Капилляр құбылыстар



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Халықаралық сервис және менеджмент колледжі

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Капилляр құбылыстар

Орындаған: Жәңгір Г.Ш.
Топ: 103
Тексерген: Қарымсақова Д.Т.

Алматы 2017-2018 оқу жылы
Мазмұны
Кіріспе
1. Капилляр құбылыстар
2. Капилляр құбылыстың пайда болуы
3. Анықталуы
4. Капиллярлық құбылыстардың рөлі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Капиллярлық құбылыстар - бір-бірімен араласпайтын заттардың шекарасында, беттік керілудің әсерінен пайда болатын физикалық құбылыстар. Басқа сұйықтықпен, газбен немесе өзінің буымен шекаралас орналасқан сұйық бетінің иілуі де капиллярлық құбылыстарға жатады.
Ішкі диаметрі кіші түтікшені капилляр деп атайды. Осындай түтікше оған жұғатын сұйыққа батырылса, онда оның ішіндегі сұйық кең ыдыстағы сұйық бетінің деңгейінен жоғары көтеріледі. Жұқпайтын сұйық керісінше, оның ыдыстағы деңгейінен төмен түседі. Сұйық қатты дененің бетіне толық жұғатын болса, беттік керілу күшін қатты дене s беті бойымен оның сұйықпен жанасатын шекарасына перпендикуляр бағытталған деп алуға болады. Бұл жағдайда сұйықтың капилляр бойымен көтерілу биіктігі төмендегі шарт бойынша анықталады: Fa=Fб, Fa=mg = rpr[2] hg, Fб=sl =2prs, мұндағы?:
Fa - капиллярдағы сұйыққа әсер ететін ауырлық күші,
Fб - бетік керілу күші,
r - капилярдың радиусы,
r - ондағы сұйықтың тығыздығы,
h - капилярдағы сұйық бағанының көтерілу биіктігі,
s - сұйықтың беттік керілу коэффициенті.
Жоғарыдағы қатынастардан: h = 2s rgr.
Шақпақ қант, сорғыш қағаз, сүлгі орамал, т.б. денелер өзіне суды жақсы сіңіретінін білеміз. Мұны қалай түсіндіруге болады? Осындай денелердің барлығында да өте жіңішке түтікшелер тәрізді көптеген ұсақ өзектер болады екен. Жіңішке шыны түтікшені суға батырайық, онда су оның бойымен тез көтеріле бастайды. Түтікше неғұрлым жіңішке болса, судың көтерілу биіктігі де соғұрлым жоғары болады. Неліктен бұлай болады? Судың шыныға жұғатынын білеміз. Түтікше өте жіңішке болғандықтан, шыны тарапынан судың беттік қабатына әрекет ететін Ғбет беттік керілу күші сұйықты жоғары көтереді. Сұйық түтік бойымен неғұрлым жоғарырақ көтерілген сайын оған әрекет етуші Ға = mg ауырлық күші де артады. Сұйық оған әрекет етуші ауырлық күші Ғбет беттік керілу күшіне теңескенше көтеріледі.
Сондықтан беттік керілу күші өте жіңішке деген түтікшелермен көтерілгенде ғана айқын байқалады. Егер сұйық қылтүтік қабырғаларына жұқпайтын болса, онда беттік керілу күшінің әрекетінен сұйық деңгейі төмендейді.
Осындай қылтүтіктер бойымен сұйықтың көтерілуі немесе төмен түсуі кезінде байқалатын беттік керілу құбылыстар қылтүтік құбылыстар деп аталады. Сұйықтың қылтүтік көтерілу биіктігін һ = 2σ grr формуласы бойынша анықтауға болады, мұндағы σ - қылтүтік жасалған заттың және сұйықтың тегіне байланысты болатын беттік керілу коэффициенті, r - сұйықтың тығыздығы, r - қылтүтік радиусы. Бұл формуланы жұқпайтын сұйық үшін де қолдануға болады, тек бұл жағдайда сұйықтың төмен түсуі туралы айтылады.
Суда жүзетін кұстардың (аққу, қаз, үйрек, т.б.) терілері мен қауырсындарына су жұқпайтын зат сіңген, сондықтан да ол құстарға су жұқпайды, ал басқа үй хайуанаттары туралы біз олай деп айта алмаймыз.
h = 2 δ g ρ r - сұйықты беттік көтерілу биіктігін анықтайтын формула.
Мұндағы: δ (сигма) - қылтүтік жасалған заттың және сұйықтың тегіне байланысты болатын беттік керілу коэффициенті;
ρ - сұйықтың тығыздығы,
r- қылтүтік радиусы.
Қылтүтік құбылыстар табиғатта кеңінен таралған. Өсімдіктер мен ағаштар бойындағы қылтүтіктер жүйесімен нәрлі заттар тарайды. Адам және жануарлар денесіндегі ұсақ қан жолдары да қылтүтіктер.

Капилляр құбылыстың пайда болуы

Басқа сұйықтықпен, газбен немесе өзінің буымен шекаралас орналасқан сұйық бетінің иілуі де Капиллярлық құбылыстарқа жатады. Сұйықтық бетінің иілуі салдарынан, оның астында қосымша капиллярлық қысым (р) пайда болады. Бұл қысымның шамасы Лаплас теңдеуімен өрнектеледі: р=р1 - - р2=212r, мұндағы 12 - екі ортаның шекарасындағы беттік керілу, р1 және р2 - сұйықтықтағы (1) және онымен жанасқан ортадағы (2) қысым, r - беттің орташа қисықтық радиусы. Сұйықтықтың ойыс бетінің (r0) астындағы қысым теріс таңбалы (р0), ал дөңес бетінің (r0) астындағы қысым оң таңбалы (р0) болады. Шекаралық бет жазық (r=) болса, сұйықтыққа қосымша қысым әсер етпейді (р=0). Капиллярлық құбылыстар молекулааралық күш пен сыртқы күш (негізінен, ауырлық күші) әсерінен болатын сұйықтық бетінің тепе-теңдігі мен қозғалысының кейбір түрлерін де қамтиды. Сыртқы күш әсер етпесе немесе ол басқа күшпен теңгерілсе, сұйықтық беті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғаттағы капиллярлық құбылыстар
Капиллярлық құбылыстар
Капиллярлық құбылыстардың маңызы
Сұйықтардың беттік керілу
Реология
Иондық адсорбция. Хромотография әдісі туралы ұғым
Дисперсті жүйелердің классификациясы жəне табиғаты
Қан тамыры
Коллоидты ерітінділерді тазарту әдістері
Сұйық пен қатты денелер
Пәндер