Visual Studio C



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.1 Темір жол туралы жалпы мағлұмат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Қазақстан Республикасының темір жол тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .4
2. Visual Studio C# ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
2.1 C# программалау ортасы туралы жалпы мәліметтер ... ... ... ... ... ... . ... ... .7
2.2 Атаулар, айнымалылар және константалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
2.3 С# тіліндегі мәліметтер типтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2.4 C# тілінің операторлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
3.Зерттеу бөлімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
3.1Visual Studio C#ортасында Темір жол кассасы программасын құру ... 15
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
Қосымша А ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
Қосымша Ә ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29

Кіріспе

Қазіргі таңда әртүрлі салада жұмыс істейтін (қаржы, өнеркәсіп) және әртүрлі көлемдегі кәсіпорындар мен ұйымдарды автоматтардырудың кешенді кіріктірілген жүйелерінің нарығы қарыштап даму үстінде. Мұндай жүйелер мекеменің қызметін толығымын, сонымен қатар, бөлімшелер деңгейінде де автоматтандыра алады.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі кезде автоматтандыру әрбір мекеме үшін өзекті мәселеге айналуы келесідей себептермен түсіндіріледі:
-ұйымдастырушылық және қаржылық тәуелсіздік деңгейінің жоғарылауы;
-шет елдік нарыққа шығу;
-бірқатар батыстық компанияларының өз өнімдерін біздің мемлекетке өндіруге талпынуы;
-мекемелерінің бизнес-процестерге бағдарлануы;
-нарықта шет елдік және отандық автоматтандыру жүйелерінің, оларды қолдану тәжірибесінің пайда болуы.
Мекемелерді автоматтандырудың қазіргі қарқынын есепке алсақ, ақпараттық технологиялар жолаушыларды тасымалдау сияқты адамның күрделі, әрі көпқырлы қызмет саласына да енгізілуі шартты құбылыс.
Көлік - Қазақстан өндіріс инфражүйесінің ең маңызды бөлімі. Оның тұрақты және нәтижелі жұмыс жасауы, экономиканы көтерудің және қайта құрулардың, бүтіндің қамтамасыз етуінің, ұлттық қауіпсіздіктің және ел қорғаныс қабілетінің, халық жағдайының деңгейінің жақсаруы және өмір сүруге қажетті тұрақтану шартымен келеді.
Экономиканы реформалаудың түбегейлі шарттарына және Қазақстанның геосаясаттық өзгертулеріне жақсы ойластырылған көліктік жүйе керек. Нәтижелі жұмыс жасау көліктік жүйелерде жолаушыларды тасуға автоматтандырылған есептер жүйелері жоспарланып енгізуде, вагондардың және контейнерлердің, локомотивтердің дислокация бақылауының, қолдау талдауының және вагондық бақтардың жөнге салулары, басқаруды компьютеризациялау тасымал процеспен замандас ақпараттық құралдардың негзінде жасалады.
Елдердің жалпы көліктік жүйесіне теміржолдық көлік бастаушы орынға ие болады. Оның рөлі анықтайды: әмбебеаптық және жүйелілік тасымалдауларды - климат және жыл уақыттарының жағдайларын, биік-қабілеттік және темір жолдардың кең тармақталуы. Көліктік жүйеде нәтижелі жұмыс жасауы үшін ең алдымен, қазіргі ақпараттық құралдардың негізінде жолаушы тасмалдаудың автоматтандырылған жүйелерін енгізу есебі болып табылады.
Бұл программа келесідей қимылдарды орындауға мүмкіндік береді:
-теміржол билеттерінің маңызды сатлу процесін ыңғайлату және тездету;
-жіберілетін қателіктердің мүмкіншілігін қысқарту;
-сапасын арттыру және жолаушыларға қызмет ету жылдамдығы;
-пойыздар туралы, вагондарда орындардың бар болуы туралы мәліметтерді жедел алу.
Курстық жұмысымның негізгі мақсатым автоматтандырылған жұмысшы орындағы диспетчердің теміржолдық вокзалдардағы жолдық билеттерді шапшаң дайындауға арналған программа құру.
Зерттеу міндеті: Visual Studio C# ортасында автоматтандырылған касса жүйесін құру.
Курыстық жұмыс мазмұны: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Зерттеу объектісі: Visual Studio C# ортасы.

1. Темір жол туралы жалпы мағлұмат

Теміржол - халықты тасымалдау қызметтерімен қамтамасыз ететін ұйым. Тақырыптық алаң - теміржол вокзалының кассалары. Билеттер кассаға бір нүктеден екіншісіне сатылады. Трассалар күн сайын және кез келген уақытта кетеді. Әрбір пойызда ұшатын рейс нөмірі бар. Әрбір қалыптасқан поезд жетекші локомотив пен бірнеше вагоннан тұрады. Вагондар мен локомотивтердің екеуі де сериялық нөмірі, өндірушісі және шығарылған күні бар және олардың әрқайсысы белгілі бір станцияға байланысқа ие. Осы параметрлерге қосымша, вагондар мен локомотивтер бірқатар жіктелімдерге ие: азық-түлік түрі, секция саны, жолаушылар орны және т.б.
Бұл домен қызмет көрсету саласы болғандықтан, оның басты міндеті клиентке ақпарат берудің барынша жылдамдығын қамтамасыз ету болып табылады. Теміржол көлігіне сұраныстың артуы осы саланың пайдасы артып, ел экономикасының жай-күйін жақсартады, өйткені теміржолшылардың көбісі мемлекеттік болып табылады.
Осы жүйенің негізгі пайдаланушысы жолаушы болғандықтан, біз бағдарламалық жасақтама үшін келесі міндеттерді аламыз:
Ақпаратқа еркін қол жеткізу;
Пайдаланушылық интерфейс;
Ағымдағы кестеге сәйкес дерекқорды редакциялау мүмкіндігі;
Іздеу жылдамдығын арттыру үшін таңдалған өлшем бойынша деректерді сұрыптау;
Онлайн билеттерді брондау мүмкіндігі;
Қажетті рейсті немесе теміржол станциясын бұрыннан белгілі деректерге сәйкес іздеңіз.

0.1 Қазақстан Республикасының темір жол тарихы

Үлкен территориясы экономикасының шикізаттық бағыты және теңіздік порттардың мәндік қашықтыңы бар Қазақстан шарттанында, теміржол көлігі, жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды қамсыздандыруда жетекші рөлді атқарады, ол Республиканың негізгі базалық бұтағының бірі болып табылады.
Темір жол көлігі - көлік кешенінің жетекші саласы, жүктер мен жолаушыларды алыс қашықтыққа тасымалдайтын басты қатынас құралы. Темір жол көлігі локомотивтер мен вагондардан тұратын, арнайы реліс жол арқылы тасымалдауға арналған көлік түрі болып табылады. Темір жол көлігінде тасымал құны басқа көлік түрлерімен салыстырғанда біршама төмен, қатынауы тұрақты. Қазақстанның ішкі құрлықтық орналасуы жағдайында Темір жол көлігі елдің көлік кешенінің құрамында аса маңызды рөл атқарады. Темір жол көлігі 19 ғасырда ірі өнеркәсіп орындарының ашылуына, әсіресе, кен қазып, металл өңдеудің дамуына байланысты пайда болды. Дүние жүзінде тұңғыш Темір жол көлігі 1825 Англияда Дж. Стефенсон салдырған ұзындығы 21 км "Стоктон - Дарлингтон" желісінде қатынады. Бұдан кейін Темір жол көлігі 19 ғасырдың 30-жылдары Австрияда,Германияда, Бельгияда және Францияда пайда болды. 1830 жылда АҚШ-та, 1837 жылда Ресейде темір жол желілері ашылады. 1850 - 1870 жылда Азияда, Африкада, Оңтүстік Америкада, Австралияда салына бастады. Темір жол құрылысы аз уақыт ішінде жедел қарқынмен дамып, 20 ғасырдың басында темір жол торабының әлемдегі жалпы ұзындығы 1 млн. км-ден асып түсті. Қазақстан аумағында алғашқы Темір жол көлігі Покров - Слободка - Урбах желісімен 1894 жылда 25 қазаннан қатынай бастады. Бұл жолдың 130 км-і Қазақстан жерімен өтті. 1891 - 1896 жылда салынған Транссібір (3138 км), 1901 - 1906 жылда салынған Орынбор - Ташкент темір жол (2090 км) желілері қазақ даласымен өтті. 1918 жылда Қазақстан аумағындағы болат жолдардың жалпы ұзындығы 2,6 мың км-ге жетті. Кеңес үкіметі орнағаннан кейінгі алғашқы салынған темір жол 1920 - 1922 жылда ашылған Петропавл - Көкшетау желісі болды. Орта Азия мен Қазақстанды Ресеймен жалғастырған ұзындығы1444 км Түрксіб (Түркістан - Сібір) темір жол 1927 - 1930 жылдарда салынды. 1958 жылда Қазақстанда Кеңес Одағындағы ең үлкен темір жол ұйымы - Қазақ темір жолы құрылды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін 2005 жылда Алтынсарин - Хромтау темір жолы тартылды. Қазақстанда қазіргі таңда темір жолы желісінің жалпы ұзындығы 14,4 мың км-ден асады. Темір жолы саласында 100 мыңнан астам адам еңбек етеді. 1913 локомотив, 77029 жүк вагоны және 2094 жолаушылар вагоны бар. Қазақстандағы темір жол торабы мен Темір жол көлігі "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы АҚ-ның құзырына бағынады. Оның құрамында "Жолаушылар тасымалы", "Арнаулы әскерилендірілген күзет қызметі", "Электрмен жабдықтау", "Ақсу - Конечная", "Темір-терсек", "Теміржолмаш", "Қазкөліксервис", "Теміржолсужылужабдықтау", "Теміржолмүлік" еншілес кәсіпорындары жұмыс істейді. Қазақстандағы жүк тасымалының жалпы көлеміндегі Темір жол көлігінің үлесі 1991 жылда 36%-ды құраған болса, 2000 жылда ол 50%-дан асты. 1991 жылдан бастап Темір жол көлігімен тасымалданатын жүктің құрылымы өзгеріске ұшырады. Темір жол көлігімен тасымалданатын негізгі тауар өнімі - көмір, түрлі кентас, астық, мұнай, тағы басқа отын-энергетикалық жүктердің үлес салмағы артып келеді: тас көмірдің үлесі 1998 жылда 38%-дан 2000 жылда 44%-ға өсті; мұнай мен мұнай өнімдері тиісінше 7,4%-дан 12%-ға артты. 2000 жылдан бастап Темір жол көлігінің өндірістік және қаржы-экономикалық қызметінің жақсару белгісі байқалды. 1999 жылмен салыстырғанда жүк тасымалдау көлемі және жүк айналымы тиісінше 28,5%-ға және 36%-ға артты (соңғы жылдардағы жүк тасымалының көрсеткішін кестеден қараңыз). Темір жол көлігі бойынша жүк айналымы 2000 жылда 125,0 ткм болса, 2005 жылда бұл көрсеткіш 163,4 ткм-ге жетті. Темір жол көлігімен 2000 жылда 21,3 млн. адам, 2004 жылда - 16,4 млн. адам тасымалданды. Жолаушы айналымы км болды. Сыртқыкм және 11849 млн. жолаушытиісінше 10215 млн. жолаушы сауда қатынастарының серпінді дамуына байланысты Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасқыны ұлғайды, сондай-ақ көлік дәліздерінің қалыптасуына алғышарттар пайда болды. Қазіргі кезде Темір жол көлігі қатынасының бағыттары Трансазия темір жолының Солтүстік дәлізі мен Оңтүстік дәлізі (Теджен - Серахс - Мешхед темір жол) арқылы өтеді. Орталық көлік дәлізі - Еуропа - Кавказ - Азия (ТРАСЕКА) қалыптасты, ол Ұлы Жібек жолының қазіргі жаңғыртылған үлгісі болып табылады.

2. Visual Studio C#

2.1 C# программалау ортасы туралы жалпы мәліметтер

С# тілін (Си-шарп деп айтылады, мұнда Бетховеннің Ай сонатасындағы музыкалық нотация -- до-диез таңбасы (#) пайдаланылған; ағылшындар оны си-шарп деп оқиды) Microsoft компаниясының маманы Андерс Хейлзберг (Anders Hejlsberg) жаңа объектіге бағытталға программалау тілі ретінде С, C++, Java және BASIC тілдерінің негізінде жасап шығарған. Бұл пәнде осы тілдің негізгі элемент-тері қарастырылады.
С # тілі Microsoft фирмасының .NET (дот-нет) архитектурасы үшін программалар жазуға арналған тілі. .NET - программалау технологиясындағы жаңа платформа, ол желіге қосыл-ған компьютерлерге арналып жасалған.
.NET көмегімен шағын мобильді компьютер-лерде орындалатын программалар жазу ыңғай-лы деп есептеледі. Бұл технология Visual Studio.NET деп аталады да, бұл ортада Visual Basic, басқарылатын С++ және С # тілдерінде программалар жасау қарастырылған, бірақ ол осылармен ғана шектеліп қалмайды.
С # тілінің мүмкіндігі Java тілімен қатарлас, осы екі тіл қазіргі алдыңғы қатарлы технологияларға жатады. С# тілін сүйемелдейтін .NET платформасының программа жасау ортасы бастапқы программаны бірден машиналық кодқа емес, MicroSoft Intermediate Language (MSIL не IL) атты аралық тілге аударады. Ол ОЖ-дан, ком-пьютер типінен тәуелсіз командалардан тұра-ды да, бірден орындалмай, тілдің жалпы орындалу ортасы Common Language Runtime - CLR деп аталатын жүйе арқылы атқары-лады. CLR ортасы кез келген ОЖ-да орында-ла береді. Программаны орындау кезінде, CLR JIT-компиляторын (just in time - дер кезінде) шақырады. Компилятор программаны бөліктерге бөле отырып, оның тек осы сәтте керек бөлігін ғана орындайды.
Компилятор жұмысы нәтижесінде құрас-тыру (сборка) деп аталатын ехе немесе dll типті файл жасалады, онда IL тіліндегі код пен метамәліметтер болады.
Метамәліметтер программада қолда-нылатын объектілер және құрастыру туралы ақпарат сақтайды. Ол тіларалық әрекеттесу, қауіпсіздік, сенімділік сияқты мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді.
.NET платформасында көлемді кластар кітапханасы бар, оны осы ортадағы кез келген тілде пайдалана беруге болады.
Кез келген табиғи тілдің мәтінінде символдар, сөздер, сөз тіркестері және сөйлемдер болады. Осындай элементтер программалау тілдерінде де болады, мұнда бірақ сөздер - лексемдер (қарапа-йым конструкциялар), сөз тіркестері - өрнектер деп, ал сөйлемдер - операторлар деп аталады.
Лексемдер симолдардан тұрады, өрнектер - лексемдер мен символдардан, ал операторлар - символдардан, өрнектерден және лексемдерден тұрады.
:: Тілдің алфавиті немесе оның символдары -- бұл бөлінбейтін негізгі белгілер, солардан тілдің барлық мәтіндері құрастырылады. С# тілінің алфавиті ретіне Unicode символдары қолданылады. Unicode кодтары барлық қолданылатын алфавиттерді бірден бейнелей алады. Оның алғашқы 128 символы ANSI-кодтар кес-тесіне сәйкес келеді.
:: Лексем (token-токен) немесе қарапайым конструк-ция -- өзіндік мағынасы бар тілдің ең кіші бірлігі. Олардың құрамы:
1. Идентификаторлар;
2. Түйінді сөздер;
3. Операция таңбалары;
4. Айыру таңбалары;
5. Константалар (литералдар).

2.2. Атаулар, айнымалылар және константалар

С# тілінің алфавиті Си ++ тілімен бірдей деуге болады:
- бас және кіші латын әріптері;
- 0-ден 9-ға дейінгі араб цифрлары;
- арнайы белгілер: [] {} , . ( ) + - * \ % ; : ? = ! & # ^ " ';
- айыру символдары: бос орын (пробел), табуляция символы, жаңа жолға көшу таңбасы;
Символдардан лексемдер құралады, олар:
- идентификаторлар;
-түйінді сөздер;
- операция таңбалары;
- костанталар, яғни тұрақтылар;
- бөлгіштер (жақша, нүкте, үтір, айыру символдары).
Идентификаторлар - программалық объектінің аты (атауы). Әріп немесе астын сызу таңбасы иденти-фикатордың бірінші символы болуы мүмкін, бірақ цифр бола алмайды. Идентификаторлар мысалдары:
X, bc, A12, Bagasy, BITES_PER_WORD , aty_goni
Түйінді сөздер (keyword) - компилятор үшін ар-найы мәні бар қордағы (резервтегі) идентификаторлар.
Операция таңбалары - операндтармен (мәндер-мен) іс-әрекет атқару үшін қолданылатын бір немесе бірнеше символдар.
Тұрақтылар - программа орындалу барысында өзгермейтін шамалар.
Комментарийлер - компилятор үшін маңызы жоқ программаның бөлігі және программа мәтінін оқу ыңғайлы болуы үшін қолданылады. Ол * және * қоршалып тұрады немесе жол соңында символынан басталады.

2.3 С# тіліндегі мәліметтер типтері

С# тілі қатаң түрде типтелген тіл, яғни әрбір ай-нымалы немесе объект данасы белгілі бір типке жатқызылуы тиіс, бұл орындалатын амалдардың дұрыстығын тексеру мүмкіндігін береді.
Егер элементтер құрастырылуын негізге алсақ, онда типтер қарапайым және құрылымды болып бөлінеді.
Жасаушыға байланысты типтер құрамдас және программалаушы анықтаған болып бөлінеді.
Статикалық типтегі мәліметке жады бірден бөлінеді де, динамкалық типтегі мәліметке жады оны жариялау кезінде емес, оны программада пайдалану кезінде бөлінеді.
С# тілінде құрамдас 15 тип бар, олардың сегізі бүтін сандық типке жатады. Олар -- С# түйінді сөздерімен анықталады да, кез келген программада қолданыла береді
Программада кездесетін константалардың жазылуына қарай, яғни солардың сыртқы бейнесіне сәйкес белгілі бір тип тағайын-далады. Егер ол типті өзгерту керек болса, онда санның соңына жалғастырылып кер-екті типтің атына сәйкес бір әріп - L, l (long) немесе U, u (unsigned) жазылады. Мысалы, 32L константасының типі long және ол компьютердің жедел жадында 4 байт орын алады. Қажет болса, L және U әріптерін қатарластыра да қолдануға бола-ды, мысалы, 0x22UL немесе 05Lu.
Мәліметтердің decimal типі үтірден кейінгі 28 таңбаға дейін сақтай алады, ол көбінесе ақшалық мәндерді сақтау үшін қолданылады.
Айнымалыға немесе константаға float типін бергенде, мән соңына "F" или "f " символын қоюға, мысалы:
float myFloat1 = 1.2f;
Ал тип double болса, "D" или "d" символын қоюға болады, бірақ айнымалы нақты анықталған соң, әріптерді қоймаса да болады. Мысалы:
double myDoublel = 1234.5678;
double myDouble2 = 1234.5678d;
Символдық тип
Символдық тип char 16-биттік Unicode символ болып табылады.
Unicode - әлем тілдерінің барлық символдарын электрондық формада бейнелеуге арналған стандарт.

2.4 C# тілінің операторлары

Кез келген программаны алгоритм блокта-рының өзара байланысуына қарай үш түрлі басқару құрылымынан жасауға болады. Оларды құрылымдық программалаудың базалық құрас-тырғыштары (конструкциялары) деп атайды.
Бірнеше операторлардың тізбектей орында-луынан тұратын құрастырғыш реттік (сызық-тық) деп аталады. Қандай да бір шарттың орын-далуына тәуелді құрастырғышты тармақталу деп атаймыз. Цикл операторлар тізбегінің бірнеше рет қайталап орындалуын білдіреді.
Оператор - тілдің қарапайым сөйлемі, ол белгілі бір әрекет немесе амал орындап, ; таңбасымен аяқталады.
Сызықтық (реттік) құрылым бірінен кейін бірі орындалып тізбектеле орналасқан бір-неше операторлардан тұрады.
Тармақты - шартқа байланысты екі оператордың бірінің орындалуы
Цикл - операторлар бөлігінің бірнеше рет қайталана орындалуы.
Кез келген нүктелі үтірмен аяқталатын өрнек оператор болып саналады. Ол көбінесе берілген өрнек бойынша есептеу ісін атқарады. Бос опера-тор да өрнектің бір түрі болып табылады. Мысалдар:
i++; инкремент операциясы
a *= b+c; көбейтіп меншіктеу амалы
fun(i, k); функцияны шақыру орындалады
while(true); бос оператордан цикл (шексіз)
Блок немесе құрама оператор - бұл жүйелі жақшалармен шектелген сипаттамалар мен операторлар тізбегі {...}. Блок компилятор үшін бір оператор сияқты орындалады, ол синтаксис бойынша бір оператор болғанмен, алгоритм бойынша бірнеше операторлардан тұрады.
Басқару операторлары.
Бұлар программадағы операторлардың орын-далу реттілігін анықтайды да, алгоритмдерді жү-зеге асырудың негізгі құралы болып табылады.
Басқару операторларының түрлері (категория-лары - санаттары):
1. Таңдау операторлары, олар мынадай түйінді сөздер арқылы енгізіледі: if, if ... else ..., switch.
2. Циклдік (қадамдық - итеративтік) операторлар, while, do ... while, for, foreach түйінді сөздері арқылы енгізіледі.
3. Көшу (ауысу) операторлары, goto, break, continue түйінді сөздері арқылы енгізіледі.
2. Таңдау (тармақталу) операторы.
Тармақталу операторлары: if, else және ауыстырғыш оператор: switch
if шартты операторы есептеу жолының екі бағытта тармақталуын жүзеге асырады.
Оператор форматы:
if(өрнек) 1-оператор;[else2-оператор;]
Шартты оператордың құрылымдық схемасы:
Application класын Windows Forms қосымшасының іс əрекеттерін басқаруға мүмкіндік беретін артық деңгей класы ретінде қарастыруға болады. Сонымен қатар, бұл класс барлық қосымшаның деңгейінің оқиғалар жинағын анықтайды, мысалы бағдарламаның немесе қарапайым орталық процессордың жабылуы. Бұл кластың маңызды əдістері (олардың бəрі статикалық болып табылады) төменде 1- кестеде келтірілген.

1 кесте
Application типінің маңызды әдістері

Кластың əдісі
Application тағайындалуы
AddMessageFilter( )
Бұл əдіс қосымшаға RemoveMessageFilter( ) хабарламасын алуға жəне бұл хабарламалармен қажетті алғашқы əрекеттер жасауына мүмкіндік береді. Хабарлама сүзгісін қосу үшін IMessageFilter , интерфейсті іске асыратын класты көрсету керек.
DoEvents( )
Қосымшаға қандай да бір ұзақ операцияны жүзеге асырып жатқан кезде хабарламалар кезегінен хабарламаларды өңдеу мүмкіндігімен қамтамасыз етеді.
Exit( )
Қосымшаның жұмысын аяқтайды.
ExitThred( )
Ағымдағы ағын үшін хабарламаларды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары деңгейлі бағдарламалау тілі
LINQ технологиясының ерекшеліктері мен қолданылуы
Бағдарламау бағыттарын топтастыру және олардың ерекшеліктері
AMBI жүйесінің ішкі жүйелік интерфейсі
Арнайы калькулятор бағдарламасының коды
Криптография тарихы және түсінігі
Delphi бағдарламасында құрастырылған интерфейс
Калькулятор бағдарламасының интерфейсін жасау
Геоақпараттық жүйенің бөліктері
Деректер базасының концептуалдық моделі
Пәндер