ISM диапазоны,сымсыз тарату желілері



Пән: Физика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ КОЛЛЕДЖІ

РЕФЕРАТ

Пән: Байланыс желісінің қондырғылары
Тақырыбы: ISM диапазоны,сымсыз тарату желілері

Орындаған: Анарбек Е.
Топ: 302 РжБ
Тексерген: Мирзакулова Ш.А.

Алматы 2017 ж
Кіріспе

Қазіргі заманғы телекоммуникациялық желілер екі деңгейлі иерархияға сәйкесті құрылады: магистралді транспортты желілер және рұқсат ету желілері, олар ашық жүйелерді құру үшін өте ыңғайлы және экономикалық жағынан тиімді. Желіні құрған кезде құнының 90% оның төменгі бөлігіне келеді, демек жергілікті желіге немесе рұқсат ету желілеріне. Соңғы миля мәселелерін шешу үшін бүгінгі күні бірнеше технологиялар ұсынылған. Соңғы миля - бұл жалпы қолданыстағы байланыстың телекоммуникалық желісінің бөлігі. Ол бірінші ретті желі мен абоненттік қондырғының таралу нүктелерінің арасында орналасқан. Дәстүрлі сымды технологиямен қатар ақпаратты тарату үшін абоненттік қол жетімді сымсыз жүйелер мен басқа да технологиялар қолданылады. Телекоммуникациялық қызмет көрсету диапазондары қазіргі кезде өте көп: мәліметтерді тарату, интернетке қосылу, телефония, интерактивті видео, жылжымалы байланыс.

Қолданылатын жиілік диапазондары және оларды реттеу.

Жалпы алғанда, мәліметтерді тарату үшін мемлекеттік рұқсат алуды қажет ететін жиілік диапазондарын да, еркін қолдануға болатын лицензияланбайтын жиілік интервалдарын да қолдануға болады. Әдетте бұл алыс аймақтардағы таратқыш қуатымен және антенналардың бағыттылық параметрлерімен анықталатын электромагниттік өріс тығыздығын шектеуге қатысты. Қазіргі кезде лицензияланбаған жиілік диапазондары кеңінен қолданылады. Әрине бұл жүйеішілік және жүйеаралық электромагниттік сәйкестікте мәселелердің туындауына алып келеді.

Жиілік ресурстарының мұндай түріне ISM (Industrial, Scientific, and Medical Equipment) - жиілік диапазоны жатады, ол лицензияланбаған қондырғыларды (өндірістік, ғылыми, медициналық, тұрмыстық қолдануға арналған (тек байланыс құралдарына арналмаған). Қондырғылар генерациялауды және радиожиілікті энергияны локальді түрде қолдануы керек. АҚШ-та бұл диапазон мынадай интервалдардан тұрады: 915,0 +- 13 МГц; 2450 +- 50 МГц; 5,8 +- 0,075 ГГц; 24,125 +- 0,125 ГГц. Европалық нұсқасы бұдан аздап өзгеше.
Қазіргі кезде 2450 МГц жиілік интервалы жақын ара қашықтықтағы мәліметтерді тарату (мысалы, WLAN сымсыз локальді жүйесі) жүйесін ұйымдастыру үшін кеңінен қолданылады. Ресейде екінші ретті интервал ретінде 2400-2483,5 МГц қолдануға рұқсат етілген (екінші реттілік дегеніміз осы диапазонды бірінше ретті негізде қолданатын жүйелердің бөгеулері пайда болған кезде қолдануға мүмкін емес дегенді білдіреді).
5,8 ГГц интервалы U-NII (Unlicensed National Information Infrastructure- лицензияланбаған ұлттық ақпараттық инфрақұрылым) жүйелері үшін ерекшеленген жиіліктерге сәйкес келеді, ол лицензиялауды қажет ететін диапазондарға қарағанда аз шығынсыз жүйені жылдам ашуды қамтамасыз етеді. АҚШ байланыс бойынша федералды (FCC) комиссиясы U-NII қызметі үшін 5 ГГц жиілігіндегі 300 МГц енді үш жиілік диапазонын берді: жақын ара қашықтықтағы байланысты құрылғылар мен локальді желілер үшін арналған U-NII 1 (5,15-5,25 ГГц) диапазоны және U-NII 2 (5,25-5,35 ГГц) диапазоны, байланыстың үлкен қашықтығын қажет ететін желілер үшін U-NII 3 (5,725-5,825 ГГц) диапазоны. Ресейде 5,725-5,875 ГГц диапазонының жиіліктері сәулелену көзінің радиобөгеу деңгейі рұқсат етілген индустриалды радиобөгеулер деңгейінен асып кетпейтін болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Технологияның қысқаша сипаттамасы

Мәліметтерді сымсыз тарату технологияларына қысқаша сипаттама берейік, одан кейін оларға салыстырмалы талдау жасайық. Дәстүрлі түрде телекоммуникацияның берілген облысында IEEE америкалық стандарттары, ETSI европалық стандарттары және фирмалық стандарттар бәсекелеседі.
ZigBee технологиясын ZigBee Alliance ұйымы ұсынған, ол алдына, осы технологияның компоненттерін инженерлік іске асыруды және қосымшаларын қоса алғандағы ережелердің (желілік деңгейден қосымша деңгейге дейін) жеті деңгейлі үлгісінің жоғарғы қабатын қамтамасыз ету мақсатын қояды. Сәйкесті төмен жылдамдықты мәліметтерді тарату стандартын құру үшін IEEE 802.15.4 комитеті қосылды, ол жеті деңгейлі үлгінің MAC (тарату ортасына қол жеткізуді басқару - media access control) және PHY (физикалық ортада сигналдарды тарату деңгейі) деңгейлерін құрайды. Бірінші физикалық деңгей (PHY) негізінен жүйенің құнын, мәліметтерді тарату жылдамдығын, тұтынатын қуатын, жиілік диапазондарын, пішінін анықтайды.
Бұл технологияның міндеті - әртүрлі қолданысқа арналған автоматты және дистанционды басқару жүйелерінің компоненттерін қамтамасыз ету болып табылады. Осы кезде абоненттік терминал үшін оларды АА типті екі элементтермен жарты жылдан екі жалға дейін автоматты қорек көзімен қамтамасыз ету мақсаты қойылады.
Бұл жүйелерді басқа мәліметтерді тарату желілерімен өзара байланыстыру үшін шлюз құру қарастырылады.
Қолданылатын жиіліктер: ISM (2,4 ГГц, жылдамдығы 250 кбитс), европалық диапазон 868 МГц (20 кбитс) және америкалық диапазон 915 МГц (40 кбитс).
Bluetooth технологиясы - бұл мәліметтерді радио бойынша жақын ара қашықтыққа тарату технологиясы (10 м дейін, 100 м дейін кеңею мүмкіндігі бар), ол сымсыз телефондар, компьютерлер және әртүрлі перифериялардың байланысын тура көріністі қажет етпей іске асыруын қамтамасыз етеді. Радиотарату қуаты бойынша аппаратуралар үш класқа: бірінші (максимал кіріс қуаты 100 мВт), екінші (2,5 мВт) және үшінші (1 мВт).
IEEE 802.11х стандарттарының жиынтығын IEEE америкалық институты құрады. IEEE 802.11 стандарты базалық стандарт болып табылады және сымсыз локальді желілерді (WLAN) ұйымдастыру үшін қажетті ережелерді анықтайды. Олардың негізгілері - MAC (арналық деңгейдің төменгі деңгейшесі) ортасына қол жеткізуді басқару ережелері және PHY физикалық ортадағы сигналдарды тарату ережелері. PHY физикалық ортадағы сигналдарды тарату ережелерінде радиотолқындарды және инфрақызыл сәулеленуді қолдануға рұқсат етіледі. 802.11 стандарты жалғыз MAC деңгейшесін анықтайды, ол кеңжолақты модуляциялы, спектрі тура кеңейетін (DSSS) және ППРЧ (FHSS) 2,4 ГГц диапазонындағы радиоарналар бойынша, сонымен қоса инфрақызыл сәулеленудің көмегімен сигналдарды таратудың әртүрлі технологияларына сәйкес келетін физикалық деңгейдің үш ережелерімен өзара әсерлеседі. Стандарттың спецификасы мәліметтерді таратудың екі жылдамдығын 1 және 2 Мбитс қарастырады. Сымды локальді есептеуіш желі Ethernet - пен салыстырғанда MAC деңгейшесінің мүмкіншілігі оған бірнеше функцияларды қосу есебінен артты. Ол функциялар әдетте одан жоғары деңгейде орындалатын ережелермен, пакеттерді фрагменттеу мен ретрансляциялау процедураларымен іске асады.
802.11 стандартының ортасына қол жеткізудің негізгі әдісі ретінде CSMACA (Carrier Sense Multiple Access with Collision Avoidance - таратушыны анықтайтын және пакеттердің бір-бірімен соқтығысуын болдырмайтын көптеген қол жеткізілімдер) механизмі анықталған.
Желі архитектурасы мен компоненттері. 802.11 стандартының негізі ұяшықты архитектура болып табылады, және де желі бір ұяшықтанда немесе бірнеше ұяшықтардан да тұруы мүмкін. Әрбір ұяшық кіру нүктесі болып табылатын, оның жұмыс жасау радиусында жататын тұтынушалырдың станцияларымен біріге отырып қызмет көрсетудің базалық аумағын түзетін базалық станциямен басқарылады. Көп ұяшықты желілердің кіру нүктелері бір-бірімен кабельді локальді есептеуіш желінің магистральді сигментінің баламасы болып табылатын таратылған жүйе арқылы байланысады. Кіру нүктелері мен таратушы жүйелерден тұратын барлық инфрақұрылым кеңейтілген қызмет көрсету аумағын құрайды. Бұл стандарт сонымен қатар сымсыз желілердің бір ұяшықты түрін де қарастырады, ол кіру нүктесінсіз де іске асырыла алады, және де бұл кезде оның функцияларының бір бөлігін жұмыс станциялары атқарады.
Роуминг. Мобильді жұмыс жасау станциясының бір кіру нүктесі аумағынан екіншісіне өтуін қамтамасыз ету үшін көп ұяшықты жүйелерде арнайы сканирлеу (эфирді активті және пассивті тыңдау) және қосылу (Association) процедуралары қарастырылған, бірақта 802.11 стандарты роумингті іске асыру үшін қатаң талаптарды қарастырмайды [4].
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету. WLAN қорғау үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интернет заттар желісі үшін LoRa стандартын талдау және зерттеу
Сымсыз желі құрылғылары
Қалдықсыз өндірістік технологиялар
Сымсыз желіні құрастыру
Сигналдарды сымсыз технологиялар арқылы жіберу
Сымсыз байланыс технологиясы - дәрістер конспектісі
СТАНДАРТЫНДАҒЫ ZIGBEE ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Сымсыз желілерді кеңейту технологиялары
Сымсыз байланыс технологиялары
Сымсыз желі туралы
Пәндер