болады. Тест барынша нақты құрал болып табылады, мысалы 20 сұрақтан тұратын тестің бағалау көрсеткіші 20 бөлімшеден тұрады, ал біз қолданатын бағалау көрсеткіші тек қана 4 ғана. Ол уақытты тиімді қолдануға, үлкен көлемді мазмұнды қамтуға, оқушылармен тез екіжақты байланыс орнатуға, материалды игеру нәтижесін анықтауға, жіберілген қателерді түзетуде назар бөлуге және қажетті түзетулер енгізуге көмектеседі. Тест түрінде бақылау топтың оқушыларын бір уақытта тексеруге мүмкіндік береді және тәртіпке келтіреді. Экономикалық жағынан тиімді (тексеретін адамдар саны, уақыты) Тестілеудің кемшіліктері: Тестік сұрақтарды құрастыру, топтастыру ұзақ үрдіс. Барлық пәндер бойынша стандартты тестер жоқ, бар болған да сапасы дұрыс емес. Тестілеу кезінде алынатын мәліметтер бойынша біз оқушының қандай тараулардан ақаулар бар екенің анықтай алсақ та, ақаулардың себебін анықтай алмаймыз. Тест білімнің жоғары, продуктивті, шығармашылық, әдістемелік деңгейін тексеруге, бағалауға мүмкіндік бермейді. Тестте көп сұрақтардың қамтылуы уақыттың жетпеуіне, асығуына байланысты кемшілік туғызады. Тестілеуде кездейсоқтық элементтер бар. Мысалы, оңай сұраққа жауап бере алмаған оқушы күрделі сұраққа жауап бере алады. Бұған себеп, бірінші сұрақта байқаусыз қате жіберілсе, екінші сұрақта жауапты ойланып табу бола алады. Бұл жағдай тестің нәтижесін бұрмалайды және оларды талдау кезінде есепке алудың қажеттілігіне әкеп соқтырады. Сұрақты аяғына дейін оқымау. Тест тапсырмасына қойылатын негізгі талаптар мыналар:
* Тест жұмысын өткізуде белгілі бір уақыттың болуы;
* Тапсырмаларды орындау үшін берілген нұсқаулардың түсінікті, айқын болуы;

Мектепте оқушы білімін бекіту, қайталау, алған білімді жүйелеу және бақылау мақсатында пайдалануға болатын тестің бірнеше түрлері бар.
Тестің түрлері: толықтыру тесті, таңдамалы тесті, еске түсіру тесті, сәйкестендіру тесті, реттік тесті, аралас тесті, кәсіптік бағдар тесті, баламалы тесті.
1. Толықтыру тесті: оқушыларға тапсырма сөйлем түрінде беріледі де сөйлемдегі кей сөз орынына (цифр, формула, сөз т. б) үш нүкте беріледі. Мұндай тапсырмадағы жауап қысқа тұжырымды бір мәнді болуы шарт.
2. Таңдамалы тесті: оқушыларға берілген тапсырмамен қоса оның дұрыс және дұрыс емес жауаптары беріледі. Тапсырма карточка арқылы беріліп, оның жауабының саны төртеуден кем болмағаны жөн. Оқушы жауабы бағдарламаланған құрылым арқылы немесе перфокарта кілті болады.
3. Еске түсіру тесті: сұрақ нақты беріледі де, жауабы бір мәнді болуы шарт. Еске түсіру тестінің сұрақтарын түзегенде сұрақ нақты, анық қойылады, ал жауабын сөз, сан, формула т. б түрде берілуі мүмкін.
4. Сәйкестендіру немесе салыстыру тесті: мағынасы бір - бірімен байланысты тапсырмалардың екі бағанға әр түрлі ретпен орналастырылуы. Мұндай тесті жасауда бірінші бағанда қысқа тұжырымды сөйлем болса, екінші бағанда сәйкес сөз, белгі, сызба болуы керек. Сөйлем саны 5 тен 15 ке дейін болса, екінші бағандағы сөз, белгі, сызба, нұсқа т. б саны екі - үшеуі артық болғаны.
5. Реттік тест (ранжирования) тесті: бақылау объектісі (құбылыс, шамалар, формула т. б) ретімен жазылуы (айтылуы) керек. Тесті тапсырма дайындағанда оның саны 10 шақты болғаны жөн.
6. Аралас тесті: оқушыға берілетін тапсырма әртүрлі тест түрінде (мысалы: толықтыру, таңдамалы т. б) беріледі.
7. Құрамалау тесті (комбинированный): құрамында бірнеше пәндердің бір бірімен үйлесуі.
8. Баламалы (альтернативный) тесті: тестің бұл түрін жасауда жауабын білуге ықпал ететін сөзден аулақ болған жөн. Сөйлем қысқа тұжырымды, мазмұнды, бір мәнді болғаны дұрыс. Тестің мұндай түрінің жауабы сөзбен (дұрыс, дұрыс емес) ия немесе жоқ немесе белгілер арқылы +, -- т. б беріледі. Мұндай типтен тестік тапсырманы графикалық диктант үлгісінде пайдалануға болады.
Тест формасы:
1. Бір дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін тапсырмалар
2. Бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін тапсырмалар
3. Сәйкестікті құру бойынша тапсырмалар
4. Жауапты тіркеуді талап ететін тапсырмалар (жауапты толықтырып жазу)
5. Логикалық және алгоритмдік реттілікті құру бойынша тапсырмалар.

ІII. ТАРАУ Test Case.Тестілеу есебі

Кейс-стади (ағыл. Case-study ‒ уақиға, жағдаят және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Талаптар мен құжаттаманы тестілеу
Желі сипатын бағалау
CASE жабдықтары және CASE технологиялар
Қол жеткізуді басқару жүйесін жобалау
Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық
Тестілеу білімді бақылау және бағалау құралы ретінде
Бағдарламалық құралдарды стандарттау мен сертификаттау
Алынған есептерді талдау
Бағдарламалық жасақтама талаптары
Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастырудың ЕРЕЖЕСІ
Пәндер