Күшейткіштер туралы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ КОЛЛЕДЖІ
РЕФЕРАТ
Пән: «Сандық және талшықты-оптикалық беру жүйелері»
Тақырыбы: Күшейткіштер
Орындаған: Өмірханов А. Т.
Топ: 302 РжБ
Тексерген: Джамбаев Д. К.
Алматы 2017-2018 оқу жылы
Күшейткіштің қасиеттерін сипаттайтын мәліметтер қосындысы оның көрсеткіштері деп аталады. Күшейткіштің негізгі техникалық көрсеткіштеріне мыналар жатады: күшейткішпен енгізілетін ток бойынша К i , кернеу бойынша К u және қуат бойынша К p күшейту коэффиценттері, өткізу жолағының ені ΔF, сезімталдық, шығыс қуаты Р шығ , бұрмалану.
Күшейту коэффициенті деп шығыс сигналының кіріс сигналынан неше үлкен екенін көрсететін шаманы атаймыз.
Ток бойынша күшейту коэффициенті:
мұндағы I шығ , I кiр - сигналдың шығыс және кіріс токтары.
Ток бойынша күшейту коэффициентінен басқа кернеу бойынша К u және қуат бойынша К p күшейту коэффициенті қолданылады:
Егер күшейткіште К 1 , К 2 , К 3 , . . . , К n коэффиценттерімен бірнеше күшейту каскадтары болс, онда күшейткіштің күшейту коэффициенті:
Қазіргі күшейткіштерде күшейту коэффициенті өте үлкен, сондықтан оны логарифмдік бірлікте (дБ) береді:
Қуат ток пен кернеу квадратына пропорционал болғандықтан: P = I 2 R=U 2 /R, қуат бойынша күшейту коэффициенті (дБ) :
Көпкаскадты күшейткіштің күшейту коэффициенті каскадтар күшеюінің коэффициенттер қосындысын білдіреді (дБ) :
Кәдімгі күшейткіште әр түрлі жиіліктегі сигналдар әр түрлі күшейеді. Күшейту коэффициентінің сигнал жиілігіне тәуелділігі жиілікті сипаттама деп аталады. Ол 1. 3 суретте көрсетілген. Бұл графикте К ор - максималды күшейту коэффициенті;
F ж F т =ΔF - өткізу жолағының ені (F ж -жоғарғы шекті шекара, F т -төменгі шекті шекара) .
1. 3 сурет - Жиілікті сипаттама
Жиілікті сипаттама графигіндегідей өткізу жолағының шектерінде күшейту коэффициенті өзгермейді. 3 дБ (25 - 30%) аспайтын жолақ шегінде күшейту коэффицентінің азаюын адам құлағы байқамайды. Күшейткіштің жұмыс жиіліктерінде күрделі сигналды құрайтын бірдей емес күшеюден жиілікті бұрмалану пайда болады. Шындығында, жиілікті сипаттамалы күшейткіш F т төмен және F ж жоғары жиілікпен сигналдар F ор орташа жиілікті сигналымен салыстырғанда бірдей емес күшейтеді (1. 3 сурет) .
Жиілікті бұрмалану орташа жиіліктегі күшейту коэффициентінің анықталатын жиіліктегі күшейту коэффицентінің қатынасын көрсететін жиілікті бұрмалану коэффицентімен М бағаланады:
Жоғарғы және төменгі шекті жиіліктерде жиілікті бұрмалану коэфффиценті бірдей және мынаған тең:
Жиілікті бұрмалану коэффициенті децибелда өлшенуі мүмкін
Өткізу жолағының шегінде М=3дБ.
Егер күшейткіш бірнеше каскадтан тұрса және әрқайсысында жиілікті бұрмалану белгілі болса, онда жиілікті бұрмалану коэффициенті барлық күшейткіш үшін мына формуламен анықталады:
мұндағы М
1
, М
2
, М
3
, . . . , М
n
- салыстырмалы бірлікте берілген жиілікті бұрмаланулар;
M
1
(дБ), М
2
(дБ), М
3
(дБ), . . . М (дБ)
- децибелда каскадтардың жиілікті бұрмаланулары.
Күшейткіш сезімталдығы деп күшейткіш шығысында шығыс номинал кернеуі құрылу кезінде кіріске берілетін минималды сигналды атайды.
Шығыс номинал кернеу (қуат) - бұрмалану техникалық құжаттамада айтылған мәндерден аспаған кездегі ең жоғарғы шығыс кернеу (қуат) .
Өзгеріссіз сигнал жиілігінде күшейткіштің шығыс кернеуінің кіріс кернеуіне тәуелділігі амплитудалық сипаттама деп аталады (1. 4 сурет)
1. 4 сурет - Амплитудалық сипаттама
Амплитудалық сипаттамада үш бөлім болады. Төменгі бөлікте онда бүгеліс болады, себебі күшейткіштің өзіндік шулары сигналдың амплитудасымен өлшенеді.
Ортаңғы бөлікте амплитудалық сипаттама сызықты. Бұл жұмыс бөлімі (АВ), онымен жұмыста сигнал формасының бұрмалануы болмайды, сызықты емес бұрмаланулар минималды болады.
Жоғарғы бөлікте транзистордың амплитудалық сипаттамасы бүгелісі болады. Егер кіріс сигналының амплитудасы күшейткіш жұмысы амплитудалық сипаттаманың бүгелген бөлімдерде болса, онда шығыс сигналда сызықты емес бұрмаланулар пайда болады. Сызықсыздық көп болған сайын, сигналдың синусоидалды кернеуі көбірек бұрмаланады, яғни күшейткіш шығысында сигналда болмаған жаңа тербелістер пайда болады. Сызықты емес бұрмалану дәрежесі сызықты емес бұрмалану коэффиценті шамасымен бағаланады:
мұндағы Р 2 + Р 3 + . . . + Р n - амплитудалық сипаттамасының сызықты еместігінің нәтижесінде пайда болған жүктемедегі екінші, үшінші және с. с. гармоникаларда белгіленетін электр қуаттарының қосындысы.
Сызықты емес бұрмаланулар коэффициенті әдетте процентпен беріледі.
Көпкаскадты күшейткіш үшін бұрмаланудың жалпы шамасы мына формуламен анықталады:
мұндағы k себ1 , k себ2 , . . . , k себn - күшейткіштің бірінші, екінші және с. с. каскадтарының сызықты емес бұрмалануларының коэффициенттері.
Фазалық бұрмаланулар күшейткіште реактивті элементтердің болуынан пайда болады. әр түрлі жиіліктер үшін реактивті элементтердегі фазалар ығысуы бірдей емес. Фазалық бұрмаланулар фаза ығысуының күшеюі кезінде кіріс және шығыс кернеулер арасында барлық жиілік үшін тұрақты болып қалатын немесе ол жиілікке пропорционал өзгеретін жағдайларда болмайды.
1. 5 суретте фазалық өзгерістерсіз (1) және фазалық бұрмаланулармен (2) фазалық сипаттама келтірілген.
1. 5 сурет - Фазалық сипаттама
Фазалық бұрмалануларға адам құлағы сезімсіз, сондықтан олардың қТЖ есептелінбейді.
Телевизионды сигналдар күшейткіштерінде және радиолокационды қабылдағыштарда фазалық бұрмаланулар қабылдағыштың электронды-сәулелік түтігінде көріністің қойылуын өзгертуі мүмкін.
Кіріс кедергі - электр сигналы үшін кіріс қысқыштарының арасындағы кедергі:
Күшейткіштің шығыс кедергісі:
Күшейткіштің кіріс кедергісін біле отырып, транзистордың кірісіне сигналдың қуатының максималды тасымалы және қозғышқа күшейткіштің шунтирленетін әсері қамтамасыз етілетін кездегі қозғыштың оптималды ішкі кедергісін оңай анықтауға болады.
Егер R шығ белгілі болса, жүктемеде мүмін бұрмалануларда номинал қуат белгіленетін оптималды кедергіні анықтауға болады.
Күшейткіштердің бөлінуі.
Күшейткіштердің бөлінуін орындайды:
- міндеті бойынша;
- күшетілетін сигналдар сипатымен;
- күшейтілетін жиілік жолағында;
- қолданылатын белсенді элементтер түрі бойынша.
Міндеті бойынша ерекшеленеді:
- кернеуді күшейткіштер;
- токты күшейткіштер;
- қуатты күшейткіштер. қуатты күшейткіштерде берілген немесе максималды қуатты, ал кернеуді (токты) күшейткіштерде күшейтудің коэффицентерінің берілген мәндерін қамтамасыз ету қажет.
Күшейтілетін сигналдар сипаты бойынша ерекшеленеді:
- гармоникалық сигналдарды күшейткіштер. Бұл құрылғылар үзіліссіз гармоникалық немесе квазигармоникалық сигналдардың күшеюін қамтамасыз етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz