Ірі қан тамыр аневризмасының визуальды диагностикасы. Допплерография, жұмыс принциптері


Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министрлігі
«Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы» АҚ
Морфологиялық пәндер кафедрасы
«Терапиялық дисциплина: физиотерапия курсы, сәулелік диагностика, сәулелік терапия» кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырып: Ірі қан тамыр аневризмасының визуальды диагностикасы. Допплерография, жұмыс принциптері.
Орындаған: Сапарбай Әлия
Тобы: 210 A ЖM
Қабылдаған:
Шымкент - 2018
Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлім:
- Аорта аневризмасы
- Жіктелуі
- Аневризма қабырғасының құрылымына байланысты
- Клиникалық көрінісі
- Диагностикасы
- Патологиялық анатомиясы
- Аорта аневризмасының емі
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қолқа - омыртқалылардың қан айналыс жүйесіндегі ең ірі артерия қан тамыры; жүректің сол қарыншасынан басталады, дененің барлық тіндері мен органдарын қанмен қоректендіреді. Қолқа қабырғаларының серпімділігі артерия қан тамырлары бойымен қанның үздіксіз ағып тұруын қамтамасыз етеді. Қолқаның жүректен бадана тәрізді кеңейіп басталған бөлігі - қолқа баданасының қабырғасы мен қолқаның айшықты қақпақшалары бірігіп, Қолқа қойнауын (синусын) түзеді.
Аневризма (Aneurysma, грек. aneuryno- бұлтию - кеңею) - бұлтима, аневризма. Қан тамыры қабырғасының немесе жүрек қабырғасының солқылдап, бұлтиып шығып тұруы.
Аорта аневризмасы - аорта қабырғасының патологиялық локальды (қап тәрізді) және диффузды (циркулярлы) аорта бөлігінің кеңеюі.
Жіктелуі
Орналасуына байланысты аневризманың келесі түрлерін ажыратады: Вальсальв синусының, кеуде аортасының жоғарлаған және төмендеген бөлігіндегі аневризмасы, аорта доғасының, құрсақ аортасының аневризмалары.
Этиологиясына байланысты туа пайда болған (сирек кездеседі) және жүре пайда болған аневризмаларды ажыратады. Себебіне қарай: қабынулық (сифилитикалық, аортит, туберкулезді, ревматикалық, инфекционды) және қабынулық емес (атеросклездық, травмалық) .
Аневризма қабырғасының құрылымына байланысты
Шынайы аневризма аортаның өз қабырғалық құрылымы сақталады
Жалған аневризмада органикалық тыртықты тін болады
Құрсақ аортасының аневризмасы - бұл жағдайда қалыптыға қарағанда аорта қабырғасының жергілікті немесе диффузды 2 есе томпая кеңейуі. Құрсақ аотасының аневризмасының жоғарғы және төменгі бөліктерінен бастау алатындығына байланысты супраренальды және инфраренальды болып бөлінеді. Супраренальды аневризма кеуделік аортаның дистальды бөлігінен бастау алады оны торакоабдоменальды аневризма дейміз.
Патологоанатомиялық зерттеулердің мәләметтері бойынша құрсақ аорта аневризмасы 1, 06 % жиілікте кездеседі. Әйелдерге қарағанда ерлерде жиі кездеседі. Құрсақ аорта аневризмасының ең негізгі себебі атеросклероз. Науқастардың 89 % жағдайда аневризма құрсақ аортасының инфраренальды сегментінде орналасады. [1]
Патологиялық анатомиясы
Патологиялық анатомиясы. Аорта қабырғасындағы патологиялық немесе диффузды кеңейуі аорта қабырғасындағы құрылымдық бұзылыстардың нәтижесі болып табылады. Атеросклероз кезінде тамырдың бұлшық етті қабаты липоидоз түрінде, атероматозда эластикалық және коллаген мембранасының некрозды және дистрофиялық зақымдалуы байқалады. Гистологиялық зерттеу кезінде тамырдың ортаңғы мен адвентиция қабаттары жұқарып, интимасы керісінше атрематозды масса мен табақшалар есебінен қалындайды. Тамыр қабырғасының эластикалық қасиеті толық бұзылады. Аневризма қабырғасын ішінде фибрині бар жаңадан түзілетін тін құрайды.
Клиникалық көрінісі
Аневризмалардың клиникалық көрінісі оның орналасуы мен мөлшеріне байланысты болды. Кеуде аортасының аневризмасындағы клиникалық белгілер оның көкірекаралық тіндер мен қоршаған мүшелерді ығыстыру факторына тәуелді. Мұндай кезде науқастар кеуде клеткасының жоғарғы бөлігіндегі төс артындағы ауырсынуға шағымданады. Ол аорта қабырғасындағы нерв өрімінің кеңуіне байланысты. Стенокардиядан айырмашылығы аурсыну интенсивтілігі төмен, біртіндеп басталып, біртіндеп тоқтайды және нитроглицеринге басылмайды. Ал аортаның төменгі бөліміндегі аневризма кезінде аурысынулар наркотиктармен де басылмауы мүмкін. Кеңірдек пен бронхтардың аневризмамен ығысуына байланысты жиі ентігу байқалады. Тыныс жолдарын көп мөлшерде ығыстырса науқастар мәжбүрлік жағдайда бүйіріна басын жоғарлатып жатады.
Сонымен кеуде аорта аневризмасы жүрек тұсындағы ауырсынумен, ентігу, дауыстың қырылдауы, объективті белгісі аортаның жетіспеушілігіндей. Құрсақ аортасының аневризмасында - іш және бел аймағында периодты ауырсынулар болып, пульсацияның сезілуі, сонымен қатар пальпацияланатын пульсация омыртқаның сол жағы мен кіндік аймағында және одан жоғары, сол тұстан систолалық шу естіледі.
Клиникалық ағымы бойынша құрсақ аорта аневризмасының келесі түрлерін ажыратады: асқынбаған, асқынған (жыртылуы) және ажырауы. Құрсақ аорта аневризмасының ағымы үнемі өршумен болады. Көптеген авторлардың мәліметтері бойынша операция жасалмаған науқастарың, диагноз қойылғаннан кейінгі алғашқы 1-2 жыл ғана өмір сүреді.
Асқынбаған құрсақ аорта аневризмасы бар науқастарда іш аймағында тұйықталған, сыздаған ауырсыну болады. Ауырсыну көбінесе тұрақты немесе перодты болып, кіндік аймағы мен іштің сол жақ тұсында орналасады. Бірқатар науқастарда ауырсынудың бел аймағы мен шап аймағына беріледі.
Дегенмен ауырсыну мөлшері үлкен аневризма кезінде міндетті симптом болып табылмайды. Басқа симптомы ретінде - іштегі пульсацияның күшеюі, кейде ауырлық сезімі мен керу. Қарау кезінде арық науқастарды жатқан қалпында құрсақ қабырғасы арқылы күшейген пульсацияны байқауға болды. Пальпация арқылы іштің жоғарғы, жиі сол жақ аймағында ісік тәрізді түзілістің пульсациясы сезіледі. Көп жағдайда аневризма тығыз эластикалық консистенцияда болып, аз ауырсынады немесе ауырсынбайды және саусаққа айқын пульсация білінеді. Экспансивті сипаттағы пульсацияда аурысыну барлық аймаққа беріледі.
Құрсақ аорта аневризмасының үшінші симптомы - систолалық шудың естілуі. 76 % науқастарда аускультацияда систолалық шу естіледі.
Диагностика
Аспаптық зерттеулер ішіндегі ренгенологиялық әдіс маңызды болып табылады. Сонымен қатар ретропневмоперитонеум, қажеттілік туған кездері вена ішілік пиелография жасалады. Ренгенограммада аневризма қабының көлеңкесі мен қабырғасының кальцинозы көрінеді. Науқастардың 43 % жағдайда аорта аневризма қабының кальцинозы кездеседі.
Зерттеулердің қарапайым әдісі ретінде изотропты аортография жасалынады. Вицеральды аорта тармағының аневризмасына күдік болған жағдайда ғана бұл әдіс тиімді. Егер аневризма қабында тромб табақшалары болса, мұндай жағдайда аневризманың тек ортасында қан ағатын орын болады да, оның нақты мөлшерін анықтауда қиындық туады. Құрсақ аортасының аневризмасында маңызды диагностикалық әдіс ретінде УДЗ мәліметтері, жиі эхосканирлеу (КТ) маңызды рөл атқарады. Құрсақ қуысына көлденең және ұзына бойы сканирлеу жүргізгенде аневризма мен аортаның нақты мөлшерін алуға болады. Аневризма диамертрі 3 мм- 3 см дейін нақты анықтайды.
Объективті клиникалық тексерісте анықталады:
Физикалық тексеруде
Физикалық тексерудің қарапайым түрлерінің көмегімен науқастағы аортаның ыдырап жатқандығы туралы мəлімет беретін АҚ жоғарлауын байқауға болады. Жіті жүрек жетіспеушілігінде оның ішінде жүрек тампонадасында АҚ төмендеуі, тахикардия, орталық веналық қысымның жоғарлауы, мойын веналарының тартылуы, пародоксальды пульс анықталады. Аорта ыдырауының критериі болып табылатын пульстің жоқ немесе əлсіреуі анықталады.
Жоғарлаушы аортаның ыдырауы бар көптеген науқастарда аорта жетіспеушілігі анықталады. Сирек аорта доғасының немесе төмендеуші бөлігінің ыдырауының ретроградты басталуында, ыдырау аорта қақпақшаларына жайылады, бірақ көбіне аорта жетіспеушілігі ыдыраудың аортаның жоғарлаушы бөлігінде басталғанын білдіреді. Ыдырап жатқан аневризманың сыртқы жыртылуын өкпе перкуссиясы кезіндегі тұйықталуы жəне тыныс шуының əлсіреуі көрсетеді.
Гемиплегия түріндегі неврологиялық семптоматика ұйқы артериясының зақымдалуы кезінде жəне параплегия түрінде алдыңғы жұлын артериясының зақымдалуы кезінде байқалады. Аяқ-қолдың ауқымды ишемиясында терең сіңірлік рефлекстердің жоғалуы, анестезия, паралич байқалуы мүмкін.
Мүмкін болатын лабораториялық зерттеулер.
Миокард инфарктімен дифференциальді диагностика жүргізу үшін экспресс тестті пайдаланып тропонин Т-ні анықтау.
Инструменталды зерттеулер:
Электрокардиограмма. Аорта қабырғасының ыдырауына тəн белгілер жоқ. ЭКГ-да қосарласқан патология немесе ыдырау салдарын - гипертрофия жəне перикард тампонадасының белгілерін байқауға болады. Егер ыдырау коранарлы (тəж тəрізді) қан тамырларға таралса, ЭКГ-да ишемияға немесе инфаркқа тəн өзгерістер дамиды. ЭКГ-ғы өзгерістің болмауы, бірақкеуде қуысындағы қарқынды ауыру сезімінің болуы, жіті миокард инфарктын алып тастауға көмектеседі.
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі.
1. Жүрек ритімін жəне АҚ бақылау.
2. Пульсоксиметрия.
Аорта аневризмасының асқынуы
Аневризма ақырындап, бірақ үнемі өсе береді. Аневризма қуысында тромб түзілген жағдайда, ол қан ағымы арқылы төменгі артерияларға түсіп олардың бітеп, жедел ишемия мен гангрена шақырады. Аневризманың жыртылуы кенеттен болатындықтан массивті қан кетуден науқас өліп кетеді.
Аорта аневризмасының емі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz