Кәсіпорынның қаржылық жағдайы


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 113 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе 3-5

1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық аспектілері 6-36

1. 1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайының мәні мен оны талдау мақсаты 6-18

1. 2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау әдістері 18-27

1. 3 «ҚазМұнайГаз» БӨ» акционерлік қоғамының жағдайы туралы түсінік 27-36

2 «ҚазМұнайГаз» БӨ» акционерлік қоғамы қаржылық жағдайын талдау 37-86

2. 1 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау 37-58

2. 2 Кәсіпорынның қаржылық табыстылығын талдау 58-65

2. 3 Кәсіпорын табысы мен шығысы құрамы мен құрылымын талдау 66-73

2. 4 Кәсіпорынның қызметінің тиімділігі мен іскерлік белсенділігін талдау 73-86

3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдіру жолдары 87-102

3. 1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудағы Дюпон моделінің ерекшелігі 87-96

3. 2 Кәсіпорынның бухгалтерлік есебінің халықаралық стандарттарға

көшу мәселесі 96-102

Қорытынды 103-106

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 107-108

Қосымшалар

Кіріспе

Қазіргі нарықтық жағдайларда кіспорынның тіршілігін қамтамасыз ету үшін басқару персоналына өз кәсіпорнының және өзге бәсекелес кәсіпорындардың да қаржылық жағдайын бағалай білуі керек.

Қаржылық жағдай - кәсіпорынның экономикалық іскерлігінің маңызды сипаты. Ол іскерлікте әлеует пен бәсекеге қабілеттілікті анықтайды, қаржылық және өндірістік қатынастарда кәсіпорынның және оның әріптестерінің экономикалық қызығушылықтары қандай деңгейде кепілдендірілгенін бағалайды. Бірақ кәсіпорынның табысты қызметіне және қойылған мақсатына жетуі үшін тек қана қаржылық талдауды жасай білу жеткіліксіз, сонымен қатар кәсіпорынның өз иелігіндегі қаржылық ресурс пен капиталды басқара білуі керек.

Қаржылық басқарудың құрамдас бөлігі болып шаруашылық өмірдің болашақ факторының ықтималды бағалануына және бухгалтерлік есеп мәліметтеріне негізделген қаржылық талдау болып табылады.

Бухгалтерлік есеп пен басқарудың байланысы айқын. Басқару - шешім қабылдау үрдісі. Басқару - болашақтағы жағдайды көре білу, болжау, ал ол үшін сенімді және нақты ақпарат керек. Сондықтан басқару шешімдерін қабылдау үшін қажет талдау есептеулерінің ақпараттық негізі қаржылық есептілік болып табылады. Қаржылық сипаттағы шешімдер ақпараттық базаның обьективті және сенімді болуына нақты байланысты болады.

Қаржылық талдауды тиімді және дұрыс орындау келесіге бағытталады:

1) бәсекелес ортада кәсіпорынның тұрақты орналасуы;

2) банкроттылық пен қаржылық сәтсіздіктерден қашық болу;

3) бәсекелестердің арасында жетекшілік;

4) кәсіпорынның тиімді экономикалық өсімі;

5) өндіріс пен өткізу көлемінің өсімі;

6) пайданы максималдау;

7) шығындарды минималдау;

8) фирманың рентабельді жұмысын қамтамасыз ету.

Қазіргі күні қаржылық мәліметтерге, кәсіпорын басшылығының қабылдаған шешімдерінің талдануына, қаржылық жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстарды жасауға жауапты қаржылық мамандар болып табылады. Сондықтан қаржылық маман қаржылық талдауды нақты және тиімді жасай білуі үшін қаржылық талдаудың теориялық және тәжірибелік аспектілерін терең білуі керек. Тек сонда ғана кәсіпорынның тиімді және рентабельді іскерлігі қамтамасыз етіледі. Сол себепті «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау» атты дипломдық жұмыс таңдалды.

Бұл дипломдық жұмыстың зерттеу обьектісі - «ҚазМұнайГаз» БӨ» акционерлік қоғамы. Бұл қоғам 2004 жылдан бастап мұнай нарығында қызмет етіп келеді және қазіргі таңда ол мемлекет үшін маңыздылығы жоғары кәсіпорындардың бірі болып табылады.

Кәсіпорынның ірілігі мен оның қаржылық жағдайына әсер етуші факторлардың ауқымды болуы да «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ дипломдық жұмыстың обьектісі ретінде таңдалуына ықпал жасады. Ал зерттеу пәні - кәсіпорынның қаржылық жағдайы.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - зерттелетін обьектінің ішкі және сыртқы жағдайларын нақты бейнелейтін көрсеткіштерді анықтау: оның төлем қабілеттігін, өтімділігін, табыстылығын, даму жағдайын сипаттау және оның нәтижелері бойынша негізделген шешімдер жасау.

Дипломдық жұмыстың мақсатына байланысты келесідей міндеттер қойылады:

  1. баланстың өтімділігін талдау;
  2. кәсіпорынның мүлкін талдау;
  3. кәсіпорынның қаржыландыру көздерін талдау: қарыздық және меншіктік;
  4. қаржылық тұрақтылығын бағалау;
  5. кәсіпорынның табыстылығын талдау;
  6. кәсіпорынның іскерлік белсендігін талдау;
  7. кәсіпорынның табыс пен шығын құрамдарын анықтау;
  8. кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту бойынша шараларды маман ретінде анықтау.

Дипломдық жұмысты орындау барысында Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті, талдауды реттейтін нормативті-құқықтық құжаттар, методикалық нұсқаулар, шетел және отандық экономистердің ғылыми еңбектері қолданылды. Зерттеу монографиялық, экономика-статистикалық тағы басқа әдістер негізінде жүргізілді.

1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайдын талдаудың теориялық аспектілері

1. 1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайының мәні мен оны талдау мақсаты

Кез-келген бизнес түрiнiң нәтижесi қаржылық ресурстардың бар болуы мен оларды пайдалану тиiмдiлiгiне тәуелдi. Қаржы ресурстарын кәсiби басқару қазiргi сандық талдау әдiстерiн пайдалана отырып, кәсiпорынның қаржылық - экономикалық жағдайына терең талдау жүргiзудi талап етедi. Осыған байланысты бүгiнгi күнi қаржылық талдаудың маңызы артып отыр. Себебi қаржылық талдаудың негiзгi мазмұны - қаржылық тәуекел деңгейiн бағалау мен капитал табыстылығының деңгейiн жобалау мақсатымен кәсiпорынның қаржылық жағдайы мен оны анықтаушы факторларды кешендi, жүйелi оқу.

Кәсiпорынның қаржылық жағдайы - айналыс үрдісіндегі капиталдың жағдайын сипаттайтын және шаруашылық субъектiсiнiң нақты сәттегi өз қызметiн қаржыландыру мүмкiншiлiгiн бейнелейтiн көрсеткiштер жүйесiмен анықталады. Қорыта келгенде, кәсiпорынның қаржылық жағдайы оның қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабiлеттiлiгiмен сипатталады.

Кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығы ұғымы арнайы әдебиеттерде түрлiше талқыланады:

  1. қаржылық тұрақтылық - бұл қызмет үрдісінің жеткiлiктi қаржылық қамтамасыз етiлуi;
  2. қаржылық тұрақтылық - бұл кәсiпорын шоттарының оның төлем қабiлеттiлiгiне үнемi кепiлдiк беретiндей етiп орналасуы;
  3. қаржылық тұрақтылық - бұл кәсiпорынның ақша қаражаттарын еркiн, әрi тиiмдi пайдалана отырып, өндiрiс пен сату үрдістерін, сонымен бiрге үдемелi ұдайы өндiрiстi қаржыландыру мүмкiншiлiгi.

Қаржылық тұрақтылықтың сыртқы көрiнiсi - кәсiпорынның төлем қабiлеттiлiгi. Кәсiпорынның төлем қабiлеттiлiгi - бұл субъектiнiң өз мiндеттемелерiн уақытында өтей алу мүмкiншiлiгi.

Кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығына бiрнеше факторлар әсер етедi. Оларды негiзiнен iшкi және сыртқы факторларға топтастыруға болады. Кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер етушi iшкi факторлар:

  1. кәсiпорынның салалық ерекшелiгi;
  2. шығарылатын өнiм (жұмыс, қызмет) құрылымы;
  3. жарғылық капитал көлемi;
  4. шығын көлемi, оның табыспен салыстырғандағы динамикасы;
  5. мүлiк пен қаржы ресурстарының жағдайы, олардың құрамы мен құрылымы;
  6. кәсiпорынды басқару тиiмдiлiгi, тағы басқалар.

Сыртқы факторлар:

  1. мемлекеттегi саяси - экономикалық жағдай;
  2. төлем қабiлеттi сұраныс пен тұтынушылар табысы;
  3. салық және несие саясаты;
  4. құқықтық - нормативтiк база;
  5. сыртқы-экономикалық байланыстар, тағы басқалар.

Қаржылық жағдайды талдау кәсiпорынның шаруашылық қызметiн талдаудың ең соңғы кезеңi. Ол iшкi және сыртқы қаржылық талдау болып бөлiнедi. Олар бiр - бiрiнен мақсаты мен мазмұны бойынша ерекшеленедi.

Iшкi қаржылық талдау - бұл кәсiпорынның қаржылық жағдайын тұрақтандыру, оның табыстылығын арттыру мақсатымен капиталдың қалыптасу механизмiн, орналасуы мен пайдаланылуын талдау, ал сыртқы қаржылық талдау - инвестициялау тәуекелiн анықтау мақсатымен субъектiнiң қаржылық жағдайын талдау.

Кәсiпорынның қаржылық жағдайына жүргiзiлген талдау - кәсiпорын басшылығы осы уақыт аралығында қаржы ресурстарын қаншалықты ұтымды басқарған деген сұраққа жауап беруi тиiс.

Жоғарыдағы мiндеттерге қол жеткiзу үшiн кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдау келесiдей кезектiлiкте жүргiзiлуi тиiс:

  1. кәсiпорынның мүлiктiк жағдайы мен капитал құрылымын талдау;
  2. капиталды пайдалану тиiмдiлiгi мен интенсивтiлiгiн талдау;
  3. кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабiлеттiлiгiн талдау;
  4. кәсiпорынның несие қабiлеттiлiгi мен банкроттылығының ықтималдылығын талдау;
  5. кәсiпорынның қаржылық жағдайын сауықтыру бағыттарын жобалау.

Бұл жыл сайын өз облигациясы бойынша белгілі бір пайызбен алғысы келетін, ал заем мерзімі біткен уақытта - облигация құнын толық өтеуді талап ететін облигация иелеріне де қатысты. Кез келген коммерциялық кәсіпорын сияқты банктер де өз несиелерімен тәуекел ете отырып, несие алушының өз қарызын уақытында және толық өтеуін қалайды, сондықтан оны беру туралы шешім қабылдай отырып, кез келген банк өз клиентінің қаржылық жағдайын және бұл қарыздың қамтамасыз етілуін тексереді. Басқаша айтқанда, кәсіпорынның қаржылық жағдайын банктер осы кәсіпорынға несие беру орынды ма, жоқ па, ал бұл сұрақты дұрыс шешкен жағдайда - қандай пайызбен және қанша мерзімге деген сұрақтарды шешудегі негізгі белгі болып табылады.

Жабдықтаушылар мен тұтынушылар сенімді және төлем қабілеттілігі жоғары кәсіпорындармен келісім- шартқа үлкен ықыласпен отырады. Тіпті қаржы органдары, әсіресе салық инспекциясы кәсіпорынның жағдайы тұрақты болғанын қалайды, себебі тек осындай кәсіпорын ғана салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді уақтылы және толық төлей алады.

Осылайша, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым - қатынастағы потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзінің және оның серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы экономикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгенін бағалайды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының обьективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы тәсілі, бұл - талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызметін атқарады [10, 45б. ] .

Кәсіпорын осы мерзімге дейінгі уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарды деген сұраққа жауап береді: кәсіпорын осы мерзімге дейінгі уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарады. Қаржы ресурстары жағдайының нарық талаптарына сай болуы және де кәсіпорынның дамуына байланысты қажеттіліктерге жауап бере алуы өте маңызды болып табылады, себебі қаржылық тұрақтылықтың жетіспеушілігі кәсіпорынның төлеу қабілетінің жоқтығына және оның дамуына қажетті қаражатының болмауына, ал көп болуы- дамуға кедергі жасап, басы артық қорлармен және резервтермен кәсіпорын шығындарын көбейтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.

Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты:

  1. қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;
  2. активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
  3. айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен ара- қатынасын анықтау;
  4. қаржы- есептік және несие ережесін сақтау;
  5. қәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
  6. ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;
  7. баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлем қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;
  8. кәсіпорын табыстылығын бағалау;
  9. кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай - ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептен шығару;
  10. кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
  11. кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау [8, 8б. ] .

Кәсіпорынның қаржылық қызметі - бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсуі мен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақтауға, меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың рационалдылығына, сондай - ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің қаржылық, өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі, көбінесе оның өндірістік - сату көрсеткіштерімен анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын төлемдерді және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын ала қарастырылған сұрыпталымды ұстап тұруына, өнім сапасының қажетті деңгейге сәйкестігіне және оны бір қалыпты өндіруге және төлеуге байланысты болады.

Жоғары сапалы өнімді үздіксіз өндіру және өткізу кәсіпорынның қаржылық ресурстарының қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Өндіріс процесінде өнім сапасының төмендеуі және оны сатудың қиындықтары кәсіпорын шотына ақша қаражаттарының келіп түсуіне кедергі жасайды, нәтижесінде кәсіпорынның төлеу қабілеті төмендейді. Кері байланыс та бар, ол ақша қаражаттарының болмауы материалдық ресурстардың келіп түсуінің іркілісіне, демек өндіріс процесінің тоқтауына әкеліп соқтыруы мүмкін.

Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен анықталады. Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсіпорын өнімді өткізу көлемін сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты аз жұмсайды. Және керісінше, шикізат пен материалдар шығындарының нормасының өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың мөлшерден тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаржы қаражаттарының көлемін өзгерте отырып, оның жалпы қаржылық жағдайында елеулі көрініс табады.

Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезеңіндегі қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның төлеу қабілеттігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Біздің ойымызша, қаржылық жағдайды талдауды қаржылық тұрақтылықтан бастаған жөн және оған мыналар жатады:

  1. кәсіпорын активтерінің құрылымдық және құрамдық динамикасын талдау;
  2. кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерінің құрамдық және құрылымдық динамикасын талдау;
  3. кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін талдау;
  4. баланс өтімділігін талдау;
  5. кәсіпорынның төлем қабілеттігін және несие қабілеттілігін талдау.

Қаржылық талдаудың нәтижелiлiгi негiзiнен оның ақпараттық базасының жағдайы мен ұйымдастырылуына тәуелдi. Қаржылық талдаудың негiзгi ақпарат көзi - кәсiпорынның қаржылық есептiлігі. Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» заңына сәйкес мемлекеттік мекемелерден басқа кәсіпорындардың қаржылық есептiлігі келесi есеп беру формаларын қамтиды:

  1. бухгалтерлiк баланс;
  2. пайда мен зияндар туралы есеп;
  3. ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;
  4. капиталдағы өзгерістер туралы есеп.

Сонымен бiрге, iшкi қаржылық талдау өндiрiстiң техникалық, технологиялық ақпараттарын; бастапқы және аналитикалық бухгалтерлiк есеп мәлiметтерiн пайдалана алады.

Бухгалтерлiк баланс кәсiпорынның қаржылық жағдайын жыл басы мен жыл соңына бейнелейдi. Ол субъектiнiң мүлiктiк жағдайын көрсетедi, оның мәлiметтерiн iшкi және сыртқы ақпаратты пайдаланушылар қолданады.

Баланс мәлiметтерi негiзiнде сыртқы пайдаланушылар осы кәсiпорынмен серiктес болу не болмауды негiздейдi, өз салымдарының тәуекелiн анықтайды, субъектiнiң құнды қағаздарын сатып алу не алмау туралы шешiмдер қабылдайды, тағы басқалар. Осы себептi кейде қаржылық талдауды балансты талдау деп те атайды.

Дегенмен, кәсіпорынның қаржылық - экономикалық жағдайына бухгалтерлік баланс көмегімен баға беру кезінде бухгалтерлік баланстың өзінде белгілі бір дәрежеде шарттылықтар, қарама-қайшылықтар бар екендігін ескеру қажет.

1. Бухгалтерлік баланстың шарттылығы:

  1. бухгалтерлік баланс белгілі бір мерзімге жасалынады. Осының нәтижесінде бухгалтерлік баланс екі мерзімдегі «фотосурет» секілді, біз одан активтердің, меншікті және заемдық капиталдың қозғалысын емес, тек өзгерісін ғана байқай аламыз, яғни динамика емес статика көрінеді. Егер шоттар бойынша қалдықтар салыстырмалы түрде өзгермесе, ол баптар бойынша ешқандай қозғалыс болмаған секілді болып көрінеді. Бірақ ол олай емес, мұндай жағдай тек дебеттік және кредиттік айналымдар сомасы бірдей болғанын көрсетеді, ал бұл айналыстар маңызды ақпарат көзі болуы мүмкін. Мысалы, талдау сәтінде ақша қаражаттарының қалдығының сомасы өте аз болсын делік, сонда тәжірибесі аз талдаушы міндетті түрде кәсіпорынның төлем қабілеттілігі төмен деген қорытынды жасайды, себебі кәсіпорын өз міндеттемелерін ақша қаражаттарымен өтей алмайды. Ал егер баланста ақша қаражаттарының айналысы көрініс тапса (әдетте, бұл айналыстар сомасы үлкен болады), қорытынды басқаша болар еді - кәсіпорынның төлем қабілеттілігі осы сәтте төмендеген, ал қалған күндері ақша қаражаттарының келіп түсуіне байланысты төлем қабілеттілік жоғарылауы мүмкіндігін анықтауға болушы еді. Сол себепті қаржылық талдау барысында мүмкіндігінше жуық уақыт ішіндегі бірнеше деңгейлерге сүйену қажет.

2. Бухгалтерлік баланстың шектеулілігі :

  1. бухгалтерлік баланс субъектінің қаржылық-экономикалық жағдайын есепті кезеңде жалпы бейнелеуге бейімделіп құрастырылған. Ал біз баланста берілген мәліметтер негізінде кәсіпорынның мүлкінің құрамына оның қай бөлігі меншікті көздерден, қай бөлігі заемдық қаражаттар есебінен қаржыландырылғанын көре алмаймыз [12, 24б. ] .

Пайда мен зияндар туралы есеп ҚЕХС 1 стандартына сәйкес анықталады. Бұл есепте кәсiпорынның қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижесi жинақталып, жалпы табыс, негiзгi қызметтен табыс, негiзгi емес қызметтен табыс, таза табыс түрiнде бейнеленедi. Қаржылық есептiліктің №7 стандартына сәйкес «Ақша қаражаттары қозғалысының есебi» нысанында белгiлi кезең аралығындағы кәсiпорын қаражаттарының көздерi мен осы қаражат қалай пайдаланылғаны көрсетiледi. Ол пайдаланушыларды есептi кезеңде кәсiпорынға операциялық, инвестициялық, қаржылық қызметтен ақша қаражаттарының келiп түсуi мен шығысы туралы ақпаратпен қамтамасыз етiп, кәсiпорынның қаржылық жағдайын бағалауға мүмкiндiк бередi:

  1. операциялық қызмет - субъектiнiң табыс алудағы негiзгi қызметi;
  2. инвестициялық қызмет - ұзақ мерзiмдi активтердi сатып алу мен сату, несие беру мен алу;
  3. қаржылық қызмет - бұл субъектiнiң меншiктi және заемдық капиталының көлемi мен құрамында өзгерiс тудыратын қызмет түрлерi.

Кәсiпорынның қаржылық қызметiнiң стратегиялық мiндетi - меншiктi капиталды көбейту мен кәсiпорынның нарықтағы тұрақты жағдайын қамтамасыз ету [10, 5б. ] .

Кәсіпорынның қаржылық жағдайының ақпараттық базасы өте маңызды буын болып келеді, себебі ақпараттық базаны пайдалана отырып, оның сапалық қасиеттеріне сүйене отырып, біз кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалай аламыз. Сондықтан қаржылық ақпарат негізінде басқару шешімін қабылдау үшін:

  1. «шикі» ақпаратты пайдалана білу;
  2. қаржылық талдау әдістерін меңгере білу;
  3. нақты мақсатты анықтауға бағытталған бағдарламаны құру;
  4. қаржылық құралдардың қаржылық нәтижелікке әсер ету деңгейін ескеру;
  5. жемісті нәтижеге жету барысындағы минималды шығынды ескеру;
  6. кәсіпорын басшылығының қаржылық талдауға назар аударуы.

Бақылау және реттеу қызметінің ақпараттық қамтамасыз ету:

1) алдыңғы периодтың көрсеткішімен, жоспарлы көрсеткіштермен, нормативті көрсеткішпен салыстыру;

2) саладағы өзге субьектілермен салыстыру;

3) факторлар әсерін анықтау;

4) трендті анықтау.

Негізінен әрбір кәсіпорында ақпараттық қор құрылуы керек, ол келесідей элементтерден тұрады:

  1. индификациялық - обьктінің барлық кеңістік үшін жеке коды;
  2. сыныптаушылық - кәсіпорын саласы, аумағы, нысаны және өзге де қасиеттері туралы ақпараттар;
  3. анықтамалық - басшылық туралы ақпараттар;
  4. экономикалық - обьектінің қаржылық жағдайын бейнелейтін ақпараттар.

Қаржылық ақпаратты қолданатындардың қатарына жатады: басқару персоналы, қаржылық менеджерлер мен бухгалтер, сыртқы пайдаланушылар. Бұл заңды қатынастарға байланысты бөлінген пайдланушылар, ал қызығушылық білдіруіне байланысты келесідей түрде бөлуге болады. Қаржылық ақпаратқа қызығушылық білдірмейтін пайдаланушылар: аудиторлық фирмалар, консультанттар, биржалық делдалдар, заңгер, әлеуметтанушылар, кәсіпкерлер қоғамдастығы.

Қаржылық ақпаратқа қызығушылық білдіретіндер: басқарма, акционерлер, несиегерлер, клиенттер, салық органдары, әріптестері [24, 29б. ] .

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда көптеген әдебиеттерге қарағанда экономика саласына байланысты келесідей ерекшеліктерді байқауға болады. Сондықтан осыған байланысты жалпылама көрсеткіштерде де айырмашылықтар болады. Соның ішінде тек үш салаға тоқталып кетейік: өндіріс, сауд және банк.

1. Өндіріс кәсіпорны үшін: сонымен Қазақстанда жақсы дамыған өндіріс түрі болып мұнай өндіруші кәсіпорындар болғаны белгілі. Өндірістік кәсіпорындарда қаржылық талдауды келесідей түрде өткізген жөн: негізгі қаржылық және нақты сандарды салыстыру, көрсеткіштерді мерзім аралық салыстыру, әсер ету факторларын айқындау, қорытынды жасау, ұсыныстарды жасау.

Өндірісте қолданылатын көрсеткіштер деп келесі сыныптаманы ұсынуға болады:

  1. кәсіпорынның төлем қабілеттілік көрсеткіштері;
  2. қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері;
  3. қаржыландыру көрсеткіштері: мысалы, инвестициялау коэффициенті;
  4. капиталды инсенсивті қолдану көрсеткіштері: табыстылық, рентабельділік көрсеткіштері.

Мұнда көбіне өндірістік қуат көрсеткіштері маңызды болып келеді: мысалы, ресурс қайтарымы, яғни кәсіпорында бір ресурс келген өндірілген өнім көлемін көрсетеді. Тағы да өндіруші кәсіпорынның ерекшелігі - материалдық айналым құралдарын қалыптастыру үшін қаржыландыру көздерінің жеткіліктігі. Бірақ бұл көрсеткіш өзге салаларда осындай маңыздылықта қолданылады [12, 22б. ]

2. Сауда кәсіпорны үшін: нарық экономикасында бұл саланың қаржылық жағдайын талдау көптеген қиындықтарға әкелді. Себебі бұл коммерциялық тәуекелді тудыртты, ал ол өз кезегінде сұраныс пен ұсыныстың өзгермелілігі, маркетинг пен менеджмент оқылдығынан болады. Осы жерден коммерциялық тәуекелді анықтау қиындығы пайда болып, кәсіпорын балансының өтімділігін талдау рөлі артып келеді. Сауда кәсіпорындарында тауарлы - топтық шығын сыйымдылығы, табыс сыйымдылығы мен рентабельділігі ерекше орынды иеленеді. Ал өндірісте - өнімнің өзіндік құны, ал саудада айналым шығындары берілген номенклатура бойынша талданып, есептеледі. Сондықтан мұнда өндірістегідей сияқты өндірілген өнімді өткізумен байланысты тірі және заттанған еңбек шығындары анықталмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты
Қаржылық жағдай түсінігі, мазмұны және оны талдаудың мақсаттары
Қаржылық жағдайды талдау түсінігі
Кәспорынның қаржылық тұрақтылығы
Кәсіпорынның қаржысына әсер ететін негізгі факторлар
Қаржылық жағдайдың бағасы және корпорацияның қаржылық тұрақтылығына жету жолдары
Қаржылық тұрақтылыққа жету жолдары
Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсатьі
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және оның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін арттырудағы негізгі бағыттары
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдау мақсаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz