МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЕС ПРОЦЕСІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ МКҚК

Мектепке дейінгі бөлім
Мектепке дейінгі және
шығармалық пәндер
бірлестігі

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЕС ПРОЦЕСІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Курстық жұмыс

Орындаған: 0101000 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығы 0101013 Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі біліктілігі бойынша оқитын 3 курс
студенті Л.Мұхиден
Жетекші: Психология пәнінің
оқытушысы А.М. Халыкова



Астана 2018

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЕС ПРОЦЕСІНІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗІ

1.1 Мектепке дейінгі балалардың ес процесі, маңызы, ерекшелігі ... ... ... ... ... 5

1.2 Мектепке дейінгі балалардың ес процесіның дамытудың моделі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЕС ПРОЦЕСІНІҢ ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
2.1 Мектепке дейінгі балалрдың ес процесінің дамытудың әдістері ... ... ... ...16
2.2 Мектепке дейінгі балалардың ес процесінің дамытудың формасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
ГЛОСАРИЙ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Мектепке дейінгі кезең - естің интенсивті дамуының кезеңі. Осы кезеңдегі бала есінің қалыптасуы, дамуы - психикалық фунцияның жетекші танымдық процесі. Есте сақтау, ойлау, сөйлеу, қабылдау процестерінің дамуы қалыпты жағдайда жүрмесе, мектеп жасына толмаған баланың ой-өрісінің дамуы кейін қалады. Есте сақтау мен еске түсіру баланың еркі мен санасына байланысты өтеді. Бұл екеуі де іс-әрекет арқылы жүзеге асады әрі іс-әрекеттің сипатына байланысты болады. Бала іс-әрекетте неге зейін қойса, оған не әсер етсе, не қызық болса, соны ғана есінде сақтайды. Заттарды, картиналарды, сөздерді ықтиярсыз есте сақтаудың сапасы, баланың осыларға қаншалықты әсерлі іс-әрекет істеуіне іс-әрекет процесінде оларды егжей-тегжейлі қабылдау, ойластыру, топтастыру қандай дәрежеде өтетіндігіне байланысты.
Тақырыптың өзектілігі: Мектепке дейінгі балалардың ес түрлерінің қалыптасуы қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Психолог - практиктер мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтау қабілетінің дамуын жан - жақты қарастыруды қажет етеді.
Қазіргі таңда замаң өзгеруіне байланысты, мектепке дейінгі шақтағы балалардың танымдық процестері, соның ішінде есте сақтау процестері қарқынды дамып жатыр соған орай біздің мақсатымыз мектеп жасына дейінгі балалардың естің барлық түрлерінің белсенді дамуын қадағалап, баланың психикасын толыққанды зерттеу.
Бала мектепке келгенде қабылдау, ойлау және есте сақтау, қабілеті жоғары дәрежеде болуы тиіс. Сондықтан балаға мектепке дейін есте сақтау қабілетің дамытуымыз керек. Ол үшін арнаулы дәлелденген, тәжірибе жүзінде еске асырылған нәтижелі іс - әрекеттер жасауымыз қажет.
Мектепке дейінгі балалар - балалар мемлекетіндегі ерекше халық. Мектепке дейінгі кезең баланың ақыл - ойы дамуы мен әлеуметтік даярлығына ең қолайлы кезең. Мұндай алғы шартты пайдаланып, оны жүзеге асыру аса маңызды проблемалардың бірі болып табылады.
Мектепке дейінгі жас - естің қарқынды даму жасы. Олай болатын болса, балаларға психологиялық қолдау жасау бiлiм беру мекемелерiнiң (балабақша, мектеп) ең негiзгi мiндетi болып табылады.
Яғни, мектепке дейінгі балалар ес түрлерінің қалыптасу проблемалары жөнінде де осылай пікірлер келтірген көптеген психологтар болды. Л.Е.Выготскийдің, Д.Б.Элькониннің тұжырымдары қазіргі психологтар А.Е.Смирнов пен П.М.Зинченконың, Л.Н. Леонтьевтің тәжірбиелерінің қазіргі психология ғылымы үшін маңызы зор. А.А.Люблинскаяның зерттеу жұмыстары, Э.И.Маслимскердің тәжірбиесі мектепке дейінгі балалар ес процесінің дамуы үшін жүргізілетін диагностикалық тәжірбиелерге негіз бола алады.
Зерттеудің мақсаты: ғылыми әдебиеттерге зерттеу жүргізе отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың ес процесін дамыту жолдарын анықтау.
Зерттеудің міндеті:
a) зерттеудегі ес процесінің психологиялық ерекшеліктерінің теориялық негізін ашу, қарастыру.
b) мектепке дейінгі балаларға зерттеу жүргізіп, ес түрлерінің қалыптасуындағы кейбір ерекшеліктерді анықтау және оның тиімді жолдарын қарастыру.
c) ес түрлерін дамытатын әдіс - тәсілдерді айқындау.
d) Мектепке дейінгі балалардың ес процесінің дамытудың моделің жасау, соған байланысты тапсырмалар, жаттығулар жиынтығын құру
Зерттеу болжамы:
Егер де, баламен диагностикалық зерттеу жұмыстары жүргізілсе, және де оның есте сақтау қабілеті анықталса, онда мектеп жасына дейінгі баланың ес процесінің дұрыс және нәтижелі дамытуына мүмкіндік береді.
Зерттеудің теориялық мәні: Мектеп жасына дейінгі балалардың ес процестеріне байланысты негізгі теорияларды зерттеп, олардың ерекшеліктерің анықтау .
Зерттеудің тәжірбиелік мәні: Мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтау қабілеттерінің ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.
Зерттеу объектісі: мектепке дейінгі 3-6 жастағы балалар
Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі балалардың ес процесінің дамуы
Зерттеу әдістері: курстық жұмыс тақырыбын толыққанды ашу мақсатында ғылыми әдістемелік әдебиеттер қаралып, балалармен тест, сауалнама жүргізу, эксперимент нәтижесін салыстырмалы талдау.
- түрлі әңгімелеу әдістерін қолдану.
- шағын тестік тапсырмалар, сауалнамалар
Курстық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен, глоссарийден және қосымшадан тұрады.

1 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЕС ПРОЦЕСІНІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗІ

1.1 Мектепке дейінгі балалардың ес процесі, маңызы, ерекшелігі

Қазіргі кезде ес процесіне байланысты жинақталған фактілер мен теориялық көзқарастардағы өзекті мәселе - естің дамуы. Бұл мәселе осы кезге дейін тиянақты шешіліп, бір ізге түспеген. Ес балада ерте кезінен басталады. Осы кезде бала есінің дамуында нендей сыр бар? Естің дамуына арнаған зерттеулерде бұл мәселенің мәні метафизикалық тұрғыдан пайымдалып, философиялык талас-тартыстар туғызды да, ал естің дамуы ғылыми тұрғыдан шешімін таппай, көлеңкеде қалып қойды. Бюлерге балалардың елесінен гөрі ойының есте сақтауы ерекшелеу болып көрінеді. Оның пікірінше ойдан гөрі елес есте тиянақты сақталады. Естің дамуына арналған зерттеулер психологияда қызу талас-тартыстар да тудырды. Кейбір психологтар баланың есі дамымайды, ол туған кезде-ақ қажетті мөлшерде болады дейді. Бұл мәселе одан әрі талдануы қажет. Алайда, кейбір бақылау нәтижелеріне қарағанда, бала дамуының алғашқы кезеңінде есінің күшті болатыны рас, жасы өскен сайын бұл қасиет бәсеңдей беретіні байқалады.
Балдырған жасындағы балалардың есте сақтау қабілеті мен алғырлығы туралы мынадай мысал келтірейік. Балдырғандар есінің алғырлығын жеткіншек жасындағы балалармен, әсіресе ересек адамдардын есімен салыстыруға болмайды. Олардың есте сақтауы нақтылы, әрі тиянақты. Дегенмен, 3 жасар бала шетел тілдерін щапшаң меңгере алғанымен, олар, мәселен, география пәні бойынша жүйелі түрде берілетін білімді меңгере алмайды. Шет тілін меңгеруді қиын көретін 9 жасар бала географиядан оқытылатын білімді оңай меңгере алады, ал ересек адамдар жүйелі білімді игеріп есте сақтауда бабалардан әлдеқайда озық тұратыны мәлім. Баяндалған осындай жәйттерден өзгеше бір бағытты қолдайтын психологтар да бар. Олар ес процесінің дамуындағы шарықтау шегін табуды ойластырады. Атап айтканда, К.Гросс шәкіртінің бірі Зейдель арнайы зерттеу арқылы көптеген материалдар жинақтап, бала есінің дамуы ең жоғары дәрежеге жетеді де, одан кейін оның есі құлдырап төмендейді дейді. Осы аталған балалардың есі жайындағы үш түрлі көзқарас та бұл процестің даму зандылықтарын жеңіл-желпі қарастырады. Мұндай көзқарастың үшеуі де естің дамуын бір ретте өрлеп дамитын процесс десе, ал екіншілері оны құлдырап төмендейтін процесс дейді. Олардың ойынша ес төте әрі тегіс жолмен дамиды. Тәжірибеде мұндай пікірлерді қостап-қолдаушылар да, сынап-мінеушілер де бар. Өйткені естің дамуы аса күрделі психикалық процесс, оның төте жолмен дамып өрістеп отыруы мүмкін емес.
Л.С.Выготскийдің ойынша, адам есінің филогенезде жетілуі есте сақтау құралдарының жақсаруы және мнемикалық функциялардың басқа психикалық процестермен және адам күйімен байланысының өзгерістері арқылы жүреді. Сөйлеудің түрлі формаларының арқасында - ауызша, жазбаша, ішкі, сыртқы - адам есті өз еркіне бағындыруға, ақпараттарды сақтау және қайта жаңғырту процестерін басқаруға қабілетті болды.
Ес - адамның ақыл - ойымен тығыз байланысты күрделі психикалық процесс. Оның есте қалдыру, қайта жаңғырту, еске ендіру, ұмыту сияқты өзіндік процестері бар. Бір нәрсені есте сақтау оны өзге нәрселермен байланыстыру деген сөз. Сондай байланыстардың болатынын алғаш көрсеткен - Аристотель. Мұндай байланыс ассоциация деп аталады. Ал ассоциацияны шартты рефлекс теориясымен дәлелденген, ол арқылы көптеген психикалық процестердің табиғатын түсінуге болатындығын ашып көрстекен - ұлы физиолог И.П.Павлов.
Л.С.Выготский мен А.Р.Лурия өздерінің Этюды по истории поведения атты кітаптарында ес эволюциясын талдайды, салыстырмалы генетикалық зерттеу принципін фило- және онтогенез мәліметтерін салыстыруды қолданды. Выготскийдің ұсынған ес және оның дамуы жайлы концепциясының негізгі ойлары осындай. Онда басты назар ес дамуының түрлі сатыларындағы ес процестерінің сапалық ерекшеліктеріне аударылатынын көру қиын емес, сонымен бірге олардың адам іс-әрекетінің ерекше түрі ретіндегі кейбір ерекшеліктері анықталды. Бұл ойлар ары қарай өзінің дамуы мен жалғасын А.Н.Леонтьевтің жұмыстарынан тапты. Оның еңбегі адам есінің әлеуметтік-табиғи және оның фило- мен онтогенезде қалыптасу тарихы жайлы материалистік түсініктерді одан әрі тереңдетті. Ол естің жоғары формасының табиғатын адам еңбек іс-әрекеті дамуының тарихи заңдылықтарымен байланысты талдады. Ол жүргізген эксперименттік зерттеулердің нәтижесінде Выготский концепциясында соншалықты маңызды рөл атқаратын есте сақтаудың екі жолының: тікелей және жанама есте сақтаудың жас ерекшелікке байланысты өзгеретінін анықтады. Ол бір мнемикалық процесс-тікелей есте сақтау - жас өсе келе басқа, жанама есте сақтаумен алмасатынын көрсетеді. Бұл баланың материалды есте сақтау мен қайта жаңғыртудың стимул-құралдарын меңгеруінің арқасында өтеді. Оның зерттеулерінде түрлі жолдармен: тікелей және картинкалардың көмегімен есте сақталатын мағынасыз буындар мен мағыналы сөздерді есте сақтау жайлы салыстырмалы мәліметтер келтіріледі. Есте сақтаудың оны жүзеге асыру тәсілдеріне тәуелділігі айқын көзге түседі. Тікелей есте сақтау жағдайында сыналушылар сөздерді көмекші материалға сүйенбей еске түсіреді. Жанама есте сақтау кезінде мұндай тіректер ұсынылады. Леонтьевтің еңбегінде балалық шақтағы арақатынас процестері арнайы зерттелінді. Оның теориялық негізі - Л.С.Выготскийдің мәдени-тарихи теориясы. Оның негізгі ойлары мынандай: Естің дамуы сандық өзгерістердің үздіксіз жолымен жүрмейді, бұл оның бір формасының сапалық түрде басқа формаға өтуін болжайтын терең диалектикалық процесс. Леонтьевтің пікірінше оны келесі схемемен көрсетуге болады: ес дамуының бірінші кезеңі - бұл оның есте сақтау мен қайта жаңғыртуға табиғи қабілеті ретінде дамуы. Дамудың бұл кезеңі қалыпты жағдайларда мектепке дейінгі жаста-ақ аяқталады. Алғашқы мектеп жасына тән кезең есте сақтау процестерінің құрылымының өзгеруімен сипатталады, есте сақтау сыртқы құралдар рөлі басым болатын жанамаланған бола бастайды. Өз кезегінде жанама есте сақтау екі жолмен: сырттан әсер етуші тітіркендіргіш формасында қалатын көмекші құралдарды қолдану тәсілдерінің дамуы бойынша және сыртқы құралдардан ішкі құралдарға өту бойынша дамиды. Бұл ойларды автор екі жақты стимуляцияның функционалды әдістемесі деп аталатын әдістемені қолдана отырып, әр түрлі жастағы балаларға және ересектерге (студенттерге) жүргізген эксперименттің негізінде ұсынды. Леонтьев логикалық есті сөйлеудің құралдық функциясына сүйенетін іштей жанамаланған іс-әрекет ретінде анықтайды. Оның ойынша есте сақтау бастапқыда сыртқы заттарға сүйенетін әрекет ретінде қалыптасады. Тек кейін ішкі әрекетке айналады. Бұл заңдылық ырықты есте сақтауға қатысты болады. Есте сақтауға арналған стимул-құралдардың дамуы мына заңдылықтарға бағынды: бастапқыда олар сыртқы ретінде (мысалы, есте сақтау үшін түрлі заттарды, қолдың саусақтарын т.б. қолдану) көрінеді., ал кейін ішкіге айналады (сезім, ассоциация, бейне, ой).
Мектепке дейінгі кезеңде бала психикасының жоғарғы деңгейде көтерілуі жаңа әрекет түрлерінің бала психикасына әсер етуі және үлкендердің балаға қойылатын талап тілектерінің күрделенуіне тікелей байланысты.
Мектепке дейінгі кезеңдегі балада ес үдерісінің дамуы айқындалып, біршама күрделенгендігі байқалады. 3-4 жастан бастап бала қоршаған ортамен жан- жақты танысып, ойын, қарапайым еңбек іс-әрекеттерімен шұғылдана бастайды. Осының нәтижесінде бала есте сақтаудың арнайы тәсілдерін пайдаланбай-ақ, іс- әрекеттің орындалу барысында материал бала есінде өздігінен ырықсыз түрде сақталып отырады.
Мектеп жасына дейінгі кезең бала есінің ырықсыздығымен ерекшеленеді. Балалар өз өмірінде ерекше әсер етіп көңіл аударғанын өзін қызықтырған құбылысты ғана есінде жақсы сақтайды және осы кезеңде есте сақтау үшін алдына арнайы мақсат қойылады. 4 жастан бастап ырықты түрде есте сақтау жүзеге аса бастайды.
Мектепке дейінгі кезеңде бала механикалық түрде есте сақтайды деу қате түсінік. Себебі бала да өзіне қажетті материалды есіне сақтау үшін одан нені талап етіп отыр, нені есте сақтау керек, соны түсінуге тырысады. Ал егер сол материалдың мән мағынасын түсінбесе, түсіну қиынға соқса ғана бала механикалық түрде жаттау арқылы есте сақтауға тырысады.
Мектепке дейінгі кезеңде сөз-логикалық естің дамуы баяу жүзеге асады. Бұл кезде көрнекі бейнелік, эмоциялық сезімдік естің маңызы зор.
Мектепке дейінгі балалар әдетте ойынды, сурет салғанды жақсы көреді, ересектермен және өзі қатарлы балалармен лезде тіл табысып кетеді. Мектепке дейінгі шақтың әсіресе, алғашқы үш жылы психологияда қауіпті кезең аталып, өзіне зерттеушілердің үлкен зейінін аударуда. П. Бадалян ...осы уақытта сәби арнайы үйрету мен тәрбие көрмесе, кейін ол өте қиынға түсіп, тіпті кеш болуы да мүмкін деген. Дер кезінде тәрбие мен үйрету көрген бала бес жасында еш қиындықсыз таза сөйлей білуі тиіс. Есте сақтау мен еске түсіру баланың еркі мен санасына байланысты өтеді. Бұл екеуі де іс-әрекет арқылы жүзеге асады әрі іс-әрекеттің сипатына байланысты болады. Бала іс-әрекетте неге зейін қойса, оған не әсер етсе, не қызық болса, соны ғана есінде сақтайды.

Сурет 1 С.Андабекова бойынша ерікті есте сақтау түрлері

Неғұрлым баланың заттар мен құбылыстарға зер салып көңіл қою ынтасы ерекше болса, соғұрлым ырықсыз есте сақтауы айқын жүзеге асады да, барлық ынта ықыласымен зейін қояды. Заттың бейнесі оның, түсі баланы қызықтыратындай ерекше болса, оны жақсы қабылдап есінде жақсы жаңғырта алады. Балаға әңгіменің мазмұнын тек сөз жүзінде айтып берсең, ондағы бейнелерді сипаттау түрінде есінде сақтайды.
Балаларға әңгімені мән мағынасызбір ырғақпен оқып бергеннен гөрі, әр кейіпкердің мінез-құлқын, қимылын, эмоциялық көңіл-күйін мәніне келтіріп, интоннациясымен оқып, айтып берсең, есінде жақсы сақтайды.
Психологиялық зерттеулерге қарағанда, бала өз жас ерекшелігіне сәйкес түсінуге жеңіл, күнделіеті көріп, тұрмыста пайдаланып жүрген заттарды, естіп жүрген мән мағынасы ұқсас сөздерді есінде жақсы сақтайды. Сондай-ақ көріп тұрған заттың өзін өзі біліміне, өмір тәжірибесіне, түсінігіне байланысты есте сақтауы әр түрлі болады.
Ересектер тобындағы балалардың ес үдерісінің дамуы әлі де болса ырықсыз, поссивтік сипатта өтеді. Бала өткенді есіне түсіріп, қайта жаңғырту үшін де ең негізгілерін іріктеп, көз алдына елестетуге әрекет жасайды.
Іс-әрекетті есте сақтауды құрастыру, сурет салу, ойнау, еңбек әрекетін орындау барысында, ертегі, әңгімелерді тыңдау негізінде жүзеге асырып отырады.
Балада сюжеттік ойындарды ойнау арқылы ырықты есте сақтап, қайта жаңғыртуының алғашқы белгілері көріне бастайды.
Бала есте сақтау мен қайта жаңғырту тәсілдерін үлкендерден үйренеді. Мысалы, тапсырма беріп отырып, оны белгілі бір уақыт аралығында қайта жаңғыртуды талап етеді немесе бір нәрсені сұрап отырып, оқиғаның желісін баланың есіне түсіру үшін жетекші бағыттаушы сұрақтар қояды.
Есте сақтауды үйретудің ең қарапайым тәсілі қайталату және баланың ерікті есте сақтауын дамыту үшін көргенін естігенін өз сөзімен әңгімеліп айтып берудің өзі материалдың баланың есінде берік сақталуы үшін маңызы зор.
Зинаида Михаиловна Истомина 3 тен 7 жасқа дейінгілердің есінің дамуының үш дәрежесін анықтаған.
І дәрежесіне тән сипат: бала еске сақтау мен еске түсіру үшін арнайы мақсат қоймайды.
ІІ дәрежесінде: балада еске сақтау ешқандай арнайы тәсілдерді пайдаланбай-ақ жүзеге асады.
ІІІ дәрежесінде балада еске сақтап, қайта жаңғырту үшін арнайы әдіс-тәсілдерді пайдаланып, еске сақтау мақсатты түрде жүзеге асады.
Еске сақтаудың осы 2-ші және 3-ші дәрежесіне бала 6 жасқа келгенде жетеді.
Балада ырықты есте сақтауды қалыптастырып тәрбиелеудің маңызды көрсеткіші тек оның есте сақтай алуы мен өз бетімен мнемоникалық мақсат қоя білуі ғана емес, сонымен қатар дұрыс есте сақтауын қадағалап, өзін-өзі бақылауын жүзеге асыруы қажет.
Өзінің есте сақтауын тексеругек тұтастай мүмкіншілігінің болуы 6 жасқа келгенде едәуір артады. Осы жастағылардың басым көпшілігі бейнелік есте сақтау сияқты сөзді есте сақтау кезінде өзін-өзі тексеруді тиімді пайдалана біледі.
Бала 6 жасқа келгенде тек механикалық есі емес, сөз логикалық есі жақсы дамығанын байқауға болады.
Баланың сөз логикалық есінің жақсы дамығанын оның жақсы түсінген материалды есінде сақтап қайта жаңғыртуынан байқауға болады. Мысалы, 6 жастағы бала ертегі әңгіменің мазмұнын өз сөзіменөайталап айтқан кезде өзіне онша таныс емес азамат деген сөзді өзіне таныс күнделікті айтылып жүрген ағай деген сөзбен ауыстыра алады.
Кейде олар ертегі әңгіменің мазмұнын өзгертпей, өз логикасымен толықтырып, қосып, тек жүйесін ғана өзгертуі мүмкін.
Баланың әңгіменің жүйесін өзгертуі ондағы кейіпкерлерге деген көзқарасына байланысты болады. Егер кейіпкерді жақсы қарым-қатынас кезінде оның жаманшылық жақтарып ұмытып кетеді де, тек жақсылығын өзіне ұнаған жерін ғана есінде сақтайды.
Баланың сөз логикалық есін дамытуда оқу әрекетімен шұғылдануының маңызы зор. Осы кезеңдегі сөз-логикалық естің жүзеге асуының өзі үш кезеңнен өтеді:
1. Практикалық
2. Сөздік әрекеттік
3. Ақыл-ой әрекеті негізінде
6-7 жасқа келгенде бала өз ойын сөзбен байланыстырып, қорытынды жасап, есінде сақтай алады. Сөздің көмегімен есінде қалған материалға талдау жасай алады және топтастырып логикалық байланыс жасайды.
Баланың сөздік қорының аздығы да есінде сақтап қалғанын қайтадан толық жаңғыртып, айтып беруге кедергі келтіреді. Сондықтан да баланың сөздік қорын дамыта отырып, материалды өз бетімен айтып беруге үйрету керек.
6-7 жас бала қимыл - қозғалысы дамуының ең маңызды кезеңі.
Осы кезеңде қимыл - қозғалыс есінің дамуына байланысты күрделі қозғалыстарды нақты анық етіп қиындықсыз жылдам меңгереді және де өзгертіп орындауға да икемді болады. Сондай-ақ эмоциялық есіде ерекше дами бастайды, оны бейнелік естен бөліп қарау болмайды.
Бала есінің даму ерекшеліктері тек жасына ғана байланысты емес екенін есте сақтау керек. Соңғы жылдардағы психологиялық зерттеулер бойынша, ер балаға қарағанда қыз баланың бас миының оң жақ бөлігінен гөрі сол жақ бөлігінің дамуында айырмащылық болатыны айқындалды. Яғни, қыз баланың бас миының сол жақ бөлігінің дамуы тез жүзеге асады, ал ер баланың бас миының оң жақ бөлігі тез дамиды. Мұның бала есінің дамуына қатысы бар.
Өйткені мидың сол жақ бөлігі оң жақ бөлігіне қарағанда материалды ерікті есте сақтауға, жете ойланып сөз-логикалық еске жағымды эмоцяны еске сақтауға ықпалы ерекше, ал оң жақ бөлігі ырықсыз есте сақтауды жүзеге асырып, жағымсыз эмоцияны, бейнелік есті, сезім реакцияларын еске түсіруді жүзеге асырады. Бұл ақпарат ғылыми тұрғыда дәлелденген.
Есті дамытудың әр түрлі жолдары бар. Негізінде ес мидың жұмыс істеу қабілеттілігін көрсетеді, өйткені ес үдерісі арқылы әр түрлі материал есте сақталып, кейін қайтадан жаңғыртылады.
Әр баланың есінің даму деңгейі материалды есте сақтау көлеміне, қатесіз қайта жаңғыртуға, ұзақ есте сақтауына, іс-жүзінде әрекет ету барысында есіне сақтауына байланысты. Баланың материалды есте сақтауын анықтау үшін бірнеше жеміс-жидектер суретін балаға 1 минут көрсетіп, есте сақтап қалғандарын қайталатып тексеруге болады.
Ес үдерісінің нашар қалыптасуы іштен туа пайда болмайды, есте сақтаудың нашар болуы баланың ес үдерісін күнделікті өмірде тәрбие үдерісін дұрыс дамытуға тікелей байланысты.
Бала ес үдерісін дамыту үшін бірнеше есте сақтау тәсілдерін білу керек. Мысалы:
2 топтың балаларына көлемі бірдей мәтінді жаттап келіп, айтып беруге тапсырма берген кезде 1-топқа еске сақтап, кейін қайта жаңғырту керектігі түсіндіріледі, ал екінші топтың балаларына тек жаттап келіндер дейді. 1-топтың еске сақтауы 2-топқа қарағанда сапалы болады. Өйткені еске сақтап қайта жаңғырту үшін мақсат қоюдың маңызы ерекше.
Бала материалдың мән мағынасын жақсы түсінсе, есінде бәрін жақсы сақтайды.
Бала еске сақтауға тиіс материалды көзімен көріп, қолымен ұстап тәжірибе жүзінде ұзақ тікелей әрекет етсе, есінде жақсы сақтайды, ал тез есте сақтаса тез ұмытады, әсіресе оқу әрекетін меңгерту кезінде баланың әр түрлі есінің типтік ерекшеліктерін ескеру керек.
Мектепке дайындық кезеңінде көріп, естіп қабылдау және көріп қимыл-қозғалыс арқылы қабылдау жиі жүзеге асады. Сондай-ақ материалды қайталату арқылы есте сақтау тиімді. Мысалы, күрделі материалды балаға бірден жаттатқызбай бөліп-бөліп, демалдырып қайталап жаттатудың маңызы зор.
С. Андабекова бойынша мектеп жасына дейінгі балалардың есі кейбір ерекшеліктерге ие. Біріншіден, балаларда ересек адамдарға қарағанда фотографиялық ес көбірек кездеседі. Мектеп жасына дейінгілер мұндай еспен қабылданғандарының барлығын түп түгел есінде сақтайды. Кейінірек бұл қабілеттілік көбінесе жойылып кетеді. Екіншіден, кейбір адамдардың есі еміс-еміс есте қалумен сипатталады. 6-9 жасар балаларға бірден есте қайта жаңғырта алмайтындай қызықты және өте күрделі материал берілді, алайда, 3-5 күннен кейін бұл материалды есте қайта жаңғырту жақсарды: балалар әуелгіде ұмытқан көптеген нақтылығтар мен бөлшектерді естеріне түсіре алады.
Онша көп қайрат күш жұмсауды талап етпейтін көркем сөз үзінділерді, тарихи даталарды, географиялық атауларды бала жаттамай тұрып, жақсылап оқып беріп, мазмұнын қарапайым тілмен жан-жақты түсіндірудің маңызы зор.
В.С. Мухина бойынша мектепке дейінгі бала әрекетінің жаңа түрлерін, үлкендердің оған қойған жаңа талаптарын игерудің ықпалымен баланың алдында бір нәрсеге зейінін шоғырландыру және оған зейін қою, материалды есте ұстау және оны жаңғырту, ойынның, суреттің т.б ой желісін құру сияқты жаңа ерекше міндеттер пайда болғанда ғана бетбұрыс жасалады. Осы міндеттерді шеше білу үшін бала үлкендерден үйренген тәсілдердің қандай да біреуін пайдаланады. Міне, сонда ғана зейіннің, естің, қиялдың арнайы іс-әрекеттері қалыптаса бастайды.
В.С.Мухина бойынша мектепке дейінгі шақ есте сақтау мен еске түсіру қабілеттілігінің пәрменді дамуымен сипатталады. Адамдар, оқиғалар есте сақталатын кезең мектепке дейінгі шақта анықталмаған мерзімге ығысады. Шындығында, бізге сәбилік шақтағы оқиғалардан бірдеңені еске түсіру қиын немесе мүлде дерлік мүмкін болмаса, мектепке дейінгі балалық шақ көптеген әсерлі сәттерді есте қалдырады. Бұл әсіресемектепке дейінгі еревектерге тән. Мектеп жасына дейінгі баланың есі негізінен ықтиярсыз сипатта болады. Бұл бала көбіне өзінің алдына бір нәрсені есінде қалдыру үшін саналы мақсаттарды қоймайтындығын көрсетеді. Есте сақтау мен еске түсіру баланың еркі мен санасына байланысты өтеді. Бұл екеуі де іс-әрекет арқылы жүзеге асады әрі іс-әрекеттің сипатына байланысты болады. Бала іс-әрекетте неге зейін қойса, оған не әсер етсе, не қызық болса, соны ғана есінде сақтайды. Заттарды, картиналарды, сөздерді ықтиярсыз есте сақтаудың сапасы, баланың осыларға қаншалықты әсерлі іс-әрекет істеуіне іс-әрекет процесінде оларды егжей-тегжейлі қабылдау, ойластыру, топтастыру қандай дәрежеде өтетіндігіне байланысты. Мысалы, суреттерді жай ғана қарап шыққанда оларды баланың есінде сақтау анағұрлым нашар балады, ал осы суреттерді, өз орындарына, мысалы, бақшаға, ас үйге, балалар бөлмесіне, қораға дәл келетін жеке заттарды қою ұсынылғанда бала оларды есінде жақсы сақтайды. Ықтиярсыз есте сақтау баланың орындайтын қабылдау және іс-әрекеттерінің жанама қосымша нәтижесі болып табылады.
Мектепке дейінгі жастағылардың ықтиярсыз есте сақтауы мен ықтиярсыз еске түсіруі - ес жұмысының бірден-бір түрі. Бала бірдеңені есте сақтау немесе еске түсіру жөнінде алдына әлі мақсат қояды, ал бұл үшін арнаулы тәсілдерді қолдануды білмейді. Мысалы, үш жастағы балаларға суреттер тобының біреуін сұрағанда балалардың басым көпшілігі өзін мүлде бірдей ұстады. Суретке көз жүгіртіп өткеннен кейін бала оны шетке ығыстырып қойып, үлкен адамнан басқа суретті көрсетуді сұрады. Кейбір балалар бейнеленген заттар жөнінде әңгімелеп беруге тырысты, суретке байланысты өткен тәжірибенің жағдайларын еске түсірді. Әйтсе де есте сақтауға бағытталған балалардың ешбір іс-әрекеттері байқалмады.
В.С. Мухинаның пікірінше есте сақтау мен еске түсірудің ықтиярлы формалары мектепке дейінгі естияр шақта қалыптаса бастайды және мектепке дейінгі ересектерде жетіледі. Ықтиярлы есте сақтау мен еске түсіруді меңгерудің неғұрлым қолайлы шарттары ойын үстінде жасалады, бала өзіне алған рольді жақсы орындап шығу есте сақтау шарты болған кезде жасалады. Мысалы, сатып алушының ролін алған бала дүкеннен белгілі заттарды сатып алу жөніндегі тапсырманы орындаушы ретіндегі баланың есте сақтайтын сөздерінің саны үлкен адамның тікелей талабы бойынша есінде сақтауға тиісті сөздерден көп болып шығады.
Естің ықтиярлы формаларын меңгеру бірнеше кезеңнен тұрады. Олардың біріншісінде әлі қажетті тәсілдерді меңгере алмай тұрып бала есте сақтау мен еске түсіру міндетінің өзін бөле бастайды. Мұнда еске түсіру міндеті бұрын бөлінеді, өйткені бала алдымен дәл еске түсіруді, елестетуді қажет ететін ахуалдарға кездеседі. Бұған дейін ол нені қабылдап, жасағанын көрсететін іс-әрекетті білуі керек. Есте сақтау міндеті еске түсіру тәжірибесінің нәтижесінде пайда болады.
В.С. Мухинаның айтуынша, есте сақтау мен еске түсірудің жолдарын бала өз ойынан шығара алмайды. Ондай жолдарды белгілі түрде баланың есіне үлкендер салады. Мысалы, үлкен адам балаға тапсырма бергенде оған осы арада дәл оны қайталап беруді талап етеді. Үлкен адам баладан бір нәрсе сұрағанда, оның еске түсіруіне бағыт береді: Сосын не болады?, Жылқыға ұқсас сен тағы қандай жануарларды көрдің? Тағы сол сияқты. Бала біртіндеп қайталай білуге, түсіне білуге, материалды есте сақтау мақсатында байланыстыра білуге, еске түсіргенде байланыстарды пайдалана білуге үйренеді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың кейбіреулерінде эйдетикалық ес деп аталатын көру есінің ерекше түрі байқалады. Өзінің айқындығы мен дәлдігі жағынан эйдетикалық естің бейнелеріне жуықтайды: бұрын қабылданған бір нәрсені есіне түсірген бала соны көз алдына қайтадан көріп тұрғандай болады. Эйдетикалық ес - жас шағының құбылысы. Мектепке дейінгі жаста осындай есі бар бала, кейінірек, мектепке оқыту кезеңінде, әдетте өзінің бұл қабілеттілігін жоғалтады.

1.2 Мектепке дейінгі балалардың ес процесіның дамытудың моделі

Біз мектеп жасына дейінгі балалардың ес процесін анықтау барысында педагогикалық-психологиялық әдебиеттердегі ғылыми зерттеулерді зерделеу негізінде модель ұымының мәнін анықтауды жөн көрдік.
Модельдеу әдісі танымның көрінісі мен танымның объектісін саналы талдаудың кеңінен танылған түрі болып табылады. Өзінің мәні жағынан модельдеу абстракциялау және дәріптеушілік деген математикалық ұғымдардың негізінде шыққан, өйткені математикалық ұғымда абстракциялау деген заттың бір немесе бірнеше қасиеттерін ойша бөлумен түсіндіріледі.
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестерін дамыту негізінде есте сақтау процесінің өлшемдері мен көрсеткіштері берілген кестеде көрініс тапқан (Кесте 1).
Бұл кесте балалардың ес процесінің дамуының деңгейін анықтауға мүмкіндік береді (төмен, орта, жоғары).
Төмен деңгей: балалар ес процесінің дамытуға арналған тапсырмаларға қызығушылық танытпайды, олардың қажеттілігін мойындамайды.
Орта деңгей: мектеп жасына дейінгі балалар есте сақтау процестеріне арналған тапсырмаларды, жаттығуларды орындайды, бірақ олардың қажеттілігін түсіне бермейді. Тапсырмаларды орындауға талпынысы бар.
Жоғары деңгей: балалар ес процестерін дамытуға арналған тапсырмалардың, жаттығулардың мән-мағынасын түсініп, қызуғышлықтарын көрсетіп, тапсырмаларға құлшыныс танытады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ес процесінің даму жүйесінің құрылымы мына компоненттерді қарастырады:
oo Мотивациялық (балалардың тапсырмаларды қызығушылықпен орындауы, оқу қызметі барысында өткізілетін жаттығуларды орындауға, қайталауға құштарлығының артуы; жаттығулар, тапсырмалар барысында белсенділіктерін көрсетуі)
oo Мазмұндық (Ойын арқылы есте сақтау процесің дамыту негізінде балалардың ойынның мазмұның толыққанды түсінуі, әңгімелеу, жаттау арқылы өздерінің есте сақтау мүмкіндіктерінің түсінуі;)
oo Іс - әрекеттік (Оқу қызметі барысында әңгімелеу, жаттау, мазмұндау дағдыларының қалыптасуы, есте сақтауға арналған ойын, тапсырмаларды, жаттығуларды орындау іскерлігі)
Мектеп жасына дейінгі балалардың ес процестерінің даму ерекшеліктерінің өлшемдері мен көрсеткіштерін негіздеу нәтижесі бізге:
1) Мектеп жасына дейінгі баланың атқаратын танымдық іс-әрекетінің тиімділігін ашып көрсетеді;
2) Баланың есте сақтау қабілетін қалыптастыру мүмкіндіктерін айқындай түседі.
Осыған орай, біз зерттеу барысында балалардың танымдық қассиеттерін дамыту барысында олардың есте сақтау қабілеттін арттырып қана қоймай, оларды ес процестерінің ерекшеліктерімен таныстырдық.
Зерттеу жұмысында жеке тұлғаның ес процестерінің даму ерекшеліктері мәселесіне қатысты ғылыми әдебиеттерді талдау барысында, мектеп жасына дейінгі балалардың ес процестерінің дамуының құрылымдық моделі жасалды (Сурет 1)
Құрылымдық модельде біз есте сақтау процесі дамыған мектеп жасына дейінгі баланы қалыптастыру үшін оқу қызметі, ойын, оқу қызметінен тыс үдерісті және отбасы тәрбиесін алдық.

Кесте 1
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестерін дамыту негізінде есте сақтау процесінің өлшемдері мен көрсеткіштері

Компоненттер
Өлшемдер
Көрсеткіштер
1
Мотивациялық
Мектепке дейінгі балалардың танымдық процестерін дамыту негізінде есте сақтау процесінің дамуы
oo Танымдық процестерді дамытуға арналған тапсырмаларды қызығушылықпен орындау;
oo Оқу қызметі барысында өткізілетін жаттығуларды орындауға, қайталауға құштарлығының артуы;
oo Жаттығулар, тапсырмалар барысында белсенділіктерін көрсетуі.
2
Мазмұндық
Есте сақтау қабілеті туралы білімі
oo Ойын арқылы есте сақтау процесің дамыту негізінде балалардың ойынның мазмұның толыққанды түсінуі;
oo Әңгімелеу, жаттау арқылы өздерінің есте сақтау мүмкіндіктерінің түсінуі.
3
Іс - әрекеттік
Ес процестерінің дағдылары мен іскерліктері
oo Оқу қызметі барысында әңгімелеу, жаттау, мазмұндау дағдыларының қалыптасуы;
oo Есте сақтауға арналған ойын, тапсырмаларды, жаттығуларды орындау іскерлігі

Біздің қойылған мақсат мектеп жасына дейінгі балалардың ес процесінің дамуын қалыптастыру және де оның тиімді жолдарын қарастыру, осы мақсатқа байланысты келесі міндеттерді шешуге көздейді:
a) баланың есте сақтау дамуын қалыптастыру деңгейін анықтау
b) мектеп жасына дейінгі баланың ес процесінің ерекшеліктерін анықтау.
Модельді құру барысында біз нәтижеге жету үшін түрлі әдіс - тәсілдерді қолдандық, олар: әңгімелеу әдісі, түсіндіру әдісі, көрнекі, ойын және тестілеу.
Балалармен жеке жұмыс, жұптық жұмыс және де топтық жұмыс жүргізілді. Тапсырмалар, жаттығулар жүйесін орындау арқылы біз баланың есте сақтау қабілеті дамып отырғаның көре аламыз.

ОҚУ- ТӘРБИЕ ҮДІРІСІ
Мектепке дейінгі балалардың ес процесінің дамуы
Мектеп жасына дейінгі балалар
Балабақшадағы оқу - тәрбие мазмұны
Тәрбиеші
Отбасы тәрбиесі
Оқу қызметінен тыс үдіріс
Ойын кезіндегі үдіріс
Оқу қызметі барысындағы үдіріс
Мақсаты
Міндеті
Пәнаралық байланыстары
Ұйымдастыру
Құралдары
Әдіс-тәсілдері
Мектеп жасына дейінгі балалардың ес процесінің дамуын қалыптастыру, оның тиімді жолдарын қарастыру
Есте сақтау дамуын қалыптсатыру деңгейін анықтау, ес процесінің ерекшеліктерін анықтау
Сөйлеуді дамыту, сурет салу, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптасыру, жапсыру
Жеке, жұптық, топтық
Тапсырмалар, жаттығулар жүйесі
Әңгімелеу,түсіндіру, көрнекі, ойын, тестілеу.
Нәтиже
Есте сақтау процесі дамыған мектеп жасына дейінгі бала

Сурет 2 Мектеп жасына дейінгі балалардың ес процестерінің дамуының құрылымдық моделі

2 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЕС ПРОЦЕСІНІҢ ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

2.1 Мектепке дейінгі ес процесінің дамытудың әдістері

Мектеп жасына дейінгі балалардың ес процесін, ес процесіның дамуын анықтау мақсатында көптеген педагог - психологтар өздерінің әдістемелерің ұсынады.
С. Я. Рубинштейннің 10 сөзді жаттау әдістемесі ерікті есте сақтау деңгейін тексеруге мүмкіндік береді. Қалыпты жағдайда дамып келе жатқан баланың әр бір жаңа сөз сайын есте сақтауды арта береді, ал медициналық, психологиялық көмекті қажет ететін балалардың есте сақтауы, керісінше, кеми береді.
Д.Б.Элькониннің кескіндеме диктант, Л.А.Венгердің Өрнекті диктант, Л.И.Цеханскаяның Өрнек әдістемелері үлкеннің нұсқауын тыңдап, оны орындау мен өзінің әрекетін белгілі бір тәртіпке бағындыру іскерлігін анықтау үшін қолданылады. Оның ішінде біз 4 - 5 жастағы балалардың ес процесін анықтауға қолайлы бірнеше әдістеме қолдандық.
Біріншісі: А.Р. Лурияның 10 сөз әдістемесі бойынша мектеп жасына дейінгі балаларға арналған Н.Я.Семаго ойлап шыққан 8 сөзді есте сақта әдістемесі. Екіншісі Немов Роберт Семенович ұсынған Суреттерді есте сақта әдістемесі, ол бойынша біз балалардың қысқа мерзімді көру жадысының көлемін анықтай аламыз, және үшіншісі Леонтьев Алексей Николаевич ұсынған Пиктограф әдістемесі, ол арқылы біз тікелей емес есте сақтаудың дамуын анықтай аламыз.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ес процестерінің даму ерекшеліктерін анықтау мақсатында, мен Астана қаласындағы №33 Алтын Дән балабақшасының №4 Көжек ортаңғы тобында зерттеу жұмыстарын жүргіздім. Зерттеуге 10 бала қатысты.
Мақсатым: 4-5 жастағы балалардың есте сақтау процесінің ерекшеліктерің анықтау.
Зерттеу жұмысы анықтауыш және қалыптастырушы эксперименттерден тұрады.
Осыған байланысты мен балалардың ес процесінің даму деңгейін анықтауда үш ойын - әдістемесін қолдандым. Қосымша А
8 сөз әдістемесі осындай нәтижелер берді: 10 баланың ішінде 6 бала ортаңғы деңгей көрсетті, Аңсар мен Бекзатта ауызша материалды тікелей есте сақтауы төмен болды, олар ойын алдында айтылған нұсқаулықты мұқият тындамай, эксперимент уақытында шулап басқа балалардың мазасын алды. Және 2 бала жоғары деңгей көрсете білді. Кестеде көрсетілгендей, балалардың қабылдауы динамикалық түрде дамыған, оны 1 ші қайталау мен 4 қайталау арасындағы айырмашылықтан байқауға болады.

Кесте 3 - 8 сөз әдістемесінің нәтижесі


Аты - жөні
1ші қайталау -
сөздердің саны
2ші қайталау - сөздердің саны
3ші қайталау -
сөздердің саны
4ші қайталау - сөздердің саны
денгей
1
Анеш Айша
4
2
4
5
орта
2
Жумажан Ансар
4
6
7
8
жоғары
3
Калниязов Жания
3
5
3
5
орта
4
Мейріманов Мәулен
-
4
4
5
орта
5
Мамин Аңсар
-
-
-
-
төмен
6
Оразалина Аяулым
3
5
4
4
орта
7
Өмірзақ Бекнұр
3
4
5
5
орта
8
Тұрсынбек Айзере
3
4
5
5
орта
9
Нұрлан Айсұлтан
4
5
6
8
жоғары
10
Байзақ Бекзат
2
3
2
3
төмен

Сурет 3 8 сөз әдістемесі бойынша алынған нәтижелер

Кесте 4
Суреттерді есте сақтау әдістемесі бойынша нәтиже:


Аты - жөні
Суреттер саны
денгей
1
Анеш Айша
7
орта
2
Жумажан Ансар
8
жоғары
3
Калниязов Жания
5
орта
4
Мейріманов Мәулен
6
орта
5
Мамин Аңсар
3
төмен
6
Оразалина Аяулым
5
орта
7
Өмірзақ Бекнұр
5
орта
8
Тұрсынбек Айзере
5
орта
9
Нұрлан Айсұлтан
9
жоғары
10
Байзақ Бекзат
3
төмен

Сурет 4 Суретті есте сақта әдістемесі бойынша алынған нәтижелер

Мектеп жасына дейінгі балалардың қысқа мерзімді есте сақтау қабілетін Суреттерді есте сақтау әдістемесі бойынша зерттеу барысында 10 баланың ішінде 2 бала: Ансар және Айсұлтан жоғары деңгей, яғни 8 - 9 суретті атап шықты, 6 бала орташа деңгей көрсетсе, қалған 2 бала төмен деңгей көрсетті. Осы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі балалар - балалар мемлекетіндегі ерекше халық
Зерттеу пәні - Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процесі
Сөйлеу дамуының ерекшеліктері
Сөйлеу - акустикалық, жазбаша немесе пантомимикалық белгілер арқылы мәліметті жеткізудің жоғары деңгейлі тәсілі
Мектеп жасына дейінгі балалардың ес процесінің қалыптасу жолдары
Сөйлеу әрекеті кезеңі
Мектепалды даярлық топтағы оқу іс-әрекеті процесіндегі естің маңыздылығы мен алатын орнын анықтау және дамыту
Психологиядағы балалардың ес процестерінің даму ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалардың ес процесін арттыру жолдары
Балалар психологиясы пәнінен дәрістер
Пәндер