Қазан революциясы қарсаңындағы қазақтардың ұлттық психологиясы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қазан революциясы қарсаңындағы қазақтардың ұлттық психологиясы

Ұлттық психологияны топтық категориядан бөлек алып қарастыруға болмайды. Біркелкі немесе топтарға бөлінбейтін ұлттардың жоқтығына байланысты ұлттық элеметтер топтық мәселелермен жиі тоғысады. Соған сәйкес ұлттық психологияның топтық және ұлттық ара қатынасы ұлт теориясы мен ұлттық қатынастардың маңызды әдістемелік мәселелерімен бірлесіп саналады.

Ф. Энгельс ағылшын жұмысшы тобының психологиясы бойынша былай деген - «ағылшындар ұлттық мінез-құлықтың жақсы жағын иеленуші».

Жалпы революция кезінде қазақ халқының психологиясында жаңа ой-пікірлердің қалыптасуына Ресейдегі революциялық демократиялық қозғалыстар, толқулар зор әсер етті. ХІХғ. Ортасында қазақ елінде ағарту жұмыстарының дами бастауы кейбір жерлерде қазақ мектептерінің ашылуы халқымыздың көрнекті перзенттері Ыбырай Алтынсанин, Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаевтардың жасаған еңбектерінің жемісі болатын. Қазақ ағартушылары өз ұлтының арасында қазақ даласы А. С. Пушкиннің, Н. В. Гогольдің, В. М. Достоевскийдің, В. Г. Белинскийдің т. б. алдыңғы қатарлы орыс мәдениеттерінің прогресивті ойшыл-демократтрының идеялық қазыналарымен танысты.

Ресейдегі жұмысшы қозғалысының ықпалымен Қазақстанның жұмысшы тобы да қанаудан барлық түріне наразылық көрсетіп бас көтерді. Осындай наразылықтар соқтығысу, ереулі түрлерінде де жүргізілген бұқараның саяси сауат ашу жұмыстары, саяси әлеуметтік ортаның мәнін жете түсіну, оған қарсы күрестің сипатын, түрлерін де күшейтті.

Жалпылай келгенде, жоғарыда қазақ халқының саяси әлеуметтік өмірінен келтірген деректер Қазан революциясына дейінгі дәуірде, онда ұлттық экономикалық өмір бірлігінің әлі қалыптасып жетпегендігі, ұлттық психологияның өзгешеліктері рулық тайпалық сана-сазіммен, ұлттық сана-сезім қабаттас жүруі, теориялық және саяси бөлшектеу т. б. сияқты ерекшеліктер қазақ халқының әлеуметтік экономикалық қайшылығын күшейту бұржуазиялық ұлтқа қарай қалыптасу процесінде түрлі кедергілерге кездесіп отырғанын көрсетеді. Егер ұлттық психологияның Қазан революциясы қарсаңындағы келбетін алсақ, оның біртіндеп - жаңа прогрестік, сипаты, екіншіден үстем тап өкілдері ықпалымен, кері жаңалық атаулыға кедергі жасаушы сипаты болды. Қысқасын айтқанда, қазақ халқының психологиясы біркелкі емес психологиялық ерекшеліктердің жиынтығынан құралады. Қазақстандағы ұлттық психологияның қалыптасуына мына төмендегі деректер себепкер болады; қазақ халқының әлеуметтік құрылысында патриархарлық феодалдық қатынастың терең бойлап орнығуы; бұқара арасында сауатсыздықтың өріс алғандығы, ұлттың жұмысшы тобының аздығы және оның әділетсіздігі; бұқара арасында демократиялық - революциялық саяси адамдардың әлсіз таралуы.

Сонымен халқымыздың рухани психологиялық ерекшеліктерінің дамуы М. Әуезов айтқандай: «айналасы айықпаған сұр тұмандай суық заман ішінде» жүріп жатты. Сондықтан Қазан революциясының жеңісінің қарсаңында әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани қайта жаңғыруда, жаңаруда күткен ірі міндеттер тұрады. Осы әлеуметтік құбылыс жүйесінің ішінде ұлттық психология өзгешеліктерінің қалыптасуы заңды нәрсе еді.

Ұлттың қалыптасуы - өте күрделі құбылыс. Адамдардың әлеуметтік этникалық бірлігі, экономикалық өнімі, тіл, территория, ұлттық психология тұтастығы негізінде пайда болды. Ұлт болып қалыптасудың мәнін ұғымға диалектикалық тұрғыдан қарау керек.

Ұлттың қалыптасуында өздеріне ғана тән материалдық база болады. Мұнда ұлт болып қалыптасу белгілі бір әлеуметтік этникалық бірлікке, ұлтқа біріктіретін экономикалық өмір бірлігіне қосатын ұйымынан басталады. Экономикалық өмір бірлігі ұлттың қалыптасуындағы негізгі фактор ретінде оның басқа да ерекшеліктерінің сақталуына және дамуына әсер етеді. Ортақ теория, тіл, психологиялық ерекшеліктер белгілі дәрежеде әр халықта бар.

Жалпы Республикамыздың мәдени революциясына тоқталсақ, оның алғаш жемістері үлкен қиыншылықтар мен кедергілерді жеңе отырып, жүзеге асты. Жаңа тұрпатты мәдени игіліктер бұқара өміріне қоныс тепті. Қазақ ұлтының рухани байлығы, мәдениеті мен соған лайық психологиясы қалптасты.

Ұлттар мәдениеттерінің өзара бір-біріне ықпалы мен байытылуы еңбекшілерге адамгершілік тәрбиесін беруде ұлтаралық достық рухын егуде негізгі қуатты құрал болып табылады.

Қазіргі уақытта еліміздегі жағжай өткір дау-дамайдың, толғаныс пен күйзелістің, тіпті бірі-бірі теріске шығарып жатқан бағалардың мәселесі болып отыр.

Рухани психологиялық қасиеттер құрамында өмір салтының орны ерекше. Ол жалпы алғанда қоғамдық, халықтардың және жеке адамдардың қоғамдық экономикалық фармациядағы «іс-әрекеттердің формаларын бейнелейтін басты қасиеттердің жиынтығы болып табылады. Ұлттық сипат материалдық және рухани мәдениеттің ерекшеліктерін, халықтардың санасы мен психологиясын сонымен қатар тарихи дамудың ерекшеліктерін, өзге халықтар мен қарым-қатынастарын көрсетті.

Қазақстандағы ұлттық психология қоғамдық психология құрылымының бірі. Ол үнемі өзгеріс үстінде болады, яғни қоғам дамуының белгілі этаптарында, әлеуметтік-экономикалық және рухани өзгерістерге лайық дамиды және жаңа мазмұн қабылдайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның XX ғасырдағы тарихы
Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір (1925-1940)
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәні және оның міндеттері
Алаш қозғалысының қалыптасуы мен дамуы
Ұжымдастыру қарсаңындағы қазақ ауылы
Ақпан революциясынан кейін қазақ зиялыларының қазақ автономиясын жүзеге асыру жолындағы қызметтері
Қозғалыстың басталуы және сол кездегі қазақтардың жағдайы
1905-1917 жж. қазақ интеллегенциясының әлеуметтік қозғалысы
“Қазақстандағы психологиялық ғылым” пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Алаш орданың саяси-құқықтық нормалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz