Педагогикалық шешендіктану және өзін-өзі тәрбиелеу: мұғалім имиджін қалыптастырудағы рөлі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Өзін-өзі тәрбиелеу болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығының құралы

Бүгінгі таңда заман талабына сай қоғамның әр түрлі экономика, мәдениет, білім, т. б. салаларында даму да қарқынды жүруде. Осыған орай қазіргі педагог имиджіне қойылар талап та күн сайын арту үстінде. Сондықтан да қазіргі уақытта оқу үрдісінде мұғалім үшін әр түрлі педагогикалық қиыншылықтарды жеңу былай тұрсын, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты (коммуникация) орнатудың өзі де үлкен мехнат.

Бүгінгі педагог тұлғасы оның әдептілігіне, сыпайылығына, жүріс-тұрысына, өзінің мінез-құлқын басқаруына байланысты. Себебі педагог-мұғалім қауымы әркезде де оқушылардың алдында болатыны белгілі. Сондықтан да оқушының тұлғасын барлық педагогикалық және психологиялық заңдылықтарға сәйкес қалыптастыруда педагог қауымының сіңірер еңбегі зор.

Біздің сараптауымызша, имидж қалыптастыру - әдемі салынған суретті өзгерту емес, оны түрлі-түсті бояумен өңдеп, жарқын да анық етіп көрсету деп әдіскер-ғалымдарымыз айтқандай, мұғалім имиджін қалыптастыруға қатысты, оның тұлғалық қасиетін толық көрсету үшін төмендегідей қасиеттерді өзіне берік ұстау керек деп есептейміз:

- педагогтің сыртқы бейнесі (киім киісі, жүріс-тұрысы, т. б. ) ;

- педагогтің теориялық білімі, оның практикамен (тәжірибемен) сабақтастығы;

- педагог мінез-құлқы;

- педагог сөзі (сөйлеу шеберлігі, сөз сазы, дауыс қойылысы, сөз мәнерлілігі, т. б. ) .

Біз осы төртінші қасиет-дағдыны өзімізше толықтырғымыз келеді. Яғни тек «педагог сөзі» 2дегеннен гөрі «педагогтің шешендік шеберлігі» деп айтқанды жөн санаймыз. Шынында да педагогикалық шешендіктану ғылымы өркендеп қанат жаюда. Бүгінгі заман талабына сай мектеп мұғалімдерінің педагогикалық шешендіктану іліміне сусап отырған жайы бар, күн санап қызығушылықтары мен ынтазарлықтары да арта түсуде.

Педагогикалық шешендіктану педагог мамандарға білім қорымен берумен қатар сөз сөйлеу білік-дағдыларын жинақтауға септеседі. Педагогтерге оқытудың, тәрбиелеудің және оқушыларды дамытудың маңызды амалы ретінде, педагогтің кәсіби іс-әрекетіндегі маңызды құрал ретінде сөйлей білуге көмектеседі. Сондай-ақ педагогтің сөз дұрыстығын, тазалығын, дәлдігін, дәлелділігін, байлығын - жалпы сөйлеу сапалылығын, қазіргі қазақ әдеби тіл нормаларын кеңінен таныстырады.

Қазіргі кезең үздіксіз білім алудың қажеттігін айқындайтын уақыт. Ал білім берудің, маман мұғалім кадрлардың біліктілігін арттырудың жолдары қандай? Біздің ойымызша, бұл мәселенің шешімін таптырар бір қыры - қазіргі мектеп мұғалімінің имиджін қалыптастырудағы педагогикалық шешендіктанудың орны. Ал осы мәселеге қатысты қазіргі кезде педагогикалық шешендіктанудың педагог имиджін қалыптастырудағы рөлі ерекше деп айтуымыз керек.

Педагогикалық шешендіктану ілімі мұғалімге өз сөзін дәл де нақты, логикалық тұрғыда иланымды ұйымдастыра айтуға мүмкіндік берсе, ал оқушылар тарапынан пікірлестер табуға, сабақтарды шығармашылық тұрғыда үйлестіре білуге, дәстүрлі сабақтардағыдай емес, қызғылықты да тартымды өткізуге, ұсынылар ақпараттарды бұрынғыдан бірнеше есе мол беруге септеседі. Педагогикалық шешендіктану мұғалімге өзара пікірлесу, сөйлесу мүмкін еместей көрінетін ең ауыр кластармен қарым-қатынас жасауға, сондай-ақ мұғалім не оқушы тарапынан өзара тіл табысуға еш құлқы, ұмтылысы, мүмкіндігі жоқтай, тіпті қабілет-қарымы таяздау көрінетін, алынбас қамал іспетті орталарда монологтық сөз сөйлеуге мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар кез келген педагогикалық тұрғыда әсер етудің сәттілігі мұғалімнің сөз сөйлеу үстінде өзін-өзі таныту арқылы көрінеді десек, мұғалім сөйлеген сөзі арқылы оқытады, тәрбиелейді, өзіндік көзқарасына иландыра жұмылдырады, пікір алмасады, оқушылардың санасында мейлінше тереңірек, әсері жоғары образдарды тудырады. Осы ретте шешендіктану - жоғары эстетикалық тұрғыда әсер ету

арқылы ауызша сөйлеу туралы ғылым. Егер де мұғалім өз ойын жай айтып қана қоя салуға ұмтылмай, пікірлесуші оқушысына белгілі бір межелі әсерді (реакция) дарыту, алғы ортақ іске жұмылдыруға ұмтылдыру бағытын ұстанатын болса, онда мұғалімнің алғашқы сөзінен бастап осындай ұшқынды көруге тиіспіз. Яғни осы сияқты межеленген алғы мақсатқа нақты қол жеткізу үшін, сөйленер сөзді тура мағынасында жоспарлы түрде алдын-ала даярлау керек. Тап осы тұста шешендіктану қағидалары көмекке келіп, сөйленер сөзді лайықты тұрғыда әзірлеуге септеседі.

Демек, мұғалім болу - өнер. Бұл орайда оқушыға түсінікті болу үшін қабылдау психологиясын білу маңызды. Қабылдау - адам санасының тұңғиығында өріліп отыратын, бақылау сәтінде есепке алуға қиынырақ соғатын жеке тұлғалық даму үрдісіне тән ерекше өнер. Бұл үрдіс жеке тұлғаның мәдени даярлығы мен өмірлік тәжірибесіне, сондай-ақ оның көңіл-күйіне байланысты. Ал оқытуды, мұғалім мен оқушының диалогін ұйымдастыруды өнер, шығармашылық іс тұрғысында түйіндесек, мұндай іс-әрекет ойсыз болмайды. Ойлау жоқ - жерде нағыз шығармашылық та жоқ.

Сөзімізді қорытындылай келе, ХХІ ғасыр ғылым мен техниканың дамыған заманында педагог имиджіне қойылар талап та күн санап арта түсуде. Сондықтан да қазіргі мектеп мұғалімі тұлғасын қалыптастыруда педагогикалық шешендіктанудың алатын орны ерекше екені даусыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұғалім тұлғасы: кәсіби өзін-өзі дамыту және педагогикалық құндылықтар жүйесі
Қайта тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеудің әдістері мен педагогикалық мәні
Жеке тұлғаны қалыптастырудағы Өзін-өзі тану пәнінің рөлі
Қазақстанның имиджін қалыптастырудағы ұлттық брендингтің рөлі
Педагогикалық шығармашылық пен мұғалім имиджін қалыптастыру: ерекшеліктері мен кәсіби құзыреттілік
Жеке тұлғаны қалыптастырудағы өзін-өзі тану пәнінің рөлі мен маңызы
Тұтас педагогикалық тәрбие процесінің мәні, заңдылықтары және өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу
Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық мұрасы: ұлттық тәрбие, өзін-өзі тәрбиелеу және педагогикалық этика
Қазақстан Республикасының имиджін қалыптастырудағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі
Тәрбие: мәні, принциптері және өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеудің рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz