Желілердің типтері


Желілік операциялық жүйе

Жоспар:

1. Компьютерлік желі туралы түсінік

2. Желілердің типтері

Компьютерлік желі дегеніміз - бір-бірімен мәлімет алмаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі.

Басқаша айтқанда желі деп дербес компьютердің және де принтер, модем факсимильдік аппарат тәрізді есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жйынын айтады. Желілер әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.

Желі құрамына кіретін компьютерлер мынадай жұмыс атқарады:

  • желімен қатынас құруды ұйымдастыру;
  • олардың арасында мәлімет алмасуды басқару;
  • желі тұтынушыларына есептеу құрылғыларын пайдалануға беріп, оларға әртүрлі қызмет көрсету.

Барлық желілердің кейбір бөліктері, функциялары және мінездемелері ортақ болып келеді. Олардың құрамында:

  • Серверлер (servers) - бұл өз ресурстарын (қорларын) желілік қолданушыларға ұсынатын компьютерлер;
  • Клиенттер (clients) - серверлер ұсынатын желілік қорларды пайдаланатын компьютерлер;
  • Тасымалдау ортасы (media) - компьютерлерді біріктіру ортасы;
  • Бірігіп қолданатын мәліметтер - серверлердің желі бойынша ұсынатын файлдары;
  • Бірігіп қолданылатын қосалқы құрылғылар, мысалы, принтерлер, CD ROM кітапханасы және т. б. - серверлердің ұсынатын қорлары (ресурстары) ;
  • Қорлар (ресурстар) - желіде қолданылатын қосалқы құрылғылар мен басқа да элементтер, файлдар.

Жоғарыда айтылған ұқсастықтарына қарамастан желілердің екі типі бар:

  1. Бірқалыпты (одноранговая - peer-to-peer) ;
  2. Сервердің негізінде (на основе сервера - server based) .

Екі желінің айырмашылығы - олардың мүмкіндіктеріне байланысты. Желінің типін көптеген факторларына байланысты таңдауға болады:

  • мекеменің өлшеміне;
  • қауіпсіздік жағдайына;
  • жұмыс түріне;
  • жұмыс орнының жауаптылығына;
  • желілік аумақтың көлеміне;
  • желілік қолданушылардың қажеттілігіне;
  • қаражат мүмкіндігіне.

Бірқалыпты желілер

Бірқалыпты желілерде барлық компьютерлер тең құқылы, яғни олардың арасында жеке алынған компьютер немесе белгіленген сервер (dedicated) жоқ. Бұл жағдайда әр компьютер клиент ретінде де, сервер ретінде де қаралады. Басқаша айтқанда барлық желі үшін жауап беретін арнайы бір компьютер жоқ. Қолданушылар компьютерлеріндегі қай мәліметтерді желі бойынша пайдалану керектігін өздері шешеді. Бірқалыпты желілерде көбінесе 10 компьютерден артық бірікпейді. Бұл желілердің тағы басқаша атауы бар, ол - жұмысшылар тобы (workgroup), яғни шағын қолданушылар ұжымы.

Сервердің негізіндегі желілер

Бірқалыпты желілердегі компьютерлер клиент немесе сервер қызметін атқаратын болғандықтан оннан көп қолданушылар біріккен жағдайда бұл желіге берілген жұмыстың көлемін бірқалыпты желідегі қолданушылар басқара алмауы мүмкін. Сондықтан көп жағдайда желілердің басқа түрін қолданады. Олар белгіленген сервердің негізінде жұмыс істейді. Белгіленген сервер, бұл - клиент ретінде немесе жұмыс станциясы ретінде қолданылмай, тек сервер ретінде ғана қолданылады. Желілердің бұл түрі желідегі клиенттердің сұранысын тез өңдеп, құжаттары мен бумаларын сақтауды жоғарылатады. Желілердің өлшемінің желілік трафик көлемінің өсуіне байланысты серверлердің де саны өседі. Бірнеше серверлердің болуы, ол әрқайсысына берілген тапсырмалардың тиімді орындалауын қамтамасыз етеді. Әрбір сервердің алдына қойылған тапсырмаларды орындау әртүрлі қиындық туғызады. Серверлерді қолданушылардың қазіргі талаптарына сәйкес болу үшін үлкен желілерде олардың әрқайсысын серверлердің түріне арнайды. Мысалы, Windows NT желісінде әртүрлі серверлер жұмыс істеуі мүмкін:

  • Файлдар мен басып шығару сервері - бұл серверлер қолданушылардың файл және принтерлермен қатынасын басқарады;
  • Қосымшалар (приложения) сервері - бұл жерде клиент-серверлер қосымшаларының қолданбалы бөлігі орындалады, сонымен қатар клиенттерге қажетті мәліметтер орналасады;
  • Почталық сервер - желідегі қолданушылар арасында электронды почта ақпараттарын тасымалдауды басқарады;
  • Факс сервер - бір немесе бірнеше факс модемдердегі кіріс және шығыс факстық ақпараттарды реттейді;
  • Коммуникациялық серверлер - өз желісі мен басқа желі арасындағы модем мен телефон желісі арқылы өтетін мәліметтер мен почталық ақпараттарды басқарады;
  • Каталогтардың қызмет сервері - қолданушыларға қажет серверлер туралы мәліметтер орналасады, желіде ақпараттарды сақтауға және қорғауға көмектеседі. Windows NT Server компьютерлерді логикалық топта - доменде (domains) біріктіреді, яғни әр қолданушыға желі қорларымен жұмыс істеуде әртүрлі (бірдей емес) мүмкіндіктер береді.

Аралас желілер

Бірқалыпты және сервер негізіндегі желілердің жақсы сапаларынан құрылған желілердің аралас түрі бар. Көптеген қолданушылардың айтуы бойынша осы аралас желілер жұмыс істеуде қазіргі талаптарды қанағаттандырады. Аралас желілер - желілердің кең тараған түрі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компьютерлік желілер туралы жалпы түсінік
Компьютерлік желілер жайында
Мұнда жұлдыз топологиясынан бірнеше желілер сызықтық шина магистралының көмегімен біріккен
S-12 типті электронды АТС жобалау
Желілер
Теміржол бөлігіндегі кабельдік желіні жобалау жұмыстары
Компьютерлік жүйелер негіздері (Cisco) оқу-әдістемелік кешен
Компьютерлік желілер туралы түсінік
Компьютерлік желілер туралы ең негізгі ұғымдар жөнінде қысқаша мәліметтер. Әдістемелік құрал
Желілік адаптер және оны баптау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz