Бағдарламаның құрылымы туралы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 89 бет
Таңдаулыға:
КІРІСПЕ
Жаңа заманға қарай кәсіпорынның қайсысы болмаса да, құжат ақпарат берудің негізгі әдісі болып табылады. Кәсіпорын бизнесінің сәтті жүргізілуі үшін ақпараттық ресурстардың сақталуы мен ұтымды пайдалануының маңыздылығы даусыз.
Дер кезінде шешім қабылдай білу және болған жағдайларға дұрыс көзқарас білдіріп, нарық өзгерістерін терең сезіну, білу басшылардың талантына ғана емес, тәжірибесіне де байланысты. Кәсіпорынды басқарудың білімділігі құжат айналым басқарудың дұрыс ұйымдастырылғанына да байланысты.
Жинақталған ақпараттың шын мәнінде тиімсіз пайдаланылуы (немесе одан сорақасы, одан айырылуы және т. б. ) бизнестің жойылып кетуіне әкеліп соғады. Уақытылы алынбаған құжат немесе ақпарат, біріншіден, жоғалған ақшаға, уақытқа және жіберіп алған мүмкіндіктерге әкеліп соғады. Осыдан келіп, кез келген кәсіпорында әр түрлі құжатпен жұмыс істесуде ерте ме, кеш пе ақпараттардың маңызды көлемін қауіпсіз түрде сақтау, өңдеу, жүйелеу мәселелері тұрады. Кәсіпорын қызметін оңтайландыруда электрондық құжат айналымның жаңа замандағы жүйелері маңызды рөл атқарады.
Қоғамның қарқынды дамуы көптеген жаңа ақпараттың жинақталуына алып келеді, ол ақпаратты тез өңдеп, қолданып, не болмаса сақтау қажеттілігі туады. Әлемдегі барлық ақпарат ағындары өте көп. Сол себепті әрбір мекемеде, ол шағын немесе үлкен болуына қарамастан, мәліметтер басқару мәселесі туындайды, өз кезегінде ол жұмыстың тиімділігін қамтамасыз етеді. Кейбір мекемелер ол үшін үлкен шкафтар, құжат салатын мұқабалар (папкалар) пайдаланса, ал басқа мекемелер өз жұмысының тиімділігін арттыру үшін компьютерлік әдістерді қолданады - ол деректер қоры, ондай жұмысты ұйымдастыру үлкен деректер көлемін оңтайлы сақтап жүйелеуге мүмкіндік береді. Деректер қорысыз қазіргі күні қаржы, өнеркәсіп, сауда т. б. мекемелердің жұмысын елестету мүмкін емес. Егер деректер қоры болмаса, онда ол мекемелерді ақпарат ағыны басып кетер еді [1] .
Дәстүрлі құжат айналымнан (қағаз нұсқа) машина жазбаға көшу процесі түскен материалдарды талдаудың шапшаңдығын ұлғайтуға әкеліп соғуы мүмкін. Осыдан келіп, адам факторын баспай, керісінше, барлық құрылымның жұмысын нақты, әрі дәлірек ету автоматтандырудың үлесінде болып шығады.
Кез келген экономикалық субьектінің аралық буындар, оның бір тармағы болып табылатын іс жүргізушілікке көптен-көп байланысты, өйткені ол шешім қабылдауда жеделдікті қамтамасыз ете алады. Оның ішінде өндірістік кәсіпорынның қысқару аппаратының басқару қызметінің ақырғы нәтижесін атап кетуге болады. Іс жүргізушілік жобалаудан бастап, іс жүзінде шешім қабылдауда жүзеге асыру сияқты жұмыстың бар кезеңдерін үйлестіреді [2] .
Сол себепті жергілікті локальді желілерінде электронды түрде ақпаратты өңдеу технологиясын енгізу, одан келіп түскен құжаттар қозғалысын жедел бақылау, сондай-ақ ақпараттарды сақтаудың тиімділігін арттыру қажеттілігі туындайды, аталып кеткен мәселелер қазіргі уақытта өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Дипломдық жобаның мақсаты динамикалық қолданушылық интерфейсті құру болып табылады.
Зерттеу объектісі - «ГорСнаб» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Дипломдық жоба мақсатымен сәйкес келесі есептер қойылады:
- пәндік аймақты сипаттау;
- баламаларға шолу жасау;
- техникалық тапсырманы құрастыру;
- жаңа ақпараттық жүйені құру үшін жобаның фунционалдығыны алдын-ала тағайындау;
- деректер базасының негізінде кіріс ақпараттарды құру;
- келіп түсіп жатқан ақпараттың толықтығына бақылау жасау;
- аппараттық және бағдарламалық құралдарды таңдау және негіздеу;
- динамикалық қолданушылық интерфейсі ақпараттық жүйесін құрастыру;
- жобаның экономикалық тиімділігін есептеу және негіздеу.
Диплом мақсатына сәйкес динамикалық қолданушылық интерфейсіне баптау жасалатын қажетті бағдарлама әзірлеу деген мақсат қойылды, аталған ақпараттық жүйеде интерфейсті баптау бойынша қадамдары бар, бір уақытта бірнеше қолданушылар жұмыс істей алатын, құжаттарды өңдеудің уақытын азайтады, клиенттермен келісім-шарттар жасасу кезінде, сондай-ақ оларға қызмет көрсету кезінде жұмыс жылдамдығы мен тиімділігін елеулі түрде арттыруға мүмкіндік береді.
1 Талдау бөлімі
1. 1 Пәндік облысты сипаттау
Дипломдық жобаның зерттеу объектісі - «ГорСнаб» ЖШС. Аталған компания Қазақстан Республикасының нарығында 12 жыл жұмыс істеп келеді. Компания жауапкершілігі шектеулі серіктестік мәртебесіне ие.
Компанияның құқығы мен міндеттері. Өз коммерциялық жұмысының іске асыруда мекемелермен және ұйымдармен келісім-шарт, келісім, шарт негізінде жүреді:
- Қазақстан Республикасының заңына сәйкес сыртқы экономикамен де шұғылдану;
- өз қызметiн жоспарларын және дамыту перспективасын (жұмыс, қызмет) өнiмге негiзгi экономикалық көрсеткiштер, сұраныстың бар болуынан сүйене анықтау;
- қызметкерлерге форма және еңбекақы төлеу жүйесi, қызметкерлердiң саны, құрылымды және штаттық кесте, жеңiлдiк және мадақтау анықтап орнату;
- кәсiпорындар келiсiм-шарттар негізінде жеке жұмыстардың орындауы үшiн азаматтар қызықтыру;
- кәсіпорынға жалпы басшылықты директордың жүзеге асыруы;
- кәсiпорынның қызметiнiң мақсаты мен мәндерiне сәйкес келмейтiн қызметті жүзеге асыру;
- егер олар кәсiпорын үшiн шығындарға әкелiп соқпаса ұйымдары бар келiсiм-шарттарының көрcетiлген шарт шығатын мемлекеттiк мұқтаждықтар үшiн (жұмыстар, қызметтер) өнiмнiң жабдықтауына келісім-шартқа қол қоюдан бас тарту.
«ГорСнаб» ЖШС-тің атқаратын қызметтері мыналар:
- кәсіпорындар мен азаматтық ғимараттарды электрмен қамтамасыздандыру:
- электр станцияларының белгіленуі және типтері және олардың жұмыс режимдері;
- электр энергиясын тұтынушыларға берудің құрылымдық сұлбалары;
- қысқа тұйықталу токтарының әсерін ескере отырып, қосалқы станцияларда жоғары вольтты ток өткел бөліктер мен аппараттарды таңдау;
- жүктеме картограммасы;
- қосалқы станциялардың сапасы мен орналастыру жерін таңдау;
- жоғары кернеу электр жүктемелерін есептеу;
- қосалқы станцияларда трансформатор саны мен қуатын таңдау;
- цехтық және трансформаторлық қосалқы станциялар;
- басты төмендеткіш және тарату қосалқы станциялары;
- электр қондырғыларындағы жерлендіру және нөлдеу.
- электрмен қамсыздандырудың релелік қорғанысы мен автоматтандыруы: релелік қорғаныстың негізгі ұғымдары мен түрлері, релелік қорғаныстың негізгі ұғымдары мен түрлері, электрмен қамсыздандырудың жеке элементтерін, электрмен қамсыздандыру жүйелерін сигналдау және есепке алу жүйелерін қорғау;
- электрмен қамсыздандыру жүйелерінде жоғары кернеу техникасының элементтері: жоғары вольтты электржабдығының оқшауламасы мен электр тораптарын, ішкі және атмосфералық асқын кернеулерді сынау және асқын кернеуден қорғау.
Кәсіпорынның функциональдық қызметкерлері - жұмыскерлер, мастерлер, диспетчерлер, монжаж жүргізуші, механик және т. б. Кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымының түрі төмендегі сурет 1-де көрсетілген.
Сурет 1. «ГорСнаб» ЖШС кәсіпорынның ұйымдық құрылымы
Қызметкерлерді басқарудың келтірілген құрылымын желілік құрылымға жатқызуға болады. Ол директорға кәсіпорынның жұмыс жедел басқаруға және барлық оқиғаларды біліп отыруға мүмкіндік береді, олар төменде келтірілген пункттерді білуі шарт:
- энергетикалық жүйелер туралы негізгі мәліметтерді;
- электр энергиясын тұтынушылардың электрлік жүктемесін анықтау әдістерін;
- 1000 В-қа дейін және одан жоғары кернеумен қорғаныстық коммутациялық аппаратура құрылғысын;
- электр станциялары мен қосалқы станциялардың электржабдығы мен электр беріліс желілерінің құрылымдық ерекшеліктерін;
- энергожүйелеріндегі релелік қорғаныс пен автоматиканың теориялық негіздерін;
- ішкі атмосфералық асқын кернеулер мен асқын кернеуден қорғауды;
- техникалық талаптарға сәйкес қажетті жабдықты және жетекті таңдауды;
- жарықтандыру қондырғыларының электр сұлбаларын құруды;
- қажетті компенсациялық қуатты есептеуді және каталог бойынша оны таңдауды;
- жақын жатқан сымдар мен кабелдерді ортаның жағдайына, температураға және санына байланысты коэффициентін анықтауды;
- өткізгіш өнімнің қимасын таңдау бойынша, рұқсат етілетін ток және токтың экономикалық тығыздығы бойынша есептеу;
- электр тораптарындағы кернеу шығынын анықтауды;
- электрмен қамсыздандыру сұлбаларына байланысты цехтық трансформаторлық қосалқы станцияларды құралымдауды;
- басты төмендеткіш қосалқы станцияларды құралымдауды;
- жерлендіру құрылғыларын есептеу және оларды орындау;
- электржабдығының әр түрлі түрлерінің оқшауламасын сынау;
- асқын кернеуден қорғау сұлбаларын құруды, найзағайдың тура соққысынан қорғау есебін жасауды.
Тәжірибелік дағдысы болуы тиіс:
- сұлбаларды оқу және құру;
- электрмен қамсыздандыру жүйесінде қысқа тұйықталу тогын есептеу;
- реакторды таңдау және тексеру;
- қысқа тұйықталу тогының беріктігіне шиналарды таңдау және тексеру;
- цехтық қосалқы станциялардың 0, 4 кВ шиналарында электр жүктемелерін есептеу;
- найзағайдың тура соққысынан қорғауды есептеу;
- өткізгіш өнімнің қимасын таңдау бойынша, рұқсат етілетін ток және токтың экономикалық тығыздығы бойынша есептеу;
- жерлендіру құрылғыларын есептеу және оларды орындауды.
«ГорСнаб» ЖШС қызметінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің ақпараттық қамтамасыз етуі - кодтау және жүйенің классификациясына сәйкестік, көрсеткіштер жүйесі, менеджер ісінің құжаттама жүйесі және деректер базасының файлдары бағдарламасымен сипталады.
«ГорСнаб» ЖШС қызметінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесі ақпараттық сәйкестігінің мазмұны бойынша жүйе компоненттерінің интеграциясын қамтамасыз етеді (кодтау және жүйе классификациясының анықтамасы, терминдер, түсініктің бірігуі) .
«ГорСнаб» ЖШС қызметінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің ақпараттық базасы басқару объектісінің динамикалық ақпараттық моделін көрсетеді.
Машинадан тыс ақпараттық базаға сәйкес:
- құжаттар жүйесін біріктіру және бақылау;
- классификациялық жүйенің бірігейлендіруі және кодтау;
- технологиялық процестің сипаттамасы және ақпаратты өңдеу.
«ГорСнаб» ЖШС қызметінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің машина аралық ақпараттық базасы бір-бірімен байланысқан деректер базасынан тұрады (қойма ісі, қойма ісінің аймақтық басқаруы) .
«ГорСнаб» ЖШС қызметінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректер базасы бөлінеді:
- нормативтік-анықтамалық деректер базасының ақпараты: жүйенің сыныпталуы, тарифтер, шектеулер, нормалық және құқықтық актілер, жүйенің тіркелуі және есеп;
- жедел жадының деректер базасы: құжаттардың электрондық даналары, қойма ісіндегі рәсімдеу және бақылау.
Кез келген ортаның өмір сүруі мен дамуының негізі материалдық кәсіпорын болып табылады. Ол біріккен бұйымдардың өзара байланысты процестер жүйесі арқылы өткен әрекет: кәсіпорын, ұсыныс пен сұраныс. Бұл процестер оларды сипаттайтын көрсеткіштерді талап етеді. Шаруашылық процестердің жағдайы жайлы қажетті ақпаратты алу үшін шаруашылық есеп ұйымдастырылады [3] .
Шаруашылық есептің объекттері ретінде белгілі бір экономикалық құрылым шартында жасалатын материалдық кәсіптің процестері саналады. Сондықтан шаруашылық есеп кәсіптің сәйкес әдісімен келісілген шаруашылық құбылыстардың ерекшеліктерін көрсетеді.
Сонымен, шаруашылық есеп нақты құрылым шартындағы бақылау, өлшеу және тіркеу процестер жүйесі және оларды тексеру мен басқару мақсатымен жасалған жүйе болып табылады.
«ГорСнаб» ЖШС сату құнын өзіндік құнға 20% қосумен анықтайды, ал қоймадағы есептен шығару өзіндік құн негізінде толтырылады.
Мicrosoft фирмасының өнімін қолданады. Жұмыс істеу станцияларының амалдық жүйесі болып МS Windows табылады. Office 2016 - Ехсel, Word, Access бағдарламалары өте көп қолданылады.
Microsoft Office 2016 пакеті жөнге келтіру мен басқарудың кең мүмкіндіктерін иеленеді:
- жеке қолданушыларға, қолданушылар тобына рационалды ұйымның жұмысына, мүмкіндігінше барлық бөлімшеге мүмкіндік береді;
- жаңа міндеттер облысы негізгі операцияларды орындау құралдарына орталықтандырылған қатынау жасау көмегімен жұмысын жеңілдету;
- деректерді құру кезінде және өз кезегінде көмегімен ғаламдық желіден қажет ақпаратты алу үшін қолданушыға қолайлы қызметтер береді;
- хабар алмасудың кіріктірме құралдар көмегімен байланысын басқару;
- жоспарлау және хабарлау мен ескертулерді тарату, күнтізбеге енгізілген жетілдірілген құралдар көмегімен топ мүшелерімен байланысын жедел қолдау;
- кәсіпорынның қажеттілігін қанағаттандыратын икемді құрылғы- нақты уақыт режимінде деректердің өңделуі;
- аса қажет есептеуіш жүйесінің сенімділігі мен қауіпсіздігінің жоғарылығы. Қақтығыстардан кейін деректерді қалыпқа келтіруді қамтамасыз ететін құрылғылармен жұмыс. Құжаттарды қорғау және қауіпсіздік автосақтандыру қызметтерін қамтамасыз етеді. құжатты қалыпқа келтіруге мүмкіндік беретін және онымен жұмысты жалғастыратын құжаттың мұрағаттық көшірмелерін қолдау кезінде қателер қамтамасыз етіледі.
Жүйе сенімді болу керек. Бәрінен бұрын автоматтау жүйесінің сенімділік мәселесін дұрыс түсіне білу керек. Негізінен әрбір жүйе сенімді емес - компьютер миллион долларлар болсын, тиындар болсын бірдей қабылдайды: компьютерлер үшін әрбір ақпарат электрлік сигналдар реттілігінен көп емес немесе ақпарат тіліне ауыстыратын болсақ, нөлдер мен бірліктерден. Бағдарлама қалай болсада тестіленген болса (алайда, сандық ақпараттан символдық ақпаратты ажырату білмейтін нарыққа жүйелер шыққаны белгілі), сіздерді дөрекі қателерден қорғайды [4] .
Біріншіден, жүйе басқару енгізуді бұзатын кездейсоқ қателердің барлық түрін тексеру керек. Екіншіден, онда кездейсоқ немесе қасақана ақпаратты бұзудан қорғайтын құрылғылар алдын ала ескерілуі керек. Бір сөзбен айтқанда, жүйе сізді ақпарат жоғалғаны жайлы хабардар ету керек немесе рұқсат етілмеген амалды орындаудан бас тартуы керек. Бұдан басқа, рұқсат етілмеген қатынаудан қорғау құрылғылары ескерілуі керек.
Сайып келгенде жүйе қақтығыстар мен құрылғының бұзылуына орнықты болуы керек. Әр түрлі шешімдер болуы мүмкін: жұмыс істеу барысында деректер базасының автоматты сақталуы, стример немесе дискеталарға көшірменің міндетті түрде түсірілуі, деректерді қалыпқа келтірудің арнайы құрылғылары. Бұл құрылғылардың болуы мен жұмыс істеуі маңызды.
Жүйе теңбе-тең болу керек. Айтылғандай, ауыспалы экономика бухгалтерлік есеп және есеп беру тәртібіндегі көп өзгерістермен сипатталады. Бұл шарттарда құрастырылып отырған автоматтандырылған жүйе тез арада ағымдағы жұмысқа теңбе-тең емес болуы мүмкін. Жүйеде күнделікті талаптартарға сай қалыпқа келтіру мүмкіндіктерінің болуы мүмкін. Бұл жүйенің әуел бастан-ақ оңай бейімделетін, мобильді және икемді болып құрастырылғанын көрсетеді.
Кәсіпорынмен (реинженеринг) басқаруды құрылымдық қайта құру кешенді автоматтандыруға қарағанда алғашқы. Кәсіпорынға ақпараттық жүйені енгізу басқаруға позитивті жылжуды автоматты қамтамасыз етеді, оның көмегінсіз барлық көлемде жүйені енгізу мүмкін емес болғандықтан оның мүмкіншілігі жоқ.
Тауар айналымындағы есеп мақсатының экономикалық мәні. Шаруашылық есеп бухгалтерлік, жедел және статистикалық есеп ретінде қолданылады. Есеп - басқарудың көп еңбек қажет ететін қызметі. Есептің ерекше тұсы болып көп және біртекті бастапқы және қорытынды көрсеткіштер табылады. Қорытынды көрсеткіштер күрделі есептеулерді қолданбай-ақ бастапқы деректердің әр түрлі белгілері бойынша көпөлшемді топтастыру жолымен
Жалпы саудада тауар сатылуының бухгалтерлік есебі тауарды тиеу және есеп құжаттары сатып алушы ұсыну мөлшеріне қарай жүргізіледі.
Сатып алушыға тауарды сату келесі құжаттар негізінде толтырылады: жөнелтпе құжат, жіберу-қабылдау құжаты, шот-фактура, сауда-транспортты жөнелтпе құжат, теміржол және әуе жөнелтпе құжаттар.
Бұл фактор иемдену құқығын, жеткізушіден тұтынушыға сатылған тауарларды қолдану және қарау мезгілін анықтайды. Бірінші жағдайда, тауарлар тиелгеннен кейін және сатып алушыға есеп құжаттары ұсынылғаннан кейін, тауарға деген барлық меншік құқығы сатып алушыға ауысады; екінші жағдайда - төлем төленген кезеңге дейін тауар жеткізуші меншігінде болады.
Тауарды сату кезінде сатудан түскен пайданы анықтау әдісін ескереді: аудару әдісі («тиеу бойынша») или кассалық әдіс («төлем бойынша») .
Тауарды сату кезінде сатудан түскен пайданы анықтау әдісі және сатып алушыға есеп құжаттарын ұсыну жаппай халықаралық тәжірибеде қолданылады. Біздің мемлекетімізде, әсіресе кіші кәсіпкерліктер субъектісінде кассалық әдіс («төлем бойынша») кең таралған. Тауарды сатудан түскен табысты анықтаудың жаңа тәртібі енгізілген, соған сәйкес қаржылық есеп беруді құруға байланысты баламалы емес аудару әдісі («тиеу бойынша») қолданылады. Нақтылай айтқанда «ГорСнаб» ЖШС-де тауарларды сату кезінде «төлем бойынша» кассалық әдіс қолданылады, бірақ кей кезде ерекшелік болады және «тиеу бойынша» аудару әдісі қолданылады [5] .
Шағын және орта бизнестің келесі бір тиімді ерекшелігі коллективті еңбекке ұмтылуы, жұмыс орнын сақтап қалуға тырысу және пайдаға қатысуға негізделген жұмыстың нәтижесінің максималды болуына мүдделілік болып табылады. Ірі компаниялар кәсіби менеджерлерді жалдайды, алолар акционерлердің барлық талпыныстарының ерекшеліктерін білмейді, нәтижесінде басқару проблемаларына алып келеді, ал шағын кәсіпорындарда құрушының өзі менеджер, бір тұлға, сондықтан бұл жерде ешқандай түсініспеушілік мәселесі туындамайды.
1. 2 Баламаларға шолу
Кәсіпорында ең жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологиялар қолданысқа енгізілді: тауарлардың жеткізілуін бақылаудың автоматтандырыл-ған жүйесі, контейнерлік сканерлеу кешені («TC-SCAN»), автоматтандырылған тіркеу пункті, сыртқы сауда рәсімдерді жеделдетуге және айқындылығын қамтамасыз етуге, қойманы бақылаудың тиімділігін жоғарылатуға ықпал етеді. Бірақ ең негізгісі «ERP-жүйелер» бағдарламалық кешені болып табылады. Ол электрондық көшірмесін ресімдеу және құру үшін арналған.
Функционалдық мүмкіншіліктері:
- барлық түрдегі құжаттарды ресімдеу және басу;
- «ГорСнаб» ЖШС клиенттері туралы ақпаратты автоматты есептеу;
- құрылған құжаттарды форматты-логикалық бақылау;
- электрондық көшірмелерін құру;
- құрылған құжаттарды деректер базасына енгізу;
- құжаттар өрісінен анықтамаларды тікелей шақыру;
- бірнеше кілттік позиция бойынша тауардың кодтарын табу кеңейтілуі;
- құрылған құжаттардың электрондық көшірмелерін жіберу үшін қойма бөлімшелерін тандау.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйесін ендіру және оны жетілдіру бағытында жүргізілген жұмыстар нәтижесі арқылы ұжым орталық аппаратында бірсыпыра қызмет функцияларын толығымен электронды түрде жүзеге асыруға мүмкіндік туды. Олар, атап айтқанда, мыналар:
- кіріс және шығыс құжаттарын тіркеу;
- ұжым басшылығы тапсырмаларының орындалуын бақылау;
- электрондық ақпараттарды орталық аппаратқа жіберу;
- бөлімшелер басшылығы тапсырмаларының орындалуын қадағалау;
- мұрағат құжаттарының кірісі мен шығысы автоматты түрде тіркеледі.
Бұл бағдарламаның кемшілігі оның тек қазақ тілінде болмауы. Біздің елімізде қазақ тілі мемлекеттік болғанымен, әлі де орыс тілінде жұмыс істейтіндер өте көп. Яғни бағдарламаның сұранысқа ие болуы екіталай. Сонымен бірге бағдарлама «ГорСнаб» ЖШС бөлімінің операторлар қызметін толық автоматтандыруды қамтамасыз ете алмайды.
Төмендегі сурет 2-де кәсіпорынның ERP-жүйесі SAP R/3 түрі көрсетілген.
Сурет 2. Кәсіпорынның ERP-жүйесі SAP R/3 түрі
Кәсіпорын қорларын жоспарлау (ағылш. Enterprise resource planning, қысқаша: ERP) жүйелері кәсіпорынның ішкі және сыртқы басқару мәліметтерін біріктіру, оның ішіне қаржы бухгалтерлік есеп, өндіріс, сату және қызмет, клиенттермен қарым-қатынасты басқару, тағы басқалары да кіреді. Аталған іс-шаралар біріктірілген-бағдарламалық жасақтамалар арқылы жүзеге асады. Бағдарламалық жасақтаманың басты мақсаты ақпараттың әр-түрлі бизнес функциялар арқылы өзара қосылу мен қарым қатынасын жақсартумен қатар сыртқы мүдделі тараптармен де қарым-қатынасты басқару болып табылады [6] .
Қазақстан нарығы ERP - ақпараттық жүйесінің мынадай өндірушілеріне бөлінген, олар: SAP AG, Oracle, Microsoft Business Solutions, Epicor-Scala, Галактика және IF SAB.
SAP AG - компаниясының негізгі өнімі ERP - ақпараттық жүйесінің SAP R/3 деп аталатын түрі, онда бизнес-процестің 1000-нан астам түрлері жүзеге асырылған.
Oracle корпорациясы дүние жүзінде корпоративтік бағдарлама өндірушілердің ең ірісі болып табылады. Оның басты ERP - ақпараттық жүйесінің өнімі Oracle - Oracle Applications 55 интеграциялық модулден тұратын бағдарламалармен қамтамасыз ететін пакеті бар.
Epicor-Scala - компаниясы Epicor Software және Scala Business Solutions компанияларының бірігуінен пайда болған. Epicor Software корпорациясы кәсіпорындарды автоматтандыру, орта және масштабты компанияларға арналған бағдарламалық өнімдермен қамтамасыз етуі бойынша он ірі өндірушілер қатарына жатады және бағдарламалық өнімдер сату нарығында алдыңғы қатардан тұрақты орын алып келеді [7] .
Қазіргі уақытта Epicor-Scala электрондық коммерцияны қосқанда, кәсіпорынның барлық аспектісін басқаруын автоматтандыру жағымен шұғылданатын интеграциялық жүйелерді өндірумен айналысады. Оның негізгі өнімі - Epicor Enterprise және басқа да өнімдерін iScala, Platinum SQL, Vantage, Clientele, Active Planner атауға болады.
Epicor шешімдері масштабты үлкен және икемді бағдарлама өнімдерін шығарады; олар ұзақ мерзімді өрлеу процесінде болады және барлық қызмет көрсететін спектрлерді қамтиды. Бұл есептеме жасаған кезде оның көп түрлілігін, құнын өте тез арада өтейтініне кепілдік береді.
Бүгінгі таңда, Microsoft Business Solutions компаниясының дүние жүзінде 25000 клиенті және 4500 бизнес-серіктестіктері бар. Ол Еуропада ERP - ақпараттық жүйесі өнімін өндірушілердің ішінде үшінші орынға ие.
Компанияның негізгі өнімдері - Microsoft Business Solutions, Navision- Microsoft Business Solutions - Axarta, Microsoft CRM.
Microsoft Business Solutions - Navision - бұл интеграциялық жүйе әртүрлі саладағы шаруашылық кәсіпорындары үшін типтік бизнес-шешімдер қабылдау үшін бағдарламалық өнімдер пакетін дайындайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz