Еңбек ресурсы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ КОЛЛЕДЖІ
РЕФЕРАТ
Пән: «Байланыс мекемелері экономикасы және кәсіпкерлік негіздері»
Тақырыбы: Еңбек ресурсы
Орындаған: Қали А. Б.
Топ: 302 РжБ
Тексерген: Тұралбай Т. Т.
Алматы 2017-2018 оқу жылы
Еңбек ресурсы - қызмет көрсету мен материалдық игілікті өндіру үшін физикалық және интеллектуалдық мүмкіншілігі бар мемлекет халқының жұмысқа қабілетті бөлігінен тұратын қоғамның негізгі өндірістік күші. Еңбек ресурсына жұмыс істеуге қабілетті, бірақ жұмыспен қамтылмаған және экономикаға қатысатын азаматтар жатады.
Адамның еңбекті жүзеге асыру үшін қажетті табиғи және интеллектуалдық сапасының қажеттілігі оның жасына байланысты анықталады. Дәл осы көрсеткіш бұқара халықтың ішінен еңбек ресурсын таңдап алудың негізгі критериі болып саналады.
Қазіргі уақытта еңбек заңдылығына сәйкес Қазақстанда еңбекке қабілетті жастың төменгі шегі болып 16 жас, ал жоғарғысы зейнетақы алу құқығына сәйкес - 63 жас ер азаматтары үшін және 58 жас - әйел азаматтары үшін белгіленген. Кейбір адам организмінің жоғарғы психофизиологиялық жүктемесіне байланысты кәсіби қызметтің түрі үшін зейнетақылық жас 5-10 жылға дейін төмендетіледі. Бұл көп жағдайда еңбектің жағымсыз, ауыр және денсаулыққа зиян шарттарымен (мәселен, көмірді қазып алу, металды балқыту) байланысты. Көптеген дамыған мемлекеттерде жұмысқа қабілетті жастың жоғарғы шегі 64 жасты құрайды. Ал біздің Қазақстанда жоғарғы шекарасын арттыру ер азаматтардың орташа өмір сүру деңгейімен - 63 жаспен шектелген. Бірақ та еліміздегі көптеген «жеңілдетілген зейнеткерлер» бұрынғы жұмыс орнында немесе басқа жерде еңбек етуін жалғастыратын болғандықтан, еңбек ресурсының құрамында қалып отыр. Жұмыс істемейтін зейнеткер оның құрамынан алып тасталынады.
Еңбек ресурсын жұмысбастылар мен жұмыссыздардан тұратын эко-номикалық белсенді және экономикалық енжар халық деп бөлеміз.
Экономикалық белсенді халық - тауар мен қызмет өндірісі үшін жұмысшы күшінің ұсынысын қамтамасыз ететін халықтың бөлігі.
Жұмысбасты адамдар екі топқа бөлінеді:
I топқа - жалданып жұмыс істейтіндер (жалдамалы жұмысшылар) жатады. Осы топқа еңбек туралы келісімнің шартына сәйкес еңбек ақы төлеуді қамтамасыз ететін;
II топқа - жалданып жұмыс жасамайтындардың барлығы жатады. Бұл топқа: жұмыс берушілер, жеке негізде жұмыс жасайтын тұлғалар жатады. Осы топ жұмыскерлерінің еңбек ақысы тауар мен қызмет өндірісінен алынатын пайдаға байланысты болады.
«Еңбек ресурсы» ұғымы экономика саласындағы, өңіріндегі, мемлекет деңгейінде немесе кәсіпорында еңбекке қабілетті халыққа сипаттама беру ішін қолданылады. Ал жеке кәсіпорын шеңберінде анағұрлым жақын қолданылатын термин - персонал, яғни жұмыс жасайтын меншік иелері мен барлық жалдамалы жұмысшыларды қосқандағы кәсіпорынның жеке құрамы.
Кәсіпорын персоналының негізгі сипаттамасы болып жұмысшылардың саны мен құрылымы саналады.
Кәсіпорынның персонал саны оның өндірістік және басқару процесінің сипатына, күрделілігіне, еңбек сыйымдылығына, сондай-ақ, механизациялау, автоматизациялау, компьютеризациялау дәрежесіне байланысты болады. Бұл факторлар оның нормативтік (жоспарлық) мағынасын анықтайды. Персоналдың объективті сипаты болып тізімдік (іс жүзіндегі) саны, яғни сол кезеңде кәсіпорында жұмыс жасайтын жұмысшылар саны жатады.
Кәсіпорынның персонал құрылымы - жұмысшылардың бірқатар белгілері мен категориялары бойынша біріккен жеке топтарының жиынтығы. Олар, өндіріс процесіне қатысуына байланысты: өнеркәсіптік-өндірістік персонал - өндіріспен тікелей байланысты жұмысшылар және өнеркәсіптік емес персонал - өндіріспен және оған қызмет көрсетумен тікелей байланысы жоқ, әлеуметтік инфрақұрылымдағы (кәсіпорын балансындағы балалар бақшасындағы және медицина мекемелеріндегі жұмыскерлер) жатады.
Еңбек функциясының сипатына байланысты өнеркәсіптік-өндірістік персонал мынадай категорияларға жіктеледі:
- жұмысшылар - бұл өндірістік және транспорттық қызмет көрсетумен немесе материалдық құндылықтың пайда болуымен тікелей байланысты жұмысшылар. Жұмысшылар негізгі (өнім өндірісімен тікелей байланысты) және көмекші (өндіріске қызмет көрсетумен байланысты) деп екіге жіктеледі;
- мамандар - экономикалық, инженерлі-техникалық, заңдылық, әкімшілік және басқа да функцияларды жүзеге асыратын жұмысшылар. Оларға: экономистер, инженерлер, технологтар, заңгерлер, кадр жөніндегі инспекторлар, бухгалтерлер және т. б. жатады.
- қызметкерлер (техникалық атқарушылар) - қаржылық-есептік функцияларды, құжаттарды дайындау мен толтыратын, шаруашылық қызмет көрсететін және басқа да функцияларды жүзеге асыратын жұмысшылар. Оларға хатшылар, табельщиктер, кассирлер, экспедиторлар және т. б. жатады.
- басшылар - кәсіпорынды басқару функцияларын жүзеге асыру. Басшыларды мынадай деңгейге бөлеміз: жоғарғы деңгей (жалпы кәсіпорын - басшы, жоғарғы басшы, басқарушы және оның орынбасарлары) ; орташа (негізгі құрылымдық бөлімшелердің басшылар - цехтардың, бөлімдердің басшылары, сондай-ақ, бас мамандар) және төменгі (арқарушы жұмысын орындаушылар - бюро, сектор, мастерлер басшысы) .
Кәсіпорын персоналын осылайша категорияларға жіктеу нормативтік құжаттарға сәйкес жүргізіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz