Қалқанша безінің иодтирониндері (тироксин және трииодтиронин), құрылысы, синтезі және зат алмасуға, клетка биоэнергетикасына әсер ету механизмдері


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы
Биохимия, биология және микробиология кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Қалқанша безінің иодтирониндері (тироксин және трииодтиронин), құрылысы, синтезі және зат алмасуға, клетка биоэнергетикасына әсер ету механизмдері, гипо-, гиперфункциялары.

Орындаған: Аралбай Арайлым

Тобы: 210 А ЖМ

Қабылдаған: ҚанжігітоваМ. Ж

Шымкент 2017 ж

Жоспар:
I. Кіріспе
1) Қалқанша безі
II . Негізгі бөлім
2) тироксин
3) трииодтиронин
4) Иодтирониндердің клетка биоэнергетикасына әсер ету механизмдері
5) Тиреоидты гормондардың жетіспеушілігінен пайда болатын аурулар
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Қалқаншамаңы безі (glandula parathyroideae, лат. glandula - без; гр. рага - маңы, қасы; thyreos - қалқан) - қалқанша безі маңында немесе оның ішінде орналасқан кішкене денешік тәрізді ішкі секреция безі. Ол сыртынан дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Без паренхимасында жасушалар тізбектеліп немесе топталып орналасып, безді жасушалар бағандарын құрайды. Олардың аралықтарында қан тамырларына бай борпылдақ дәнекер ұлпасының жұқа қабаттары болады.

Қалқаншамаңы безі жасушаларын паратироциттер деп атайды. Олар негізгі (базофилді) және ацидофилды (оксифилді) паратироциттер болып екі топқа бөлінеді. Негізгі паратироциттер қандағы кальцийдің деңгейін жоғарылататын паратирин гормонын бөліп шығарады. Ацидофильді жасушалар - қызметін тоқтатқан, ескіру кезеңіндегі паратироциттер.

Құрылысы: Бездердің екеуі қалқанша бездің жоғарғы жағына, екеуі төменгі жағына жабысып, оған жанаса орналасқан. Қалқанша безге жақын жабыса орналасқанымен құрылысы мен қызметі мүлдем өзгеше. Бездердің үлкендігі асбұршақтай, салмағы 20-50 мг. Ересек адамда әр бездің ұзындығы 6-8 мм, ені 3-4 мм, калыңдығы 1-2 мм. Салмағы ер адамда 30 жасқа дейін, әйелдерде 46-50 дейін өседі.

Қызметі:

1) тироксин гормоны барлық зат алмасуға (нәруыз бен май) қатысады;

2) ағзаның өсуі мен дамуына әсер етеді;

3) жүйке жүйесі мен жүрек жұмысының қозуын арттырады. Қалқанша бездің қызметі бұзылғанда пайда болатын ауытқулар. Қалқанша безден бөлінетін гормондар жетіспесе, адам микседема (грекше «myxa» - шырыш және «oidema» - ісіну) ауруына шалдығады.

Аурудың белгілері :
1) ағзада зат алмасу 30-40%-ға дейін бәсеңдейді, әсіресе нәруыз алмасуы бұзылады;
2) терінің астына су жиналады, тері құрғап, дене ісінеді;
3) дене температурасы төмендейді;
4) жүрек соғысы баяулайды;
5) қозғалысы бәсеңдеп, ойлау қабілеті нашарлайды; шашы түсіп, сирейді.

Ауруды тироксин гормонымен емдейді. Тироксин гормонының синтезделуі ағзада йодтың болуына байланысты. Адам йодты, йодты калий, йодты натрий түрінде тағаммен қабылдайды. Адам денесінде 30-50 мг йод болса, соның, шамамен 15 мг қалқанша безде кездеседі.

Егер ағзада қажетті йод мөлшері жетіспесе, қалқанша безінің қызметі бұзылып, қандағы «йодты» гормондардың азаю салдарынан адам жемсау (зоб - қалқанша бездің ұлғаюы) ауруына шалдығады. Сол себепті күнделікті пайдаланып жүрген ас мәзірінің құрамына йод микроэлементінің енуіне қатты көңіл бөлген жөн.

Қалқанша безі ауруына шалдығудың басты факторлары: ағзада йодтың жетіспеушілігі, қоршаған орта, яғни экологияның ластануы мен радиация әсерінен және гормондардың өзгеріске ұшырайтын жүктілік пен менопауза кезеңдерін атап өтуге болады. Сондай-ақ бұл ауру түрі тұқым қуалайды. Адам қатты депрессия кезінде сабырлылық сақтап, өз-өзін қолға алмаса, түрлі аурулар осыдан басталады. Аурудың алдын алу үшін күнделікті пайдаланып жүрген қарапайым тұзға мән беріңіз. Оның йодталған түрін пайдаланыңыз.

Қалқанша без құрамында йод элементі бар тироксин және үш йодты тиронин атты гормондар бөледі. Бұл гормондар организмдегі зат алмасу процесінің қарқынын, организмнің өсіп-жетілуін реттейді, жоғары дәрежелі нервтік қызметке әсер етеді. Тироксин белоктардың, кемірсулардың, майлардың тотығуын күшейтіп, ұлпалардың глюкозаны сіңіру қабілетін жоғарылатады, бауыр мен бұлшық етте гликогеннің ыдырауын жылдамдатады.

Тироксин - гормонның түзілуі мен бөлінуін гипофиздің алдыңғы бөлігінен бөлшетін гормондар реттейді. Қанда тироксиннің концентрациясы қалыпты деңгейде болтан кезде, гипофизден бөлінетін гормонный мөлшері азаяды. Бұл тироксиннің қалыпты деңгейде болуына көмектеседі.

Тироксин мен трийодтиронин гормондары өмір бойы ми, жүрек және бұлшықет жұмыстарын реттеп, тіпті адамның көңіл күйіне де әсер етеді. Қалқанша безінен қажетті гормондар бөлінбесе, олардың мөлшері қанда да азая түседі. Осының салдарынан бойында йод жетіспеген баланың денесі өспей, тіпті ойлау қабілеті де нашарлай түседі.

Ал ересек адамдар ұмытшақ болып, ұсақ-түйекке тез ашуланып, жүйкесі тоза бастайды.

Гипотиреоз
Тиреоидты гормондардың жетіспеушілігі гипотиреоз деп аталады. Бұл синдром өте көп кездеседі. Әсіресе, үлкен жастағы әйелдерде жиі байқалады. Аурудың пайда болу себептері әртүрлі. Қалқанша безінің суықтауы, тағамдағы иод мөлшерінің жеткіліксіздігі, қалқанша безінің жарақаты, гипофиз ауруы т. б. себеп болуы мүмкін.

Тиреотоксикоз
Ағзада қалқанша безінен бөлінетін гормондардың көбею құбылысын тиреотоксикоз деп атайды. Бұл жағдай зоб ауруы немесе қалқанша безі аурулары кезінде тиреоидты гормондарды немесе йодты көп мөлшерде пайдаланудан туындауы мүмкін.
Гипотиреоз кезеңінде ағзадағы барлық процестер баяу іске асады. Қарама-қарсы жағдайда керісінще, зат алмасу процесінің өтуі жылдамдайды және дене мүшелері күшпен жұмыс істеуіне тура келеді.

Саудалық атауы

L-Тироксин 50 Берлин-Хеми

Халықаралық патенттелмеген атауы

Левотироксин натрийі

Дәрілік түрі

50 мкг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - левотироксин натрийі 0, 05 мг,

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, кальций гидрофосфат дигидраты, натрий карбоксиметилкрахмалы (А типі), декстрин, ұзын тізбекті парциальді глицеридтер.

Сипаттамасы

Ақ дерлік түстен аздап сарғыш түске дейінгі, бір жағында сызығы және екінші жағында «50» деген мөрі бар, екі беті сәл дөңес, дөңгелек пішінді таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Қалқанша без ауруларын емдеуге арналған препараттар. Қалқанша без гормондары. Левотироксин.

АТХ коды H03AA01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Левотироксинді ішке аш қарынға қабылдаған жағдайда, препарат негізінен аш ішектің жоғарғы бөлігінде сіңеді, сіңу дәрежесі негізінен дәрілік түріне байланысты және 80%-ға дейінді құрауы мүмкін. Левотироксинді ас қабылдаумен бірге қабылдағанда сіңуі айтарлықтай төмендейді.

Плазмадағы ең жоғары концентрациясына шамамен, қабылдағаннан кейін 2-3 сағаттан соң жетеді.

Ішке бірінші рет қабылдағаннан кейін, әсері әдетте 3-5 күннен кейін басталады.

Таралуы

Таралу көлемі шамамен 10-12 л құрайды. Шамамен 99, 97%-ға левотироксин спецификалық тасымалдайтын ақуыздармен байланысқан. Ақуыздардың гормонмен байланысы ковалентті емес, осыған байланысты бос және байланысқан гормондар арасында тұрақты және өте тез алмасу орын алады.

Шығарылуы

Левотироксиннің метаболизмдік клиренсі шамамен тәулігіне 1, 2 л плазма құрайды. Ыдырауы негізінен бауырда, бүйректе, мида және бұлшықеттерде жүреді. Метаболиттері несеп және нәжіспен шығарылады.

Левотироксиннің жартылай шығарылу уақыты шамамен 7 тәулікті құрайды; гипотиреозда ол ұзаруы (шамамен, 9 - 10 тәулікке дейін), гипертиреозда - қысқаруы (3 - 4 тәулікке дейін) мүмкін.

Жүктілік және лактация

Левотироксин плацента арқылы тек аздаған мөлшерде өтеді. Препаратты әдеттегідей дозада қабылдаған кезде левотироксин емшек сүтіне тек аздаған мөлшерде түседі.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Ақуыздармен жоғары дәрежеде байланысуы себебінен гемодиализ де, гемоперфузия да левотироксиннің деңгейіне әсер етпейді.

Фармакодинамикасы

Әсер ету механизмі

L-Тироксиннің құрамына кіретін синтетикалық левотироксин өзінің әсерімен негізінен қалқанша безбен өндірілетін табиғи тиреоидты гормонға ұқсайды. Организм үшін эндогенді және экзогенді левотироксиннің арасында айырмашылық жоқ.

Фармакодинамикалық әсері

Негізінен, бауырда және бүйректе, және организмнің жасушаларына түскен соң ішінара лиотиронинге (T3) айналғаннан кейін, тиреоидты гормондар T3 - рецепторлардың белсенділенуі көмегімен даму, өсу және метаболизмге ықпал етіп, спецификалық әсерлер туындатады.

Клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі

Тиреоидты гормондардың орнын басу метаболизм үдерісін қалпына келтіреді. Мысалы, левотироксинді қабылдау гипотиреозбен байланысты холестериннің жоғары деңгейінің айтарлықтай төмендеуіне әкеледі.

Қолданылуы

- кез келген этиологиядағы гипотиреозда тиреоидты гормондардың орнын басу үшін

- эутиреоидты зобты алып тастағаннан кейін зобтың қайталануының алдын алуда

- эутиреоидты қатерсіз зобта

- эутиреоз жағдайына қол жеткізгеннен кейін гипертиреозды тиреостатиктермен емдеу аясында адъювантты емде

-қалқанша бездің қатерлі жаңа түзілімінде супрессивті және орын басу емі, негізінен - тиреоэктомиядан кейін

L-Тироксин 50 Берлин- Хеми препаратын барлық жас тобында қолдануға болады.

Қолдану тәсілдері және дозалары

Дозалануы

Дозалануы жөніндегі нұсқаулық басшылыққа алу ережесі ретінде қарастырылады. Жекелей тәуліктік дозасын зертханалық және клиникалық зерттеулер нәтижелерінің негізінде анықтау керек.

Егер қалқанша бездің қалдық функциясы сақталса, орын басу емі үшін төменірек дозасы жеткілікті болуы мүмкін.

Егде жастағы пациенттерде, жүректің ишемиялық ауруларымен және ауыр немесе созылмалы гипотиреозбен пациенттерде тиреоидты гормондармен емді айрықша сақтықпен бастау керек - мысалы, емді төменірек дозадан бастау және тиреоидты гормондар деңгейін жиі тексеріп, айтарлықтай аралықпен баяу жоғарылату ұсынылады. Тәжірибеге сәйкес дене салмағы төмен пациенттерде, сондай-ақ ірі түйінді зобпен пациенттерде, препараттың төменірек дозасы жеткілікті болады.

T4 немесе fT4 деңгейі кейбір пациенттерде жоғары болуы мүмкіндігіне байланысты, емдеу режимін бақылау үшін ең дұрысы қан сарысуында ТТГ концентрациясын анықтау керек.

Қолданылуы

Туа біткен және жүре пайда болған гипотиреозбен балалар мен жасөспірімдер

Демеуші доза, әдетте, тәулігіне дене беткейінің м2 ауданына 100 -150 мкг левотироксинді құрайды.

Жоқ гормонның орнын дереу левотироксинмен орын басу қажет болатын туа біткен гипотиреозбен жаңа туғандар мен нәрестелер үшін алғашқы 3 айда қолдануға арналған левотироксиннің ұсынылған бастапқы дозасы тәулігіне дене салмағына 10 - 15 мкг құрайды. Кейіннен дозаны клиникалық деректерге, сондай-ақ тиреоидты гормондар мен ТТГ деңгейіне қарай жекелей түзетуге болады.

Жүре пайда болған гипотиреозбен балалар үшін левотироксиннің ұсынылған бастапқы дозасы тәулігіне 12, 5 - 50 мкг құрайды. Клиникалық деректерге, сондай-ақ тиреоидты гормондар мен ТТГ деңгейіне сүйеніп, дозаны біртіндеп, 2 - 4 апта аралықпен, орын басу емі үшін қажет толық дозаға қол жеткенше жоғарылату керек.

Егде жастағы пациенттерде дозалануы

Кейбір жағдайларда егде жастағы пациенттерде, мысалы жүрек ауруларымен пациенттерде ТТГ деңгейін мезгіл мезгіл анықтаумен, левотироксин-натрий дозасын біртіндеп төмендетуді таңдау керек.

Қолдану тәсілі

Толық тәуліктік дозасын аш қарынға ішке, сұйықтықпен ішіп қабылдайды; препаратты кем дегенде таңғы асқа дейін жарты сағат бұрын ертеңгісін қабылдайды.

Нәрестелерге толық тәуліктік дозаны сол күні бірінші рет ас қабылдауға дейін кем дегенде жарты сағат бұрын береді. Таблеткаларды алдын ала судың аздаған мөлшерінде (10 - 15 мл) еріту керек, ал тек жаңадан дайындалуы керек алынған суспензияны оған сұйықтықтың аздаған мөлшерін (5 - 10 мл) қосып, нәрестеге беру керек.

Қолдану ұзақтығы

Гипотиреозда және қалқанша бездің қатерлі жаңа түзілімі себебінен тиреоэктомиядан кейін - әдетте, өмір бойы; Эутиреоидты зобта және зобтың қайталануының профилактикасы үшін - бірнеше айдан немесе жылдан өмір бойы қолдануға дейін;

Гипертиреозда адъювантты емде - тиреостатикалық емнің ұзақтығына байланысты.

Эутиреоидты зобтың емдеу ұзақтығы 6 айдан екі жылға дейінді құрауы керек. Егер осы уақытта L-Тироксин препаратымен емдеу күтілген нәтижеге жеткізбесе, емнің басқа нұсқаларын қарастыру керек.

Жағымсыз әсерлері

Дұрыс қолданған кезде, сондай-ақ клиникалық және зертханалық көрсеткіштері бақылауда болған жағдайда, L-Тироксин препаратымен емдеу кезінде жағымсыз әсерлерінің пайда болу мүмкіндігі аз. Жекелеген жағдайларда белгілі бір дозада препараттың көтерімсіздігінде немесе артық дозаланған жағдайда, әсіресе емнің басында дозаны тым жылдам жоғарылатқанда, гипертиреоздың мынадай белгілері пайда болуы мүмкін:

- жүрек қағуы, аритмиялар, әсіресе тахикардия

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қалқанша безі құрылысы, синтезі және зат алмасуға, клетка биоэнергетикасына әсер ету механизмдері
Қалқанша және қалқанша маңы бездерінің гормондарының биохимиясы
«Фитогормондар»
Жыныс бездерінің гормондары
Эндокриндік жүйеге әсер ететін дәрілік заттар
Эндокринология пәнінен дәрістер
Гормондардың мақсатты жасушаларға әсер ету механизмдері
Дәрістер жинағы
Гормондар – тіршілік стимуляторлары
Гармондар – тіршілік стимуляторлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz